Оқыту түрі: күндізгі Көкшетау, 2015


Тақырып 4. Физикадан оқу сабақтарын ұйымдастырудың формалары. Физикадан оқу материалын ауызша баяндаудың ерекшелігі



бет22/82
Дата06.06.2022
өлшемі2,58 Mb.
#146116
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   82
Байланысты:
О ыту т рі к ндізгі

Тақырып 4. Физикадан оқу сабақтарын ұйымдастырудың формалары. Физикадан оқу материалын ауызша баяндаудың ерекшелігі.
4.1. Сабақ – оқу сабақтарын ұйымдастырудың негізгі формасы.
4.2. Сабаққа қойылатың негізгі талаптар.
4.3. Физика сабақтарының түрлері және құрлымы.
4.4. Семинар сабақтар.
4.5. Оқу конференциялары.
4.6. Физикадан оқушылардың өз бетінше істейтің жұмыстарын ұйымдастыру.
4.7 Физикадан оқу материалын ауызша баяндаудың ерекшелігі.


4.1. Сабақ – оқу сабақтарын ұйымдастырудың негізгі формасы. Оқу материалын тақырыптық және сабақтық жоспарлау.
Мектепте физика бойынша оқу сабақтарын ұйымдастырудың негізгі формасы оқушылардың тұрақты құрамымен және белгілі шұғылдану кестесі бойынша өткізілетін сабақ болып табылады. Мұның негізін салған атақты чех педагогі Я.А.Коменский.
Оқыту формасы ретінде сабақтың өзіндік қолайлы бірнеше ерекшеліктері бар:

  • сыныптағы оқушылардың жасы бірдей және олардың саны тұрақты;

  • сабақ кестесі өзгермейді;

  • сабақ мұғалімнің басшылығымен етіледі;

  • сабақта әр түрлі оқыту әдістері мен тәсілдерін қолданудың мүмкіндіктері мол;

  • оқытудың сабақтық жүйесі оқу материалын окушылардың меңгеруіне жақсы жағдай туғызады;

  • материалды жеке бөліктерге бөлшектеп түсіндіруге қолайлы;

  • әр сабақта әр басқа пән өтіліп, оны әр түрлі мұғалімнің оқытуы окушыларды жалықтырмайды;

  • сабақта неше түрлі оқыту әдістері мен тәсілдері қолданылудың нәтижесінде окушылардың оқуға деген қызығушылығы, ынта-ықыласы, белсенділік қабілеті арттырылады;

  • оқушылардың зейінін көтеріп, тәртібін түзу ұстауға мүмкіндік туады.

Алайда сабақ — оқуды ұйымдастырудың негізгі формасы болып қалып отыр. Сабақ — оку процесіндегі шешуші буын, сондықтан оқушылардың пән бойынша алған білімдерінің сапасы да ең алдымен әр сабақтың ғылыми-әдістемелік дәрежесіне және жалпы алғанда сабақтардың бүкіл жүйесіне байланысты.
Басқа сабақтар сияқты физика сабақтарына да белгілі дидактикалық принциптердің талаптары қойылады:

  • оқу материалын баяндаудың ғылымилығы мен жүйелілігі;

  • оку материалының окушыларға түсінікті, меңгере алатындай болуы;

  • оқытудың көрнекілігі;

  • оқу материалын меңгеруде оқушылардың саналылығы мен белсенділігі;

  • оқушылардың білімдерінің беріктілігі;

  • оқытудың өмірмен байланыстылығы, т.б.

Физика бойынша оқу сабақтарының факультативтік сабақтар, қорытындылаушы семинарлар [9], конференциялар мен практикумдар сияқты жаңа формалары қолданылады.
Физиканы оқытуда мынадай неғұрлым жалпылама мақсаттар қойылады:
1) даму үстіндегі іргелі физикалық теориялардың біртұтас жүйесі түрінде көрініс беретін әлемнің шынайы физикалық бейнесі арқылы оқушының ғылыми дүниетанымын қалыптастыру;
2) оқушыларға жеке және әлеуметтік проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін физика бойынша базалық білім жүйесін шығармашылықпен қабылдау тәсілдерін үйретудің, сондай-ақ іс-әрекет объектісіне айналып отырған болмысқа эмоционалды–құндылық қатынастың әлеуметтік тәжірибесін меңгерту негізінде олардың өмірлік дағдыларын дамыту.
Сабақ жалпы сыныптың және оқушылардың жекелеген топтарының жұмысын әр оқушының жеке жұмысымен ұштастыруға мүмкіндік береді. Ол мұғалімнің оқушыға ықпал етуі үшін, ұжымда тәрбиелеу үшін және ұжым үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Сабақта оқытудын алуан түрлі әдістерін қолдануға мүмкіндік туады. Оқушылардың сабақтағы жұмыс формалары алуан түрлі болған күнде де жетекші рольді мұғалім атқарады. Мұғалім бүкіл оқу процесін пән бойынша жоспарлайды және ұйымдастырады. Ол өзі материалды жүйелі түрде баяндап беріп отырады, сонымен бірге балаларды кітаптардан және басқа қайнар көздерден өздігінен білім алуға үйретеді, өздігінен жазу жұмыстары мен эксперименттік жұмыстар, бұл ретте тәжірибелер жасап, құралдарды жұмыс істетіп көрсетуді, өндіріске, табиғатқа, ғылыми-зерттеу зертханалары мен мұражайларға экскурсиялар жасауды қолдана отырып, жасауға дағдыландырады. Оқу сабақтарын ұйымдастырудың әр түрлі формаларын үйлестіру окушылардың жеке басын жан-жақты дамыту міндетіне, олардың ынта ықыластарын анықтауға, шығармашылық қабылеттерін қалыптастыруға неғұрлым толық жауап береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет