ОҚытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет36/56
Дата25.12.2016
өлшемі27,72 Mb.
#5082
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   56

Литература

  1. Андюхов Б. Кейс-технология – инструмент формирования компетентностей /Б. Андюхова //Директор школы. – 2010. – № 4. – С.61-65

  2. Ягодко Л.И. Использование технологии проблемного обучения в начальной школе /Л.И. Ягодко// Начальная школа плюс до и после. – 2010. – №1. – С.36-38

  3. Золотухина А. Групповая работа как одна из форм деятельности учащихся на уроке /А. Золотухина // Математика. Газета Изд. дома «Первое сентября». – 2010. – №4. – С. 3-5



ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ОҚУШЫНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМУЫТУДАҒЫ МАҢЫЗЫ
Сәрсенбаева А. (Қызылорда)
Барлық педагогикалық тапсырмалар: тест түріндегі тапсырмалар, тест және тест емес болып үшке бөлінеді. Олардың жіктелуіне қасиеттері мен анықтамасындағы айырмашылықтар негіз болады.

Тест түріндегі тапсырмалар ғылыми-педагогикалық өлшемдердің қатаң талаптарына сай келуді көздемейтін, тек бағалау үшін қолданылатын тапсырмалар. Оларды көбіне тесттермен шатастырып алып жатады. Жасалынған тапсырмалар педагогикалық құрал ретінде қолданылу мақсатына қарай:нақтылық, технологиялық, логикалық ұстанымдарға, білім мазмұнына сай келуі сияқты талаптарға сәйкес болуы қажет. Осы талап-белгілер тапсырма түрлерін ажыратуға мүмкіндік береді.

Алған баға педагогикалық өлшем нәтижесі ретінде ажыратылмайды, керісінше ол субъективті бағалауға жатады. Тест түріне жатпайтын тапсырмаларға есептер, сұрақтар, мысалдар, жаттығулар, сөзжұмбақтарды жатқызуға болады. Себебі, олар технологиясы емес, көлемі үлкен, мазмұны мен формасын қабылдаудың қиындылығы және көп еңбек пен уақыт жұмсалады. Оған қоса олар арқылы білімді өлшеу де қолайсыз.

Педагогикалық жүйе ретінде тестті құрастыруға қажетті математикалық-статистикалық сипаттамалары бар дәл мазмұны іріктелген, дұрыс формалы тапсырмалар ғана тестке жатады.

Тестті-форма және мазмұндық жүйенің бірлігі деп түсінген жөн.

Тест тапсырмалары өзіндік оқк жұмысын ұйымдастыруда, білім мекемелерінің бітірушілерін қорытынды аттестациялауда таптырмас құнды құрал.

Тест педагогикалық құрал бола отырып, мынадай талаптарға жауап береді:

-мақсаты;

-нақтылығы;

-технологиялығы;

-айтылудың логикалық формасы;

-жауаптар үшін орындардың нақтылығы;

-жауаптарды бағалаудың ережелерінің бірдей болуы;

-барлық сыналушыларға нұсқаудың бірдей болуы;

-тапсырма элементтерінің орналасуының дұрыстығы;

-тапсырманың формасы мен мазмұнының орынды болуы.

Тестілеу білім сапасына бірыңғай талап қояды, оқушыларды жеке фактілерді байланыстыра отырып, нақты жауап беруге, қорытынды жасауға дағдыландырады. Тестілеу арқылы аз уақыт ішінде көп оқушылардың білімін, білігін тексеруге болады. Тестілеу кезінде мұғалімнің өзіне оқыту әдісін жетілдіріп, әр тарау бойынша белгілі мақсатпен жүйелі түрде жұмыс жасауына мүмкіндік туады.

Тест түріндегі тізбекті тапсырмалар үлгілері.

Тест түріндегі тізбекті тапсырмалардың жауабы дәл табылғанда ғана келесі тапсырма дұрыс орындалады. Тапсырмада неше сұрақ болса соншасының жауабы алдыңғы сұрақтың жауабының дәл табылуына тәуелді болады.


А – тапсырма

1. Натрий хлоридінің химиялық байланыс түрі...


2. Химиялық байланыс осындай болғандықтан оның кристалдық торы...

А) атомдық; Ә) молекулалық;

Б) иондық; В) металдық.

3. Кристалдық торы осындай болғандықтан ол суда ерігенде ...

А) молекулаларға ыдырайды; Ә) иондарға ыдырайды;

Б) ешқандай бөлшектерге ыдырамайды.

4. Сондай бөлшектерге ыдырайтындықтан балқыған немесе суда еріген күйде ..., ..., ... .

А) бойынан жылу өткізеді; Ә) бойынан электр тоғын өткізеді;

Б) балқуы оңай; В) балқуы қиын;

Г) агрегаттық күйі-газ; Ғ) агрегаттық күйі-қатты.


Ә-тапсырма

1.Күкірт элементі периодтық жүйеде ..., топта, ... топшада және ... периодта орналасқан.

2. Периодтық жүйедегі орнына байланысты оның атомның құрылысы ..., болады, ... элемент.

А) 2,8,1; 1) s-элемент

Ә) 2,8,4; 2) p-элемент;

Б) 2,8,5; 3) d-элемент;

В) 2,8,6; 4) f-элемент;

3. Күкірттің атом құрылысы осындай болғандықтан оның ... сыңар электроны болады:

А) 1; Ә) 2; Б) 3; В) 4.

4. Сыңар электрон санына сәйкес ұшқық сутекті қосылысының жалпы формуласы ... болады.

А) RH; Ә) RH2 ; Б) RH3 В) RH4

5. Ал, оның жоғары оксидінің формуласы ... болады, яғни ... валентті болады.

А) R2O Ә) RO Б) RO2 В) R2O3 Г)RO3 Ғ)R2O5

6. Осы жоғары оксидінің формуласы ... болады, яғни ... валентті болады.

1) H2 SO3 ; 2) H2 SO4; 3) H2 S2 O7

7. Оның оттек бойынша төменгі валенттілігі ... сондықтан оның оксидінің жалпы формуласы ... .

8. Осы оксидке сәйкес келетін қышқыл ... .

9. Күкірт, күкіртсутек және күкіртті қышқылдардың тұздары ..., ... және ... деп аталады.

А) сульфид; Ә) сульфат; Б) сульфит; В) сульфут.
Б - тапсырма


  1. Қышқыл, сілті, тұзда ... байланыс типі бар.

  2. Сондықтан олар ... диссоциациаға ұшырайды.

  3. Олардың ерітінділері ... түзетіндіктен бойынан ... өткізеді.


В – тапсырма

  1. Қанықпаған көмірсутектерде ... гибридтену типі бар.

  2. Осы гибридтену типі болғандықтан оларда ... және ... байланыс болады.

  3. Ал, валенттілік бұрыш ...

  4. С-С арақашықтығы ... нм болады.

  5. ... байланыс мықты, ал ... байланыс әлсіз.

  6. Реакция кезінде ... байланыс үзіліп, ... реакциясы жүреді.

  7. Қанықпаған көмірсутектерде осы байланыстың болуынан ... изомерия түрі болады.

Тізбекті тапсырмаларды кеңінен қолдану арқылы сөйлеу қабілеті дамымаған оқушылардың тілін дамытуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жауап беру реттілігін түсінуге және қисынды (логикалық) ойлауды қалыптастырып дамытады. Осындай тапсырмаларды оқушылардың өздеріне құрастыру пайдалы.

Жалпы тест түріндегі тапсырмалардың алуан түрлілігі оқушының танымдық белсенділігін арттырып, өз оқу үрдісін жетілдіруіне мүмкіндік береді.

Химиялық білім – орта білім берудің аса маңызды әрі үлкен саласы. Өйткені, орта мектепте өтілетін химия ғылымы – табиғатты танып білуде және қоғамның материалдық игілігін жасауда маңызды рөл атқаратын жаратылыстану ғылымдарының бірі. Химия негізгі іргелі ғылымның бірі ретінде басқа ғылым мен техникалардың өсіп өркендеуіне тікелей әсер етеді. Ол салалар – биология, физика, математика, техника, электроника, радиотехника, информатика және есептеу техникасы, машина жасау, энергетика, көлік, құрылыс және агроөндірістер мен микробиология т.б. Сондықтан химия пәнін жақсы меңгерген оқушы келешекте осы салаларда маман-қызметкер болып шығуына мүмкіндік мол. [2]

ҰБТ-ға дайындық 8-сыныпта химия пәні басталған күннен-ақ қадағалап, біріншіден, күнтізбелік, күнделікті жоспарды, әдістемелік ұстанымдарды білім стангдартына сай жоспарлаймын; екіншіден, сабақтың жаңа педагогикалық технология негізінде өтілуіне баса назар аударамын; үшіншіден, баланың психологиялық ерекшеліктерін басты назарда ұстай отырып, баланың жеке қабілетін дамытып, өмірге танымдық көзқарасын қалыптастыратын жұмыстарға көбірек көңіл бөлемін; төртіншіден, оқушылардың білімін, іскерлігін, білім-дағдысын бағалау мақсатында оларды әділдікке, шыншылдыққа үйрететін әдістерді пайдаланамын. Мысалы, тест, сынақ, диагностика, мониторинг.

11-сыныпта химия пәнін таңдаған баланың білімін жүйелеу, еске түсіру, қайталау мақсатында әр сынып, әр тарау бойынша тестпен жұмыс істейді. Оқушыға білетінін еске түсіруге білімін жүйелеуге 4-5 ай уақыт беремін, яғни ақпан айынан бастап барлық химия курсы бойынша теориялық әзірлікті аяқтап, Блум жүйесінің соңғы деңгейіне жетіп талапкерге арналған тест жинақтарымен қамданамыз. [3]

Тест түрлерін Блум жүйесі арқылы құрастырып отырамын.



Блум жүйесі:

Деңгей

Оқушы іс-әрекеті

  1. Білім

  2. Түсінік

  3. Қолдану

  4. Анализ

  5. Синтез

  6. Баға

Қабылдайды, түсінеді, ойлайды

Түсінеді, көрсетеді, жазады

Жаңа проблема шешеді, бұрынғы білімді пайдаланады

Салыстырмалы ашады, талдайды, ойлайды

Өнімді шығармашылық жұмыстар құрайды

Бағалайды, талқылайды


Блум жүйесі бойынша тест жүргізу барысында оқушы білімді қалай меңгергенін, нені қосу керектігін білу үшін әрбір оқушыға мынадай үлгіде диагностикалық карта жүргізіп отырамын.

ҰБТ тапсыратын біліміне талдау

Оқушының аты-жөні: ____________________________



Пәні: _________________________


Тарау

Тақырыптар/деңгейлер

1

2

3

4

5

6

І-8






















ІІ-8






















І-9






















ІІ-9






















І-10






















ІІ-10






















Бұл диагностикалық картадағы деңгейлер Блум жүйесі бойынша әрбір сыныптағы екі тарауды қамтып, құрастырылған тест орындаудағы оқушылардың қорытындысы. Мұндай жүйе оқушы мен мұғалімнің бірлескен ізденуінің ұштасуы арқылы мақсатты нәтижеге жеткенін көрсетеді:

  • химия ғылымын таңдайтын оқушылардың саны артады;

  • оқушы өз деңгейін біледі;

  • оқушының мүмкіндігі шектелмейді.

Әдебиеттер

  1. Н.С.Ахметов. Тест тапсырмаларын қолдану тәсілдері. Химия мектепте №5, 2006.

  2. Ә.С.Бейсенова, Ж.С.Шілдебаева. Экология – Алматы. Ғылым, 2011.

  3. Ж.Исақұлова. Жоғарғы оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық тест. Алматы «Шың», 2009.

  4. «Қазақстан мектебі» журналы. №9, 2005.



ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА БАҒДАРЛАНҒАН ТЕХНОЛОГИЯЛАР – БІЛІМ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КЕПІЛІ
Сатаева Қ. К. (Ақтөбе )
Білім берудің шығармашылық бағытындағы оқыту технологияларына негізделетін ізгіліктік парадигмасы түсіндірмелі-иллюстративтік технологиялардан өзінің психологиялық және ұйымдастырушылық-дидактикалық ерекшеліктерімен айшықталады. Басты айырмашылық оқушылардың білімді меңгеру процесіндегі оқу-танымдық белсенділігін қамтамасыз ететін оқытудың әрекеттік-тәжірибелік және оқу процесінің шығармашылық сипатымен ерекшеленеді. Тұлғалық-дамытушы оқытуды енгізу көрсетілген бағдарлардан басқа оқыту процесінде бірқатар инновациялық өзгерістерді жүзеге асыруды ұсынады. Олар бәрінен бұрын оқушылар белсенділігінің өзіндік құнды формаларын дамыту үшін пәндік жағдайларды жасауға, яғни, дербес жаңалық ашуға, жаңа тәжірибеге ие болуға және оқушылардың өзіндік құнды белсенділігінің коммуникативті шарттарды жасауға алып келетін дамытушы тапсырмаларды құруға қатысты. Мұндай тәсілді В.А.Петровский оқытушылар, оқушылардың қарым-қатынасы мен білім мазмұнының ара қатынасын түсінуге мәнді өзгеріс енгізетін жеке тұлғаға-бағдарланған деп атайды. Ол бұл тәсіл негізінде бірқатар принциптерге ие деп есептейді: вариативтілігі; интеллект, аффект, әрекеттің синтезі; басымдылық бағдар.

Оқытудың түсіндірмелі-иллюстративтік тәсілінен әрекеттік-практикалық, дамытушылық, шығармашылық тәсіліне көшу барысындағы білім беру процесін қайта құрудың стратегиялық бағыты мұғалім мен оқушы еңбегінің сыртқы мотивациядан ішкі адамгершілік, ынтымақтастық, ізденімпаздық, рефлексиялық реттеуге ұласумен қамтамасыз етіледі.

Мұғалімнің практикалық әрекетінде білім алушылардың шығармашылық қызығушылығының мотивациялық тәсілдерін енгізу мүмкіндігі бірқатар педагогикалық-психологиялық міндеттердің шешімін табу арқылы жүзеге асырылады, олар:

1. Білім беру процесінде ұйымдастырушылық өзгерістер арқылы оқу мазмұнының көлемін және тереңдігін, қарқынын, шығармашылық бағытын таңдауға мүмкіндік беретін мұғалім мен білім алушының еркіндігіне психологиялық жағдай жасау.

2. Мұғалім іс-әрекетіндегі әдістердің сапалы өзгеруі, оқушыларды мәжбүрлеуден өзге, олардың оқу әрекетіне қызығушылықпен кірісуін, топ мүшелерімен белсенді түрде өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ету.

3. Жеке тұлғалық өзін-өзі жетілдіруде өзін-өзі бақылау, өзін бағалау, өзін-өзі реттеу механизмдерін тиімді жүзеге асыру және сонымен бірге оқу міндеттерінің шешімін табу процесінде олардың тілдік, өзара қарым-қатынасын белсендіру арқылы оқушылардың шығармашылық әрекеттерінің психологиялық мазмұнының тереңдеуі.

Шығармашылық деңгейде педагогикалық процеске қатысушылардың іскерлік және тілдік өзара қарым-қатынас, өзара көмек, ынтымақтастық, сенім білдіру ахуалын орнатуға мұғалім мен оқушыға жаңа мазмұнда зерттеудің тереңдігі мен көлемін, қарқынын таңдау мүмкіндігін туғызатын еркіндік берілуі арқылы қол жеткізіледі.

Арнаулы оқу орындарындағы оқытудың шығармашылық бағыттылығы мынадай мәселелерді қарастыруы тиіс:

● бағдарламалық-мотивациялық,

● ізденушілік-зерттеушілік,

● тәжірибелік,

● рефлексиялық-бағалаушылық.



Бағдарламалық-мотивациялық әрекет оқушылардың өзекті мәселе қоюымен, олардың белгіленген әрекетке қызығушылық мотивациясымен байланысты.

Ізденушілік-зерттеушілік әрекетінің мәні оқушыларды білімді өзіндік ізденімпаздықпен меңгеруге, қажетті қорытындылар жасауға, оларды еске сақтауға қолайлы сызбалар (кестелер, тірек конспектілер, суреттер, формалар және т.б.) түрінде рәсімдеуге жетелеуде болып табылады.

Тәжірибелік әрекет жеке міндеттердің шешімін табуда ұғынылған қорытындыларды өз беттерінше шығармашылықпен қолдануды қарастырады.

Рефлексиялық-бағалаушылық әрекетінде өзіндік ой-пікір, тәжірибе нәтижелерін талдау және оқу процесіндегі келесі кезеңдердің бағдарламасын анықтау үшін жағдай жасалады.

Оқу материалдарын оқу циклдарына шоғырландыру оқыту процесінің шығармашылық оқыту сабағы деп аталатын, жетілдірілген және оралымды нысанын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Оқу жұмысының жалпыланған амалдарын дербес тасымалдаудың жас өскен сайын өзгеріп отыратындығы белгілі. Ол пәнаралық сипат алып, оқу жұмысының жаңа амалдарын табу мүмкіндігі көтеріледі. Арнаулы оқу орындарының оқушылары жас ерекшеліктеріне сәйкес проблемалық міндеттерді шешуде жаңа амалдарды оңай табады.

Е.Н.Кабанова-Меллер оқушылардың өздерінің оқу іс-әрекеттерін басқарудың амалдарына көрсетеді: жоспарлау; өз әрекеттерін бағалау кіретін өзін-өзі бақылау; оқу мен демалысты ұйымдастыру; өздерінің танымдық қызығушылықтары мен зейіндерін басқару. Осы амалдардың әрқайсысы егер оқушылар оның құрамын түсініп, түрлі оқу пәндерінде арнайы міндеттерді шешуде қолданса, жалпыланған амалдарға айналады.

Бұл тұжырымдамадағы дамыта оқытудың маңызды шарты ретінде мыналар ұсынылады:

• оқытудың барлық звеносы (бағдарламалар, оқулықтар, әдістеме, мектеп тәжірибесі) оқушыларда жалпыланған дәрежеде (пәнішілік және пәнаралық) оқу жұмысы амалдарының жүйесін қалыптастыру идеясымен толысуы керек;

• оқу жұмысының негізгі амалдарын әрбір оқу пәнінде бөліп көрсету және оларды оқушыларда қалыптастыру маңызды;

• білім оқушылардың ақыл-ой іс-әрекетінің сезімдік жағы мен ойлаудың өзара әрекетін қамтамасыз етуі тиіс;

• оқушылардың өздерінің оқу іс-әрекетін басқарудың амалдарын қалыптастыру.

Сонымен, дамыта оқытудың қарастырылған тұжырымдамалары бүгінде тұлғалық-дамытушы оқытудың отандық білім беру тәжірибесінде, декларацияланған күйде қалып отырғандығы туралы тұжырым жасауға болады. Бұл тұжырымдамалардың негізгі идеялары жалпы дамуға, ойлауды дамытуда, ақыл-ой әрекеттерін шығармашылық қызығушылықпен қалыптастыруға, оқу материалын берік меңгеруде маңыздылығымен түсіндіріледі. Оқыту процесіндегі жеке тұлғаны дамыту көзқарасы тұрғысынан мейлінше сәтті тұжырымдама И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткин тұжырымдамасы болып табылады. Үйлесімді тұлғаны дамытумен байланысты оқыту мақсаты, білім беру мазмұны және оқыту әдістері онда диалектикалық бірлікте ұсынылған (В.А.Сластенин).

Осы уақытқа жасалған жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасы (А.Г.Асмолов, Л.И.Божович, В.П.Зинченко, В.С.Мухина, А.В.Петровский, Д.И.Фельдштейн) адамның онтогенетикалық дамуының түрлі кезеңдерінде оқыту процесінде тұлғалық жаңа жасалымға айналудың тетіктері мен факторларын ғылыми негіздеуге мүмкіндік береді. Бұл тұжырымдамалардың кейбіреулері тәжірибелік тексеруден өтіп және тұлғаны дамытуда ілгерілеушілікті көрсетті. Қоғам мен білім беруді дамытуда гуманистік тенденция көрінісінің салдары болып табылатын тұлғалық-дамытушы дидактиканы жасау үшін шынайы мүмкіндік туды деп айтуға болады.

Проблемалық оқыту технологиясын қолдану оқушыларды логикалық, ғылыми, шығармашылық ойлауға үйретуге мүмкіндік береді; білімнің өзінің сенімді тұғырына айналуына мүмкіндік жасайды; оларда терең интеллектуалдық сезімдерін, оның ішінде, өздерінің мүмкіндігі мен күштеріне деген сенімділік пен қанағат сезімдерін туғызады; оқушылардың ғылыми білімге қызығушылығын қалыптастырады.

Аталып өтілгендей, проблемалық оқытудағы негізгісі – проблемалық жағдаят жасау. Проблемалық жағдаят тасырмаларды орындау процесінде туатын оқушылардың белгілі бір психологиялық күйлерін сипаттайды. Проблемалық мәселе пайда болуының шарты - әрекеттің жаңа қатынастарын, қасиеттерін немесе тәсілдерін ашу қажеттілігі болып табылады.

А.В.Брушлинский пікірінше, проблемалық мәселе адамның әрекет барысында мүлде күтпеген белгісіз, түсініксіз, және т.б. жағдайлардан шығатынын білдіреді. Ойлау процесі міндеттерді (проблеманы) тұжырымдау болып табылатын проблемалық ситуацияны талдаудан бастау алады. Міндеттердің пайда болуы белгілі мен белгісізді алдын-ала бөлуге болатындығын білдіреді. Белгілі мен белгісіз арасындағы қатынастарды, байланыстарды анықтау жаңаны, жасырылғанды, белгісізді іздеу мен табуға мүмкіндік береді.

Оқытудағы проблемалық жағдаяттың бірінші белгісі оқушының дербес ойлау белсенділігін қажет етуі. Проблемалық мәселе оқушыға қызықты, мәнді болуы керек. Оның пайда болуы мүмкіндігінше оқушылардың шығармашылық қызығушылықтарымен және алдыңғы тәжірибелерімен байланысты болуы керек.

Тұлғалық-бағдарлы тәсіл адамның танымдық сферасын (түйсік, қабылдау, ес, ойлау) дамытудың маңызы мен қажеттілігін төмендетпей, қайта оны одан әрі айқындап береді. Объективті дүниенің өмір сүруінің белгілі бір формасын игеру процесі бағдарламалармен, оқыту процесін конструкциялаудың арнайы әдістері және тәсілдерімен, сонымен бірге, оқушыларда таным процесін қамтамасыз ететін психикалық процестер қалай жүріп жатқандығы туралы, олардың қандай заңдылықтарға бағынатындығы туралы түсініктердің кеңеюімен берілуі керек.

Білім берудің ұзақ тарихында мұғалімнің оқушыны білуі және оқыту әдістемесін игеруі туралы ой бекітілгенімен, танымдық, сезімдік және ерік сферасы негізінде жатқан психологиялық заңдылықтарды оқушының да білуі тиіс екендігі туралы мәселе ескерілмеді. Оқыту нәтижесіне келетін болсақ, мұғалімдер және ата-аналар тарапынан оқушылардан сұраныс үнемі қатал, жоғары талап жағдайында болды.

Оқыту субъектілерін тұлғалық дамытудың қажеттілігі мәселеге байланысты принциптерді айырып, тұжырымдау міндеттерін алға қойды. Бұл сұрақты шешуге В.П.Зинченко мен Е.Б.Моргунов талпыныс жасады, психика мен сананы дамытудың мәдени-тарихи теориясында, іс-әрекеттің психологиялық теориясында және әрекет психологиясында жасалған принциптеріне жас және дара тұлғалық ерекшеліктерді түсінуге мүмкіндік беретін нормалар мен заңдылықтарды қосты.

Сонымен, жеке тұлғаға бағдарланған білім берудің философиясы адамды қалыптастырудан ғана емес, шығармашыл тұлғасын дамытуға көмектесуден тұратын тұлғалық-дамытушы оқыту теориясын құру үшін теориялық алғышарт болады. Мұндағы дидактикалық мақсат жаңа әлемдік сана мен өзіндік сананы қалыптастыруға мүмкіндігі мол мәдени-тарихи (немесе социомәдени) педагогиканың құрамды бөлігі болып табылады, ал мәні оқытудың дәстүрлі көрсетілген принциптеріне шығармашылық пен қоғамдық «сананы өсірудің» қосылуынан тұрады.Сондықтан жеке тұлғаға бағдарланған білім беру мақсатында әдістемелік міндеттерге ғана емес, мәдениет, рухани бастауларға, адамдық болмыстың мәніне ерекше назар аудару қажет.

Әдебиеттер


  1. Омарова Р.С. Оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру технологиясы. Оқу құралы. -Ақтөбе, 2007. -181б.

  2. Жолдасбеков А.А. Студенттердің ой-өрісін дамыту-кәсіби шеберлікті қалыптастырудың кепілі. – Алматы, 2004. – 41 б.

  3. Ермолова-Томина Л.Б.Самоактуализация личности в творческом процессе // Педагогика, 2007.-С.12-15.

  4. Құдайқұлов М.Ә., Құдайқұлов С.М. Творчестволық және бәсекелестік қабілеттілік. – Алматы: Школа ХІ века, 2006. – 82 б.



СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ СТРАТЕГИЯЛАРЫН САБАҚТА ПАЙДАЛАНУ
Сегіз Г. С. (Ақтөбе)
Еліміздің экономикалық, әлеуметтік-мәдени саласы өскен сайын, қоғам дамуының барлық саласындағы болып жатқан өзгерістерге сай білім беру саласы да өзгеріп, жаңару үстінде. Осы орайда, білім ордасының табалдырығын жаңа ғана аттаған жас бүлдіршіндердің дүниетанымын қалыптастыру, жеке тұлға ретіндегі қасиеттерін шыңдап, тәрбиелеу барысында бастауыш білім сатысының орны ерекше екенін айтпасақ та белгілі.

Орта білім беру жүйесінің іргетасы бастауыш сыныптарда қаланады. Бұл – үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы маңызды сатысы.Бастауыш білім беруде соңғы жылдары оқушы тұлғасын дамыту, бастауыш сынып оқушыларының оқу білігін қалыптастырып, олардың білім, білік, дағдысын жоғары деңгейге жеткізу мақсаттары қойылып отыр.

Озық ойлы, тапқыр да, нәзік сезімтал, пайымды шәкірттердің іскерлігін, мүмкіндігін ескеріп, бағыт - бағдар беру, ой - өрісін дамытатындай логикалық ой тастау әрбір ұстаздың міндеті.Біздің міндетіміз – дүниежүзіндегі жаңалықтар мен дамуларды назарға ала отырып, одан да жақсысын, тиімдісін ұсыну. Өйткені ғасырымызда барлық салада даму өте жедел жүзеге асуда. Әрине, дамудың негізі – білімде.

Әр бала жас кезінен еркін ойлауға, алдына қойған істі жоспарлап, оны соңына дейін жеткізуге, кедергілерге қарсы тұруға бейімделгені жөн. Сондықтан да әр сабаққа оқушылардың әр мәселеге сыни көзқарасын қалыптастырып, оларды ашық, еркін сөйлеуге баулу – әр ұстаздың міндеті.Сын тұрғысынан оқыту дегеніміз не?

Сын тұрғысынан ойлау – ашық қоғам негізі. Ол – өз алдына сұрақтар қойып және оларға жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Бұл оқыту «қарапайымнан күрделіге» деп аталады.

Сыни ойлауды дамыту технологиясына үш кезеңнен тұратын сабақ түрі жатады:

1-кезең қызығушылықты ояту

2-кезең- мағынаны ашу

3 кезең- ой толғаныс

Психологтардың пікірінше, сабақтың мынадай түрі адамның қабылдау кезеңдеріне сәйкес келеді:



  • Әуелі бұл тақырып бойынша сізге неи белгілі екенін еске түсіру керек, көңіл аудару керек (кіріспе ой қозғау);

  • Сосын жаңа ақпаратпен танысу керек, оны ұғыну керек ( танымдық кезең)

  • Содан кейін бұл алынған білім саған не үшін керек,оны қалай қолданылатыныңды ойлану керек ( рефлексия бағалау кезеңі)

Қызығушылықты ояту

Бірінші кезең оқушыларды танымдық процеске жұмылдырылады,өздерінде бар білімді , әсерді сезіммен өзектендіреді.; қызығушылықтарын оятады, оқушыларды оқытуға жағдай тудыратын білімқұмарлық атмосфера жасалады.

Дәл осы кезде оқушылар ойлана бастайды, болжайды, жаңа тақырыптың мазмұнын анықтайды, бұл олардың болашақта ізденуіне стимул болады.

Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.

Ойлау мен үйренуге бағытталған екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады.Сыни ойлаудың «мағынаны тану» екінші кезеңі мынадай қызметтерді атқарады:


  • Ақпараттық- (тақырып бойынша жаңа ақпарат алу)

  • Жүйелілік- (алынған ақпаратты білім деңгейі бойынша топтастыру)

  • Мотивациялық- (тақырыпқа қызығушылығын танымдық ұмтылысын құптау)

  • Коммуникативтік- ( жаңа ақпаратты алуда жанжалсыз ой алмасу)

  • Мақсат қоюшылық- ( пайда болған жағдайға байланыстыоқыту мақсатына түзетулер енгізу.

Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – “білемін”, ― - “мен үшін түсініксіз”, + - “мен үшін жаңа ақпарат”, ? – “мені таң қалдырады” белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі. Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады.

Үшінші кезең «рефлексия» (толғаныс)

Рефлексия – білім алудың қортынды кезеңіОқушыларды сабақ бойы алған білімдерін, түсініктерін өз сөздеріменбаяндап бере алатын жаңа білімдерін көрсете алатын кезең.

Рефлексиялық талдау мен бағалау сынтұрғысынан ойлау технологиясының барлық кезеңдерін жанап өтеді, бірақ үшінші кезеңде ғана мұғалім мен оқушы әрекетінің негізгі мақсаты болады.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының «рефлексия», яғни үшінші кезеңі мынадай міндетті қызметтерден тұрады.


  • Коммуникациялық- жаңа ақпарат туралы пікір алмасу.

  • Интерриаризациялық жаңа білімді иемдену.

  • Мотивациялық- ақпарат кеңістігін әрі қарай кеңейту

  • Бағалау- жаңа білімнің бұрынғы біліммен сәйкестігі, өз ұсчтанымын жасау, үрдісті бағалау.

Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді. Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған “Бес жолды өлең”, “Венн диаграммасы”, “Еркін жазу”, “Семантикалық карта”, “Т кестесі” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.

Оқу мен Жазу арқылы Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы біздің көптеген тұйыққа тіреліп қалған көптеген оқыту мәселелеріне көмектесе алды. Бұл « сын тұрғысынан ойлау » деп аталғаны сын көзқараспен қарау деген мағына емес, талдап, ойлаумен ұштастыра білім алуды бағыттайтын оқыту технологиясы. Бұрын да өзіміз білетін әдістерін пайдалану арқылы сабақты жүйелеп өтетінбіз. Дегенмен басты нысана мұғалім мен оқулық болатын. Оқушы тек қабылдаушы ретінде танылды.Ал қазір тың әдістерді жиі пайдаланып, оқушылардың білімге деген ынтасын арттырып, таным деңгейін кеңейту міндеті тұр. Оқушы мұғалімнің сөзін жалыға еш ұқпай тыңдаушыдан, белсенді, ізденуші, ойланушы дәрежесіне көтерілуі керек. Сын тұрғысынан ойлау — өте күрделі, маңызды құбылыс. Мұғалім осы әрекетті ұйымдастырушы, бағыттаушы. Оқушы әр түрлі ақпарат көздерінен сусындап, өз түйінін айта білуі керек. Кез -келген мазмұнды талдау барысында өз тобымен ұйымдасып, пікірлесіп, ең ұтымды жауапты іздеуі керек. « Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының стратегияларын пайдалана отырып өткен сабақтардың әсері мол. Сабақта оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау негіздерін қалыптастырудың алғы шарттары мыналар:

- сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру үздіксіз түрде жүзеге асырылуы керек;

- оқыту үрдісін айқын түрде демократияландыруды қадағалау;

Бұл технология негізінен мұғалімдердің де оқушылардың да алдына міндеттер қояды.

Сабақтарда оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдана отырып тұлға қалыптастыру тәжірибесін қолданудамын.Сын тұрғысынан ойлауда оқушы болжайды, зерттеп, қорытып, өз ойын жеткізеді, негізін ашады, сұрыптайды, талқылайды,, сын көзбен қарайды,пікірін дәлелдейді, пікір алмасады, ортақ пікірге келеді, мақсатқа жетеді, өзін – өзі басқарады, топпен жұмыс істеуге үйренеді, жан дүниесін өзгертеді, ойлауды дамытады, қызығушылықты дамытады, қызығушылықты артырады, кез – келген сабақты меңгертеді, оқушы өзін – өзі тәрбиелейді..

«Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» технологиясының қай әдісін алсақ та оқушының белсенділігін, ойлау қабілетін, шығармашылығын жан - жақты дамытатынын байқауға болады.

МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ ӘДІСТЕРІ
Сегізова Ж.С. (Ақтөбе)
Оқу-тәрбие жұмысында ұлттық мектептің негізгі ерекшелігі оқушыларды өз халқының ғасырлар бойы қол жеткізген табыстарына ұмтылуға тәрбиелеу, ұрпақты ата-баба салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен қайта табыстыру.

Музыка өнері әрбір оқушының әсемдік әлеміне үйірсек болып қана қоймай, оны қорғауға және рухани мәдени деңгейін көтеруге табиғи жағдай жасайды. Сол себепті әрбір қоғам мүшесін өнерпаздыққа тарту қоғамның обьективті қажеттілігі және заңдылығы болу керек.

Білім беру саласында оқушылардың эстетикалық, этикалық және адамгершілік нормаларын меңгерту міндетін жүзеге асыруда музыка пәнінің орны ерекше. Музыка тәрбиесі жастарды өнер құндылықтарын жасауға қатыстыра отырып олардың бойында белгілі адамгершілік-эстетикалық мәдениетті, көркемдік талғамды, шығармашылық қабілетті дамытады.

Тәрбиедегі басты мақсат:қоғам мүшелерін әлеуметтендіру болатын, яғни өнер- адамның тек қана рухани өмірінің құрамдас бөлігі болыпқоймай, әлеуметтендірудің аса пәрменді құралы болды.

Ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келген халықтық қазынаны,оның таңдаулы үлгілерін жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу құралына айналдыру, нақтырақ айтқанда,олардың көркемдік,музыкалық, эстетикалық талғамы мен мәдени деңгейін жоғарылату-басты міндет. Бағдарлама мазмұнына ауыз әдебиеті жанрларынан балаларға үлгі боларлықтай, тәрбиелік маңызы зор шығармалар енгізілген.

Халық мұрасын мұғалім оқушылардың жан-жақты тәрбиесінде орынды пайдалануы қажет. Мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды балалардың жас ерекшелігіне, сабақтардың мазмұнына байланысты талдап, тәрбиелік мәнін оқушыларға дәлелдеп түсіндіру, мұғалімнің шығармашылық ізденуіне, әдістемесін жетілдіруіне көмектеседі.

Бағдарламада шешендік айтыс, суырып салма ақындық өнері, ән айту, жыр-терме, театр өнері, би сабақтары да интеграцияланған курстарда өз бейнесін тапты. Ұлттық өнерге осылай оқушыларды жастайынан баулу олардың адамгершілік, эстетикалық қасиеттерінің дұрыс қалыптасуына, мәдени дәстүрге деген сыйластық сезімін дамытуға әсерін тигізді, оқу-тәрбие процестерінің сапасын арттырды. Оқушылардың әсемдікті түсіну қабілетін дамытады.

Ұлы Абай өмір шындығын дәл бейнелеу жөнінде поэзия мен музыканың рөлін былайша суреттеді: әсемдік сыры, биік мұратталғандары, көркем шарттары, шығармадағы дарындылық пен шеберлік ән мен күйді орындаудағы дәстүрлер, т.б. мәселелерді көтере келіп, эстетикалық тәрбиенің негізгі өлшемдеріне ғылыми таңдаулар жасады. Ойшыл ақын жеке адамның эстетикалық сезімдерін дамытудың нақты жолдарын қарастырды. Абайдың түсінігінше, баланы жастайынан көркемдікке баулуда үлкендер неғұрлым ертерек ойластыруы қажет, өйткені бесіктегі нәрестенің өзі ананың әлдиі, құлағына жеткен ән-күйдің әуезді үні арқылы сұлулық пен көркемдіктен хабардар болып жатады.

Жастарға эстетикалық тәрбие беру ісінің мазмұнды, деректі, ұғынықты келуі, әр ән мен күйдің көкейге қонымды, әсерлі болуын қажет етеді.

Оқушы күнделікті өмірде музыкамен етене араласады. Мұны салыстырмалы түрде алғанда үш жүйеге бөлуге болады:

1)Музыка сабағында ұжымдық тапсырмаларды орындауы (бірігіп күй тыңдауы және музыкалық шығармаларды талдауы);

2) Өз бетінше қатысуы;

3) Музыканы кездейсоқ тыңдауы.

Ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фараби «Музыкалық идея оны жүзеге асыратындай әрекет ету қабілетінсіз іске аспайды, музыканы көп тыңдау, жаттығу түрлерін бір-бірімен салыстыру, әуенді талдау, әрбір тонның дыбыстық әсерін мұқият есептей білу арқылы музыкалық қабілетті дамытуға болатындығын айта келіп, тәрбиелеу барысында тәжірибе жинақтаудың рөлі зор екенін атап көрсетеді» т.б. өзгерісін бақылап, сезінуге үйренеді. Оқушы эстетикалық сезім мен эмоциялық көңіл күй арқылы қоршаған ортаны әсерлене сезінеді.

Оқушы өз жауабын жолдастарының жауаптарымен салыстыра отырып, пікірінің дұрыстығына немесе жаңсақтығына көз жеткізеді. Сол арқылы оның музыка жөніндегі ойы мен талғамы қалыптасады.

Музыкалық шығарманы талдау, әңгімелесу әдісі арқылы жүргізіледі. Көркемдеу құралын, көркем бейнелердің жасалу жолдарын сабақтың тақырыбы ретінде алынған белгілі бір мәселе төңірегінде талдау оқушы танымын кеңейтіп, сөздік қорының молайуына жол ашады. Талдау үшін музыкалық құбылыстарға тән ұғымдардың қалай аталатынын білу қажеттігі туындайтындықтан бұларды түсіндіріп отыруды мұғалім басты мақсат етіп қояды. Бұл ретте оқушылардың музыкалық сөздік дәптерінің болғаны жөн. Себебі, оқушы бұл ұғымдарды күнделікті өмірде аса көп пайдалана бермейтіндіктен, тез ұмытуы мүмкін. Сөздік дәптер арқылы әр сабақ сайын оқушының сөздік қоры молайып, талдау мүмкіндігі кеңейе түседі..

Талдау, үйретудің алғашқы сатысында музыкалық екі шығарманы салыстыру оқушыға өз ойын жеткізу жеңілдігін тудырады. Мысалы, ән және күй жанрдың ортақ белгілері(нық,жігерлі,екпінді) талдау мен қатар, тиісті айырмашылығы(бір жеңілдеу,екіншісі ауырлау болса, бірі жоғары, екіншісі төмен регистерде орындалуы) арқылы тыңдаушылардың Белгілі бір тобына арналатындығы анықталады. Оқушы осының бәрін әсерлене тыңдай отырып,талқылауға белсене қатысады.

Мектеп оқушыларына аспаптық музыканы талдау біртіндеп күрделене береді. Мектеп қабырғасының осылайша құрылуы оқушылардың көркемдік талғамын музыкалық қабылдауына жол ашумен бірге,олардың озіндік пікірін айта алатындықтай деңгейге жеткізеді. Музыкалық шығармада адам сезіне әсер етудің қайнар көзі музыкалық тақырып болып табылады.

Тақырып шығарманың мазмұнын түсуде басты рөл атқаратындықтан,оның басталып, аяқталуын анықтай алу дағдысын әдетке айналдырған жөн. Мұндай дағдының болмауы шығарманы түсінбегендігі десе де болады. Сондықтан шығарманы тыңдап, талдауда оқушы музыкалық тақырыпқа барынша зейін қоя мән беріп, сол арқылы көңіл күйдің (жігерлі, сергек, сабырлы, ойлы, қайғылы) өзгерістерін бақылауға үйреніп шығама болмысынан саналы түрде түсіну сатысына қарай ауысады.

О.Апраксина: «Музыканы оқушылармен бірге талдау, дұрыс бағытта болуы шарт» -дейді. Талдау барысында музыка тілінің элементтерін түсідірумен шектелмей, ол элементтердің көркем шығармадағы рөлін анықтауға күш салған жөн. Әрине, оның рөлін әр оұушы өзінің түсінігіне тәжірибесіне сүйеніп анықтайды. Мұғалім оқушыға шығарманың мазмұнын композитордың ойымен барынша жақындата түсіндіруді басты мақсат етіп коюы қажет.

Тыңдауды неден бастау керек? Бұл-музыка тыңдауға үйретудің күрделі де маңызды мәселелерінің бірі.

Жалпы, қабылдау процесі жөнінде О.Апраксина: «...кез келген қабылдау күрделі процесс, оған түрлі сезім мүшелері қатысады, нәтижесінде күрделі шартты рефлектордың байланыстар жиынтығы түзіледі». «Музыкалық қабылдау-оның мәні шындықтың көркем бейнесін музыкалық шығармадан ести алу және оның мазмұнын көркемдік бірлік ретінде сезіне отырып бастан кешіре білу қабілеті»-деп атап көрсетті.

Музыкалық шығарманы қабылдау процесі үстінде оқушы оны толық тыңдайды, бірақ толық түсінбеуі немесе мүлдем түсіне алмауы мүмкін. Бұл оның музыка тыңдаудағы тәжірибе ауқымына байланысты. Музыкадағы барлық оқиға желісі музыка үнінің құдіретті тілі арқылы беріледі. Күрделі мазмұнға құралған композиторлық желісі, байланысы бар кесек туындыларды тыңдай білгенмен, толық түсіне білу қиын. Сөз жоқ, ішкі мазмұны музыка тілі арқылы берілетін күрделі шығармалардың негізгі өзегі оның әуені болып табылады. Ал, тыңдаушы музыкалық білімнің,әсіресе тыңдау қабілетінің аздығынан сол әуеннен ештеңені сезіне алмай, музыканы шала ұғып, эстетикалық әсерленуі ойдағыдай болмайды. Кейде соның салдарынанмузыкалық шығарманы түсінбей де қалады. Бұдан музыканы қабылдауы үшін тек тыңдап қана кою жеткіліксіз екенін аңғарамыз. Сондықтан қабылдау процесі-музыкалық шығарманы тыңдаумен қатар, естіте алу процесі ретінде қарастырады.

Музыкалық шығарманы талдап, тыңдатудың екінші жағы-музыканы ойнап көрсету. Мұғалім шығарманы өзі орындайды немесе үнтаспадан тыңдатады. Бастауыш сыныптарда музыкалық шығарманы мұғалім өзі орындап көрсеткені тиімді. Бұл сыныптарда өтілетін музыкалық шығарамалардың көлемішағын болғанымен, орындау үлкен шеберлікті қажет етеді. Бір шығарманы әртүрлі аспаптарда ойнап көрсету, мәнерлі орындау. Ойнатуға мұғалімнің мүмкіндігі жетпеген жағдайда музыкалық шығарма үнтаспадан тыңдатылады. Оның сыры мынада: күрделі шығармадан үзінді орындаған симфониялық оркестрдің құрамындағы сан қырлы аспаптардың бояуын ешқандай да орындау ауыстыра алмайды. Оратория, кантата, опера, симфониядан алынған үзінділерді үнтаспадан тыңдатқанда ғана сабақ мақсатына жетеді. Қай жағдайда да орындаушы- шығарма мазмұнын жеткізуші.

Аспапта ойнау балаларды ұйымшылдыққа, бірлікке, сезімталдыққа, адамгершілікке баулыса,ол өзінің тәрбиелік міндетін атқарады деген сөз. Оқушылар, әдетте, өздеріне қолдарына ұстап, ойнап отырған аспаптары туралы, тыңдау үшін орындалған музыкалық шығарма туралы әңгіме басталса-ақ болғаны елең етіп үлкен ынтамен тыңдауға кіріседі. Ендеше, балалар сабақта тек ән айтып,аспаптарды ойнап қана қоймай, музыка әлемінің сырын ашып сұхбаттасуға дайын. Сондықтан, сыр сандықты ашып, саз маржанын шашу үшін үлкен ізденгіштік қабілет керек. Қолда бар мүмкіндікті пайдалана отырып, болашақ музыка мамандарына,ғұлама ғалымдар мен музыка тарихын зерттеушілердің ғылыми еңбектеріне сүйене отырып, біз біраз мағлұматтар бердік. Бұл деректердің балалардың өздері ойнап отырған аспаптарына деген ықыласын, ынтасын арттыратыны сөзсіз.

Сонымен, сабақ өткен сайын балалардың аспапты меңгеруі шыңдала түседі. Бірак,мұғалім балалармен жұмыс кезінде олардың әрқайсысының музыкалық қбілетін ескергені жөн. Кейде бір оқушы сабақ сайын бір ғана аспапта ойнайды. Ол дұрыс. Себебі, оқушы сол аспапта ойнаған сайын оның қыр сырын терең түсініп, техникалық ойнау шеберлігін тереңдете түседі.

Шығарманы тыңдап болғаннан кейін оның мазмұнын түсінуге бағытталған сұрақтар жүйесін сабақтан бұрын жан-жақты ойластырып алу қажет. Бұл мәселеде мұғалім белгілі бір материалды талдау арқылы оқушыларға нені меңгертетінін өзі анықтап алады. Қойылатын сұрақтар жүйесін дайындауда тағы да бір ескеретін мәселе, сабақ өтілетін сыныптың жалпы музыкалық жабдықталу деңгейі. Осы екеуін ескере отырып,нақты сұрақтар жүйесі дайындалады. Олар анық,қысқа,нақты,дұрыс жауапқа бағыттау арқылы оларды жалпы нәрседен ең бастысын қорытындылай білуге үйретеді. Тәжірибелік көркем бейнелеу іс-әрекеттері барысында:

- оқушылардың көркемдік білім негіздерін игеру және олардың бейнелі ойлау қабілеттерін дамыту;

- балалардың көркемдік образдар жасау және шығармашылық іс-әрекеттерінде әдеби шығармалардан, фольклордан әсерлі сюжеттерді немесе тарихи оқиғаларды көрсете, ұлттық музыканы естірте отырып, туған жер тарихымен, халық өмірімен, тұрмыс-салтымен,мәдени дәстүрлерімен байланысты тақырыптарды мейлінше оңтайлы пайдалану.

Өнерді эстетикалық мәнде қабылдау саласында:



  • Оқушылардың өнерді эстетикалық қабылдауын жүйелі қалыптастыру, шығарма мазмұнын талдай және бағалай білу дағдыларын дамыту;

  • Шындық обьектілері мен өнер туындыларынын мазмұнын салыстырмалы талдай білге баулу;

  • Оқушылардың туған халқынын өнердегі көркемдік дәстүрлерін танып білуіне ықпал етеді.

Музыка сабағында нақты мақсат қойылу арқылы оқушының сезімін (эмоция) ояту үшін қабылдауда белсенділік мақсаты қойылады.

Бұл мақсат:

А) Музыкалық шығарманың мазмұнын оқушылармен бірге талдау;

Ә) музыкалық-дидактикалық ойындар ұйымдастыру;

Б) тиімді әдісті таңдап ала білу.

В) оқушылардың жас ерекшеліктері мен музыкалық даму ерекшелігін ескере отырып, музыкалық шығарма таңдау арқылы жүзеге асырылады.

Екінші міндет-музыканы саналы түсінуге баулу. Саналы түсіну үшін белгілі бір деңгейде музыкалық білім болу керек. Сондықтан, бұл міндетті жүзеге асыру үшін, нота сауатын меңгерту мақсаты қойылады.

Нота сауаты:

а) музыканың көркемдік құралдарының (екпін, саз, ырғақ, әуен, тембр, гармония,өлшем т,б.) музыкаық шығарма мазмұнын жасаудағы ерекшеліктерін түсіндіру;

ә) әнді нотамен орындау;

б) түрлі көрнекіліктер пайдалану;

в) ырғақтық қимылдар жасау (нота биіктігін көрсету, қолды ырғақпен шапалақтап ұру) арқылы меңгеріледі..

Үшінші міндет- музыкалық шығарманы өз шама шарқынша орындауға үйрету барысында орындаушылық дағдыларды меңгерту. Орындаушылық дағдыларды меңгерту арқылы көркемдік білім беру мақсаты қойылады.Бұл мақсат:

а) вокальды хор дағдыларын;

ә) аспапта орындау дағдысын;

б) ырғақтық-би дағдыларын;

в) шығарманы тыңдап,талдау алу дағдысын меңгерту арқылы жүзеге асады.

Үшінші міндеттегі тағы бір мақсат-оқушының шығармашылық қиялын дамыту:

а) ладтық сезіміне байланысты сурет салуға;

ә) суырып салып айтуға (импровизациялау) баулу арқылы жүзеге асырылады.

Осы үш міндет жүзеге асырылу арқылы оқушылардың көркемдік талғамы қалыптасады, әртүрлі жанрдағы музыканы талдай отырып, оның сапасын ажырыта білуге үйренеді.

Музыкалық-дидактикалық ойын.

1.Тоқсан бойынша өтілген әндер мен күйлерді тыңдатып, композиторлары мен шығарманың аттарын ажырата білуге дағдыландыру.

2.Сонымен бірге орындалу ерекшеліктеріне (қандай музыкалық аспаптарда немесе оны кім орындады. т.б) көңіл бөлу.

3.Ойынды түрлі көрнектілер(карточкалар, таблицалар т.б) пайдалану арқылы өткізу.

Сонымен,сабақ өткізу барысында немесе сыныптан тыс музыкалық жұмыс кезінде балалар ұжымының бірігіп аспапта ойнауды қуанышпен сезінуі,бірін-бірі тыңдай білуі,музыкалық аспапқа деген балалардың ынтасының артуы,олардың көңіл-күйінің көтерілуі,музыкалық ой-өрісінің кеңеюі,ең бастысы,әр баланың өз сыныбына,ұжымына керек екенін сезінуі-үлкен өмірге баратын жолдаманың басы екендінін мектеп мұғалімі әрқашанда үлкен жауапкершілікпен сезінуі тиіс.

Бүгінігі таңда музыка мамандарының алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі-осы ата-бабаларымыздай музыканың құдіретін терең түсініп, оны өзінің рухани азығы етіп адам өмірін нұрландыруға ат салысатын музыкалық білімді азамат тәрбиелеу. Баланы музыка тыңдауға,тыңдай отырып оны саналы түрде қабылдауға баулу-музыкалық тәрбие беру жұмысындағы күрделі міндеттерінің бірі. Өйткені, ол оқушының музыкалық мәдениеттілігін қалыптастырудың алғашқы шарты болып есептеледі.

Әдебиеттер

1.Қазақстан мектебі №.9 2009 жыл.

2.Бастауыш мектеп.№1. 2007 жыл.

3.Бастауыш мектеп.№3. 2012 жыл.

4.Бастауыш мектеп.№8,9. 2006 жыл.

5.«Инновациялық оқыту жағдайында шағын жинақты мектептерде сапалы білім беру» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Ақтөбе 2011 жыл.



ФОРМИРОВАНИЕ УСТОЙЧИВОГО НАВЫКА СВЯЗНОЙ РЕЧИ И СОЦИАЛИЗАЦИЯ ДЕТЕЙ НА УРОКАХ ЯЗЫКОВОГО ЦИКЛА
Сейтмуратова К.К. (Актобе)
Общение - одна из важнейших сторон жизни человека. Без общения человек не может существовать в обществе. Овладение искусством общения, искусством слова, культурой речи необходимо для каждого человека, несмотря на наличие или отсутствие каких-либо ограничений (слуховых, речевых, двигательных).

Создание наиболее эффективных условий формирования личности глухого ученика, включение его в общественно-полезную деятельность и социально активную жизнь предполагает развитие способности понимать обращенную к нему речь собеседника и говорить разборчиво, понятно для окружающих.

Поиск новых путей совершенствования связной речи неслышащих учащихся является весьма актуальным, т.к. выпускники школ для глухих детей нередко затрудняются в самостоятельном изложении своих мыслей, в понимании читаемого материала. Овладение связной речью необходимо каждому человеку. Ребенок с недостатками слуха, в силу ограниченного словесного общения, особенно нуждается в понимании письменных текстов и в письменном продуцировании собственных высказываний.

Коммуникативные навыки формируются у учащихся в процессе всей образовательно-коррекционной работы в ходе целенаправленного развития речевого поведения. умение общаться с окружающими - достаточно большая проблема для детей нарушениями слуха. Их словарный состав ограничен, а речь мало выразительна. Потеря возможности устной коммуникации у детей чаще всего делает их замкнутыми и пассивными. Они боятся вступить в контакт с окружающими их слышащими людьми.

Опыт работы с неслышащими детьми показал, что словесные формы, которыми пользуются дети, бедны. Поэтому необходимо проводить специальное обучение формам общения, учитывая возрастные особенности учащихся, и сохраняя единые речевые ситуации.

При выборе коммуникативных ситуаций учитывается их необходимость для общения, соответствие жизненному и эмоциональному опыту детей, содействие их личному развитию, расширению и обогащению познавательных интересов.

Виды работ могут быть самые разнообразные: работа с текстами, работа с деформированным текстом, составление планов к тексту, рассказы по плану, работа по картам, ответы на вопросы, речевые игры, изложения, сочинения, работа над диалогами и т.д. Такая работа расширяет кругозор учащихся и помогает им успешнее ориентироваться в социокультурных условиях.

В процессе обучения дети целенаправленно побуждаются передавать эмоциональное содержания высказывания (радость, удивление, огорчение, разочарование, восхищение) в достаточно естественной и эмоциональной речи при использовании невербальных средств коммуникации: естественных жестов, мимики, контакта глаз, позы, телодвижений, пространственно-временной организации общения и др.

Использование естественных невербальных средств коммуникации облегчает понимание речи собеседника, помогает акцентировать ту или иную часть вербального сообщения, поддерживает контакт между собеседниками.

Умение школьников давать развернутые ответы на вопросы, свободно и правильно выражать свои мысли - все эти и другие действия требуют достаточного уровня развития у детей связной речи.

Глухие учащиеся затрудняются в правильном использовании речевых конструкций, эти трудности объясняются своеобразием развития их словесно-лексического мышления. В рассказах глухих учеников наблюдаются речевые ошибки и недочеты, которые возникают в результате неточного переноса изученных речевых конструкций на новый речевой материал.

Согласно требованиям к организации работы по языку и отбору речевого материала необходимо строить свою деятельность в следующей системе:



- обучать языку как средству общения, т.е. в самом его действии, применении в диалоге;

- развивать потребность в употреблении словесных средств;

- создавать речевую среду, повышать её развивающий потенциал;

- обеспечивать усвоение языка в тесной связи с развитием коллективной деятельности детей;

- учить общению детей с нарушением слуха с помощью разных форм словесной речи не только с учителем, но и между собой.

Обучение пересказу произведения является самым трудным этапом работы над текстом. Естественно, эта работа проходит на последних уроках изучения произведения. Пересказ текста нужно проводить с опорой на различные типы плана - это вопросный план, который составляется по последовательному содержанию произведения; план, который требует выборочного пересказа какого - нибудь эпизода; с опорой на иллюстрации; с обязательной опорой на текст.

На уроках развития речи большое внимание необходимо уделять тем видам работ, в ходе которых реализуется коммуникативная функция речи. Это работа по описанию событий, написанию писем. заметок в стенгазету. записок, деловых бумаг. Для предупреждения грамматических ошибок перед написанием этих работ проводится орфографическая подготовка. Работа по описанию событий занимает важное место в обучении детей с нарушением слуха. Затруднения при передаче реальных событий из жизни возникают в связи с тем, что, во-первых, учащемуся сложно выделить главное из большого количества деталей и частностей, которыми богата жизнь. Во-вторых, при описании событий из собственной жизни ученик рассказывает о ситуации, свидетелем или участником которой он был в прошлом и которую уже нельзя воспринять, так как она закончилась. Таким образом, в условиях реализации в школе для детей с нарушением коммуникативной системы обучения языку особое внимание уделяется видам работ, несущим коммуникативную нагрузку. К этим видам относится написание отчетов, заявок, описание событий из жизни учащихся, написание писем, заметок, записок и деловых бумаг. Именно благодаря названным видам школьники овладевают связной устной и письменной речью как средством общения.

Развитие языковой способности осуществляется в усложняющих условиях речевой коммуникации, когда учащиеся должны произвольно видоизменять речевой материал, развертывать или завершать диалог, поддерживать или завершать диалог, поддерживать тему беседы или менять её с учетом интересов собеседников, широко пользоваться синонимическими преобразованиями предложений, осознавать языковые регулярности, сходства типов предложений, объяснять правильные или ошибочно построенные предложения. Развитие речевой деятельности идет по линии совершенствования произносительных навыков (говорения), восприятие знакомого или нового материала на основе зрения, чтения (с лица, с доски и т.п.), слуха. Развитие таких навыков усиливает мотивацию таких видов речевой деятельности, как письмо, чтение, которое является способом косвенной коммуникации (при отсутствии непосредственного собеседника), важным средством развития познавательной деятельности. Приходится постоянно использовать специфические приёмы и методы, направленные на оживление языкового материала через его коммуникативное использование. На уроках должны создаваться такие условия, чтобы язык осваивался не как результативное, а в самом режиме его употребления, как специфическая человеческая деятельность, неотъемлемая часть существования человека. В этой связи большое значение придается объему письменных работ, выполняемых на каждом уроке, а также объему проговариваемого и воспринимаемого в устной речи, отчасти устно - дактильной форме. Результатом обучения должно стать свободное пользование языком слов, необходимое для социализации детей с нарушением слуха в обществе слышащих людей.



Литература

1. Аксенова А.К. Методика обучения русскому языку в коррекционной школе. М-а, "Владос", 1999г.

2. Борякова Н.Ю. Ступеньки развития. М-а Гном-Пресс, 1997г.

3. Быкова Л.М. Методика преподавания русского языка в школе глухих. М-а,"Владос", 2002г.

4. Горделюк Т.Н. Психолого - педагогические инновации в коррекционных классах. Волгоград, 2009г.

5. Курнешова Л.С. Коррекционно - развивающее обучение школьников. Сборник нормативных документов, под редакцией "Центр инноваций в педагогике", 1997г.



ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӨНІНЕН МЕКТЕПТЕН ТЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАТЫН ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ
Смағұлов Е. А. (Ақтөбе)
Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын мектеп ұжымы оқушылардың ата-аналарымен бірігіп, аудандық, қалалық халыққа білім беру басқармалары ұйымдастырады. Мектептен тыс дене тәрбиесі жұмыстары әртүрі ұжымды мекемелерде, жұмыс орындардарында өткізіледі. Ол мекемелер:

  • балалар және жасөспірімдер спорт мектебі;

  • жаздық сауықтыру лагерлері;

  • еңбек сауықтыру лагерлері;

  • стадиондар;

  • дене мәдениеті сауықтыру кешендері;

  • спорт клубтары, бассейндер, спорт базалары, жергілікті тұрғын жерлердегі аула, спорт клубтары.

Бұл мектептен тыс жұмыстар, оқу және сыныптан тыс жұмыстарды толықтырады. Жаттықтыру түрлері әр түрлі болып келеді. Спорт түрлерін таңдауға балалардың мүмкішіліктерін кеңейтеді. Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын жүргізетін мекемелердің міндеттері:

1) Жүйелі түрде жаттығумен айналысуға окушыларды көбірек тарту.

2) Оқушылардың денсаулықтарын нығайтуға, дене қуаты дайындыгын жоғарылатуға көмектесу, уакыттарын пайдалы өткізулерін ұйымдастыру.

3) Дене мәдениеті саласының әрбір бөлімдерінде көпшілік спорттық жұмыстардың өтуіне қызығушылықтарын қальштастыру.

4) Нұсқаушылық және төрешілік дағдыларына дағдыландыру. Мектептен тыс мекемелер көптеген мектептің оқушыларын біріктіріп жаттықтырады. Әрбір мекеменің өз педагогикалық ұжымы болады.

Әр мекеме өзінін. жұмыс істейтін бағыттарында оқушыларды үйрету, жетілдіру, тәрбиелеу жұмыстарын тиімді ұйымдастырады. Мекемелердің қызметші, педагогтар кұрамы, бағдарламалар, ережелер бойынша балаларды оқыту, жаттықтыру, тәрбиелеу жұмыстарын жүргізеді. Бастауыш сыныпта сауықтыру және шынықтыру жұмыстарын ұйымдастыру мектеп ұжымы оқушылардың ата-аналарымен бірігіп, аудандық, қалалық халыққа білім беру басқармалары ұйымдастырады.

Мектепте дене тәрбиесі жұмыстары әртүрі ұжымды мекемелерде, жұмыс орындарында өткізіледі. Ол мекемелер: балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, жаздық сауықтыру лагерлері, еңбек сауықтыру лагерлері, стадиондар, дене мәдениеті сауықтыру кешендері, спорт клубтары, бассейндер, спорт базалары, жергілікті тұрғын жерлердегі аула, спорт клубтары. Бұл мектептен тыс жұмыстар, оқу және сыныптан тыс жұмыстарды толықтырады. Жаттықтыру түрлері әр түрлі болып келеді. Спорт түрлерін таңдауға балалардың мүмкіншіліктерін кеңейтеді. Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын жүргізетін мекемелердің міндеттері:

1) Жүйелі түрде жаттығумен айналысуға оқушыларды көбірек тарту.

2) Оқушылардың денсаулықтарын нығайтуға, дене қуаты дайындығын жоғарылатуға көмектесу, уақыттарын пайдалы өткізулерін ұйымдастыру.

3) Дене мәдениеті саласының әрбір бөлімдерінде көпшілік спорттық жұмыстардың өтуіне қызығушылықтарын қалыптастыру.

4) Нұсқаушылық және төрешілік дағдыларына дағдыландыру.

Бастауыш сыныпта сауықтыру және шынықтыру жұмыстарын ұйымдастыру мектептің оқушыларын біріктіріп жаттықтырады. Әрбір мекеменің өз педагогикалық ұжымы болады. Әр мекеме өзінін. жұмыс істейтін бағыттарында оқушыларды үйрету, жетілдіру, тәрбиелеу жұмыстарын тиімді ұйымдастырады. Мекемелердің қызметші, педагогтар кұрамы, бағдарламалар, ережелер бойынша балаларды оқыту, жаттықтыру, тәрбиелеу жұмыстарын жүргізеді.

Осы аты аталған мекемелердегі жұмыстар екі бағытта, ұйымдастырыла жүргізіледі:

1. Арнайы бағыт. Ол бағыт - спорт түрлері бойынша жоғары жетістіктерге жету бағыты. Бұл бағытта жұмыс істейтін мекемелер денсаулықтары мықты, дене қуаты дайындығы жоғары, тұрақты оқушылар контингентімен жұмыс істейді. Ол мекемелер:

- Балалар, жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ);

- Олимпиадалық ізбасарлар спорт мектебі (ОІСМ);

- Жоғарғы спорттық шеберлік мектебі (ЖСШМ);

- Спорттық мектеп интернаттар.

2. Жалпы немесе көпшілік бағыты. Бұл бағыттағы жұмыстар балалардың қозғалысқа деген табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүргізіледі. Ол бағытта жұмыс істейтін мекемелердің ерекшеліктері, олар денсаулықтары жақсы, белгілі бір уақытта топтың құрамдары ауысып тұрған балалармен жұмыс істейді. Ол бағыттағы мекемелер:

- Жазғы сауықтыру лагері;

- Еңбек сауықтыру лагері;

- Стадиондар, су станциялары;

- Жас туристер станциялары;

- Мәдениет үйлері мен спорттық сауықтыру кешендері;

- Мәдени демалыс парктері;

- Аула клубтары

Ата-аналар балаларының денсаулықтары мықты, шыныққан, күшті, болуын қалайды. Сол үшін оқу мерзімі кездерінде мектептерде дене тәрбиесі және сыныптан тыс спорттық-сауықтыру жұмыстары жүргізіледі. Дене тәрбиесі, спорт мамандары оқушылармен ол жұмыстарды жүргізіп, баланың күндік қозғалыс белсенділігі 14 сағаттан кем болмауына ұмтылады.

Жаз уақытында ата-аналар ең ұзақ демалыс (каникул) кезінде балаларының тоғыз ай мектептегі уақыттары секілді дене тәрбиесі, спорт жаттығуларымен үзбей, жүйелі, тұрақты айналысуын ұйымдастыра ала ма? Ұйымдастыра алмайды. Оның ең бір тиімді жолы бар. Ол жол көптеген жылдар бойы ұйымдастырылып жүрген балалар демалыс-сауықтыру лагерлеріне балаңызды жіберу. Балалардың жаздық сауықтыру лагерлерін 7-15 жастағы оқушыларға арнап кәсіпорындар мен мекемелердің, халыққа білім беру департаментінің, денсаулық басқармаларының кәсіподақ комитеттері құрап, ұйымдастырады. Ол кәсіпорындар, мекемелер көп қала жанындағы лагерлер мен кейбір аудандардағы экономикасы мықты кәсіпорындар ұйымдастырған лагерлер. Ауылдық жерлерде бұрынғы кеңес заманында әрбір ауданның халыққа білім беру бөлімінің басқаруымен балалар денсаулық лагері ұйымдастырылатын. Аудандағы мектептер өз оқушыларын сол лагерге жіберетін. Қазіргі кездерде ол лагерлер жабылып жұмыс істемей қалды да, орта жалпы білім беру мектептерінің жанынан еңбек - сауықтыру лагерлері ұйымдастырылды. Сонымен қатар спорт мекемелерінің қаржыландыруымен спорттық-сауықтыру лагерлері ұйымдастырылады. Бұл лагерлердің барлық жұмыстары ұқсас болып келетіндіктен біз өзіміздің кітабымызда ары қарай дене тәрбиесі жұмыстарын баяндағанда демалыс лагері деп атаймыз да, сол демалыс лагерінің жұмыстары туралы мағлұматтар береміз. Балалар демалыс лагерлеріндегі барлық жұмыстарды ұйымдастыру лагердің бастығы басқарған мамандарға жүктеледі. Ол мамандар құрамы: аға тәрбиеші, ұстаз, тәрбиешілер, дене тәрбиесі нұсқаушылары, суға жүзу спортының нұсқаушысы, дәрігер және медбике.

Мектептегі секілді лагердегі жұмыстарды басқаруға педагогикалық кеңес құрылады. Кеңесті басқару лагердің бастығына жүктеледі. Кеңестің құрамына жоғарыда айтылған барлық мамандар және оқушылар сайлаған белсенді оқушылар кіреді. Оқушылар лагерге келген күннен бастап отрядтарға бөлінеді де, әрбір отрядтың барлық жұмыстарын ұйымдастыруға ұстаз — тәрбиеші бекітіледі. Тәрбиеші лагердегі балалардың барлық өмірлерін басқарады. Ұстаз - тәрбиеші дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын, тәрбие жұмыстарын жақсы білуге тиісті. Лагерде дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру үшін мектептегі секілді дене мәдениеті кеңесі құрылады. Дене мәдениеті кеңесіне отряд жиналысы ұсынған жақсы спортшылар мен ұйымдастыру қабілеті бар оқушылар сайланады. Оның кұрамы лагердегі оқушылар санына байланысты 7-11 адамдай болуы мүмкін. Кеңестің төрағасы болып жалпы лагерлік спорт жұмысына жауап беретін адам сайланады. Кеңес құрамының мүшелері кеңестің отырысында бөлінген міндеттері бойынша әрбір дене тәрбиесі, спорт жұмыстарының түрлеріне жауап береді. Сол бөлінген жұмыстары бойынша лагердің спорт нұсқаушысына көмектеседі. Олар жауап беретін жұмыстар:

сауықтыру шараларын өткізу. Ол шаралар: таңғы бой жазу жаттығулары, суға түсу шаралары, дене тәрбиесі, спорт жаттықтырулары. Лагерь радиосы арқылы ақпараттар мен мағлұматтар, мерекелерде спорт түрлерінен көрсетілімдер ұйымдастыру, дене тәрбиесі бұрыштарын құру. Дене тәрбиесі мен спорттың маңызы, гигиена ережелері, тамақтану, спорт түрлерімен айналысу режимдері туралы әңгімелер өткізу.

Еліміздегі балалар және жасөспірімдер спорт мектептері қазіргі таңда барлық қалаларда, аудан, облыс орталықтарында жұмыс істейді. Көптеген спорт мектептерінің бөлімшелері (филиалдары) ауылдарда окушылармен жаттықтыру жұмыстарын жүргізеді. Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің негізгі мақсаты — оқушылармен жаттыктыру, тәрбие жұмыстарын жүргізіп, спорт түрлері бойынша жоғарғы жетістіктерге жету.

Міндеттері: оқушылардың денсаулықтарын нығайту, таңдап алған спорт түрлерінен кабілеттіліктерін дамыту, халықаралық аренада спорт түрлерінен халқының, отанынының намысын корғайтын мықты ұл, қыздар өсіру, дене тәрбиесі мен спорт бағытында белсенді оқушылар дайындау, жалпы білім беретін мектептерге көпшілік спорт бағытында көмек беру, спортты насихаттау. Спорт мектептері спорт түрлері бағыты бойынша арнайы және кешенді болып екіге бөлінеді. Арнайы спорт мектептері: қысқы спорт түрлері, спорт ойындары, жеке сайыс спорт түрлері мектептері деп, спорт түрлерінің бағыт ұқсастығына байланысты бөлінеді. Кешенді спорт мектептеріне, аудандардағы көп балалар жақсы көріп қатысатын спорт түрлері кіргізілген мектептер жатады. Ол спорт түрлері әр түрлі бағытта бола береді. Спорт мектептері «Спорт мектептерінде оқу, жаттығу үрдісін ұйымдастырудың тәртібі туралы ереже - регламент» бойынша жұмыс істейді. Ол ережеде спорт мектептерінің құрылысы, оқу топтарындағы сағаттар мен балалар саны, басқарушылар мен қызметкерлер сандары, ұйымдастыру мен жұмыс істеу тәртібі, дәрігерлік бақылау, жоспарлау мен есепке алу, есеп беру түрлері жазылған.



Әдебиеттер

  1. Базарбегі Т. Бастауыш мектептегі дене тәрбиесі – Алматы; Рауан, 1994.

  2. Дене тәрбие жүйесінің мазмұны мен негіздері. //Ұлт тағылымы. № 4. – Алматы, 2005. –Б. 28-31.

  3. Дене шынықтыру және спорт психологиясы пәні бойынша тесттік тапсырмалар жинағы. Оқу-әдістемелік құралы.-Кентау, 2007. «Еркін и К-ХХІ» ЖШС баспаханасы. -150б.



ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Смағұлова А. Б. (Ақтөбе)
Ойын технологиясы арқылы есту қабілетін дамыту жұмысының ең басты мақсаты - жүйелі оқыту барысында есту қабілетіне тілді, айналадағы әртүрлі дыбыстарды қабылдауда сақталған есту қабілетін дамыту. Есту қабілетін дамыту негізінде дүниетанымын қалыптастыру,қоршаған ортаға бейімдеу, ауызша сөйлеу тілін қабылдайтын көру-есту негізін құру.

Ойынның дамытушылық қызметінің маңызы өте зор. Ойын үстінде бала өз еркімен, ықыласымен барлық зейінін аударып істегендері күннен күнге өрлеу, даму үстінде болады. Ойын- бала қызығуының ұйымдастырылған мәдени стратегиялық кеңістігі. К. Д. Ушинский баланың ойынға деген қызығушылығы жөнінде былай дейді: «Ойын- балалар үшін шындық. Ал шындық қоршаған ортадан да қызық, бала үшін қызықты болу түсінікті, өйткені онда өзіндік іс- әрекет көрінеді. Бала ойын әлемінде өмір сүреді, оның ізі шындық, өмірге қарағанда терең қаланады.»Балалар ойын кезінде өз жетістіктері мен кемшіліктерін біліп отыруы тиіс. Дұрыс орындалған ойында жақсы қатысқан оқушылардың атттары аталып отыруы керек. Ойын түрі белгіленген уақыт ішінде өтеді.

А.М.Горький: «Ойын арқылы бала дүниені таниды» - десе, А.С.Сухомлинский: «Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы жоқ және болуы мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» - дейді.Н.К.Крупская ойынның байқағыштыққа, ептілікке және басқа мінездерге тәрбиелейтін атап айтқан. Ол адамның дербестігін, ұйымдастырушылық дағдыларын дамытады. Оқытудың түпкі мақсаты – оның сапалы болуы, яғни сабақтың түрлері мен әдістерін, мазмұнын жетілдіру, оның танымдық, білімдік, тәрбиелік жағынан сапалық жаңа деңгейдеге көтеру. Баланы тәрбиелеуде ойын технологиясының берері мол. Ойын кезінде жеке тұлғаның өзін- өзі басқару қабілеті жетіліп, қалыптасады.Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин сияқты белгілі психолог ғалымдар: «Ойын баланың өзіндік өмірі» - деген ортақ тұжырым жасайды. Ал біздің халық даналығы: «Ойлы бала, ойыннан өседі» - дейді.

Адамзаттың көптеген жылдар бойғы ойнау тәжірибесі ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу сырын ғалымдар жүздеген жылдар бойы зерттеп келеді. Оның шығу тарихы жайлы көптеген пікірлер бар.Көп тұжырымдардың бірі бойынша ойын қоғамның діни, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы кезіндегі бос уақыт пен демалысты өткізу мәселесінен туындаған. Ерте заманда ойын қоғамдық өмірдің бір бөлігі болып, оған діни-саяси маңыз берілген. Ерте гректер ойынды Құдайлар қолдаған десе, Қытайда мерекелік ойындарды император ашып, өзі де қатысқан.Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен аса қажетті көрініс-құбылыс.

Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері — мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез, әрі қызығып орындайтын болады.\Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды.Ал мұғалімнің міндеті — балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету.Ойын мен адам мәдениетінің өзара байланысы ғылыми түрде анықталды. Олардың тұлғаны дамытудағы маңызы анықталды, оның психологиялық және әлеуметтік факторлармен келісімі жөнінде кең қарастырылуда. Ойын технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа инновация болып табылады.Педагогикалық технология ұғымы түрлі педагогикалық ойын түрлерін педагогикалық процесте әдістер мен тәсілдердің кең көлемді топтарын біріктіреді, оның жалпы ойындардан ерекшелігі оқытуда нақты мақсатының қойылуымен және оның оқу-танымдық бағыты сипатталған, негізі салынған педагогикалық нәтижесіне сай анықталады. Сабақ барысындағы ойын әдістері оқушыларды оқу қызметіне ынталандыру құралы ретінде ойын әдістері мен жағдайларының көмегі арқылы құрылады. Сабақ барысында ойын әдістері мен жағдайларын өткізу мынадай негізгі бағыттарда жүргізіледі:

Оқу– тәрбие жұмысының негізгі саласы сабақ. Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды. Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни окушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылығы, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері кез-келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі — дидактикалық ойындар.Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда, мұғалім ойын жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады.

Ойындар оқушылардың ой — өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.Ойын әрекеті балалардың бағалы өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ маңызды ор Халық жасаған мұралар сан алуан. Солардың бірі ұлт ойындары. Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қарау керек. Ұлт ойындары отбасы тәрбиесінен бастап, мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында қосымша материал үшін, баланың сол пәнге қызығушылығын арттыру үшін пайдалануса болады.

Сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын түрлерін оқу процесін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында пайдалануға болады. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдылық маңызы да арта түседі.Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады.Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді.Баланы тәрбиелеуде ойын технологиясының берері мол. Ойын кезінде жеке тұлғаның өзін- өзі басқару қабілеті жетіліп, қалыптасады.Ойынның дамытушылық қызметінің маңызы өте зор. Ойын үстінде бала өз еркімен, ықыласымен барлық зейінін аударып істегендері күннен күнге өрлеу, даму үстінде болады. Ойын- бала қызығуының ұйымдастырылған мәдени стратегиялық кеңістігі. К. Д. Ушинский баланың ойынға деген қызығушылығы жөнінде былай дейді: «Ойын- балалар үшін шындық. Ал шындық қоршаған ортадан да қызық, бала үшін қызықты болу түсінікті, өйткені онда өзіндік іс- әрекет көрінеді. Бала ойын әлемінде өмір сүреді, оның ізі шындық, өмірге қарағанда терең қаланады.»


Балалар ойын кезінде өз жетістіктері мен кемшіліктерін біліп отыруы тиіс. Дұрыс орындалған ойында жақсы қатысқан оқушылардың атттары аталып отыруы керек. Ойын түрі белгіленген уақыт ішінде өтеді.Педагогикалық ойынның маңызы зор. Ойын біріншіден, білу және үйрену, екіншіден, адамның ойнай отырып, өзіндік білім алуы өмір тәжірбесін жинақтауға көмектеседі. Ойынның кәсіптік, әуестену, оқу-жаттығу ойындары сияқты түрлері бар. Ол дем алу, көңіл көтеру бола тұра оқуға, шығармашылыққа, емдеуге, адам қарым-қатынасының типтерінің модельдеріне, еңбекте көрініс табады.Ойынды ерте заманнан үлкендердің іс-тәжірибесін жеткіншек ұрпаққа жеткізу үшін пайдаланған. Ойын халық педагогикасында, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде кеңінен пайдаланылады. Қазіргі мектепте ойын әрекеті ойын пәнінің тарауын және тақырыбын түсіну үшін өздік технология ретінде, жалпы технологияның элементі ретінде, сабақ немесе оның бір бөлігі ретінде, сыныптан тыс жұмыстың технологиясы ретінде қолданылады.

Ойынды халқымыз балаларын тәрбиелеуде ертеден пайдаланған. А.Байтұрсынов «...баланы ойынға үйрету, ойынға қатыстыру арқылы ойыны қайсы, үйретуі қайсы екенін балалар айырмастай, сезбестей етіп үйретуі керек» деген қағидасын басшылыққа алған жөн. Ойын – үйрету әдісінің ерекше түрі. Ол үйренуді мәжбүр етпейді, баланың өз еркімен, ынтасымен орындалады.Дидактикалық ойындарды тиімді қолдана білсек, оқушылардың рухани дүниесін ізгілендіруге, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға жол ашамыз.Ұлттық педагогика негіздерімен оқушыларды оқыту арқылы олардың өз халқын сыйлауға, туған тілін құрметтеуге үйренеді. Бұл оқушылар бойына бір-бірімен қарым-қатынас кезінде өзара кішіпейілдікпен қарауды, әдеп сақтауды, сыпайы сөйлесуді қалыптастырады және соның нәтижесінде балалардың тіл мәдениеті жетіледі.



КӨРНЕКІЛІК ОҚЫТУАРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУ
Сүлейменова Ж. Қ. (Ақтөбе)
Көрнекілік - оқытуда заттар мен құбылыстардың әрқайсысының өзіне тән жаратылыс бітімін, әр қилы сыр-сипатын сезім мүшелері арқылы байқауға, қабылдауға баулитын дидактикалық қағида.

Қазіргі таңда мектептерде оқу –тәрбие жұмысын түбегейлі қайта құру мен жаңалап, жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдердің міндеті - әр оқушының психикалық – физиологиялық даму және қалыптасу ерекшелігін білу мен бірге мұғалімдердің педагогикалық тұрғыда оқушылармен қарым –қатынас орнату негіздерін білу қажеттігі туып отыр.

Көрнекілік арқылы оқыту сауат ашудың дайындық кезеңінің тиімді жолы екендігін ғылыми тұрғыдан негіздеп, көрнекі оқыту арқылы оқушылардың сөйлеуі мен ойлауын дамытудың әдістемесін дайындау.

Оқушылар тікелей түйсінгу, көру, есту мүшелері арқылы әр түрлі заттардың формасын,түсін, көлемін көріп, дыбысын естуі негізінде оларда ой пайда болады. Демек, көрнекілік – логикалық ойлауды дамытудың да құралы, өйткені оқушы құбылыстар мен заттарды бақылап, салыстыру негізінде қорытынды тұжырымдар жасайды, абстарты ұғымдарды дамытып, жетілдіруге жол ашады. Мұны жетпісінші жылдары қазақ тілі сабағындағы көрнекіліктің мәні туралы айтқан әдіскер Д. Әлімжановтың мына бір пікірімен дәлелдеуге болар еді: «... Сабақта қолданылған көрнекілік оқушылардың сезім әрекеттерімен тікелей байланысты. Сондықтан көрнекілік тек көру, есту сезімдерін арттыру үшін ғана қолданылмайды, ол адамға басқа түйсіктерді, басқа сезімдерді дамытып, белгілі бір білім шындығынан әр жақты және тиянақты ұғым беру үшін қолданылады».

Көрнекі оқыту дегеніміздің өзін түрлі мағынада түсінуге болады. Көрнекі оқытудың негізгі мәні сабақты түсінікті етіп жүргізу үшін тиісті құралдар пайдаланып немесе сабақты тәжірибеде қою арқылы өткізу. Бірақ сабақтардың бәрін үнемі көрнекіліктерді пайдалана отырып өткізуге мүмкіндік те болмайды. Олай болса, көрнекі оқытудың басқа түрлерін қарастырайық.

Көрнекі оқытудың келесі бір түрі сабақта өтілетін жаңа материалды оқушының бұрынғы білетіндерімен ұштастырып жүргізу болып табылады. Көрнекі оқытудың осы түрі де оқушы үшін тиімді. Өйткені мұғалім күрделі оқу материалдарын оқушыға жеткізу үшін неше түрлі тәсілдер арқылы бұрынғы білетіндерін жаңғыртады, сөйтіп жаңа білімді игеруге мүмкіндік туғызады. Мұндай сабақта оқушының тыңдау процесін дұрыс ұйымдастырудың ерекше рөлі бар. Себебі тыңдау процесі – бақылаудың ерекше түрі. Тыңдау дегеннің өзі – ойланудың жемісі. Егер мұғалім айтайын деген ойын жүйесіз немесе асығып тез айтып кетсе, онда оқушылар ұстазының сөзіне толық ере алмағандықтан, түсіне алмайды. Себебі оқушылар оқу мазмұнының бір бөлшегін ой елегінен өткізіп болғанша, мұғалім сөзін аяқтап та болады. Осыдан шығатын қорытынды: мұғалім сабақ баяндаудың темпін дұрыс сақтауы тиіс. Оқушылардың тыңдау процесін ұйымдастыруда мұғалім даусының жағымды болуы да ерекше рөл атқарады. Мұғалім өзі айтып тұрған сөзінің ішінен бір жерін өзгелерге қарағанда өзгешелеу айтқысы келсе, онда көтеріңкі дауыспен айтады немесе «мынаған ерекше назар аударыңдар», не «осыны бұрынғымен салыстырыңдар» деп ескерте алады. Бұл оқушының назарын айтылып тұрған нәрсеге зер салып тыңдауға мүмкіндік береді.

Бастауыш сыныпта көрнекіліктердің жиі қолданылатын себебі баалның ой-өрісі нақты бейнелерге сүйенуді талап ететіндігінен деп түсінеміз. Сабақта оқу тапсырмаларын орындағанда көрнекі тірекке сүйенбейінше, өз бетінше орындау деңгейі төмен болады. Мұның себебі бастауыш мектептегі балада абстрактік бейнеге қарағанда нақты бейне басым келіп, бала оған сүйенетін болады. Бұл ерекшелік тек қана бірінші сыныпта ғана емес, бастауыш мектеп оқушыларының бәріне де тән қасиет.

Көрнекілік әдістер тобына демонстрация, иллюстрация, бақылау әдістері жатады.

Демонстрация (көрсету) оқушыларды құбылыстар, процестер және заттардың нысанысымен табиғи жағдайда таныстыру барысында қолданылады. Табиғи нысананы көрсету негізінен сыртқы көрінісінен басталады да, келесі кезекте оның ішкі құрылысы немесе жекеленген құрамы бөлініп көрсетіледі. Демонстациялау әдісі оқу киносы, диапозитив, диафильм, магнитофон, үнтаспа, эпидоскоп, теледидар секілді техникалыққұралдарды пайдалану арқылы жүзеге асады. Демонстрациялау нәтижесінде оқушылар бақылайды, қорытынды жасайды.

Иллюстрация әдісі иллюстративті құралдарды (плакаттар, суреттер, чертеждер, модельдер т.б.) көрсетуде қолданылады.

Бақылау әдісі сабақта нақты заттар мен көрнекі және техника құралдарын көрсету кезінде, экскурсияда, лабораториялық жұмыста ерекше орын алады. Дұрыс қолданылған бақылау әдіс оқушылардың байқағыштық, логикалық ойлау қабілеттерін дамытады.

К. Д. Ушинский: «Бақылау – логикалық ойлаудың негізі»,- деп жай айтпаған. Бақылауға оқушылар анализ бен синтез арқылы заттардың негізгі қасиеттерін ажырату, топтастыру, қорытындылау сияқты ойлау процестерін жүзеге асырады.



Көрнекілік түрлері өте көп, оларды былайша топтастыруға болады:



  1. Табиғи көрнекілік. Оған коллекциядағы кептірілген өсімдіктер, хайуанаттар мен құстар тұлыбы, минеральды және т.б. жатады.

  2. Заттық және бейнелік көрнекілік. Оған мульяж, геометриялық фигура, макет, портреттер, кескіндеме, мүсін үлгілері, жер бетінің бедері т.б. жатады. Символикалық көрнекілік. Оған карталар, сызбалар, картаграммалар, диаграммалар, кестелер жатады.

  3. Экранды-динамикалық көрнекілік. Оған диапозитивтер, диафильдер, эпипрорекциялар, оқу киносы, оқу теледидары жатады.

  4. Дыбысты техникалық көрнекілік. Оған грампластинкалар, магнитофильдер, радиоқабылдағыш, магнитафон, компьютер жатады.


Көрнекі құралдар қолданудың мақсаты мен тәсілдеріне қарай жалпы сыныптық және даралық болып бөлінеді. Жалпы сыныптық (демонстрациялық) көрнекі құралдарды бүкіл сынып оқушылары үшін пайдалнаса, даралық (дидактикалық) көрнекі құралдарды әрбір оқушы үшін пайдланады. Бұл аталған көрнекі құралдарды оқыту процесінде әр түрлі мақсатта пайдалануға болады: жаңа материалды түсіндіргенде, жаңа білімді бекіткенде, жаттығу кезінде, өз бетінше жұмыста, білім, білік, дағдыларын бақылауда т.б. көрнекілікті дұрыс пайдалануда талап қойылады: көрнекі құрал сабақтың белгілі бір кезінде қажет болғанда көрсетіліп, осыдан соң оқушылардың көңілін бөлмеу үшін жиналып алынады. Сыныпқа әкелінген көрнекі құралдарға бола қызығып, мақсатпен мән беріп бақылаудың орнына оған жай қызығушылыпен қарайды да, сабақтың нәтижесіз болуына әсер етеді. Сонымен қатар көрнекілікті үнемі көрсете бермей, оқу мазмұнын ауызша түсіндірумен көрнекілікті ұштастыра және бірінен соң бірін алмастыра пайдаланған жөн. жаңа материалды меңгерту барысында қолданылған көрнекілік сөзбен берілген түсініктемелерді иллюстрациялау қызметін атқарады. Мұны Н.И. Пироговтың мына сөздерімен дәлелдесек: «Көрнекіліктің бір өзі сөздің көмегінсіз балалардың есінде әр уақытта сақталмайды», - деген болатын

Демек, Н. И. Пирогов көрнекілік пен сөздің оқу-тәрбие процесінде бір-бірімен байланыстылығын көрсетіп берді. Сабақта көрнекілік мұғалімнің сөзінің орнына жүре алмайды. Мұғалімнің сөзі мен көрнекілік бірге жүретін процесс. Өйткені көрнекілік оқу материалын сезімге бейнелеу арқылы берсе, мұғалімнің сөзі оны қалыптастыруды және жаңғыртуды қамтамасыз етеді. Негізгі оқу материалы мұғалім сөзі арқылы беріледі, ал көрнекілік оны иллюстрациялайды, бейнелі етеді. Алайда, мұғалім бұл жағдайда мұғалім сөзі көрнекілік мазмұнымен дұрыс ұштасуы тиіс. Оны ұштастырудың екі жолы бар. Біріншісі – көрнекі құралдарды көрсету мұғалім сөзінің алдында келеді. Ол шәкірттерде байқағыштықты дамыту үшән керек. Екіншісі – сөзбен түсіндіру құралдарды көрсетудің алдынан келеді. Уақыт аз жұмсалады. Сонымен бірге көрнекі құралдарды өз бетінше жұмысты орындау кезінде қолдануға да мүмкіндік мол. Өйткені бұл кезде қолданылған көрнекілік жекеленген оқушының білім деңгейін анықтауға қызмет етеді. Өз бетінше жұмыс барысында қолданылған көрнекі құралдар салыстыру, анализ жасау, қорытынды жасау сияқты ой операцияларының әр оқушыда дамуына, есте сақтау қабілетінің артуына, бақылау дағдысының қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Білім мен білікті тексеру мақсатында қолданылған үлестірмелі дидактикалық материал не компьютер сияқты техникалық құралдар сыныптағы әр оқушының білім деңгейін дер езінде анықтап алуға жағдай туғызады. Көрнекі құралды сабақта пайдалану мұғалімнен аса шеберлікті, шығармашылықты қажет етеді. Өйткені орынсыз қолданылған көрнекілік балалардың ой-өрісінің дамуын тежейді, қызығушылығын жояды. Сондықтан да мұғалім көрнекілікті пайдалануда оған қойылатын талаптарды ескеруі тиіс. Сондай талаптардың бірі – көрнекіліктің оқушы жас ерекшелігіне сай болуы. Төменгі сынып оқушылары затты тұтас қабылдай алмайды, оның тек сыртқы белгілерін ғана көреді. Ұлы педагогтар Я. А. Коменский, К. Д. Ушинскийлер көрнекіліктің дерексіз түйсіктер мен сөздерге емес, балалар тікелей қабылдайтын нақты бейнеге құрылатынын, нақтыдан дерексізге, түйсінуден ойлауға қарай оқыту соншалық табиғи және айқын психикалық заңдылыққа негізделетінін айтқан еді. Мұғалімнің екінші ескерер талаптарының бірі – көрнекілік эстетикалық талғамының болуы. Сабақта қолданылатын көрнекіліктің бәрі бірдей дайын күйінде таптыра бермейді, сондықтан да қажетті көрнекілікті мұғалімнің жасауына тура келеді (сызбалар, кестелер, бейнелік суреттер, модельдер т.б.)

Көрнекілік жасауда мұғалім мынадай талаптарды ескергені жөн:



  1. Әр көрнекі құрал өткізілетін тақырыптың мазмұнын ашып, толықтыратындай дәрежеде болуы тиіс.

  2. Көрнекі құралдар эстетикалық тәрбие беру мақсатын көздеп, балалардың талғамын өсіретіндей әсем, ұқыпты орындалғаны жөн.

  3. Көрнекі құралдар жүйеленіп жинақталған күйде пайдалануға дайын тұруы тиіс.

  4. Оқулықтағы бар ережелерді , анықтамаларды көрнекілікте қайталап берудің қажеті жоқ.

  5. Оқылып отырған грамматикалық немесе орфографиялық құбылыс көрнекілік мазмұнында тасада қалып қоймауы тиіс.

  6. Әріптерді, буындарды, морфемалар мен сөздерді графикалық жағынан бөліп көрсетудің тәсілдерін пайдалануға болады, яғни басқа түспен не басқа шрифтімен жазып көрсетуге болады.

Сабақта дұрыс әрі белгілі мақсатты көздей қолданылған көрнекілік оқушылардың танымдық қабілетін, логикалық ойлауын дамытып, оқуға деген қызығушылығын оятады. Бұны К. Д. Ушинскийдің пікірімен дәлелдеуге болады: «Көрнекілік бастапқы оқуда көбінесе сөзбен байланысты болуын талап етті, себебі сол арқылы баланың ойлай білуі де, тілі де дамиды». Көрнекілік әдісімен оқыту – оқушыларды өз бетінше байқауға, үйретуге негізделеді, соның негізінде балалардың сөйлеу тілі дамып, логикалық ойлауы артады.Я.А.Коменскийдің дидактикалық жүйесінің негізгі қағидасының бәрінде де баланың ақыл-ой күшін, қабілеттерін, олардың біліміне деген құштарлығын оятып, әрі дамытады.

И.Т.Песталоцци баланың ақыл-ойын, барлық қабілет қасиеттерін дамыту идеясымен арқауланған бастауышта оқыту әдістемесін жасауға әрекет етеді. Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар: байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс-әрекет атқара білу.

Психолог П.Я. Гальперин (1902-1988) өзінің «Ақыл-ой әрекетінің сатылап қалыптастыру» теориясында «Бала мәселені шешу үшін алдымен сыртқы материалдық әрекеттерді пайдаланады, сосын оның бейнесін елестетеді. Содан соң дауыстап және іштен айта алатын болады, сөйтіп сыртқы заттың әрекеті біртіндеп ішкі ой әрекетіне айналады»- дейді.

Ерте кезден бастап-ақ ойшылдар білім мен ақыл-ой тәрбиесінің арақатынасын, олардың бала дамуына әсерін зерттей бастаған.

В.В.Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді. И.Я.Лернер «даму» деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамдардың әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді.

Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі және оның басты шарт ретінде әрекет алынады. Әрекет - іс-қимыл құралы. Ал ойын, тілдік, ойлау әрекеттері түрінде жүзеге асады.

Оқу әрекеті деп – білім, білік алуға бағытталған әрекетті айту қабылданған «даму» ұғымының психологиялық анықтамасы, жаңғырту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны білдіреді.

МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ
Сыздықова Л. (Қызылорда)
Бала қызыққыш, әр нәрсеге құмар келеді. Көрсем екен, ұстасам екен, жұмбақ дүниенің сырын біле қойсам екен, деген талапта болады. Шәкірттер психологиясында «білмеймін» деу сирек кездеседі. Ал, осындай ынтаны, талапты мұғалім жандандыра түсуі керек. Білуге деген «ұшқынды» жалындата білу мұғалімнің тәжрибесі мен творчестволық шеберлігіне байланысты . Әрине, бұл бағытта көп оқу көп іздену, әр сабақтың жүйесін толғанып, ойланып шешу қажет. Мұны жүзеге асыруда әрбір оқу пәнінің өзіндік мүмкіндіктері бар. Осы тұрғыдан алғанда әсіресе, математиканың орны ерекше. Өйткені математиканың әрбір жаттығуы ой жұмысын қажет етеді. Тіпті ең қарапайым жаттығуларының өзі-ақ шәкірттердің ақыл ойын, логикалық ойлау қабілетін ұштай түседі. Алайда оқушылардың қызығуы, белсенділігінің артуы, жан-жақты ойлана ізденуі, жалпы алғанда, өздігінен жұмыс жасауға еңбектенуге дағдылануы өзінен-өзі келетін қасиет емес. Ол арнайы ұйымдастырылып, дәйектілікпен үнемі жүргізілетін жұмыс жүйесіне, оның мазмұны мен түрлеріне байланысты. Осы саладағы қандай да болсын жетістік – творчествалық еңбектің, үздіксіз ізденістің жемісі.

Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда математика сабағы ерекше орын алады.өйткені оның әрбір жаттығуы ой жұмысын қажет етеді. Сондықтан мұғалімнің сабақты оқушыларға бұрыннан таныс ережедегі, берілген жаттығулардан бастап, бірте-бірте күрделендіру бағытында құрған дұрыс. Математика сабағында оқушыларға, математикалық таблицаларды және терминдерді жақсы меңгертудің үлкен мәні бар. Математика сабағында оқушылардың ойлау қабілетін дамыту шамаларды салыстыру, есеп шығаруға жоспар құру, есеп құрастыру, шығарылған есептерді талдау, түсініктемелер жазу, сондай-ақ, ауызша есептеу арқылы жүзеге асады. 1-2 сынып оқулықтарында есеп құруға арналған жұмыс түрлері жеткілікті. Онда белгісіз қосылғышты табуға дейінгі жұмыстар 1- сыныпта суреттермен берілген.

Сол суреттермен мынадай сұрақтар бойынша әңгіме өткізуге болады:

Суреттен нені көріп отырсыңдар? Құстардың қандай түрлерін білесіңдер? Шымщықтар бұталарға каншадан орналасқан? Барлық шымшықтардың саны қанша? Осы әңгімеден нені табуға болады? Қандай есептер құрастыруға болады?

Соңынан оқушыларға есеп құрастыртамын.


  • Бұтақтағы барлық шымшықтардың саны – төртеу. Егер оның бірі ұшып кетсе, қанша шымшық қалады? – деп немесе «Бұтақтагы 4 шымшықтың 3-еуі ұшып кетті, қалғаны қанша?» - деп, есеп құрастырады.

Екі есептің мазмұны әр түрлі болғанымен, шығару жолы бір. Егер оқушылар ойын осылай дамытса, үйрене келе олар кері есептер құруға машықтанады. Бұл, сөз жоқ, оқушыларды қызықтырады. Есеп шығарудың басқа да жолдарын қарастырып, шығаруға ынталанады. Құрастырылған есептерді шығарудың дайын есептерді шығарудан айырмашылығы көп. Құрастырылған есептерді оқушылар өздеріне белгілі жолдармен шығарады, ал дайын мазмұнды есепті шығару жолдарын ойластыру қажет. Мысалы оқушыларға дүкеннен сатып алған дәптерлері туралы есеп құрастыру тапсырылса, кез келген оқушы: «Мен дүкеннен 16 дәптер сатып алдым. Оның төртеуін Маратқа бердім. Өзімде неше дәптер қалды?» деген тәрізді есептерді құрастыра алады. Ол оның шығару жолын біліп тұрады және нәтижесін қиналмай айтады.

Төменгі сынып оқушыларының ойын дамытуда салыстырудың маңызы зор. К.Д. Ушинский салыстыру ойлау атаулының негізі болып табылатынын атап көрсеткен. Оқудың табысты болуы оқушылардың салыстыра білу, яғни, ұқсастық пен әр тектілікті байқау қабілетінің қалыптасуымен анықталады.

1- сынып оқушылары алғашқы сабақтарда-ақ заттарды салыстырумен «көп», «аз» ұғымдарын қарастырады. Оқулықтарда бұл ұғымдарды таблицалар түріндегі жұмыстарды орындау үшін пайдаланады.

Әсіресе 1- сыныпта салыстыру тәсілін қалай қолданғаныма мысал келтірейін. Көрнекіліккке қосындының ауыстырымдылық қасиетін иллюстрациялайтын таблица (дөңгелектер, үшбұрыштар т.б.) пайдаландым.

Күндегі дағды бойынша ауызша мысалдар мен сұрақтарға жауап алғаннан кейін сабақтың жүрісін мүлде өзгертіп 2 оқушыны тақтаға шақырдым. Және бір оқушыны соңынан шығардым. «Алдымен тақтаға неше оқушы шықты? Соңынан неше оқушы щықты? Барлығы қанша болды?» сұрақтарын бердім.

Тақтаға бір оқушы 2+1=3 деп жазды. Оқушыларды орындарына отырғызып, бір оқушыға тақта сүрткіздім де, оған екі оқушыны көмекке жібердім. Енді тақтадағы оқушыларға жоғарыдағы сұрақтарды қойып 1+2=3 мысалын жаздырдым. Оқушыларға осы екі мысалдағы айырмашылықты табыңдар деп, оларды ойландыра сұрақ қойдым. Оқушылардың жауаптарынан қосылғыштардың орны ауысып тұрғаны анықталды . Қосынды неге бірдей?» деген сұраққа оқушылар: 1-ге 2-ні қосқанда да ,2-ге 1-ді қосқанда да, 3 шығады деп жауап берді. Бұдан оқушылар орындары ауысқан қосылғышқа бола қосынды өзгермейді деген ұғымға келіп , ереже қорытты. Міне осындай жұмыстың түрлері оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыруға үлкен септігін тигізері анық.

Сондай-ақ сабақта оқушылардың ойлау белсенділігін арттыруға бала табиғатына сай дайындалған көрнекіліктің орны рекше. Оны тиімді, жүйелі нақтылы пайдалану керек. Өз тәжірибемде мынадай көрнекі оқу-құрал жабдықтарын жиі пайдаланамын. Мысалы, 1-сыныпта әр оқушы математиканың түгел дерлік тақырыптарын қамтитын арнайы дайындалған жеке дара кітапшалар және оның демонстрациялық түрі; әр тақырып бойынша өзіндік жұмыс өткізуге арналған карточкалар; сандардың 100 көлеміндегі нумерациясын түсіндіруде және сандарды разряд қосылғыштардың қосындысымен алмастырып жазуда қолданылатын карточкалар; есеп құрастыру үшін жасалынған көрнекіліктер, аппликациялар, таблицалар, плакаттар, тағы басқалар және геометриялық фигуралардың жиынтығы. Сабақта ойын элементтерін қолдану – оқушылар белсенділігін арттырудың тиімді жолдарының бірі. Өйткені, оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте құмар келеді. Орынды ұйымдастырылған ойын процесінде балалар тез серігіп, тапсырманы шапшаң және дәл орындайтын болады. Осыған орай сабақтың белгілі бір кезеңінде түрліше ойындарды пайдаланамын. Мысалы:

1) «Айға ұшу старты» ойыны. Жылжымалы ракеталар тіпті төмен тартқанда ұшып қонады. Карточкаға жазылған тапсыраманы орындауына қарай оқушы сапарының нәтижесі бағаланады.

2) «Кім бұрын?» ойыны. Мұнда қалташаға салынған карточкалардағы тапсырмаларды балалар жарыса орындайды.

3) «Лабиринттер», «Ғажайып квадраттар», «Қандай сан?», «Қандай таңба?» т.б ойындарды өткізу оқушылардың ынта-ықыласын, ой - белсенділігін арттырады.

Сабақта қарастырылған мәселе бойынша келтірілетін түсіндірменің және соның барысында орындалатын ой жүйесінің үлгілерін жетешкі сұрақтар арқылы бағыттау да оқушылардың ойлау қабілеттерін артттырады және сол материалды саналы игеруге негіз жасайды.

Есепте жетекші сұрақтар бойынша талдау да сыныптағы барлық оқушылардың оны шешу процесіне белсене қатысуына себепші болады. Мысалы, 1 сыныптың оқулығындағы №4 –есепті шығару барысында келтірілген талдауды үлгі ретінде келтірейік. Есеп текст оқылысымен балалардың ой-жүйесін бір арнаға бағыттап, оны шешудің жоспарын құру кезінде талдау жасауға тура келеді.



  • Есепте не белгілі?

  • Кішкене қайықтар саны және үлкен қайықтардың саны белгілі.

  • Кішкене қайықтар нешеу?

  • Кішкене кайық – 20.

  • Ал, балық аулауға қанша үлкен қайық шықты?

  • 8 үлкен қайық шықты.

  • Қайықтардың нешеуі қайтып оралды?

  • 6 қайық қайтып келді.

  • Есеп бізден нені сұрайды?

  • Енді неше қайық қайтып келуін сұрайды.

  • Біз есептің сұрағына бірден жауап бере аламыз ба?

  • Жоқ. Себебі барлық қайықтың қанша екенін білмейміз.

  • Дұрыс, балалар, бірақ кіші қайық 20, үлкен қайық 8 екені белгілі. Сонда балық аулауға барлығы неше қайық шыққан?

  • Барлығы 28 қайық.

  • Оны қалай білдіңдер?

  • 20 кішкене қайыққа 8 үлкен қайықты қостық.

  • Дұрыс, балалар, олардың алтауы қайтып келгенін білесіңдер. Сонда теңізде нешеуі қалған? Кім айтады? Оны қала табасыңдар?

  • Теңізде 22 қайық қалған. Барлық қайық саны 28-ден 6-ны аламыз.

  • Дұрыс, балалар, есепті дұрыс шештіңдер, оның жауабы: 22 қайық теңізден қайтып оралуы тиіс.

Оқушыны қоршаған ортадан алынған мағлұматтар бойынша есептер құрастыру және оны шығару, яғни пәнді оқытуды өмірмен байланыстыру да – оқушыардың ой-белсендіоігін арттырудың тиімді жолдарының бірі. Мысалы, «Менің ағайым күніне 58 кг мақта тереді. Ал жолдасы одан 5 кг кем тереді. Жолдасы неше кг мақта терген?» сияқты есепті шығарғанан кейін балаларды шама-шарқына сәйкес творчестволық жұмысқа белсенді тартуға болады.

Геометриялық материал мен практикалық жұмыс жасау (сызу, салу, құрастыру, бөлшектеу, өлшеу т.б.) – оқушылардың ойлау қабілеттерін арттырудың тиімді жолы ғана емес, сондай-ақ геометриялық түсініктер мен ұғымдарды балаларға игертудің негізгі құралы.

Тәжірибеде оқушылардың ойлау белсенділігін арттырудың бұдан да басқа жолдары белгілі. Ол балалардың сапалы білім алуына және жан-жақты дамуына, олардың оқу еңбегінің қарапайым дағдыларын игеруіне, қарастырылған мәселенің мән-мазмұнын саналы игеруіне зор ықпал жасайды. Сондықтан оны іске асыру жолында іздену ұстаздар қауымының негізгі міндеттерінің бірі демекпін.

Әдебиеттер


  1. «Бастауыш сыныпта оқыту» журналы №4 2013ж.

  2. «Бастауыш мектеп» журналы №8 2009 ж.

  3. «Сыр мектебі» газеті №45 2010ж.


ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН НЕГІЗГІ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Табылдина Л.Ж. (Ақтөбе)
Оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына сәйкестендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған тың әдіс- тәсілдер жасалуда. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиісті деп табылған жаңа технологиялары дүниеге келуде. Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. Оқыту мен дамыту әдістерінің екеуі де жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпал ететін маңызды айғақтар болып саналады. Дамыта оқытуда оқушының ойлау, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей білуге, оқушының өз ой-пікірін айтуға мүмкіндік беріледі. Бастауыш саты- бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп- оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Президент жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады»- деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс- тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог- зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді. Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс- тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу. Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен дамыта оқыту технологиясы басшылыққа алынады. Себебі қазіргі оқулықтар дамыта оқыту технологиясы негізінде жазылған. Сондықтан әрбір бастауыш сынып мұғалімі «Дамыта оқыту» технологиясындағы сабақтың құрылымын, әдіснамалық негіздерін толық меңгеріп, өз іс- тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білуі тиіс.

Әлемдік білім алу кеңістігінде интеграциялық үрдістердің тереңдеп, кең қанат жайған жағдайында ақапараттық технологияларды меңгеру өзекті екені сөзсіз. Осы кезеңде біліктілігі жоғары дәрежеде дамыған, білімі жағынан бәсекеге түсе алатын, өзін халықаралық еңбек жәрмеңкесінде еркін сезініп, жүре алатын мамандар дайындау мәселесі Қазақстан оқу орындарының ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Сапалы білім беру қазіргі уақытта, білім алушылардың жұмысын ұйымдастыруда жаңа әдістер мен технологияларды кеңінен пайдалануды, білім беруді ақпараттандыруды талап етеді. Математика- барлық халыққа ортақ ғылым. Жалпы, математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түсетіні белгілі. Әр баланың тапқырлығын арттырып, қызығушылығын туғызады, теориялық материалдарды меңгеруге және оны практикада қолдануға машықтандыруға себебін тигізеді, әрі оларды сергітеді, оқуға ынтасын, белсенділігін арттырады. Бұлай деудің негізгі себебі- бұл жастағы балалар әлі де болса «ойын баласы». Сондықтан да сыныптан тыс жұмыстарда балалардың осындай психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып математикалық мазмұнды ойын есептерді қолданған жөн .

Математикалық есеп дегеніміз- математикадағы заңдылықтар, ережелер және әдіс- тәсілдер негізінде оқушылардың ой мен практикалық іс- әрекетті талап ететін және математикалық білімдерді меңгеруге, оларды практикада қолдана білуге дағдыландыруға, ойлау қабілетін дамытуға бағытталған ситуация. Ойын есептері де ойлау қабілетін дамытуға бағытталған ситуация, ой мен практикалық іс- әрекеттерді талап етеді және математикалық білімдерді меңгеруге, оларды қолдана білуге дағдыландырады. Есепті шешу де ойын есепті шешумен бірдей. Мұнда қажетті логикалық ой тұжырымдауды математикалық түрлендірулерді, есептеулерді және салуларды толықтай жүргізу қорытындысында оның сұрағына жауап береміз. Тек қана, ойын есептерінде мұның барлығы ойын барысында жүзеге асырылады және бұл ойындарды мұғалім өз қалауынша өзгерте беруі мүмкін. 1 сыныпта «Он көлеміндегі сандар. Кестелік қосу және азайту» тақырыптарынан соң өтілетін сыныптан тыс жұмысқа пайдаланатын «Кім жылдам?» ойыны. Мұнда оқушылар әрбір санның құрамын еске түсіру қажет. Дидактикалық мақсат. Он көлеміндегі сандардың құрамын пысықтау. Жалпы қабілеті дами білген оқушы математика, әдебиет сабақтарын бірдей жақсы игеріп, мектеп шеберханасы, тәжірибе алаңы, лабораториядағы түрлі еңбек тапсырмаларын да сәтті орындап отырады. Оқушыны дамытуда ежелгі замандардан бері математиканың алар орны ерекше. Математиканың ғылым мен техниканың қарқынды дамуына қосар үлесі аз болған жоқ.

Математика- барлық ғылымдардың логикалық негізі, демек, математика – оқушының дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады, оны шыңдай түседі және әлемде болып жатқан жаңалықтарды дұрыс қабылдауға көмек береді. Математика сабағында оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық ізденістерін, өз бетінше жұмыс істеу белсенділіктерін арттыру барысында теориялық білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға болады. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда, математиканың негізін қалыптастыру, ұғындыру, түсініктерін тереңдетуде бастауыш сынып мұғалімдерінің математикалық білімдері терең болуы керек. Математика пәнін жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әр түрлі деңгейдегі есептерді шығара білу іскерлігі , оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс – амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін , оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамутудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы. Қазіргі кезде дарынды балалардың ерекшеліктері мен бейімділігін және мінез-құлқын сипаттайтын бірнеше тізімдер бар. Мысалы, әлемге әйгілі Б.Кларктың кітабында дәл осындай бес тізім бар. Олар баланың ойлау, шығармашылық қабілеттерін және өнер саласындағы (ән, би, драма т.б) қабілетін сипаттайды. Ақпараттық технологияларды пайдалану-бұрыннан пайдаланатын жүйелерге қосымша болғанда емес, дәстүрлі жүйелермен тұрақты байланыста, оқыту процесінде қатысушыларға жаңа мүмкіндіктерімен ұйымдастырылғанда ғана тиімді. Математика пәні адамның ой – өрісін, ойлау, талдау қабілетін дамытады және білім қазынасын игеру, әсіресе математиканы оқыту, оқып- үйрену дәйектілікті, табандылықты, сонымен бірге қажырлы еңбекті талап етеді. Сондықтан, барлық оқушыларды жүйелі дайындықсыз жоғары нәтиже көрсету мүмкін емес. Оқушыларды сырттай мемлекеттік бақылауларға дайындауда пән мұғалімі математика пәніне деген өзінің көз қарасын түсіндіріп жеткізуі және математиканы санақ жүйесі немесе қандайда-бір өлшеуші құрал ретінде қана қарастырмай, біріншіден ғылым екендігін түсіндіріп, ал екіншіден кез келген оқушы жігерлік танытып, бар күш-қайратын салып талаптанса ғана меңгеретіңдігі туралы бойларына сезім тудыру қазіргі кезеңдегі мектептің ең күрделі психологиялық мақсаты деп білу өте орынды. Математика арқылы оқушыға мұғалім күнделікті іс-әрекетін ғылыми стильмен жеткізу, оларды адамгершілікке, өз-өзіне сын көзімен қарауға, сонымен қатар, жауапкершілік пен адалдыққа бейімдейді. Бұл қасиеттерді бойына сіңірген оқушы келешекте қиындыққа және уақытша психологиялық қолайсыздыққа төзімді болады.



Білім беру жүйесін ақпараттандырудың бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. «Даму» ұғымы сөздікте «мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы»- деп түсіндіріледі. «Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы- жаңарту үрдісі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жеткілікті дәрежеде дәләлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С. Выготский. Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек үрдіс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы ілім ұсынды.

  1. Бала дамуының жақын аймағы- баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.

  2. Бала дамуының қол жеткен аймағы- баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.

Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады. Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл- ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым – қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың ақыл – ойының көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Кейінгі жылдары дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары «дамыта оқыту деп- оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс- тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі- баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік- ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Мұғалім сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкііндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді. Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор. Біріншіден- дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.

Екіншіден – дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. «Жақсы оқушы», «Жаман оқушы» ұғымының болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.

Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал- ол өзінің әрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.

Төртіншіден – дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз, оқушы-«орындаушы», «мұғалімнің тасасындағы» объект емес.

Осылайша, дамыта оқыту бойынша сабақ кезеңдерінде


  • оқушылар сабақтың мақсат, міндетін өздері анықтайды

  • мәселені шешу жолын іздестіреді

  • жаңаны өздері табады

  • ақылдасады, кеңеседі

Аталған әрекеттері арқылы әр оқушының мәселені шешу, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасады. Құзыреттілік қалыптастырудың келесі міндеті әр сабақтың өмірлік жағдайлармен байланыстылығы. Бұл орайда құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалар қолданылады. Қорыта келгенде, дамыта оқыту технологиясы оқушы құзыреттілігін дамытуда аса маңызы бар технология .

Қазіргі кезде жеке тұлғаны қалыптастырып, дамыту, жан-жақты терең білім беру үшін мұғалім өзіндік білімін жетілдірудің маңызы зор. Жоспардың мақсаты теориялық білімді іс жүзінде жетілдіре отырып, педагогикалық шеберлікті аттыру. Білім жетілдіру тақырыбым: «Дамыта оқыту технологиясы арқылы математика пәнінен негізгі құзіреттіліктерді қалыптастыру». Көздеген мақсат: дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру, өздігінен жұмыс істеуге бағыттау, өз ойларынтолық тұжырымдап қорта білуге жағдай туғызу. Осы мақсатқажетуүшінтөмендегіміндеттер айқындалды.



  • Өзіндікбілімдіжетілдіруарқылытеориялықбілімдікөтеру

  • «Дамытаоқыту» технологияларынзерттейотырып, оқуүрдісінеқолдану

  • Дидактикалықматериалдарқорынтолықтыру

Осы тақырып бойынша жұмыс жоспары құрылып, жоспарланған іс-шаралар уақытылы ұйымдастырылып отырды, яғни кластан тыс, интеллектуалдық іс-шаралар. Өзіндік білімімді көтеру үшін тақырыбым бойынша әдістемелік әдебиетерді үздіксіз оқып үйреніп, жаңа технологиялармен танысып отырамын, танысқан жаңашылдықтарды жұмыс барысында, оқу үрдісінде қолдану үстіндемін. Теориялық білімді жетілдіру үшін үнемі педагогикалық әдебиеттерді, журналдарды оқып, жаңа технологиялар ментанысыпотырамын. Бастауыш сынып пәндеріне қатысты баспасөзге жазылдым. Мысалы «Бастауыш мектеп», «Ұстаздар газеті», «Отарка» т.б. Жыл сайын мұғалімдердің біліктілігін арттыру институтында өз білімімді жетілдіріп тереңдетемін. Одан басқа көптеген тәжірибелі ұстаздардың сабақтарына кіріп тәжірибе алмасамын. Оқушылардың ой-өрістерін, танымдық белсенділіктерін, шығармашылыққа білеттерін арттыру үшін оқу үрдісіндежәнесабақтантыскөптегеніс-шараларөткізіледі. Сауат ашудан: «Жоғалған әріпті тап» немесе «Адасқан әріптер» т.б. «Ойнайық та, ойлайық» атты интеллектуалды ойын, математика пәнінен «Ойлан тап», «Жоғалғансандарды тап», логикалық есептер, шығармашылық тапсырмалар қолданамын. Сонымен қатар оқушылар математикада басқатырғалар, ребустар, лабиринттер, сиқырлы шаршылар шешеді, дүниетанудан «Бұлқаймезгіл?», «Ол не?» т. Бойындар жүргізіліп отырады. Әр пәнге байланысты дидактикалық материалдар жинақталды. Мысалы: карташалар, кестелер, суреттер т.б. Осы орайда сабағымда қолданып жүрген коммуникативтік құзіреттілікке құрылған тапсырмалардың мынадай үлгілерін қолданамын:

Мектепшілік ұйымдастырылатын әдістемелік семинарлардан жеке тұлғаға бағытталған технологиялармен танысып, өзіме қажет білімдерді аламын:



  • сабақтүрлері, типтері, оқушыныңіс- әрекет түрлері;

  • күнтізбелікжоспарда, күнделіктісабақжоспарларынжасап, үйрендім;

  • класс жетекшілікміндеттерінатқараалу;

  • талдаужолдарынбілу;

  • әріптестердің сабағына қатысу;

  • сабақ кезеңдерін дұрыс ұйымдастыру;

  • 12 жылдық оқуға көшугедайындық, бағдарламаментанысу;

  • Мектепқұжаттарындұрысбезендіру;

  • Сабаққа мақсат қою, сабақтың мазмұнын іріктеу;

Өзара білім алмасу мақсатында мектептегі мұғалімдердің сабақтарына қатысып отырдым. Оқушылардың ақыл- ойын, танымдық белсенділігін арттыру үшін, сабақтан тыс іс- шаралар, интеллектуалдық ойындар өткізіледі. Сонымен бірге пәндер бойынша: анна тілі, математикадан дидактикалық материалдар дайындап толықтырып отырдым. Математика мен анна тілі, дүниетанудан нақты тақырыптар бойынша тестер жинақталуда. Бастауыш сынып пәндеріне қатысты баспасөзге жазылып, жинақтаймын. Білім жетілдіру тақырыбы бойынша математика пәнінен бірінші сыныптарға арналған негізгі құзіреттіліктерге бағытталған тапсырмалар жинағын құрастырдым. Тақырып бойынша алға қойылған міндеттер әрі қарай толықтырылып жинақталады. Қорыта келсек, бұл баяндамада дамыта оқыту технологиясы арқылы математика пәнінен негізгі құзіреттіліктерді қалыптастырудың теориялық мәселелері қарастырылды.

Әдебиеттер

  1. 12 жылдық оқыту мәселелері.Қазақстан Республикасында жалпы орта білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары.- Астана, 2006

  2. Аяғанова Л. Жаңатехнологияларсабақта «Бастауышмектеп» – 2003 – №4. 21-24 б.

  3. Б.Барсай. Бастауышсыныптаоқытудыңжаңатехнологиясы. Бастауышмектеп, 1998, № 1 27-29 б.

  4. Айдосова З. “Дамыта оқыту технологиясының мәселелері ”(қазақ тілі мен әдебиеті).- 2004.- 93-7 бет

ҮШТІЛДІ ОҚЫТУҒА КӨШУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ - МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ
Табышева К. Ш. (Ақтөбе)
Мен бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін қолдаймын. Мемлекеттік тіл - мемлекет құрушы ұлттық тілі, ал орыс тілін білу ұлы байлық. Ағылшын тілі ілгерілеушілік пен технологиялардың тілі болғандықтан біз оны үйренуге тиіспіз. Ал қазақ тілі барлық Қазақстандықтарды біріктіріп, жақындастырып өзара түсіністік пен сүйіспеншілікке жетелейді.

Н.Ә.Назарбаев
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А.Коменскийдің,И.Гербарттың дәстүрлі объект-субъектілі педагогикасының орнын басқасы басты, ол балаға оқу қызметінің субьектісі ретінде,өзін - өзі өзектілендіруге, өзін-өзі жүзеге асыруға және өзін танытуға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер - оқытушы мен оқушының тұлғалық- бағытталған өзара әрекеті болып табылады.

Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін , білігі мен дағдысын емес тұлғасын,білім алу арқылы дамуын қойып отыр.

Адам баласының барлық болмысы мен қадір-қасиетін танытатын тіл деген киелі ұғымның бүгінгі күні жер бетіндегі қай ұлттың болса да ерекше назар аударып отырған кезеңінде өмір сүріп отырмыз.«Тіл - халық рухы, халық рухы- оның тілі» деген екен атақты неміс ойшылы, тілшісі Вильгелм Гумбольдт. Қазіргі заман талабына сай шетел тілінде, соның ішінде ағылшын, француз, неміс тілдерінде сөйлеу қоғамда маңызды орын алуда. Бір ұлт өкілінің екінші ұлт тілін дәл сол ұлт өкіліндей жетік, әрі таза білуі мүмкін емес. Ұлтаралық қатынастардың негізгі дәнекершісі - тіл. Алайда тіл туралы толғанғанда оны әлеуметтік өмірмен, болашақпен тығыз байланысты қарастыруымыз қажет.

Қазақстан Республикасы 120-дан астам ұлты бар көптілді мемлекет, сол себептен қазіргі таңда шет тілін оқытушы мамандарының алдында көптілді ортаға сабақ берудің өзінше ерекшеліктері мен жаңа міндеттері туындап тұр. Демек, оқытушы – педагогикалық біліктілігі мол, шебер ұйымдастырушы, инновациялық технологияларды меңгерген көптілді маман болуы керек.

Жаһандану үдерісі, жаңа әлеуметтік-мәдени талаптар және мемлекетіміздің экономикалық деңгейінің өсуі шет тілін оқытуды одан әрі жетілдіру мен жеделдетуді талап етеді.

Көптілділік - екі не одан да көп тілді қоғамның қажеттілігі, сол өмірлік қажеттіліктің өтемі, қоғамдық, тарихи категория.

Адам - әлеметтік тұлға. Қазақтың «адамның күні - адаммен» дейтіні сондықтан. Адамдар арасындағы әлеуметтік байланыс тіл арқылы жүзеге асады. Ұлы мәртебелі ана тілінің өзге қатынас құралынан басты айырмасы сол – ол адам өмірін түгел қамтиды. Сондықтан да біз ана тілімізді ардақтаймыз, мақтан етеміз.

Жалпы көптілділік қостілділіктен бастау алатынына ешкім күмән келтірмес деп ойлаймын. Қостілділік - игілікті құбылыс. Қостілділік - көпұлтты қоғамда тілдердің дамуына қолайлы жағдай туғызылған болса, адамдарға интернационалдық тәрбие берудің қуатты құралы болар еді.Қостілділік пен қоғамның өзара байланысы- «Тіл мен қоғам» деп аталатын жалпы өзара байланысты проблеманың құрамдас бөлігі. Қостілділік осыдан біраз бұрын әркімнің-ақ арманы болатын. Көпұлттылық жағдайында кәрі-жастың күнделікті керегі, өмірлік қажеті.

Қазіргі кездегі физиологтар мен психологтардың мәліметтері бойынша, қостілді білушілік - бұл тек қана лексикалық бірліктерді іріктеу нәтижесінде тілдік материалды жинақтау мен грамматикалық формалары мен құрылысын меңгеру ғана емес, өзара қарым-қатынас үшін адамның тілдік құрылымын қайта жасау, кейін қос тілділік жүйені қалыптастыруда игі жағдайлар құру үшін бір жүйені біріңғайлауды талап етеді.

Қазақстан - әлемдік бәсеке сапындағы көпэтносты халық отаны.

Үштілділікті дамыту тетігі анық болуы тиіс. Басқа тілді оқытуда да, талдануда да Қазақстан кеңістігінің керуенбасы тіл – мемлекеттік тілге қарай бой түзеуі тиіс. Дүниежүзілік тілдер санатындағы орыс тілі мен ағылшын тілі елімізде қазақ тілі негізінде бағдар ұстамай оқытсақ, онда үштілділік емес, жеке-жеке үш біртілділік пайда болары сөзсіз.

Қазіргі кезеңде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалынып, әлемдік білім берудің алдыңғы қатарлы озық тәжірибелері қолданылуда. Білім беру саласының барлық бағыттарында жаңаша көзқарас, яғни жаңаша базистік оқу жоспарына көшу, білім мазмұнын жаңаша жан-жақты жетілдіру, жаңа буын оқулықтары мен әдістемелік кешендерге көшу тағы басқа жүйелілікпен қарастырылып, қалыптасуда.

Көптілділік әлеуметтік тарихи құбылыс ретінде нақты жағдайларда пайда болады.

Тілдің тарихы – халық тарихының көрінісі деп бекер айтпаған. Халықтардың даму жолы тілдердің даму жолымен айқындалады. ²Өзге халықтың тілі мен мәдениетін білу адамды сол халықпен теңестіреді, ол өзін еркін ұстайды, егер де сол халықтың күресі мен қамқорлығы оның жүрегіне әсер етсе, ол ешқашан да шет қалмайды. Адамның табиғаты осындай,²- деп ұлы Абай айтқан.

Тіл - халықтың жаны. Біздің көпұлтты мемлекетімізде бір тілді басқа тілден, бір мәдениетті басқа мәдениеттен бөліп алу мүмкін емес. Әр ұлт өкілдері өздерінің тілін, мәдениетін, ұлттық ділін жоғары биіктіктерге көтеру мұраттары айқын. Ұлы Абай атамыздың: ²Егер де адам өз халқынан шет болмай, өз халқының басқа халықтармен достық қатынаста болуын тілесе, ол – саналы, адал адам².

Көптілді тұлғаны тәрбиелеуде, оқыту үдерісінде дәстүрлі және жаңа оқыту әдістері: диалог, әңгіме ойын түрлері, оқып жүрген тіл уәкілдерімен кездесу тәсілдерін қолданған жөн.

Шет тілін жетілдіре және жеделдете оқытуда ең бірінші білім берудің инновациялық педагогикалық технологияларын меңгерген, ізденушілік, зерттеушілік және шығармашылық қызмет дағдыларын дамытуымыз қажет.

Мектеп қабырғасында шәкірттің бойына терең білім берумен қатар өзге ұлт өкілдеріне толеранттылық қасиеттерін қалыптастыруда мұғалімнің атқарар рөлі зор.

Ұрпағымыздың көптілді тұлға, азамат болып өсуі, жаһандану үдерісінен туындап отырған уақыт талабы. Қазіргі таңда педагогика ғылымының басты мақсаты тек іргелі білім беруде ғана емес, сондай-ақ біліктілігін өз бетінше жетілдіре алатын, шет тіліндегі ақпараттық ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және тиімді пайдалана алатын азаматтарды тәрбиелеу.

Әдебиеттер

1. Садықов Т.С., Әбiлқасымова А.Е. Жоғары мектепте бiлiм берудiң дидактикалық негiздерi. -Алматы: Ғылым, 2003.- 168 б.

2. Саркисян Е.А. Внекласные и факультативные занятия в современной общеобразовательной школе. -Ереван, 1987.- 195 с.

3. Махмутов М.И. Проблемное обучение. Основные вопросы теории.- М.: Педагогика, 1975.- 368 с.

4. Меерович М.И., Шрагина Л.И. Технология творческого мышления. Минск, 2003.- 205 с.

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
Таласқалиева С.А.(Ақтөбе)
Қазіргі заман талабына сай білім беру үшін бүгінгі таңда оқытудың мазмұнын өзгерту, яғни білім беру сапасын арттыру қажеттілігі туындап отыр.

Осыған орай, арнаулы балалар мектебіндегі ұстаздардың да алдында тұрған ең маңызды мәселе мүмкіндігі шектеулі жандардың ерекшелігін терең зерделей отырып, оқу- тәрбие ісін тиімді ұйымдастыру негізінде жеке тұлғаның өзіндік айқындалуына кешенді ықпал жасау міндеті қойылып отыр. Бұл міндетті жүзеге асыруда саңырау баланың байланыстырып сөйлеу тілін дамытудың орыны ерекше. Жалпы байланыстырып сөйлеу дегеніміз-логика мен грамматиканың заңы бойынша құрылған, белгілі бір тақырыпта аяқталған ойды білдіретін және өзара байланысты бөліктерден тұратын біртұтастық . Есту қабілеті бұзылған балалар мектебіндегі байланыстырып сөйлеу тілін оқытудың басты міндеті- оқушы сөйлемдер көмегімен өз ойын, толғандыратын сезімін және талабын м үмкіндігінше баяндап айтуға үйрету, сонымен бірге өз өміріне жақын тақырыпта мәтін құрастыра білуге баулу болып табылады.

Қазіргі таңда мектебімізде сабақты ұйымдастыру процесін шығармашылық тұрғыдан жетілдіріп, есту қабілеті бұзылған балаларды оқытуда педагогика ғылымының негізгі принцептеріне сүйене отырып, оқытудың арнайы әдіс- тәсілдерін анағұрлым кеңінен пайдалану мақсаты көзделіп отыр. Әр сабақта мұғалім саңырау баланың ерекшелігін ескере отырып, оның өзге адамдармен қарым- қатынасын жетілдіру үшін, сөйлеу әрекетін дамытуға ерекше мән бері тиіс.

Жалпы мектептегідей оқытудың әдіс-тәсілдерін түрлендіру- арнаулы мектепте де сабақа қойылатын талаптардың бірі.

Арнаулы мектептегі сабақа қойылатын басты талаптар: білімнің сапалылығы, бағдарлама материалдарын оқушы санасына жеткізіп үйрету, және сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Қазақ тілін оқытуда тіл дамыту жұмыстарын жүргізудің басты мақсаты- өз ойын еркін жеткізе алатын, сөздік қоры мол, байланыстырып сөйлей алатын, жан- жақты оқушы дайындау.

Арнаулы мектеп мұғалімдері есту қабілеті бұзылған балалардың белсенділігін арттыру мақсатында сөйлеу әрекетін дамыта отырып, сабағында тиімді әдістерді нәтижелі пайдалану үшін өздерінің кәсіби білімдерін үнемі жетілдіріп,отырады.

Есту қабілеті бұзылған баланың құлағы естімегендіетен сөйлеу тілдері де жеткілікті болмайды, бұл сөйлеу әрекетінің дұрыс дамуына кедергі жасайды. Сондықтан мұғалім сөйлеу тілін дамытуға ерекше көңіл бөліп, жұмыстың бәрін осы бағытта ұйымдастырады.

Мемлекеттік тіл- қазақ тілін үйрену барлық азаматтың, әрбір жас жеткіншектің игі мақсаты болуы тиіс. Қазақ тілінің өмірге қажет екенін кез-келген адамның жүрек сезіміне ұялату баршамыздың міндетіміз. Тілі жақсы дамыған бала ойы да дамыған, ақ пен қараны ажырата алатын тұлға деген сөз. Тіл адам қарым-қатынасының, ойлаудың басты аса маңызды құралы. Қазіргі таңда есту қабілеті бұзылған балаларда анық сөйлеп, өз ойын ауызша және жазбаша жеткізе білу дағдысын қалыптастыру басты мақсат етіледі.

Есту мүмкіндігі шектелген балалар мектебінде тіл үйрету, дамыту және оны қарым-қатынас құралы екенін балаға ұғындыру, байланыстырып сөйлей білуге дағдыландыру – арнайы мектептің оқыту үрдісіндегі ең күрделі мәселелер болып табылады. Арнайы мектептерде қазақ тілін оқытуда негізінен, арнайы мектеп үшін жазылған әдістемелік оқу құралдары мен педагогикалық басылым беттеріне жарияланған озық тәжірибелер басшылықа алынып тіл дамыту жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді.

Арнайы мектепте қазақ тілін оқытуда практикалық мақсат көзделеді: оқушылардың сөздік қорын молайтуға, ауызекі байланыстырып сөйлеуге, айналада болып жатқан әрекеттер туралы әңгімелеп беруге аса мән беріледі. Есту қабілеті бұзылған балалар мектебінде қазақ тілін оқыту оқытудағы басты міндеттердің бірі оқушылардың жалпы сөйлеу тілін, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу,жазу дағдыларын дамыту болып табылады. Егер сабақта байланыстырып сөйлеуді дамытуға бағытталған жұмыстар жүйелі ұйымдастырылса бұл балалардың өз ойын ауызша және жазбаша түрде сауатты жаза білу машықтары шыңдала түседі. Оқулықтағы материалдардың бала ұғымына жеңіл жағы есепке алынып, тапсырмалар оқушы мүмкіндігіне сай беріледі. Қазақ тілі сабағында грамматикалық материалдарды өтуге байланысты оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамытуға арналған жұмыстар көп қарастырылады. Қазақ тілін оқыту арқылы тіл дамыту жұмыстарын жүргізгенде жаттығу метериалдарына фразалық тіркестер, мақал-мәтелдер, бейнелі сөздер кеңінен қолданылады. Мысалы: сын есімнің мағыналық түрлеріне қатысты практикалық сабақта мақал-мәтелді пайдалану арқылы сын есімнің мағыналық түрлерін айыру есту қабілеті бұзылған балалардың бұл тақырыпты түсінуіне әрі сөз байлығын дамытуға мүмкіндік береді. Немесе берілген сөздерді (ерлік, тәрбие, жүрек, ел, батыр т.б) грамматикалық көрсеткіштер арқылы түрлендіріп, сол сөздер туралы мақалдарды тауып жазғызу оқушылардың морфологиялық тұлғаларды ажырата отырып, сөздік қорының жетілуне әсер етеді. Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдана отырып қазақ тілін оқыту арқылы тіл дамыту жұмыстарын жүргізгенде оқушылардың сөйлеу белсендігі артып, өз ойын ашық айтуға, сурет бойынша жұмыс жасауға, диалог бойынша сөйлуге, сұрақтарға жауап беруге, сөздік қорының байуына, есту қабілетінің дамуына әсер етеді.

Ойынды аяқтай келе қазақ тілі сабағында тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыруда әрбір педагог өзі таңдаған әдістемелік жолын тың идеяларға негіздей білсе, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруда жақсы нәтижеге жетері анық.

БАСТЫ МІНДЕТІМ – ІЗДЕНІС ПЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ
Тастанова Ж.А.(Ақтөбе)
«Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер-

бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім онықалай тәрбиелесе,

Қазақстан сол деңгейде болады.

Сондықтан ұстазға жүктелген міндет- өте ауыр»

Н.Ә.Назарбаев
Қазіргі біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңестігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқашақарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда:

- білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпараттады қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылауымен байланыса түсуде;

- ақпараттың дәстүрлі әдістері ауызша және жазбаша, телефон және радиобайланыс, интерактивті тақта – қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;

- баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесіндегі рухани баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;

- қолданылуына және ғылымның рөліне мән берілуде.

Тәрбиенің сан алуан келелі мәселесін шешетін, қарапайым дағдыларды бала санына орнықтыратын алғашқы білім баспалдағы балабақша.

Сәбилер үйіндегі күн тәртібінде түрған өзекті мәселе – баланың денсаулығы, тәртіпті де ақылды бала өсіру, алғашқы білім нәріне жол ашу.. Баланың сөздік қорын молайтып, сөз сырына үңілуіне, балаға ана тілін женіл әрі дұрыс меңгеруінің негізін қалау. Ұжым мүшелері жаңашылдық жұмыстарды жүргізу үшін білім беру саласындағы даму стратегиясына баса назар аударып, жаңа технологияларды меңгеруде.

Бала тәрбиесінде отбасы басты орын алады. Халық педагогикасын мектепке дейінгі білім орталығында бала бойына сіңіре отырып жүрегінде иманы бар жас ұрпақты тәрбиелеу басты назарда. Өз тәжірибемдегі мақсат балаларға лайықты халық ауыз әдебиетінің ішінен жиі қолданыстағы өлендер, мақал-мәтелдер жаңылтпаштар, ертегілер, санамақтарды пайдалана отырып, болашақта ата-дәстүрін сақтайтын инабатты да, ибалы үлкен-кішіні сыйлай білуге үйрететін тәрбие орталығының бүлдіршіндерін шындау.

Өйткені баланы нәресте шағынан бастап адалдыққа, батылдыққа, мейірімділікке еңбек етуге тәрбиелеудегі басты құрал ойын. Сабақтарда жаңа технологияларды қолдана отырып, ойын түрінде баланың түсінуіне жеңіл тақырыптарды алу, ізденімпаздықты талап етеді. Жаңа технологияны меңгеру тәрбиешінің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік рухани азаматтық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыра білу қажет. Қазіргі заман талабына сай әр тәрбиеші өзіне мынадай әдістемелік талаптарды ескергені дұрыс:


  • педагогикалық және психологиялық деңгейін көтеру.

  • оқыту мен тәрбиелеудің ең соңғы жаңа педагогикалық технологиларын зерттеп меңгеру және оны өзінің кәсіптік жұмысында қолдана білу.

  • өз білімін көтеру.

  • балалар табыстары мониторингісін жасау және диагностика қоюдың қазіргі тәсілдерін меңгеру.

Баланың бойына білім нәрін себетін басты тұлға болғандықтан мынадай басты мақсаттарды назарда ұстап, нығайту жолында еңбек ету.

  • бала өмірін қорғау, денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтының негізін қалау.

  • халықтың салт-дәстүр негізінде ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

  • баланың түрлі қарым-қатынаста өзін тануына қызығушылығын арттыру.

  • өнерге музыкаға тарту.

Мектепке дейінгі білім орталығында педагогикалық жұмыстарды дәстүрлі емес түрде ұйымдастыру – жұмыс пен кәсіби шеберлік деңгейін арттыруға мүмкіндік туғызады. Әдіскерлік жұмыстың белсенді түрлері: іскерлік ойындар, пікірталастар, білімді бірлесіп игеруге бағытталған тренингтер ұйымдастыру тиімді. Оның мақсаты:

1. Балалардың бойында өзін-өзі жетілдіру қабілетін, қызығушылығын дамыту және өзін-өзі тану қажеттіліктерін қалыптастыру.

2. Бала бойына заматтық тәрбиені сіңіру.

3. Бүлдіршіндерді әлем мәдениетіне бағыттау.

Тәрбиешіні қиындығы да қызығы да мол өнер өлкесінің көш бастаушысы десекте лайықты.

Сол көш бастаушы бала тәрбиесінде «Жеке тұлға» бағытын алып, сол бойынша жұмыс жүргізсе, нәтижесінде бала бойында жағымды тұлғалық қасиеттер қалыптасады.

Сонымен қатар, сәбилер үйінде өткізілетін сабақтардың үлкен тәрбиелік маңызы бар. Оқыту әдісі дидактикалық негізгі бір құрамды бөлігі және оның мақсаты, мазмұнды әдістері және ұйымдастыру тәсілдерінің біртұтастығы болып табылады.

Балалардың ақыл ойын танымдық қабілеттерін дамытуда әр түрлі әдістерді: әңгімелеу, көрсету, суретті кітаптармен жұмыс, сөздік, практикалық, проблемалақ, көрнекілік, көркем әдебиет, өнер құралдарын пайдалану әдістері т.б. пайдалануда әдістемелік кеңес кезінде тәрбиешілердің әдіс түрлерін білудің және оны өз жұмыстарында пайдаланудың маңызы зор.

Атап айтсақ, Монтессори – саусақ санау арқылы, моншақтарды тізу, орналастыру, саусақ қимылдарын дамыту.

Глен Домана – жан – жануарлар туралы әңгіме жүргізу арқылы танымын, сөздік қорын дамыту.

Никитин – тапсырмаларды алдын – ала дайындау.

Зайцев – әр түрлі фигураларды саусақ қимылдарын келтіре отырып, дыбыс шығару, саусақ қимылдарын дамыту.

Бұл әдістеме мектепке дейінгі баланы оқуға және есептеуге жеделдетіп үйретуге арналған, мұның тиімділігі психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеруі. Әдістеме әр бір баланың жеке ерекшеліктерін ескеруді, оның талабын, мүдделерін және қабілеттерін ескеруге көзделген.

Зайцев әдістемесі бойынша бала оқуды 2 – 3 жастан үйренеді.

Бұл жастағы бала оқытудың ойын түрін тез меңгереді.

Өмірге келген жас ұрпақты тәрбиелеуге ата – аналар мен тәрбиеші – ұстаздардың алатын орны ерекше. Отбасы – бұл баланың өмір сүру ортасы. Отбасында барлығы жақсы болған жағдайда – балалар жақсы жетістіктерге жетіп, өзінің даму әлеуетіне көтеріле алады. Отбасы мен педагогикалық ынтымақтастықтың – баланың қанағаттану деңгейі мен тәрбиешінің жұмысының сапасын арттырады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие – үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық», - деп атап көрсеткендей тәрбие қызметін көрсетуде жаңа технологияларды еңдіру. Шығармашылықты, жауапкершілікті талап етеді. Ендеше, әр тәрбиеші жас өрендерді тәрбиелеуде жаңалықтарға ілесе алатын, ізденуші педагог деңгейіне көтерілуі қажет.

Білім беру саласындағы оңды өзгерістер әрбір тәрбиешінің өз ісіне мұқиятттықпен қарауын талап етеді. Тәрбиеші өзінің оқушымен тең дәрежеде екенін естен шығармай оны жеке тұлға ретінде қарап, оған беретін сабақты түрлендіріп, жетілдіру қажет. Нағыз өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жете алады.



Әдебиеттер

1.Концепция развития системы образования в Республике Казахстан до 2015 года.-Астана,2004.

2.Бала мен балабақша.Алматы,2011жыл,№11.

3.Бала мен балабақша.Алматы,2011жыл,№12.



ПСИХОЛОГО – ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ АСПЕКТЫ ФОРМИРОВАНИЯ ПРОФЕССИОНАЛЬНЫХ КАЧЕСТВ СЛОВЕСНИКА
Тагабергенова Б.Ж. (Актобе)
Постоянная потребность в развитии – это, пожалуй, самое главное, что должно определять личностный смысл непрерывного образования современного учителя – учителя ХХI века. На каком бы этапе жизненного и профессионального пути он не находился, он никогда не может считать его окончательно завершенным, а свою профессиональную концепцию – застывшей, раз и навсегда сформированной. В этой принципиальной незавершенности выражается важнейшая особенность развития его личности, его индивидуального опыта и профессионального самосознания. Постоянная потребность в развитии – это, пожалуй, самое главное, что должно определять личностный смысл непрерывного образования учителя.

Повышение качества подготовки учителей русского языка является важной со­циальной проблемой высшего образования. Специфика обучения данной специальности – усвоение знаний в их двой­ной функции: расширение научного и культурного кругозора студентов и, в свою очередь, средство обучения, воспитания и развития учащихся.

Без знаний нет личности учителя. Одни знания тоже не определяют личность: важно ОТНОШЕНИЕ к знаниям, учащимся, действительности. Знания – мёртвый ка­питал, если нет умения передавать их другим. Отсюда вытекает необходимость формирования ГОТОВНОСТИ к работе в школе.

По мнению методистов, готовность к преподаванию русского языка включает в себя три компонента: теоретические и методические знания, профессиональные умения, положительное отношение к будущей деятельности. «Установка на педаго­гическую деятельность предполагает не только свободное владение языком как средством общения, но и воспитание интереса к профессии учителя, развитие спе­цифических умений и навыков».

Качество обучения русскому языку во многом зависит от того, как учитель вла­деет языком, умеет перерабатывать научные системы в педагогические, то есть от того, как сформировано теоретико-методическое мышление. Специфика обучения на филологическом факультете заключается в том, что студенты овладевают языком в целях его преподавания, язык является объектом научного познания и средством овладения будущей специальностью.

Коммуникативные умения связаны не только с техникой общения, владения жестом, мимикой, осанкой; это не только высокая эмоциональность и умение вла­деть своими чувствами, создание отношений, благоприятных для решения педаго­гических задач. Это прежде всего - образцовая речевая деятельность, умение под­чёркивать главное, делать выводы, паузы, логические ударения.

Коммуникативные умения связаны с восприятием и передачей учебной инфор­мации, организацией совместной деятельности с учащимися. При восприятии важ­ным коммуникативным умением являются умения внимательно слушать, восприни­мать информацию с однократного предъявления, выделять в речевом потоке от­дельные речевые образцы, анализировать, сопоставлять с речевой нормой, чётко формулировать вопросы и задания, тактично исправлять ошибки. При передаче ин­формации - строить сообщения разных функционально-смысловых типов речи, по­следовательно излагать мысли, говорить выразительно, умело применять наглядные пособия.

Практический курс и методика преподавания русского языка занимают одно из ведущих мест среди лин­гвистических дисциплин филологического факультета, так как играют важную роль в подготовке учителя - словесника и связаны с постоянной работой в школе. С пер­вых занятий ведётся ориентация на будущую профессию. Коммуникативные обще­речевые умения студентов - филологов являются показателем спонтанного, свобод­ного владения речью и способности общаться с собеседником.

Наблюдения за речевой деятельностью на занятиях, анализ их речевого поведения во время специально организован­ных речевых ситуаций показывают, что многие из них слабо владеют диа­логической и монологической речью. Часты нарушения ритма речи, мно­жество пауз, отсутствует смысловая законченность и наблюдается нераз­вёрнутость фраз. Многие студенты не умеют логично, доступно, вырази­тельно излагать материал, оперативно перестраивать свою речь в зависи­мости от сложившейся ситуации общения, не умеют убеждать, запрашивать информацию. Низка коммуникативная компетенция.

Исходя из данного уровня речевой деятельности обучаемых, под фор­мированием ГОТОВНОСТИ К ОРГАНИЗАЦИИ РАБОТЫ ПО РАЗВИТИЮ РЕЧИ мы понимаем СИСТЕМУ работы над освоением зна­ний из области речевой деятельности и лингвистики речи, над практиче­ским овладением методикой развития речи на занятиях по русскоvязыка. Осуществляется она одновременно в нескольких на­правлениях: совершенствование коммуникативных умений студентов-филологов, усвоение ими речеведческих понятий, оперирование лингвисти­ческими понятиями, практическое усвоение методических понятий. Взаи­мосвязь всех видов деятельности нам представляется следующим образом.




Психологические исследования свидетельствуют о том, что сознание обучаемых развивается в результате деятельности, в процессе практической деятельности формируется мышление и речь. Язык, будучи средством об­щения людей, является особым видом интеллектуальной, речевой деятель­ности. А.А.Леонтьев отмечает: "Понятие деятельности связано с понятием мотива. Деятельности без мотива не бывает". Мотив для речи заклю­чается в деятельности общения - коммуникативной деятельности. А.А. Ле­онтьев называет способы осуществления действия операциями.

Операционный состав действия зависит от условий общения, подвижен, а структура всегда одинакова, включает в себя четыре фазы: ориентировку, планирование, реализацию и контроль. По мнению А.А. Леонтьева, для полноценного общения человек должен овладеть целым рядом умений: бы­стро и правильно ориентироваться в условиях общения, правильно сплани­ровать свою речь, правильно выбрать содержание, найти адекватные сред­ства для передачи этого содержания и обеспечить обратную связь. "Если какое-либо из звеньев акта общения будет нарушено, то говорящему не удастся добиться ожидаемых результатов общения - оно будет не эффек­тивным".

Чтобы приблизить условия обучения русскому языку к естественным условиям общения, стремимся ввести студентов в речевую ситуацию, учим ориентироваться в ней, ясно представлять себе собеседника, условия речи и задачи общения. В лингвистике под ситуацией понимаются "условия, в которых осуществляется акт речи, оказывающие влияние на высказывание".

Успешному формированию спонтанной речи содействуют ситуативные упражнения, в которых проявляется ситуативный характер речевого общения; основной коммуникативной целью их является приём и передача ин­формации. Упражнения ситуативного характера весьма разнообразны: использование естественных ситуаций для ведения речевых упражнений; ситуации - реплики с использованием репродукций картин и слайдов; си­туативные упражнения на основе словесных описаний и т.д.

Овладению навыками неподготовленной речи способствуют задания: воспроизвести образы кратких диалогов, соответствующих определённой ситуации; воспроизвести диалог с некоторыми изменениями; определить возможную ситуацию по данным ключевым словам; составить диалог по заранее заданной ситуационной схеме; завершить начатый диалог; соста­вить ситуацию, иллюстрирующую пословицу или изречение нравоучитель­ного характера, и соответствующее речевое упражнение к этой ситуации; обсудить интересный вопрос по прочитанному произведению, по просмотренному спектаклю, кинофильму и т.д.

Студенты филологи должны говорить точно, убедительно, логично излагать материал, умело аргументировать высказываемое положение фактами, проявляя интерес не только к тому, ЧТО сказано, но и КАК сказано. Выработка речевых навыков - длительный процесс, требующий реализации строго продуманной последовательности, системы упражнений, репродуктив­ных, тренировочных, творческих, обучающих выражению собственных мыслей. Основным требованием к таким упражнениям является необходимость создания такой атмосферы общения и усвоения языкового ма­териала, что при других условиях возможно свободное применение данного языкового материала, то есть реализация свободного общения.

Важным моментом в процессе профессиональной подготовки студентов - филологов является прогнозирование типичных речевых ситуаций и вы­бор коммуникативно - речевых средств для осуществления общения: лексика, синтаксические конструкции, интонационное многообразие, стилевое оформление и т.д. Основной принцип - погружение студентов в реальную педагогическую деятельность. Для его реализации создаются искусственные и естественные ситуации: ролевые игры на занятиях, микропреподавание в базовых школах и т.д.

Речевое произведение учителя - учебный монолог и диалог - рассматривается в рамках коммуникативной модели, включающей в себя адресата - учителя и адресанта - ученика, речевую цепь /текст/, язык как источник отбора и тему как совокупность понятий, реализуемых на занятиях, уроке. На основе этой модели определяются обязанности и умения учителя и уче­ников.

Для определения готовности используются следующие критерии: умение должно быть профессионально значимым, тесно связано с лингвистическим материалом, способствовать более прочному и осознанному овладению изучаемым материалом. Важнейшим профессиональным умением является умение доступно объяснять лингвистический материал с учётом особенностей его восприятия учениками школы. С ним тесно связано уме­ние прогнозировать, выявлять и устранять ошибки, вызванные интерферентным влиянием родного языка. Отсюда особую значимость приобретает решение таких вопросов, как тщательный анализ грамматических тем, играющих важнейшую роль в формировании навыков связной русской ре­чи: род имён существительных, согласование, основные значения падежей; вид, время и наклонение глаголов; способы связи слов в предложении, од­носоставные предложения и т.д.

Формирование готовности к организации работы по развитию речи предполагает необходимость включения студентов - филологов в двухсторонний процесс: студенты углубляют, корректируют свои знания, умения и навыки по русскому языку и анализируют методическую презентацию учебного языкового материала, осмысливают методику работы. Одновре­менно учебными и частнометодическими умениями являются: умения про­водить различные виды разбора, составлять план изложений, сочинений, устных высказываний в конкретных речевых ситуациях; умение работать с книгой, подбирать текст и оценивать его с позиции целесообразности использования для усвоения определённого языкового материала и выработ­ки речевых навыков.

Формированию готовности к развитию речи способствует накопление учебной картотеки: иллюстративного материала, картинок, перфокарт, карточек для опроса, текстов диктантов, изложений и т.д. На занятиях по практическому курсу русского языка и методике его преподавания студенты овладевают разнообразны­ми формами работы над текстом: конспектирование, комментирование, изложения с элементами сочинения, развернутые выступления по отдельным вопросам и т.д. Вырабатывается умение выделять главное в тексте, раскры­вать его содержание. Первоначально большое внимание уделяется переска­зу, определению идеи, затем готовят выступление по актуальным пробле­мам, поставленным в изученном тексте, с соблюдением требований: сформулировать главную мысль, привести только необходимые аргументы, связно изложить мысли. Вначале студентам предлагаются, а затем они сами находят устойчивые речевые формулы, характерные для научного стиля речи.

Накопление учебной картотеки, анализ живого речевого материала, разнообразные формы работы над текстом развивают чувство языка, активизируют познавательную деятельность, приобщают к профессиональным наблюдениям над фактами языка, развивают творческие способности бу­дущих учителей - словесников.

Предлагаемая нами методика работы по развитию речи учащихся способствует четкому определению понятий и их отношений, позволяет находить новые пути, открывая закономерные связи изучаемых явлений, эффективнее руководить деятельностью студентов в ходе формирования профессиональных умений и навыков.



Литература

  1. Леонтьев А.А. Основы теории речевой деятельности. – М., 1974.

  2. Леонтьев А.А. Психологические проблемы массовой коммуникации. – М., 1974.

  3. Воителева Т.М. Основные вопросы развития речи учащихся. – М., 2000.

  4. Архипова Е.В. Основы методики развития речи. – М., 2004.



К ВОПРОСУ О СУППЛЕТИВИЗМЕ КАК СВОЕОБРАЗНОМ ЯЗЫКОВОМ ЯВЛЕНИИ
ТасыбаеваГ.М. (Актобе)
Современная лингвистика исходит из презумпции знакового характера языка, за которой стоит целостная теория языка, построенная на результатах изучения семиотических свойств языка в целом и его единиц. Знаковая репрезентация может быть различной по форме и по самой своей сущности, и языковой знак получил достаточно широкое определение как "материально-идеальное образование (двусторонняя единица языка), репрезентирующее предмет, свойство, отношение действительности" [1; 167].

Однако язык не представляет собой абсолютно однородное целое, состоящее из идеальных знаковых единиц. "Одним из уникальных свойств человеческого языка как системы знаков является то, что более емкий по объему и многомерный по структурной организации план содержания не имеет одно-однозначного соответствия более простому по форме и меньшему по числу единиц плану выражения. Это давно известное в языке явление "непараллельности звучания и значения" находит в лингвистике различное наименование и разную интерпретацию: явление полисемии и омонимии, синкретизма, разделения языковых сущностей на знаки и незнаки и т.п." [2; 116].

Как пример крайней формы "непараллельности звучания и значения" (или "асимметричного дуализма знаков", по С.О.Карцевскому) можно назвать супплетивизм, при котором "одной единице содержания соответствуют две или более единиц выражения" [3; 188].

Известно, что в языке изменение большинства слов подчинено очевидным регулярным правилам (стол – столы, мост – мосты), однако существуют многочисленные исключения, нерегулярные образования, в частности, супплетивные пары типа человек – люди, ребенок – дети. В языке наличествуют определенные группы слов, которые, наряду с регулярными формами, связанными между собой не только общностью значений, но и материальной общностью, образуют такие формы, где имеется общность значений при отсутствии материальной общности.

Регулярность и нерегулярность в указанном смысле греки называли "аналогией" и "аномалией". Сторонники точки зрения, согласно которой язык в своей основе регулярен, назывались "аналогистами", а сторонники противоположного взгляда – "аномалистами". Аналогисты направляли основные усилия на выявление различных моделей, посредством которых можно классифицировать слова (ср. термин "парадигма" – греческое слово со значением ‘модель’, ‘образец’, ‘пример’) [4; 26]. Аномалисты, не отрицая наличия определенных регулярностей в образовании слов, указывают на многочисленные примеры нерегулярных словоформ, для объяснения которых рассуждения по аналогии неприменимы.

Все случаи проявления асимметричного дуализма языкового знака носят асистемный и спорадический характер, более того они выявляются именно благодаря действию закономерных семиотических правил на фоне регулярных одно-однозначных соответствий формы и функции.

Действительно, удельный вес супплетивизма, по сравнению с аффиксацией, внутренней флексией, долготой, ударением, интонацией, порядком слов, незначителен. Во всех индоевропейских языках супплетивизм принадлежит не к основным, ведущим, а к второстепенным, дополнительным способам формообразования и словообразования.

Данное обстоятельство позволяет квалифицировать супплетивизм как семиотическую аномалию. Попытаемся с семиотических позиций рассмотреть лингвистическую природу феномена супплетивизма. Рассмотрим определения супплетивизма, существующие в лингвистической литературе, с тем, чтобы еще раз подчеркнуть сущность этого явления как семиотической аномалии.

"Супплетивизм  это отсутствие общей части у означающих двух соотносительных по смыслу единиц" [5; 397].

Супплетивность  это "полное изменение формы, наблюдаемое в основе" [6; 155].

"Супплетивизм или супплетивность есть сплетение или срастание двух (или более) разных слов в одну систему форм, в одну парадигму. Это лексическое варьирование слов, в отличие от грамматического"; "супплетивность в индоевропейских языках – непродуктивный способ образования форм слова. Это – пережиточное явление" [7; 251].

"Супплетивность обозначает своеобразное языковое явление, сущность которого заключается в том, что различные формы одного грамматического ряда образуются от разных корней: лексическое значение при этом не меняется, различие корней выполняет грамматическую функцию различения грамматических форм" [8; 3].

Супплетивность  это "свойство разнокорневых грамматических форм объединяться в одном парадигматическом ряду… Опосредованное установление системных отношений языковых единиц с различным фонематическим составом через их соотнесенность с регулярными системными рядами целесообразно называть супплетивизмом (морфологический супплетивизм как разновидность проявляется в корреляции морфем), так как данный термин подчеркивает необходимость восполнения "недостающего" элемента в системном ряду" [9;25].

"Супплетивизмом обычно называют языковое средство выражения грамматических значений при помощи разнокорневых слов; разнокорневые слова, передающие общее лексическое, но разное грамматическое значение, называются супплетивами (супплетивными формами, супплетивными образованиями)" и др.

Основываясь на приведенных определениях, можно назвать основные признаки супплетивизма.

1) При супплетивизме участвуют разнокорневые слова, т.е. у супплетивных языковых знаков отсутствует общее означающее, ср.: "отсутствие общей части", "полное изменение формы, наблюдаемое в основе", разные слова, разные корни, "лексическое варьирование", "языковые единицы с разным фонематическим составом".

О супплетивизме можно говорить лишь в том случае, если налицо не один, а, по крайней мере, два элемента, не имеющие формальной общности, но связанные по смыслу. Элементы, образующие супплетивные формы, должны быть разнокорневыми. Именно поэтому образования форм одного слова от разных основ, "различия которых выходят за пределы чередований", называют "нерегулярными образованиями". "При этом разнокорневыми могут быть не только слова и формы слов, восходящие к этимологически разным корням, но и получившиеся в результате действия фонетических или каких-либо других законов (аналогии, контаминации)"

2) Разнокорневые единицы коррелируют друг с другом по смыслу, т.е. у супплетивных языковых знаков есть общее означаемое, ср.: "соотносительные по смыслу единицы», «сплетение или срастание двух (или более) разных слов", "лексическое значение при этом не меняется", "разнокорневые слова, передающие общее лексическое значение".

Таким образом, приведенные и многие другие определения супплетивизма характеризуют своеобразную семиотическую природу данного феномена: нерегулярность супплетивных форм, аномальность их знаковой природы.

Исходя из этого, а также учитывая, что супплетивы находятся на периферии словоизменительных парадигм (не будучи частотными), мы считаем, что имеются полные основания квалифицировать супплетивы как семиотические аномалии, в которых тем не менее проявляется универсальная особенность языка как знаковой системы  "стремление выйти за пределы знака", реализующее действие принципа "асимметричного дуализма".

Таким образом, утвердившееся в современном языкознании общее понимание супплетивизма "как пережиточно сохранившегося аномального способа синтетического формообразования, специфика которого заключается в отсутствии формальной общности между словоформами одного слова" и есть пример семиотической интерпретации сущности нарушения соответствия между формой и функцией, вызванные способностью языка развиваться.

Литература

1. Лингвистический энциклопедический словарь /Гл. ред. В.Н.Ярцева, М., Советская энциклопедия, 1990, 685с.

2. Уфимцева А.А. Знаковая природа языка // Общее языкознание, М., 1970.

3. Арутюнова Н.Д. Специфика языкознания в связи с закономерностями развития языка // Общее языкознание, М., 1970.



КӨКПАР
Тулежанов Қ. Ә. (Қызылорда)
Біздің ұлттық ойындарымыздың мың жылдық тарихы бар. Аламан бәйге, тоқ бәйге, жорға жарыс, құнан бәйге, көкпар, қызқуу, ат үстіндегі сайыс(аударыспақ ойыны), теңге алу, жамбы ату, қамшыгерлік, саясаткерлік, түйе жары- желмая, қазақша күрес, жекпе-жек, тоғызқұмалақ және тағы басқа спорт түрлері сонау заманнан бері туған халқымызбен бірге жасап келеді.

Ата- бабаларымыз, әсіресе «Аударыспақ», «Теңге ілу», «Көкпар», «Бәйге» сияқты ойындарды ерекше құрметтеген. Солардың ішінде, әрине, көкпардың орны бөлек. «Көкпар» ойынның атауы «көк бөрте» (лақ) сөзінен шыққан.

Көкпар – Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ойын түрі. Бұл – шетсіз-шексіз сары далада мал бағып, көшіп-қонып жүрген көшпелілердің нағыз халықтық думаны. Осы ретте этнограф ғалым, марқұм Ақселеу Сейдімбектің : «Көкпар – бұл қазақтың ұлттық ойыны, төл мұрасы, ойынның ең мықтысы. Бұған жүректі жігіттер ғана қатысқан. Көкпар –ата-бабаларымыздың асыл-аманаты. Ол біз барда бізбен бірге мәңгі жасасып, бірге дамып отырады. Әлем спортында футбол, баскетбол, волейбол дегендер бар ғой. Сол сияқты, көкпар деп ат қойып, айдар таққан біздің бабаларымыз», деген сөздері ойға оралады.

Жалпы, көкпар жаппай тарту, дода тарту деген екі түрге бөлінеді. Жаппай тартуда жеке адамдардың қол қайратын, тақым күшін, батылдығын, ептілігін толық көрсетуіне мүмкіндігі бар. Ойынға қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды, жаппай тарту деп аталуы да сондықтан. Мұнда әркім лақты өзі иемденуге тырысады.

Көкпар ойынының екі мыңжылдық тарихын төрт кезеңге бөлу дұрыс. Бірінші кезең дәуіріміздің ҮІ-ХҮІІІ ғасырлары аралығын қамтиды. Түрік қағанаты, Дешті қыпшақ, Алтын Орда, Қазақ хандығының даму тұсы ХІІІ ғасырға созылған көшпенділер спортының қалыптасу кезеңі. Екінші кезеңі – Ресей империясының қарамағында бодан болған тұсымыздағы көкпардың дамуы. Толық ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар мен ХХ ғасырдың басына дейінгі 217 жыл. Байтал түгіл бас қайғы болған заман. Үшініші кезең –Қазан төңкерісі болған 1917 жылдан Кеңес Одағы тараған 1991 жылға дейінгі аралық. Бұл екі кезеңде көкпардың аты сақталған мен, айтарлықтай дамыды деп айта алмаймыз. Ең соңғы, төртінші кезең- бұл Қазақстан тәуелсіздік алған 1991 жылдың 16 желтоқсанынан бүгінгі күнге дейінгі аралық. Ұлттық ойынымыздың жұлдызы жанып, айы оңынан туа бастаған кезеңі.

1996 жылы алғаш рет Венгрияда ұйымдастырылған әлем шабандоздарының бірінші фестивалі өтті. Міне, осы додада 23 мемлекеттің арасында дара шығып, бас жүлдені қанжығамызға байладық.

Қазір елімізде 12 жылқы зауыты, 19 асыл тұқымды шаруашылық жұмыстары жұмыс істейді. Біздің барлық ойындарымыз, оның ішінде көкпар төрт түліктің төресі-жылқы жануарымен байланысты. Сондықтан да, жылқыға деген көзқарасты түбегейлі өзгерту керек. Қазақстанда жылқы шаруашылығын дамытуға арналған арнаулы бағдарлама қабылданғаны жөн. Бұл жерде, ең бастысы, Қазанатты түлету керек. Өйткені, қазанат- қазақтың қазынасы, халқымыздың қорғаны, айбыны, заманында ел қорғаған батырларымыздың сенімді серігі, қолғанаты болған. Біз Қазанатты түлетсек , бүкіл әлемді өзімізге қаратар едік.

Әдебиеттер

1. Интерент желісі

2. «Егемен Қазақстан»

3. Қазақтың ұлттық ойындары



АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУЖОЛДАРЫ
Тулемисова Г.М.(Ақтөбе)
Қазіргі таңда еліміздің болашақ ұрпақтарын тәрбиелеу бағытындағы білім беру мәселесі – мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі. Осы ұстанымға жетудің бірден-бір жолы: әлемдік білім кеңістігінен орын алу, өркенитетті, қуатты елдер қатарына қосылу болып табылады. Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалана отырып білім сапасын арттыру, сондай-ақ рухани жан дүниесі бай, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу-осы ұстанымдардан туып тұрған өзекті мәселелердің бірі.

Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау, интеллектін байыту» деп атап көрсетеді.Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасындағы әрбір пән оқушыны дара тұлға ретінде жетілдіруге, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға алғы шарт жасауы керек деген қағида берік орнықты.

Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаты – баланың білім беру кезіндегі ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеп дамыту.

Шығармашылық қабілетті дамыту мәселесі қай кезде де ойшылдармен ғалымдардың назарындағы нысан болып келеді. Психологтар шығармашылық қабілетті дамытуды-тұлғаны дамытудың ең басты тетіктердің бірі ретінде қарастырды, өйткені шығармашылық іс-әрекеттің нәтижесі оның қайталанбайтындығымен, бірегейлігімен ерекшеленеді.

Шығармашылық қабілет әр оқушының табиғатында болуы мүмкін. Менің міндетім – оқушы бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.Сондықтанда осы тақырыпты таңдап алдым.



Мақсаты: Оқушы шығармашылығын дамытуда оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастырып, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Міндеті:Оқушы қабілеті мен әрекетін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету, шығармашылық жұмыстар жүргізе отырып, ізденімпаздықпен іскерлігін жетілдіру. Шығармашылыққа арналған тапсырмалар арқылы балалардың қызығушылығын, тапқырлық, ұстамдылық әрекеттерін, ойын ұштай келе, қиялын дамытып, баланы өз бетімен жұмыс істеуге икемдеу.

Жұмысты жүргізу әдістері:

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың дидактикалық әдістері:



  • Стрела әдісі:Әртүрлі тапсырмалар беру, диолог, шағын әңгіме құрастыру оқушының танымдық білімін толықтыру.

  • Бумеранг әдісі: Рольдік ойындар құрастыру, іскерлік ойындар ұйымдастыру, оқушының зейін- зердесін танымдық мәнге аудару.

  • Лоскутная:Жоғарғы сынып оқушылармен әр түрлі тақырыпта жарнамалық роликтер ұйымдастыру.

  • Бейне диктант:Оқушы орфографиялық, грамматикалық қатесіз жазуға өз бетімен жеке жұмыс істеуге талпындыру.

  • Ынталандыру және әсерлендіру әдісі:Сөз қолданыстағы жауапкершілікті сезіну. Аудиовизуалдық танымды меңгеріп, оны тұтына білуге жаттығу, сөздіктерді пайдалана білу.

  • Оқытудағы практикалық әдістер:Мәтінді рөлдерге бөліп оқу, диолог. мәтін бойынша пікірлесу. Өзіндік таным түсінігін айтып беруге жаттығу. Сөздіктерді пайдалана білу.

  • Сыныптан тыс -жұмыстарды өткізу әдістері:Үйірмелер, кездесулер, конкурстар, конференция, олимпиадаларды ұйымдастыру.

  • Оқытудағы индуктивтік және дедуктивтік әдістері:Дараны жалпыға, жалпыны дараға келтіріп талдауды оқушының қызығушылығына үйлесімді болуына мән бере отырып жүргізу.

  • Проблеманы оқушыға шешкізу, оларды өздігінен ізденуге бағдарлау:Оқушыны өздігінен ізденіп, өздігінен ойлантып пайымдау жасату, зерттеушілік тұрғыдағы ой тұжырымдамасын жасай білуге бейімдеу.

  • Оқытудағы белсенділік және интенсивтік әдістер:Техникалық пайдалану, түрлі ойындар мен шығармашылыққа бейімдеу, интенсивтендіруде суггестиялық жолды жүзеге асыру.

Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ол өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып отыр. Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру үшін олардың өзгермелі әрекеттерін айналадағы нақты құбылыстар мен таныс объектілерді зерттеумен байланыстырудың маңызы зор.

Зерттеу–ғылыми әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, белгілі бір объект жөнінде жаңа білім қалыптастырумен аяқталатын жүйелі және арнайы мақсатқа көзделген объектімен танысу. Танымдық әрекет оқушы үшін еске түсіру мен өзгерту бағытында болуы мүмкін. Оқушылардың өзгерту таным әрекеті «зерттеу» деп аталатын тәсіл арқылы жүзеге асырылады. Интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті жоғары дамыған балалардың өз бетімен білім алу мүмкіндігі болуы тиіс. Яғни мұндай оқытуды бала өзі басқарады, өзі анықтайды, өзі жүзеге асырады. Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі ашады. Баланың жүріс-тұрысындағы әрекеттер процесінде оның тұлғалық қасиеттері қалыптасады. Тұлғаның қасиеті, жүріс-тұрысы қоғамдық қатынастармен, жалпы адамзаттың құндылықтарымен бірге қарастырылады. Сонымен қатар әрбір адам ортасына деген көзқарасы мен әрекетіне қарай бір-бірінен өзгешеленеді.Адамның айналасын танып білуде жануардан айырмашылығы ортаға бейімделуінде емес,оған шығармашылықпен қарауында. Шығармашылық-зерттеу тәртібінің маңызды сиппаттамасы. Шығармашылық зерттеушілік ізденіс адам үшін екі түрлі көзқараспен маңызды: бір жағынан, жаңа өмірге қол жеткізуінде,екінші жағынан ізденіс процесінің мәнділігінде.Адам шығармашылық нәтижесінде ғана қанағаттанып қоймай, шығармашылық пен зерттеу ізденушілігінің өзінен де ләззәт алуға қабілетті.

Зерттеу мен дағдысы ғылыммен ғана айналысатын адамдарға ғана емес, сондай‑ақ әр адамның түрлі саладағы қызметіне қажет. Шығармашылық ізденушілік кез келген кәсіппен тікелей байланысты. Зерттеу ісі қазіргі кезде аясы тар мамандандырылған қызмет емес, сондай-ақ бүгінгі заман адамының өмір сүру тәсіліне енген, кәсіби шеберлігін танытуда өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады. Бұл пікірді Абайдың жетінші қара сөзіндегі:«Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біріншісі-ішсем, жесем, ұйықтасам» деп туады. Екіншісі-көрсем, білсем деп, ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, ол неге үйтеді,бұл неге бүйтеді деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін, тыныштық көрмейді,- деген ой-тұжырымды растайды.

Шығамаршылық‑зерттеу тәртібінің маңызды сипаттамасы.Шығармашылық зерттеушілік ізденіс адам үшін екі түрлі көзқараспен маңызды: бір жағынан, жаңа өнімге қол жеткізуінде,екінші жағынан,ізденіс процесінің мәнділігінде. Адам шығармашылық нәтижесінде ғана қанағаттанып қоймай, шығармашылық пен зерттеу ізденушілігінің өзінен де ләззәт алуға қабілетті. Елімізде шығармашылықтың дамуы туралы арнайы зерттеп жұмыстарын жазған психолог-ғалымдар Т.Тәжібаев, Ж.Аймауытов, Қ.Рахымбаева, С.Бердібаева, Б.Тұрғынбаева еңбектерін атап өтуге болады.

Л.Выготский «Шығармашылық деп жаңалық ойлап табатын іс- әрекетті атаған». Ал шығармашылық мәселесін терең зерттеген Я.Понамеров оны даму ұғымымен қатар қояды.Шығармашылық сөзінің түп төркініне орыс ғалым М.Поташник былай анықтама береді:


  • жаңа өнім жасау немесе бұрынғы өнімді жаңалап жетілдіру;

  • іс-әрекеттегі қайталанбайтын, өзгеде жоқ, нәтижелі өнім.

Шығармашылық – бүкіл болмыстың, қозғалыстың дамудың, бір сөзбен айтқанда, тіршілік көзі.Қазіргі педагогика ғылымында оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беру мәселесі кеңінен көтерілуде.Оқушы шығармашылығын дамытудың қажеттілігі қоғам талабынан туындайды.

Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі.Бұған бүкіл халықтық және жеке адамның шығармашылығы арқылы жеттік.Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткізген жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға ие болады. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында да зеріттеліп келеді. Шығармашылық педагогикасының мақсаты-бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдармен жаңа шешімдер іздестіру болып табылады. Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін таңдау ең алдымен «қабілет»ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Қабілеттің екі түрі бар:



  1. Репродуктивті-іс- әрекетті, білім берілген үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі.

  2. Шығармашылық- жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. «Шығармашылық» сөзінің төркіні «шығару», «ойлап табу»дегенді білдіреді.демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек.Ол үшін мұғалімнің өзі де шығармашылықпен тұрақты айналысып, дәуір көшінің өзгерістеріне ілесе алатын болуы тиіс десек, мұғалім – бақылаушы емес, бағалаушыда емес, танымдық іс- әрекетін ұйымдастыратын шығармашылық істердің ұйытқысы.

Тілдерді меңгеруде оқушылар сөздерді, сөз тіркестерін ауызша, жазбаша дұрыс қолданып, ерекше дыбыстарды меңгермейінше ағылшын тілінде дұрыс сөйлеу, салауатты жазу мүмкін емес. Сондықтан жазба жұмысын барлық сыныптарда үнемі өткізіп отырған тиімді.

Жалпы білім беретін мектептерде5 сыныптан бастап диктант түрлерін, жазба жұмыстарын өткізуге болады.

Әріп диктанты 5 сыныптарда өткізіледі. Мақсаты-ағылшын тілінің дыбыстары мен әріптерін дұрыс меңгеріп, олардың бір-бірінен айырмашылықтарын, ұқсастықтарын білдіру. Бұл диктант түрі оқушылардың сауатын ашумен қатар олардың есте сақтау қабілетін дамытады әрі оқушы каллиграфиясының қалыптасуына әсерін тигізеді.

Мұғалім басқа оқушылар өлең жаттау керек болса, ол оны есіне сақтап жазады немесе сурет қылып салып береді,дыбыстарды көрсетіп, карточкалар жасайды, ұнатқан суретін салады да, сол бойынша әңгіме құрастырады, өзі сөзжұмбақ жасайды, берген сөзжұмбақты шешеді, бөлек дайындалған карточкалармен жұмыс істейді.



Орта буынға келгенде, қабілетті дарынды оқушылар сабақтағы жұмыстарға қанағаттанбайды. Осы кезден бастап қосымша сабақтар өткіземін, баланың қабілетін танытуға мүмкіндік туады. 45 минутта қалай үлгеремін демей, жеке өзімен аптасына қосымша сабақ жүргіземін, әр уақытқа оқушыдан бөлемін, себебі екеуіне сөйлесуге мүмкіндік туады, бірінің қатесін бірі тауып, толықтырып, түсіндіріп отырады, бір-бірімен жарысып, бір деңгейде болуға тырысады. Бұл жастағы балалар өз мүмкіндіктеріне қарай шығармашылық жұмыстармен айналыса бастайды. Мен көбіне-көп оқушылардың өздеріне орындауға мүмкіндік беремін,келесі сабақта қатесін тауып,қосымша ойлармен толықтырып, әңгімелеп береді, шағын мазмұндамалар жаздырамын. Осындай қосымша сабаққа қатысатын оқушылар мектептегі жарыстарға, апталықтарға белсене араласып ұйытқы бола алады. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі.Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжрибесін қорытындылауға үйренеді. Қойылатын сұрақтар проблемалы ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі, оқушы да ондай сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады. Бұл сабақтарда жаңа материалды талдауға зор көңіл бөлінеді. Өйткені талданбаған шығарма бала жүрегіне жетпейді деп есептеледі. Талдау – бірлескен ізденіс. Ізденіс барысында әр баланың көңіл күйін бақылауға, ой-пікірін байқауға мүмкіндік алады, интеллект деңгейін анықтай алады. Әсіресе оқу сабақтарындағы материалды талдау арқылы шығарманың айтар ойы, идеясы бала жүрегіне жетіп, талдаулар арқылы ар, ұят, қайырымдылық, әдептілік т.б. сияқты тамаша адамгершілік қасиеттер бойына жұғысты болады. Сабақтың әрекет теориясына сәйкес ұйымдастырылуы-баланың жеке басын дамытудың басты кепілі. Ол үшін мұғалім мына қағидаларды есінде ұстауы қажет:

  • баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген талап-тілектерін сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру;

  • білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау;

Шығармашылық жұмыс жасау жеке тұлғаны қалыптастыруда зор үлес атқарады. Себебі, оқушы қарапайым нәрседен ой тұтатып, қиял әлеміне шомылып, кез-келген нәрсені еркін айтып, ойын жаза да, айта да біледі. Шығармашылық жұмыс өткізудегі күтілетін нәтиже:

  • Тіл байлығы, сөздік қоры молайып, сөйлеу мәдениеті қалыптасады;

  • Жеке тұлға өз жұмісінің нәтижесін көре алады;

  • Танымдық ізденістерін тиімді ұйымдастыруға жол ашады;

  • Ой-өрісі дамиды;

  • Шығармашылық жұмыспен шұғылдануға машықтанады.

Қорыта келгенде, шығармашылық тұлға басқалардан өз ісіне деген сенімділігін, әдемілікті сезіне білуімен, өзгеше шабытымен ерекшеленеді. Шығармашылық қабілеттерін дамыту ісін неғұрлым ерте қолға алып, әр оқушының қол жеткен нәтижелері мен даму дәрежесіне үнемі қарайлап отырсақ, шығармашылыққа өз үлестерін қосары сөзсіз. Оқушылардың шығармашылығын, ізденушілігін дамытып, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге деген ынтасын арттырамын. Эксперимент-зерттеудің алғашқы кезеңінде жоғары деңгейде болса, зерттеуден кейін бақылау топтарында айтарлықтай өзгерістер, оқушылардың логикалық ойлауға машықтануы, шығармашылық жұмыстармен айналысуы, пәнге деген қызығушылығы, берілген тапсырманың мақсаты мен мәнін анықтай білуі, өз бетімен жұмыс жасауға ынтасы осындай жұмыстардың нәтижесінде көтеріліп отырды.

«Болашақтың баласында, данасында, ғалымында ұстаз өсіреді» деген Б.Момышұлының қанатты сөзімен аяқтағым келеді.



Әдебиеттер

  1. Ахмедиева А.Т «Шет тілі сабағында оқушыларды шығармашылыққа тәрбиелеу» Ағылшын тілі мектепте 1.2011ж. 32 бет.

  2. Ахметқалиева Г. «Шығармашылық жұмыстар» Қазақстан мектебі 7.2011ж 24 бет.

  3. Әділханова М. «Шығармашылық дербестікті қалыптастыруда жазба жұмыстарының маңызы» Қазақстан мектебі 8.2001ж. 38 бет.



ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫ
Тұрғалиев А.З. (Ақтөбе)
Қазіргі кездегі білім беру ғылымның, мәдениеттің, ғылыми- техникалық прогрестің даму деңгейіне сай болуы қажет. Білім мазмұны ғылымдардың өзара байланысы, өндіріс пен қоғамдық дамудың жаңару барысына тікелей ықпал жасайды. Пәнаралық байланыс – түрлі оқу пәндерінің арасындағы өзара байланысын айқындау шарты және білім беру мен оқыту талаптарының бірі. Әлемнің бірлігін бейнелейтін ғылыми білімдер мен сенімдер жүйесін қалыптастыру міндеттерінің шартынан пәнаралық байланыс қажеттігі туындайды. Оқу пәндерінде қарастырылатын табиғат, қоғам, адамдардың өзара әрекеті жөніндегі негіздер оларды білім беру мазмұнының біртұтас жүйесінде біріктіреді. Осы арада пәнаралық байланыстың дүниеге көзқарас қызметі өте маңызды және шешуші рөл атқарады.Дүниеге көзқарас дегеніміз – адамдардың, жеке адамдардың «іс- әрекетіне терең әсер ететін әлем және оның даму заңдылықтары жөнінде, табиғат және қоғам құбылыстары мен барыстары жөнінде біртұтас тиянақты көзқарастар жүйесі.Дүниенің өзі микро, макро, мега жүйелерді құрайтын бір - бірімен көп салалы байланыста болатын обьектілер мен құбылыстардың жиынтығы болса, дүниетанымның негізіне дүние туралы белгілі бір білімдердің жиынтығы кіреді. Дүниетаным әртүрлі білімдерді игеру барысында, сонымен бірге күнделікті көзқарастарды санада түю нәтижесінде қалыптасады. Оқушыларға білім және тәрбие берудің, дүниетанымын қалыптастырудың аса маңызды құрылымының бірі – пәнаралық байланыс болғандықтан, пәнаралық байланыстың негізгі міндеттерін білген жөн:

1. Оқушылардың оқыту процесіндегі пәнаралық байланысты түсінуін, саналы қабылдауын, танымдық белсенділігін қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру;

2. Оқу пәндерінің оқушыларға білім мен тәрбие беру, пәнаралық байланыс орнату мүмкіндіктерін айқындау мақсатында білім беретін орта мектептің оқу жоспары мен бағдарламаларына талдау жасау. Барлық мұғалімдер пәнаралық байланысты практикалық қызметінде әрдайым пайдалану;

3. Мектептен тыс және сыныптан тыс жұмыстардың пәнаралық байланыста жүргізілуі. Бұл міндетті шешу озық тәжірибелерді жинақтауды, жұмыстың неғұрлым тиімді түрлерін практикада пайдалануды қажет етуі;

4. Мұғалімдердің оқушыларға пәнаралық байланыс негізінде білім мен тәрбие беру дайындығын және қандай жағдайда екендігін білуі.

Атақты қазақ педагогы әр біртуар ақыны М.Жұмабаевбала дүниетанымын қалыптастырудағы білім мен тәрбиенің орнын және маңызын сипаттап берді. Оның: Бала тұрмыспен көзбе-көз таныссын, оның есінде, жанында көп білім болсын, жан-жануардың тұрмысын бақыласын, жарытылыстың тұрмысымен таныс болсын. Міне, сонда баланың қиялы өткір hәм болмақ, - деп жазған тұжырымы да осыған дәлел. Мектеп жасындағы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда және оларды оқыту барысындағы білімділік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерді шешуде пәнаралық байланыстың маңыздылығы мынадан көрінеді.



Каталог: downloads
downloads -> БАҒдарламасы қазақ әдебиеті кафедрасы Астана-2013
downloads -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
downloads -> «Бекітемін» Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы
downloads -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий
downloads -> Исатай Кенжалиев
downloads -> Батыс қазақстан ауыл шаруашылығЫ 1946-2000 жылдарда
downloads -> Қайрғалиева гулфайруз батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны
downloads -> 6М020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары
downloads -> Боранбаева бақтылы сансызбайқызы ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет