Оқыту түрі: күндізгі Көкшетау, 2015


Тақырып 5. Физикалық демонстрациялық эксперимент



бет28/82
Дата06.06.2022
өлшемі2,58 Mb.
#146116
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   82
Байланысты:
О ыту т рі к ндізгі

Тақырып 5. Физикалық демонстрациялық эксперимент
5.1. Физиканы оқытудағы эксперименттің маңызы мен түрлері, оған қойылатын әдістемелік талаптар.
5.2. Физикалық оқу экспериментінің жүйесі және оқу жабдығы. Физикалық приборлардың жалпы сипаттамасы және классификациясы.
5.3. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
5.1. Физиканы оқытудағы эксперименттің маңызы мен түрлері, оған қойылатын әдістемелік талаптар.
Мектептегі физика курсындағы эксперимент — бұл физика ғылымына тән, зерттеудің ғылыми әдісінің көрінісі. Оқушыларды эксперименттік әдістің мән-мағынасымен, оның физика саласындағы ғылыми зерттеулердегі ролімен таныстыру үшін, сондай-ақ мектеп оқушыларының қандай да бір тәжірибелік дағдыларымен қарулануына эксперименттер мен бақылаулардың маңызы зор. Физикалық экспериментті негізге алып, құбылыстарды оқып үйрену — оқушылардың ғылыми көзқарасының қалыптасуына, физикалық заңдарды неғұрлым тереңірек меңгеруге, мектеп оқушыларының пәнді оқып үйренудегі қызығушылығын арттыруға себін тигізеді.
Мектепте жасалатын физикалық эксперимент негізгі екі түрге бөлінеді: демонстрациялық (көрсетілімдік) (ол көбінесе мұғалім орындайтын және сыныптағы барлық оқушылар бір мезгілде қабылдауына арналған) және зертханалық (мұны оқушылар орындайды). Эксперименттің бұл екі түрі бірін-бірі толықтырады. Кейбір жағдайларда оқушылардың зертханалық жұмыстарын қойған жөн, ал басқа бір жағдайларда демонстрациялық экспериментті пайдаланған жақсы.
Демонстрациялық эксперимент кұбылыстарды және заңдарды оқып үйрену үстінде, оқушының ой-өрісіне мұғалімнің белсенді басшылығы керек болған жағдайларда қажет болады. Эксперимент демонстрациясы — мақсат көздеген процесс, оның барысында мұғалім мектеп оқушыларының сезу және қабылдау түйсіктеріне басшылық етуді іске асырады және осылардың негізінде белгілі бір түсініктер мен ұғымдарды қалыптастырады. Демонстрациялық эксперименттерді мұғалімнің сөзімен ұштастыру — физикалық ұғымдардың ойдағыдай қалыптасуына маңызды шарттардың бірі.
VII—VIII сыныптарға арналған физика бағдарламасында әрбір такырыпқа демонстрациялық эксперименттердің міндетті минимумы көрсетілген. Бұл эксперименттер зертханалық жұмыстармен бірге оқушылардың физикалық білімінің эксперименттік негізі болып табылады. Демонстрациялық экспериментті өткізгенде түрлі мақсат көздеуге болады: бір құбылысты не екінші бір құбылысты бақылау, ұсынылған болжамды тексеру, физикалық заңдылықтарды айқындау және олардан келіп шығатын салдарларды тексеру. Өте маңызды физикалық ұғымдарды қалыптастыруға негіз болған заңдардың, физикалық болжамдар мен теориялардың мән-мағынасын ашып беретін эксперименттер ерекше орын алуы тиіс. Мұндай эксперименттерге, мәселен, Эрстедтің, Фарадейдің классикалық эксперименттері жатады. Бұларға физика пәнінің мұғалімі айрықша көңіл бөлуі тиіс. Сондай-ақ физиканы оқытуда көмекші сипатта болатын немесе оқушыларды жаңа материалды қабылдауға дайындайтын проблемалық эксперименттердің алатын орны айтарлықтай. Техникалық құрылғылардын немесе құралдардың жұмыс істеу принципін, технологиялық процестердің физикалық мәнін айқындайтын демонстрацияларға лайықты көңіл аударылуға тиіс.
Демонстрациялық эксперименттердің мәні. Физиканы үйрену процесі айналадағы физикалық құбылыстарды ұйымдастырылған түрде бақылаудан басталады. Мұндай бақылаулар оқушылармен қандай да бір дәрежеде физиканы жүйелі курсын оқып үйренуге дейін жүргізіледі.
Алайда физиканы үйрену кезінде осындай қормен шектеліп және соған ғана сүйену төмендегідей ұсыныстар тұрғысынан алғанда дұрыс болмас еді. Біріншіден, мұндай түсініктер барлық оқушыларда бірдей емес; екіншіден, кейбір оқушыларда олар тіпті дұрыс болмауы да мүмкін; үшіншіден, бұл түсініктер қандай да бір жаңа материалды қабылдап, түсіну үшін әрқашан жеткілікті бола бермейді. Түсініктер қоры, эксперимент көрсеткендей, бүкіл курс бойы біртіндеп, жүйелі түрде толықтырылып отырылуы керек.
Мұның, бәрі оқуға керекті арнайы ұйымдастырылған демонстрациялық эксперименттерді сыныпта жүргізу қажеттілігіне келіп тіреледі.
Тиісті түсініктер беріліп, дұрыс қойылған физика демонстрациялары нақтылы қондырғының жеке құралдарын, тетіктерін, детальдарын т. б. Соны ғана емес, сонымен бірге оқып үйренілетін физикалық құбылыстарды, процестерді және заңдылықтарды да оқушылардың көруіне мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, демонстрациялар тікелей мұғалімнің басшылығымен оқушыларды бақылауларды неғұрлым жинақты және дәл жүргізуге үйретеді. Олар білім көзін сыртқы дүние құбылыстарынан, эксперименттен іздеуге мәжбүр етеді және табиғаттың ақиқаттығы жайлы ғылым ретінде, физика туралы материалистік түсінікті қалыптастырады.
Ақырында, дұрыс көрсетілген демонстрациялық эксперименттер оқушылардың физикаға деген жанды жеңіл қолдау табатын қызығушылығын туғызады.
Оқушылардың сыныпта ұйымдастырылған бақылаулардан алған алуан түрлі физикалық түсініктері және соның әсерінен туындаған физикаға деген қызығушылық дұрыс оқытуды қамтамасыз етеді. Олар қарапайым құбылыстар, физикалық шамалар, шамаларды өлшеу әдістері, жеке құралдар, қондырғылар т.б. туралы жай түсініктен негізгі физикалық ұғымдарды тағайындауға көшуді бүтіндей табиғи және мүмкін ете алады. Сабақтың басқа түрлерінде (зертханалық жұмыстарда, есептер шығарғанда, сұрағанда) бұл ұғымдар содан кейін бүкіл оқыту мерзімі бойы дерлік қалыптасады, дамиды, тереңдей түседі. Олардың арасында байланыстар мен тәуелділіктер біртіндеп тағайындалады, яғни оқушыларды физикалық заңдар мен теорияларды оқып үйренуге — курсты шын мәнінде, терең, меңгеруге сөзсіз жетелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет