Қоғамының 2015 жылғы жылдық есебі Астана қ., 2016 жыл



бет5/94
Дата27.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#145247
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
Байланысты:
706920f2a3fe41f9950a2c418a80b5e8

Жүргізілген жұмыстар туралы есеп
Бағдарлама жол картасына сәйкес іске асырылды және төрт сатыдан тұрды:
1-саты – «Диагностика және Дизайн» орындалып, 2015 жылы уақтылы аяқталды;
2-саты – «Жоспарлау» 2015 жылы 100% орындалды;
3-саты – «Іске асыруды» жүзеге асыруға дайындық жұмыстары басталды.
1-саты – «Диагностика және Дизайн» шеңберінде мынадай жұмыстар атқарылды.
Қоғамның барлық негізгі қызмет түрлері бойынша 162 бизнес-процесс стандартталып, оңтайландырылды. Мақсатты бизнес-процестер үздік тәжірибелерге сәйкес жазылды, процеске қажетті кіріс және шығыс объектілер ойлап табылып, процесс рөлі мен оның өкілеттілігі, процестерді автоматтандырудың алғышарты сипатталды, тиісті бақылау жасалған процестердің әлеуетті тәуекелдері анықталды.
Ұйым қызметіне оперативтік мониторинг жүргізуге арналған қызмет көрсеткіштері картасы жасалды.
«Ұйымның процестік моделі» зияткерлік меншігі жасалып, ресімделді.
«Диагностика және дизайн» атты 1-саты бойынша Компанияның Ішкі аудит қызметінің жұмыскерлері Бағдарлама блоктары бойынша ұсыныстар қабылдады. Ұсыныстар қорытындысы бойынша іс-шаралар жоспары жасалды.
Сонымен қатар, үздік әлемдік тәжірибелерді ескере отырып, қосылған құнды (сауда-саттық, операциялық қызмет, қаржы, персонал және т.б.) жасайтын негізгі функционалдық бағыттар бойынша Компания қызметін басқарудың мақсатты моделі жасалды.
IT-ландшафт және процестерді автоматтандыру диагностикасы (АТ-персонал, жүйе, жабдықтар бойынша инвентаризациялау) жүргізіліп, проблемалы учаскелер анықталды.
Жұмыскерлердің трансформациялануы мен Компанияға мақсатты корпоративтік мәдениетті енгізуді қолдайтын, сондай-ақ, Компания стратегиясын орындауда өте маңызды болып табылатын корпоративтік құзыреттілік моделі түріндегі Компания құндылықтары жасалды. Басқару деңгейлерін қысқарту және нақты жауапкершілік жүктеу арқылы Компанияны басқару жүйесін әлдеқайда тиімді ететін мақсатты ұйымдық құрылым әзірленді.
Компания жұмыскерлерін Трансформациялау бағдарламасын іске асыруға тарту және ынталандыру үшін жұмыскерлердің Трансформациялау бағдарламасы жөнінде ақпараттандырылуы, өзара әрекеттестікті арттыру, бизнес бөлімшелермен, мүдделі тараптармен тығыз ынтымақтастық орнату бойынша іс-шаралар жүргізілді.
1-сатыны жүзеге асыру аясында Компанияның жаңа әрі тиімді жұмыс режиміне көшуіне мүмкіндік беретін мақсатты бизнес-процестер қайта жобаланды. Осы мақсатты бизнес процестерді енгізу үшін Бағдарламада 11 ірі жобаға топтастырылған 300-ден астам бастама ұсынылды. Әр бастама бойынша алдын ала енгізу мерзімдері, іске асыру басымдылықтары, күтілетін пайдасы ұсынылып, өзгерістер ықпалына және т.б. түсетін жұмыскерлер саны мен тәуекелдер бағаланды. Компания Стратегиясын өзектендіру барысында әзірленген ағымдағы бастамалар жеке пысықталды.
1-саты – «Диагностика және дизайн» нәтижесі бойынша Компания жұмыскерлерін ақпараттандыру және бизнесті трансформациялау процесіне атсалысуға тарту Бағдарламасы аясында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.
Біріншісі, Компания басшылары мен Орталық аппарат жұмыскерлерінің қатысуымен өткен ақпараттық күндер, Астанада орналасқан филиалдардың барлық филиал директорлары мен жұмыскерлерінің қатысуымен бастамалардың талқылануы. Директорлар кеңесі мүшелеріне арналған, филиал директорларымен бастамаларды талқылауға арналған, сондай-ақ, 1-саты – «Диагностика және дизайн» шеңберінде атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беруге арналған – барлығы 3 ақпараттық күн өткізілді.
Трансформациялау командасының бизнес бөлімшелермен және филиалдармен кездесуі апта сайынғы негізде өткізілді. Компания жұмыскерлері әртүрлі коммуникация арналары, сайттар, жаңалықтар топтамасы, дайджест Бағдарламалар арқылы ақпараттандырылды.
Екінші «Жоспарлау» сатысын іске асыру барысында мынадай жұмыстар атқарылды.
Бизнес процестер мен бастамаларды жобаларға бастапқы топтастыру жүргізілді, Трансформациялаудың Орталық командасы мен «Ernst&Young – консультациялық қызметтер» ЖШС (бұдан әрі – EY) консультанттарының қатысуымен бастамалар тізімін талқыға салу бойынша кеңейтілген жиналыстар өткізілді.
«Қазпочта» АҚ стратегиялық мақсаттарына сай келетін басымдылықтарды бағыттар бойынша жан-жақты бағалау қағидаттарына негізделген Трансформациялау әдістемесіне сәйкес жобалар тізімі тұжырымдалып, бекітілді.
Сонымен қатар, Қоғамның барлық жобалары, оның ішінде: Қоғамның стратегиялық КНҚ жетістіктерін көру және «экономикалық қосылған құн» (EVA) көрсеткішін оң нәтижеге келтіру мақсатындағы трансформациялау жобалары және бизнес-жобалар біріктірілген бағдарлама жасалды.
Компания жұмыскерлерін «Қазпочта» АҚ Бизнесін трансформациялау бағдарламасын іске асыруға тарту мен ақпараттандыру шеңберінде бірқатар коммуникациялық іс-шаралар өткізілді. Ішкі корпоративтік сайттар мен электронды кітапханалар жұмыс істейді. transformation@kazpost.kz жаңалықтар топтамасының көмегімен Компания жұмыскерлері арасында трансформациялаудың мақсаттары мен міндеттерін білуіне байланысты байқау өткізілді. Компанияның облыстық және мамандандырылған филиалдарында трансформациялау жөніндегі ақпарат тұрақты түрде жаңартылып тұрады, трансформациялау бойынша ақпараттық стендтер жұмыс жасайды.
2015 жылғы қазанда Компания басшылығы мен филиал жұмыскерлері арасында ашық диалог түріндегі «Мақсатқа бірге жетеміз» атты телекөпір өткізілді. Трансформациялау бағдарламасын жүзеге асыру барысында өткізілген іс-шаралар мен Трансформациялау бағдарламасын іске асыру кезеңдері туралы ақпарат www.kazpost.kz сайтында орналастырылған.
Компания «LIVE трансформация» сериалына белсене қатысып, қорытындысында «Фильмдегі үздік серия үшін» сыйлыққа ие болды.
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде Корпоративтік әлеуметтік қор сауалнамасына сәйкес жақсы көрсеткіштер көрсетті: сұралғандардың 75%-ы ақпараттандырылған және Бағдарлама процесіне тартылған, тұтас алғанда, бұл – «Самұрық-Қазына» Тобы бойынша ең жақсы көрсеткіш. Модернизация кеңесі екінші «Жоспарлау» сатысын ресми түрде аяқтады және 3-саты – «Іске асыру» бойынша жұмыстарды бастады.
Үшінші «Іске асыру» сатысын жүзеге асыру аясында қысқа тізімді жобалар бойынша жұмыстар басталып, жоба командалары тұжырымдалды, сатып алу рәсімдері бойынша дайындық жұмыстары өткізілді, жобалар жарғысы мен күнтізбелік жұмыс жоспарлары бекітуге әзірленді, 2016 жылғы негізгі нәтижелерді қамтитын Жол картасы жасалды.



    1. Пошталық қызметтердің дамуы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет