Г.А.Цукерман тұжырымдамасына сәйкес, оқытудағы маңызды міндеттердің бірі — оқушыларды оқу ынтымақтастық дағдыларына оқыту. Оқу процесі мұғалім мен баланың ынтымақтастығы негізінде жасалады. Ол оқу бірлестігіңдегі үш басты сипаттамаларды ажыратады:

— өзара әсердің симметриясыздығы (бала үлкен адамды қабылдамайды, ол өзіне қажетті білімді іздестіреді, ал мұғалім баланың ізденісін ретттеп, тиімдендіреді);
— баланың танымдық инициативасы;
— жаңа білімге нақты сұраныс жасау.
Осы тұжырымдамаға сәйкес, мұғалім әрекетіндегі үш бағыт ажыратылады:
Осы тұжырымдамаға сәйкес, мұғалім әрекетіндегі үш бағыт ажыратылады:
— оқушының мұғаліммен және бір-бірімен өзара әрекеттерін ұйымдастыру;
— сабақтарда жеке ойындарды және оқу әрекеттерін ұйымдастырудың ойын формаларын кеңінен пайдалану;
— оқушыларды шығармашылық әрекеттерге араластыру. Зерттеушілер оқытудың психикалық қызметін (қабылдау, тиімді есте сақтау, ойлау және ұғым қалыптастыру, теориялық толықтыру және ақыл-ой белсенділігін) дамытуға ерекше көңіл аударады.