Оқылым
10-сынып
1-тапсырма. Мәтінді оқып, алдымен төмендегі кестеге берілген мәтін үзінділерінің ретін жазыңыз, содан соң мәтіннен кейінгі тест тапсырмаларын орындаңыз.
Ең қымбат жеміс
А) Үш ұлы алтын салынған үш қапшықты арқалап алып, ең қымбат жемісті іздеуге аттанып кетеді.
Үш жылдан соң үшеуі де әкесіне оралады.
Ә) Бұл сөзді естігенде, әкесінің қуанышы қойнына сыймайды.
Сен маған ең қымбат жеміс әкелдің, ұлым! Сенімімді ақтап, өзіңді сыйлауға тұрарлық балам болдың. Жер бетінде білімнен асыл жеміс жоқ, - дейді оған.
Б) Бір адамның үш ұлы болыпты. Бір күні ол балаларын шақырып алады да:
– Мен сендердің әрқайсыңа бір - бір қап алтын беремін. Жолға шығыңдар да, ел кезіп, ең қымбат деген жемісті тауып әкеліңдер. Кімде-кім жеміс асылын алып келсе, мен байлығымды соған беремін, – дейді.
В) – Ал сен не жеміс әкелдің? Қолыңда еш нәрсе көрінбейді ғой.
– Дұрыс айтасың, әке, мен құр қол қайттым. Өзің берген ақшаңды қымбат жемістер сатып алуға жұмсамадым. Мен оқуға түстім, онда оқытушылар мен кітаптардан үш жыл сабақ алдым. Бірақ мен жинаған жемістер көзге көрінбейді, неге десеңіз, олар жүрегім мен ойыма ұялады. Ең қымбат жеміс осы ғой деген тиянақты тұжырымға келдім, әке, - дейді.
Г) – Әке, мен де өзімше ең қымбат, ең сирек кездесетін жеміс таптым деп ойлаймын. Оңтүстік елдерге барып, біздің жақта өспейтін әрі сирек кездесетін жемістер сатып алдым. Мен саған кокос жаңғағын, шабдалы, құрма шырынын, тағы басқа жеміс түрлерін алып келдім. Ұнағанын таңдап жеңіз, – деп әкесіне ұсынады.
– Сен дұрыс істепсің, ұлым, мұның бәрі жақсы жемістер. Ішінен бірін таңдап алармын, -дейді әкесі. Енді ол кенже ұлына бұрылып:
Ғ) – Кәне, ең қымбат жемісті таптың ба? – деп әкесі үлкен ұлына қарайды.
Әкелдім, әке, бұл шынында да ең асыл, ең дәмді жеміс. Мен саған жүзім әкелдім. Жер бетінде өсетін жемістердің ең асылы – жүзім.
– Жақсы жеміс әкеліпсің, ұлым, - дейді әкесі. – Ал сен қандай жеміс әкелдің? – деп, ортаншы баласына қарайды.
Мәтінге байланысты тест тапсырмалары:
1. Балалардың қайсысы құр қол қайтты?
а) біріншісі
ә) екіншісі
б) бәрі
в) үшіншісі
2. Мәтін ненің пайдасы туралы?
а) жемістердің
ә) саяхаттың
б) білімнің
в) шындықтың
3. Мәтінге сәйкес мақалды белгілеңіз.
а) Алтын алма, білім ал.
ә) Өмірдің өзі — ұлы ұстаз.
б) Ерінбеген елге жетеді.
в) Әділ айтқан жеңер.
4. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.
а) Алтын, қап, ұл, қымбат
ә) Өмір, дәмді, жеміс, асыл
б) Жүзім, шабдалы, құрма, байлық
в) Асыл жеміс, оқу, білім, сенім.
5. Мәтінде жауабы бар сұрақты көрсетіңіз.
а) Жүзімнің пайдасы неде?
ә) Ең қымбат жеміс не?
б) Балалардың алтыны қалды ма?
в) Балалар қай елдерге барды?
2-тапсырма. Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.
Құмырсқа
Бір құмырсқа өз илеуінен бөлініп, ара, қоңызбен дос болыпты. Жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты. Жалғыз өзі әрі-бері әуреленіп, қозғалта алмапты. Енді көмек сұрау үшін достарын іздейді. Гүлден гүлге ұшып-қонып жүрген араға жолығып: - Досым, маған көмектесіп жіберші, - деп өтініпті. - Көрмей тұрсың ба, мен де жұмыс істеп жатырмын ғой! – деп көнбепті ара. Енді құмырсқа қоңыздан көмек сұрапты: - Сен үшін өз жұмысымды тастай алмаймын! – деп, қоңыз да кете барады. Екі досынан көмек болмаған құмырсқа ренжіп келе жатса, алдынан өзінің ұялас достары кездесіпті. Олар мұның түрін көріп: Не істеп жүрсің? – деп сұрапты. Құмырсқа өз басынан кешкенін айтады. Достары көмектеседі де, дәнді бірігіп көтеріп алып кетеді. Құмырсқа қайта үйіріне қосылады. «Жаңа достың қадірі ескі достай бола алмас» деген сөз содан қалыпты.
Мәтінге байланысты тест тапсырмалары:
6. Құмырсқа қандай қателік жасады?