Мəнмəтінге қарап болжам жасау Бұл тəсіл оқушылардың таныс емес сөздердің мағынасын анықтау үшін мəтіндегі ишаралар мен бұған дейінгі білімдерін пайдалануын көздейді.
Мысалы:
Осы тəсілді тексеру үшін мұғалім оқушыларға ойдан шығарылған сөзі бар сөйлем ұсынады, мысалы, «Гелаклаф сынып қалғандықтан маған жолдың қалған бөлігін жаяу жүріп өтуге тура келді». Оқушылар қалған сөздерге қарап, бұл сөздің не мағына беруі мүмкін екенін анықтауға тырысады. Бұл жағдайда сөйлеп тұрған адам бұның алдында жаяу болмай, бірдеңені мініп келе жатқандықтан, олар мұны көліктің бір түрі деп ұйғаруы мүмкін, сондықтан бастапқыда «велосипед», «автобус» немесе
«автомобиль» деген болжамдар ұсынылуы мүмкін. Барынша нақты болжам жасау үшін оқушылар мəтіндегі қосымша ақпаратқа назар аударуы тиіс.
Басқа сөздермен айту Белгілі бір ойды бірдей уақыт өткен сайын басқа сөздермен айтуды білдіреді. Мысалы:
Оқушылар өздері жаңа ғана үйренген нəрсені қорытады. Жаттығуды күрделі жəне қызықты етіп өткізу мақсатында оны бейімдеуге болады, мысалы, өзінің үйренгендерін екі сөйлеммен болмаса он немесе одан да аз сөзбен қорытындылау.
8-күн, 3-сабақ. 9-үлестірме материал. Кітапқа шолу жасау
5-топ
8-күн, 3-сабақ 11-үлестірме материал. Оқылым бойынша ширату жаттығуына арналған идеялар
Оқылым бойынша ширату жаттығуына арналған идеялар Соңғы сөз – сөйлемнің басы Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Олардың бірі қозғалып жүре бастайды да,
кездейсоқ бір оқушының алдына тұрып, оған бір пікірді айтады, мысалы, «Сенбі – менің аптадағы ең жақсы көретін күнім». Біріншінің артында тұрған оқушы шеңберді айналып жүріп, басқа баланың алдына барып тұрып, жаңа бір пікірді айтады, жаңа пікір осының алдындағы пікірдің соңғы сөзінен басталуы тиіс, «Күн артынан күн өткенімен, жаңбыр толастар емес». Бұл тапсырма барлық оқушылар қатысып болғанға дейін жалғасады.