Оқыту түрі: күндізгі Көкшетау, 2015



бет25/82
Дата06.06.2022
өлшемі2,58 Mb.
#146116
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   82
Байланысты:
О ыту т рі к ндізгі

4.4. Семинар сабақтар
Тарау бойынша өткен материалдарды қайталау, оқушылардың білімдерін жүйелеу және тәжірибеде қолдана білу ебдейлігін дамыту мақсатында семинар-сабақ өткізудің де нәтижелі екендігі физика мұғалімдерінің тәжірибесінде дәлелденіп отыр. Семинар-сабақ әңгімелесу, есеп шығару тәсілдерін талдау, баяндама жазу, көрнекі құралдар мен қолдан құралдар жасау, кейбір демонстрациялық тәжірибелерді оқушылардың көрсетуі, оларды талдап, сұрақтарға қалауы бойынша жауап беру түрінде өткізген тиімді. Мысалы, Электр өрісі. Электр заряды» тақырыбы бойынша семинар өткізгенде электр заряды, зарядталған дене, электр өрісі және оның кернеулігі, потенциал, потенциал айырымы, Кулон заңы сияқты электростатиканың негізгі ұғымдарын пысықтап, олардың физикалық мағынасын ашып, тыңғылықты жүйеге келтіруге болады.
«Материяның түрлері және оның қозғалысының формалары» деген тақырыпта өткізілетін семинар-сабақтың жоспары мынадай болуы мүмкін. 1) Электр энергиясын өндіру, алысқа жеткізу және пайдалану. 2) Электрмагниттік толқындар. Елімізде байланыс құралдарының дамуы. 3) Ядролық энергия, оны алу және пайдалану. 4) Материяның түрлері және оның қозғалысының формалары.
4.5. Оқу конференциялары
Физика бойынша оқу конференциялары да, сабақтар сияқты, сабақ кестесі бойынша пәнге арнап бөлінген сағаттарда бүкіл сыныппен өткізіледі. Мұғалім жетекші роль атқарады. Конференцияда да, сабақтағы сияқты, жалпы сыныптың жұмысы оқушылардың жеке жұмыстарымен үйлестіріледі.
Конференциялардың сабақтардан айырмасы оқушылар жаңа білімдерді конференцияға даярлану процесінде жұмыс істеген әдебиеттен және басқа оқушылар жасайтын баяндамалардан алады. Мұғалімнің конференциядағы жетекші ролі мынадан тұрады: ол оқушылардын баяндамалар жасауын және ол баяндамаларды талқылауын ұйымдастырады, талқылау кезінде баяндамаларға жасалмаған толықтырулар мен түзетулерді енгізеді. Мұғалім конференцияның нәтижелерін қорытындылайды, жалпы сынып пен баяндамалар және оларға толықтырулар жасаған жекелеген оқушылардың жұмысын бағалайды.
Конференциялардың білімдік мәні мынада: оларға даярлану процесінде мектеп оқушылары әдебиетпен өздіктерінен жұмыс істеу дағдыларына ие болады.
Конференциялар оқушылардың бейімділіктері мен қабілеттерін көрсете білуін олардың ғылыми және техникалық білімдерге деген қызығушылығын дамытуға көмектеседі. Оқушылардың инициативасын, белсенділігі мен дербестігін дамытудағы, сондай-ақ олардың бойында ұжым алдындағы жауапкершілік сезімін тәрбиелеудегі конференциялардың мәні өте зор. Баяндамаларды даярлау процесінде оқушылар көрнекі құралдармен және құралдармен дербес жұмыс істеу дағдыларын алады, баяндамаға дайындалған кезде, құралдарды пайдалану, тәжірибелер жасап көрсету, тақтаға суреттер және сүлбелер салу шеберліктеріне ие болады. Ақырында, конференциялардың оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін, баяндама үшін іріктеліп алынған материалды сауатты, логикалық тұрғыдан дәйекті баяндап беру шеберлігін дамытудағы маңызын ескерген жөн.
Конференциялардың талқылауына ашылған жаңалықтардың және өнертабыстардың тарихымен байланысты оқып үйреніліп отырған теориялық материалды ғылымда және техникада қолданумен, физикалық құралдардын, машиналар мен механизмдердің құрылысы және жұмыс істеу принциптерімен, сондай-ақ технологиялық процестермен таныстыратын мәселелерді қоюға болады. Конференция - сабақта білімді оқушылар өздігінен оқыған әдебиеттерден және олардың сыныпта жасаған баяндамаларынан (7-8 минут) алады. Мұғалім оқушыларға баяндамаларды бөліп беріп, оған тиісті әдебиеттерді көрсетіп (қажет болса тауып беріп), консультатция береді. Конференцияны ұйымдастырады, баяндамаларды талқылаттырады және қортындылап, баяндамашыларға баға қояды. Оқу конференциясын негізінен физика-техникалық жаңалықтардың тарихы, физикалық құралдар мен техникалық қондырғылардың жұмыс істеу принциптері, физикалық заңдардың өңдірісте қолданылуы сияқты мәселелерге арнаған тиімді. Конференция өткізу жоспарын (баяндамашылардың тізімін, әдебиеттерді көрсетіп) 10-15 күн бұрын физика кабинетіне іліп қою керек. Конференцияда баяндамашылардың демонстрациялық эксперимент, сүлбе, кино-диафильмдер көрсеткені жөн.
Конференцияның табысты болуы ен алдымен оны дайындау сапасына байланысты. Конференцияға даярлық төмендегі кезеңдерді қамтиды:

  • конференцияның міндеттерін және конференцияның қарауына қойылғаны жөн болатын мәселелер аумағын, сондай-ақ өткізудің мерзімін анықтау;

  • мұғалімнің тиісті әдебиетті зерттеп оқуы; оқушыларға ұсынуға болатын

әдебиетті іздестіру; сөйлеушілерге баяндамаларды бөліп беру;

  • мектеп оқушыларына консультация беру.

Оқушылар өздері жасайтын баяндамаларға керектілерін таңдап алып даярлауы және әдебиетпен жұмыс істеу үшін конференцияның жоспары мен ұсынылған әдебиеттің тізімін кабинетке іліп қойса тіпті жақсы. кабинетте конференцияның тақырыбы бойынша әдебиет көрмесін ұйымдастырған пайдалы. Конференциядан бірнеше күн бұрын ауызекі сөйлеуді онша жақсы меңгермеген оқушылардың баяндамаларын тыңдап көріп, оларға ойларын өз сөздерімен айтып беруіне, дикциямен жұмыс істеуіне көмектескен жөн. Баяндамаларды жазып алған мәтің бойынша оқып беруге жол бермеген жөн, бірақ баяндаманын жоспарын пайдалануға рұқсат етуге болады.
XI сыныпта конференцияны әдетте 45 минутқа жоспарлайды. Бұл уақыт жалпы тақырыппен байланысты мәселелердің аумағын қарап шығу үшін жеткілікті. Әр баяндамадан соң сыныпқа баяндамашыға сұрақтар қою, түзетулер мен толықтырулар енгізу ұсынылады. Баяндамаларды тыңдау барысында оқушылардың баяндамалардың тақырыптары мен негізгі қағидаларды жазып алғандары жөн болады. Бұл баяндамаларға деген зейін қоюдың артуына көмектеседі. Зейін қоюдың артуына сонымен бірге тыңдалған баяндамалардың мазмұны бойынша сыныпқа 1—2 сұрақ қою да көмектеседі. Мұның оқушылардың конференциядағы жұмысқа жауапкершілігін арттыру үшін және талқыланатын мәселелерді меңгеру дәрежесіне бақылау жүргізу үшін манызы зор.
Оқушылардың конференциядағы жұмысын күшейтудің көрсетілген әдістерін жете бағаламау оның тиімділігін төмендетеді. Баяндамаларды тыңдап және талқылап болғаннан соң, оқушылардың конференцияда білгендерінің бәрін қорыту, баяндамалар мен сөйленген сөздердің сапасын бағалау қажет. Мұны әнгіме әдісімен де, мұғалімнің қысқаша резюме жасауы арқылы да жүзеге асыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет