Қоғамының 2015 жылғы жылдық есебі Астана қ., 2016 жыл



бет6/94
Дата27.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#145247
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
Байланысты:
706920f2a3fe41f9950a2c418a80b5e8

Сапа және технология
Компания қызметінің сұранысқа ие болуы қызмет көрсету сапасына байланысты. Сапа қолданылатын технологияларға байланысты. Тұтас алғанда, сапа мен технология Компания қызметінің негізгі түйінді көрсеткіштеріне тікелей ықпал етеді.
2015 жылы Компанияның оң имиджін қалыптастыруда жүйелік өзгерістер енгізуді жүзеге асыру бойынша Компания қызметінің барлық деңгейлерінде тиімділік пен кірістілікті қамтамасыз етудегі негізгі ресурс ретінде клиентке бағдарланған тәсілді енгізуге бағытталған іс-шаралар өткізілді.
Компанияның дамуы оның технологиялық жағынан дамуымен тығыз байланысты.Технологияның осындай жаңа түрлері әлеуметтік-экономикалық нәтижесін іс жүзінде қолданысқа ие болғанда ғана қамтамасыз ететін жаңалықтарды көрсетеді. Сапаға, инновациялық технологияларға баса назар аудару мынадай жобаларды енгізуге мүмкіндік берді.


Сәлемдемелер супермаркеті
Тіркелетін пошта жөнелтілімдерін (жарияланған құндылығы бар хаттар мен бандерольдер, сәлемдемелер, ұсақ пакеттер, ЕМS жөнелтілімдер) жеткізу сапасын жақсарту және клиенттің пошта жөнелтілімдерін өзіне ыңғайлы уақытта алуына жағдай жасау мақсатында алғашқы сәлемдемелер супермаркеті ашылды.
Адресатқа оның пошта жөнелтілімінің тұрған орны туралы хабарлау мақсатында, пошта жөнелтуші нөмірі (штрихтік пошта сәкестендіргіші) мен оның стеллаждағы сақталу орнының арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін бағдарламалық жасақтама жасалды.
Стеллажға, стеллаж секциясына (пласикалық сыйымдылықтағы) тұрақты сәйкестендіргіштер берілді. Клиент (пошта жөнелтілімін алушы) Супермаркетке келгенде, орнатылған мониторға өз телефон нөмірін (бұрын SMS хабарлама келіп түскен) немесе сәлемдеменің трек нөмірін енгізе алады, содан кейін стеллаж нөмірі мен сәлемдеме орны көсетілген талон басып шығарылады.
Сәлемдеме алу процесі аяқталуы үшін клиент операторға сәлемдеме мен жеке куәлікті көрсетеді...
Тіркелетін пошта жөнелтілімдерін беруден басқа клиент пошта жөнелтілімдерін төленген сәлемдеме тарасын қолдану арқылы жібере алатын жер құрылды.
Сәлемдемелер супермаркеті күн сайын, үзіліссіз және демалыссыз, сағат 8.00-ден бастап 22.00-ға дейін жұмыс істейді.


Postmarket.kz
1,2 млн теңгеден астам сомаға іске асырылған 250-ден астам тапсырыстар. Онлайн төлем қабылдау мүмкіндігі. Саудагерлермен шарт жасасуға арналаған типтік шарттың бекітілуі. 3,2 млн теңгеден астам сомаға ресімделген 2000-нан астам интернет-жазылым.


Телеграмм бот (@KazPostBot)
Компания «Telegram», «Whatsapp» мессенджерлерінде ботты іске қосты. Мысалы, клиенттерге арналған бот Компаниядағы вакансиялармен қоса пошта жөнелтілімдерін, валюта бағамдарын қадағалау, жол жүру ережесін бұзғаны үшін төленетін айыппұлды төлеу, жақын жердегі постоматтың мекенжайы бойынша ақпаратты лезде алу үшін жасалған. Іште қолдануға арналған корпоративтік бот өнімдер бойынша есептік деректерді, Компания серверлері мен сервистері мониторингін алуға, жауапты тұлғаларға жұмыстағы ауытқулар туралы онлайн хабарлауға, валюта бағамының өзгеруі туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.


Постоматтар
Постоматтар (автоматтандырылған пошта станциялары) – заңды және жеке тұлғалар арасында пошта жөнелтілімдерін алу барысындағы өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы. Осы жоба 2014 жылы енгізіле бастады. Жоба ел аумағында пошта жөнелтілімдерін қабылдау және беруге арналған постаматтар желісін құруға бағытталған. Қызмет өзіне-өзі қызмет көрсету режимінің жаңа түрі болып табылады. Қызмет пошта қызметтерінің әлеуетті тұтынушыларының шоғырлану нүктесінде тәулігіне 16 сағат және аптасына 7 күн қолжетімді.
Бұл жобаны іске асыру мақсатында, Астана, Алматы және Қарағанды қалаларына 17 постамат жеткізіліп, монтаждалды, сәлемдемелерді беру бойынша сервис іске қосылды. Қазігі таңда салынбалы төлемі бар жөнелтілімдерді беру мен қабылдау бойынша қызметтерді іске қосу және жөндеу жұмыстары аяқталып, постоматтарға тауар жеткізу үшін интернет-дүкендермен шарт жасалды.
Осы қызмет түрі клиент үшін мынадай бірқатар артықшылыққа ие:

  • сәлемдеме алу үшін байланы бөлімшесіне бару керек емес, клиент сәлемдемені басқа шаруаларымен жиі баратын жерінде, мысалы, бизнес орталығында немесе сауда ойын-сауық кешенінде ала алады;

  • постаматтар тәулік бойы жұмыс істейді;

  • кезекке тұрудың қажеті жоқ.

Барлық облыстық филиалдарда, Астанада, Астана және Алматы почтамттарында, сауда ойын-сауық орталықтарында, бизнес орталықтарында, теміржол вокзалдарында барлығы 105 постомат орнатылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет