Оқырдың алдында Оқу кезінде



бет1/5
Дата20.09.2022
өлшемі256,62 Kb.
#150085
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
ҮМ топтық жұмыс



8-күн, 1-сабақ. 1-үлестірме материал. Оқылым əдіс-тəсілдері

Оқырдың алдында

Оқу кезінде

Оқығаннан кейін

«Осы мəтінде кездестіремін деп ойлайтын бес сөзді атаңыз».
«Тақырыпты оқығанда не туралы ойладыңыз».

«Тірек сөздерді бөліп көрсетіңіз»
«Бірінші абзацты бес сөзбен қорытындылаңыз».

«... туралы сіздің пікіріңіз қандай?»
«Оқиғаны басқа кейіпкердің көзқарасы тұрғысынан əңгімелеңіз».

1-топ
Оқу дағдыларын дамытуға арналған идеялар
Кітап оқудың көптеген себептері бар. Біздің оқуымыздың мақсаты біздің оқырман ретінде мəтінге қалай қызығатынымызды көрсетеді. Төменде əртүрлі оқылым дағдыларын дамытуға бағытталған идеялар ұсынылған.
Кітап оқудың əрбір түрін үйрететін жаттығу туралы өз ойларыңызды қосыңыз.
Мағынаны ұғынуға арналған оқылым (танысу үшін оқу)

  • Оқушылар белгіленген уақыт ішінде қысқа əңгіме мен ақпараттық мəтін оқиды. Олар негізгі мəселелерді анықтап, пікірлерін ауызша ұсынады.

  • Оқушылар дəлелдерді анықтай отырып, қысқа дискурстық мəтін оқиды.

  • Оқушылар бірқатар мəтінді топтарға бөледі, мысалы, сюжеті/тақырыбы ұқсас мəтіндер т.б.

  • Оқушылар өздері жаңа ғана тыңдаған немесе оқыған мəтінге қатысты: Кім? Не? Қашан? Қайда (егер қолдануға келсе: Неліктен? жəне Қалай?) деген сұрақтарға жауап береді.

  • Мұғалім жылдам оқып, топқа негізгі мəселелерге қатысты ауызша кері байланыс ұсыну үшін жеке, ұзын мəтін береді. (Бұл жаттығуды күрделілігіне қарай саралауға болады).

  • Топ мəтіннің мазмұнына қатысты шын/өтірік сұрақтарға команда ретінде жауап береді.

  • Оқушылар басқа оқушыларды мəтіннің мағынасына қатысты «тестілеу» үшін, шын/өтірік жəне мəтіннен алынған үзінділермен байланысты сұрақтарды əзірлейді.

  • Топтар/сынып мəтіннің мəнісін анықтауға арналған əдіс-тəсілдер тізімін жасайды.

  • Оқушылар мəтіннен алынған үзінділермен белгілі бір уақыт ішінде танысады жəне олардың əрқайсысында болып жатқан оқиғаны жалпылайтын суреттермен сəйкестігін анықтайды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет