Оқыту түрі: күндізгі Көкшетау, 2015


Графикалық көрнекі құралдар



бет41/82
Дата06.06.2022
өлшемі2,58 Mb.
#146116
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   82
Байланысты:
О ыту т рі к ндізгі

Графикалық көрнекі құралдар
Кестелер, плакаттар оқушыларды күрделі құралдардың құрылысымен, машиналар мен техникалық құрылыстардың жұмысымен және сыртқы пішінімен таныстыру үшін қолданылады. Мектептегі оқыту тәжірибесінде қабырғаға ілетін және таралып беретін графикалық көрнекі құралдар қолданылады. Кестелерде құралдардың және техникалық қондырғылардың, құрылысы мен жұмыс принципін түсіндіретін, сүлбелер көрсетілуі, сондай – ақ құралдардың немесе қондырғының сыртқы пішіні кескінделуі мүмкін.
Окушыларға қандай да бір өлшеу құралдарымен қалай пайдалану керектігін көрсететін кестелер ерекше топ құрайды. Мұндай кестелерді сабақта оқушылар өлшеу құралдарымен жұмыс істегенде іліп қояды. Бұл жағдайда олар окушыларға өлшеулерді орындау кезінде өздерінің іс - әрекетін бақылап отыруға көмектеседі.
Кабинетте физикалық тұрақтылардың қабырғаға іліп қойылатын кестелері болғаны жөн және сәйкес мәселелерді оқып үйренгенде оларды іліп қойған дұрыс. Кестелер мен плакаттарды ұқыпты сақтаған жөн. Басып шығарылған құралдар сақталатын орынға тікелей күн сәулесі түсетін болмауы тиіс, өйткені жарықтың әсерімен кестелер жылдам ескіреді. Кестелерді шаңнан да сақтау керек. Осының бәрін ескере отырып, кейбір мұғалімдер кестелерді сақтау үшін көлеңкеленген қуыстарды пайдаланады немесе олар үшін шкафтардан арнайы орын бөліп қояды. Кестелерді ең жақсысы бөлімдері бойынша сақтаған жөн. Сонда керекті құралды сабақтың алдында тауып ала қоюға уақыт көп кетпейді.
Монтаждар оқушыларды түрлі техникалық қондырғылармен, көлік, байланыс түрлерімен, сондай–ақ қазіргі заманғы ғылым мен техниканың жетістіктерімен таныстыруда пайдаланылады.
Диаграммалар. Физикадан сабақ беруде мұғалімдер салыстыру диаграммаларын (тік төртбұрыш түріндегі, сектор түріндегі, параллелепипед түріндегі) және сызықтық диаграммаларды жиі қолданады. Салыстыру диаграммаларының көмегімен отынның әр түрінің жылу бергіштігін, заттардың меншікті жылу сыйымдылығын, механизмдер мен машиналардың пайдалы әсер кофицентін т. б. кескіндейді. Сызықтық диаграммаларды шамалар арасындағы функциялық тәуелділіктің графиктік талдауы үшін қолданады. Сызықтық диаграммаларда тәуелсіз айнымалының сан мәндерін горизонталь осьтің бойына қалаған масштабпен салады, ал оларға сәйкес функциялардын мәндерін вертикаль осьтің бойына салады.
Суреттер. Сурет те сөз сияқты — нақты нәрселердің немесе құбылыстардың жалпыланған бейнесі. Оның орындалуы бәрінен де бұрын белсенді ойлау қызметіне негізделген, жай ғана «қарау» емес, сонымен бірге мәнді мен маңыздыны «көре» білу. Сурет — бұл физикалық құбылыстарды және заңдарды оқып үйрену құралы және оқушылардың физикалық ойлауын өрістететін құрал. Суретті сала білу және сыза білу алуан түрлі кәсіп иелеріне қажетті политехникалық дайындықтың маңызды бір элементі. Суреттер педагогикалық процестің түрлі жақтарына игі әсерін тигізеді, жаңа материалды түсіндіруді, оқушылардан сабақ сұрауда немесе есептің шартын жазуда уақыт үнемдейді, мұғалімнің конспектісі мен оқушылардың жазғанын оқуға ыңғайлы етіп, неғұрлым көрнекі көрсетеді және тәртіптейді, материалды қайталауда еске түсіруді оңайлатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет