Оқыту әдістері Тақырыптың жоспары



бет5/12
Дата05.06.2023
өлшемі65,5 Kb.
#178278
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Оқыту әдістері.

Табиғи объектілер. Табиғи объектілерге, әдетте оқушылар таратылған материалдар немесе көрсету арқылы таныстырылатын табиғаттың сан-салалы жанды және жансыз объектілерін жатқызады.
Көрнекілік - компоненттер ретінде жанды объектілерді қамтитын табиғи объектілерді таңдаудағы немесе көрнекіліктің әр тұрлерін жобалаудағы басты талаптардың қатарына жатады.
Дәл осы мақсатқа сай оқылатын ұғымдардың мазмұнын ашып-көрсетуге қажетті өзіндік белгілері айқындалған объектілер таңдап алынады. Табиғи объектілердің көрнекілігін одан әрі күшейте түсу мақсатында кодтың әр тұрлі әдістері қолданылады. Атап айтқанда: түспен, сандармен, әріптермен белгілеу (кодтау). Оқу процесінде табиғи объектілерді қолдануда олармен жұмыс істеудің ең басты әдісі - бақылау мен тәжірибе (эксперимент) болып табылады.
Көрнекі құралдар ретінде пайдаланудағы ең бірінші кезектегі табиғи объектілер болып табылатын нәрсе, ол — құрал-жабдықтар және оның бөлшектері. Ал оларды арнайы дайындайды және өңдеуден өткізеді: кесіп, қиылады, жекелеген бөлшектерді арнайы бояулармен бояйды, қапқаларына, сыртқы жақтарына (корпустарына), қаптарына көрінетін арнайы терезелер ойылады, ішкі қуыстарына жарық тұсіріледі, белгі беретін шамдар (лампочкалар) орнатылады және т.б.
Оқу үлгілері, муляждары (бедерлері), макеттері. Үлгілер - табиғи объектілерді жасанды түрде қабылдап және оның құрылымын, өзіндік қасиеттерін, байланыстарын және т.б. бере алатын көрнекілік-оқу бейнелеу құралдары болып саналады. Бұл арада атап өтетін бір жайт, нақты объектіні бейнелеп беруде шарттылыққа (ұлкен және кіші әлем) да жол беріліп отырады: оның көлемін ұлкейту немесе кішірейту, объектілердің құрылымын берудегі схематизация, олардың тұстерінің шартты тұрде алынуы және т.б.
Ұлгілердің ең типтісі және көп таралғаны материалдык, (заттық) үлгілер болып есептелінеді. Олар көлемдік және жазықтық болып екіге бөлінеді. Олардың арасындағы аралық жағдайды рельефтік кестелер алады.
Көлемдік ұлгілер жиналатын (кескіш, жонғыш, атомдардың өзекті жиынтығы, (түтік) муфта), статикалық (таңба салатын құралдар комплектісі) және динамикалық (су тартатын аспап (насос), іштен жанатын двигательдің ұлгісі) болып бірнеше түрге бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет