ОҚытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет53/56
Дата25.12.2016
өлшемі27,72 Mb.
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Таубаева Ш.Т., Лактионова С.Н. Педагогическая инноватика как теория и практика нововедений в системе образования: научный фонд и перспективы развития (Книга 1). – Алматы: Научно-издательский центр “Ғылым”,-2001.

2.Б.Айтмамбетова. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. Алматы,1991ж

3. В.А.Каймин Компьютеры в учебном процессе. 1997г

4.Б.Кенжебеков. Маманның кәсіби құзыреттілік мәселесі. Ұлт тағылымы, №3 2004ж

ҚАЗІРГІ МЕКТЕПТЕ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ ТӘРБИЕЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН МҮМКІНДІКТЕРІ
Жумашева Қ.Қ. (Актөбе)
Патриоттық тәрбие –барлық тәрбие бастауы. Отан дегеніміз - халық. Халық дегеніміз - адам. Патриоттық сезімнің нысаны мен қайнар көзі — Отан.

Патриоттық сезім отбасынан басталады. Өкінішке орай нарықтық қатынастардың кеңінен орын алуы, ересектердің тәрбиеге жеткіліксіз көңіл бөлуі ата-аналардың уақытының жетіспеушілігі мен қолдарының тимеуі отбасындағы балалар тәрбиесінің рөлін түсірді. Әрине мұндай жағдайларды өзінің ескі арнасын жоғалтқан патриоттық отансүйгіштік сезімдерді қалыптастыру мен тәрбиелеудің жаңа жолға оңайлықпен түсіп кете алмауы анық. Одан шығудың басты жолы-қазіргі білім беріп отырған мектептерде білім мен тәрбие беруге ерекше көңіл бөлу керек.

Қазіргі мектепте патриоттық сананы қоғамдық өмірде бекітетін - білім ордасы. Мектептің көмегімен патриоттық сана қоғамдық өмірге бекітіліп, мемлекет тарапынан қолдауға және бағдарлауға ие болады. Балалар қоғамның әлеуметтік құрылымында ерекше орын алады. Ендеше, қазіргі мектеп оқушылары өздерінің тұлғалық кәсіби нығаюға бет алуының жоғары деңгейі мен шығармашылық потенциалы мен Қазақстанның әлеуметтік жаңғыру процесіне шынайы іс жүзінде қатысуға деген белсенді қызығушылығымен ерекшеленуі тиіс. Олар еліміздің әлеуметтік саяси, экономикалық және мәдени дамуының анықтаушы күші де болып табылады. Олай болса мектеп оқушыларының тұрмысы мен болмысына, тәлімі мен тағылымына үстірт қарауға болмайды

Бұл туралы Президент Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуына қатысты жақында жазылған Бағдарламалық тапсырмалық мақаласында ерекше ескерте келіп: «Мен жас ұрпақтың ел болашағы үшін маңызын атап көрсетіп келдім және атап көрсете беремін деген болатын. Мемлекет әрбір жас адамның өз еліне міндетті түрде қажет болу үшін бәрін де жасайды»-деген болатын. Осы ұстанымды басшылыққа алатын болсақ, бізге, мектептер ұстаздарына, тек оқу және оқыту процестерін төңіректемей, оқушылар болмысына әсер ететін құбылыстарды тұтастыра қарағанымыз жөн. Мектеп оқушыларын азаматтылық патриотизм, еліміздің қарқынды сатылап дамуы идеяларының рухында тәрбиелеу. Қазіргі кезеңде патриотизм тақырыбы, оның ішінде қазақстандық патриотизм мәселесі қоғамдық мемлекеттік, саяси, рухани тақырыптардың өзегіне айналуда. Қазақстан Республикасының президенті Қазақстан халқына жолдауында «Оқыту үрдісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажеттілігін ерекше ескерткен.» Олардың ең бастыларының қатарында «патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім тәннің де, жанның дамуы, заңға мойынұсынушылық» аталып өткен. Қазіргі мектепте жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу идеясы мектеп оқушыларына білім мен тәрбие берудің барлық бағдарламаларынан көрініс табуы тиіс. Мектепте патриотизмге тәрбиелеудің ұзақ мерзімді мақсаты-балаларды біріктіру, оқушыларға тәуелсіздіктің құндылықтары мен жетістіктерін ұғындыру. Оларды мемлекеттік рәміздер мен идеология төңірегінде топтастыру. Бұл ұзақ мерзімді мақсат. Оған қол жеткізудің басты жолы – бірлік, өзара көмек, қайырымдылық. Салмақтылық, орнықтылық, қарапайымдылық, еңбекке қабілеттілік, жауапкершілік патриоттық тәрбиелеу ағымындағы қазіргі заманғы мектептегі шаралардың басты сипаттары. Сондықтан қазақстандық патриотизм мен елдің экономикалың әлеуметімен тығыз байланысты.Әр заманның өзіне тән экономикалық, саяси идеологиялық ерекшелігі болатыны айқын. Сол сияқты бүгінгі күннің мектеп оқушыларының өз талабы, өз ерекшелігі бар.

Елбасы Н.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегиясында Қазақстан азаматтарының денсаулығына білімі мен әлқуатын арттыруға аса көп мән беру керектігі айтылған.

Ел Президентінің жолдауында егер біз ниетімізді байсалды ұстасақ пайымды да, парасатты болсақ өз дамуымыздың ішкі және сыртқы факторларын талдап, таразылай білсек, онда біздің дұрыс жолды таңдап алу мүмкіндігіміз бар делінген. Осы біз қозғап отырған ел қорғайтын саналы да салауатты азамат тәрбиелеу- тек бүгінгі күннің тәрбие мақсаты емес.

Тәуелсіз еліміздің биікте қасиетті ұғымдарының бірі – отансүйгіштік біздің халықты біріктіретін Қазақстанның бірлігі мен жалпы ұлттық идеясының негізі болып табылады. Себебі, азамат, патриот болу үшін батыр немесе асқан ерекше адам болудың қажеті жоқ. Тек өз Отаныңды жеткілікті дәрежеде сүюін, ол үшін, қам жеуің, оның барлық қиындығы мен қуанышын бірге бөлісуін қажет.

Қазіргі мектепте жаңа қазақстандық париотизмге тәрбиелеудің бағыттары мынадай басты мәселелерді көздейді:



  1. Біртұтас түрде оқушының жеке тұлғасына ықпал етудің жүйесін жасау;

  2. Педагогикалық тәжірибедегі мүмкіндіктерді барынша толық қамту;

  3. Әртүрлі пәндерде оқытуда отан үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру;

  4. Қоғамдық өмір нормаларын қастерлеу;

  5. Білім алуға деген жауапкершілікті күшейту.

Республика көлемінде де, жекелеген оқу-тәрбие мекемелерін алсақ та патриоттық тақырыпқа байланысты іс-шаралар қазақстандық патриотизмнің заманауи болашағын кешенді түрде қарастыруды талап етеді. Алайда, нақты мақсаттарсыз, жоспарларсыз, жүйеленген міндеттерсіз бүған қол жеткізу мүмкін емес.

Біздің мектептің тәрбие жұмыстарының негізгі мақсаты: рухани дүниесі бай, денсаулығы мықты, жоғары азаматтылығы гуманизммен ұштасқан, әлеуметтік тұрғыда белсенді, бастамашыл, шығармашылықты, инновациялық, әлеуметтік-мәдени өзгерістерге қабілетті XXI ғасырға лайықты, елін сүйген патриот тұлға қалыптастыру мен дамытуға жағдайлар жасау. Тәрбие қызметіміздің басты міндеті: оқушылардың рухын көтеруге бағытталған, жеке тұлғаның рухани және шығармашылықты үздіксіз дамуына, өзін-өзі дамытуына, кәсібилік, бәсекеге қабілеттілік, сыни көзқарас пен ойлаудың стандартты емес үлгілерінің болуына, белсенді жасампаздық бастау, тағы да басқа адами ұстанымдарды қалыптастыратын тәрбие беру жүйесі мен тәрбиелік ортаны құру мен қолдау. Аталған міндеттер мен мақсаттар болашақ оқушылар бойында рухты қалыптастыруға; мектептік қауымдастықпен бірлесу сезіміне тэрбиелеуге; мектептің дәстүрлерін құрметтеуге, сақтау мен молайтуға; білім алуға деген жауапкершілікті күшейтуге; азаматтық және патриоттық кұндылықтарды, көзқарастар мен сенімдерді қалыптастыруға; мемлекеттің Рәміздері - Қазақстан Республикасының Елтаңбасын, Туын, Гимнін мақтаныш етіп, оларға құрметпен және қастерлеп қарауға; қоғамдық-саяси сауаттылық негіздерін қалыптастыруға; оқушыларды заңдылықтарды, қоғамдық және ұжым өмірінің нормаларын құрметтеу рухында тәрбиелеуге; ұлтымыздың өткені мен мәдени мұрасына құрмет көрсетуге; Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдерінің мәдениетіне қарауға; әр түрлі әлеуметтік мәселелерді шешуге және үн қосуға даяр болу сияқты қалыптастырады деген ойдамыз.

Осылардың ішінде біз патриоттық тәрбие мен қоғамдық-саяси сауаттылықты қалыптастыруға басымдылық береміз. Өйткені патриотизм оқушылармен қоғамдық сана негізінде ұғынылуы керек. Оқушылар бойында қоғамдық-саяси сауаттылықтың негіздерін қалыптастыру, олардың заңдылықты, қоғамдық өмір нормаларын қастерлеуге, біздің халқымыздың тарихи өткені мен мәдени мұрасына құрмет көрсету рухында тәрбиелеу егемен, тәуелсіз ел үшін — қажеттілік.

Біздің мектебіміз барлық күш—жігерін әрбір оқушының бойында өз отаны үшін мақтаныш сезімін қалыптастырудың тиімді тәлім-тағылымдық жолдарын қарастыру бағытындағы ізденістерін жалғастыра береді.



ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫСТЫ ЖАҢАША ҰЙЫМДАСТЫРУ БАҒЫТТАРЫ
Каирова Г.Б., Жилгельдина Х.А. (Ақтөбе)
Біздің еліміз дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Интеллектуалды капитал, еңбек адамы, инновациялық ойлау – жаңа Қазақстанның басты құндылығына айналды. Дана халқымыздың «Біліксіз қалар жырақта, білімді жетер мұратқа» - деген өсиетінің өзектілігі күннен күнге өсе түсуде. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың білім саласын ерекше назарда ұстап, өзінің тікелей қамқорлығына алуы, оны – мемлекеттік даму саясатының өзегі деп қарауы да осының айғағы.

Қазіргі кезде өркениетке ұмтылған еліміздің экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайына сай қоғам өмірінің барлық саласына белсенді атсалысатын, ісәрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын жеке тұлғаны қалыптастыру өзекті мәселе болып отыр. Мұндай адамды қалыптастыру шарты - оның табиғатынан берілген дарыны мен қабілетін дамыту, өйткені ақыл-ой тұрғысынан саналы әрекет ету қабілеті танымдық белсенділікке, дарындылыққа тәуелді.

Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты—олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Мұғалімнің де дарынды оқушылармен жұмыс жасау бейімділігін де диагностикалау қажет, яғни «субъект-субъект» парадигмасының орындалуы керек.

Дарындылық—адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Дарындылық пен қабілеттіліктің не екенін,оқушы дарындылығын анықтайтын психодиагностикалық әдістемелердің тиімділігін, нәтижелілігін білетін мұғалім ғана дарынды оқушымен нәтижелі жұмыс істей алады. Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн. [1;2 ]

Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты—олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету- оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Баланың дарындылығын анықтап, олармен жұмыс жасау қалай жүзеге асырылуы керек ? Ол үшін :

•Дарынды оқушыны таңдаған кезде оқушының жеке құжаттарын, мінездемесін сынып журналын зерттеу;

•Оқушының сабақтағы , сабақтан тыс кездегі іс-әрекетіне бақылау жасап, талдау жүргізу;

•Әр түрлі әдістерді пайдаланып оқушы білімін тексеретін жұмыстарды ұйымдастырып, баланың білім деңгейін анықтау керек.

Кез-келген мұғалім осындай жұмыстарды жүйелі жасап және жан-жақты талдау жұмыстарын жүргізе алса ғана, оқушылардың дарындылығын, қабілет мүмкіндіктерін айқындай алады. Дарындылықты,оқушының креативті белсенділігін айқындау процесі көпжақты.Дарындылық- табиғи және тәрбиелеу барысындағы дарындылық болуы мүмкін, сондықтан да оның қалай пайда болғанына қарамастан диагностикасы болу керек. [2;3] Осы тұрғыда мектеп психологының ролі артады, олар педагогтарға көмек көрсетуі қажет. Дарынды оқушыны диагностикалауды мына бағытта жүргіздім:

-Оқушының креативті ойлауына;

-Оқушының өзін-өзі бағалау деңгейіне ;

-Оқушының толеранттылығына;

-Оқушының интуициясына;

-Ол лидер ме ?

-Өзін оқымысты деп бағалай ма?

-Оқушының қызығушылығы;

-Оқушының көңілінен шығатын іс-әрекеті;

-Оқушының тұлғалық бейімділігі мен қабілеттілігін анықтадым. Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты.



Осы бағыттардың мақсаттары мен міндеттері төмендегідей:

•Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін анықтадым;

•Жан-жақты ақпаратты қабылдауын

•Коммуникативті бейімділігін

•Дарынды оқушының шығармашылық деңгейін;

•Дарынды оқушының қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауы



Бұл мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін мынандай жұмыс түрлерін жүргізуді жоспарладым:

1.Оқушымен жасалынатын жұмыстың икемді және ұтқыр жоспарын құрдым;

2.Жеке пәндерді оқытуда тәуелсіз қозғалыс жасадым;

3.Дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал еттім;

4.Дарынды оқушының қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құрдым;

5.Оқушының мектептегі тьюторлық орталық пен тринитаризм академиясымен тығыз байланыс жасауына ықпал ету;

6.Дистанциялық оқуды ұйымдастыру.

Осындай жұмыс түрлерін ұйымдастыруда мынадай мәселелерге баса назар аудару керектігін анықтадым;

1.Пән сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізу.

2.Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыру.

3.Сабақтан тыс мезгілінде жүргізілетін жұмыстарды- пәндік олимпиада, ғылыми конференцияға, интеллектуальдық турнирлер мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізу керек.

4. Білім беру мекемелерінде дарынды оқушылар үшін арнайы сыныптар мен топтар құрып, оқу бағдарламаларын жеделдетіп оқытуды ұйымдастыру;

Жеделдетіп оқыту бағдарламасын мұғалім оқушымен және ата-анамен бірігіп құрылды.

Мектепте дарынды оқушылармен жұмыс нәтижелі болу үшін, балалардың ата-аналарымен де бірқатар жұмыстар жүргізілуі керек.

Олар: - Ата-аналар күндерін ұйымдастыру;

-Мектеп психологы тарапынан ата-аналарға кеңес беру;

Мектепте жеке пәндерді оқуда ерекше білім жетістіктерін көрсеткен оқушылардың мәлімет банкісі құрылып, портфолиосы жинақталды, оқушылардың білім жетістіктері мен психологиялық дамуының диагностикалары салыстырылды.



Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Бейсенбаева А.А. Теория и практика гуманизации школьного образования. Монография. –Алматы: Ғылым, 1998. -225 с.

  2. Тұрғынбаева Б.А. Біліктілікті арттыру жүйесінде мұғалімдердің шығармашылығын дамыту //Білім берудегі менеджмент, 2004. -№3.

  3. Шамова Т.И. Активизация учения школьников. – М.: Педагогика, 1982. – 208 с.

  4. Аничкин С.А. Творчество и диалектика. –М.: Наука, 1995. -175 с.



ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР – САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ
Куатова Ш.У., Жусупова Ә.Б. (Ақтөбе)
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тіиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Білім беру технологияларын оқу тәрбие үрдісіне енгізу, интерактивтік әдістерді кеңінен қолдану оқушылар білімін, біліктілігін арттыру және практикалық жұмыс жүргізу мүмкіндігін калыптастырудың бірден - бір жолы. Ол арқылы білім сапасын арттыруға қол жеткізуге болады. XXI ғасыр табалдырығын аттаған адамзат дамуының жаңа кезеңі - білім беру прогрестің ең маңызды факторларының бірі болып саналатын кезеңге жетті. Қазіргі заманда мұғалімдер инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. Мұғалімнің біліктілігін көтеру мен шығармашылық педагогикалық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгеудің маңызы өте зор.

«Инновация» ұғымына ғалымдардың көбі оған әр түрлі анықтамалар берген. Мысалы: Э.Роджерс «Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея». Сонымен, «инновация» ұғымы педагогикалық сөздік қорына ежелден енген термин. Кейбір ғалымдардың еңбектерінде «жаңа», «жаңалық енгіз» деп көрсетілсе, кейбіреулер оны өзгеріс деген терминмен анықтайды.

Жаңа педагогикалық технологиялар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады. Мектептердегі оқыту процесінің басты мақсаттарының бірі оқушыларға ғылыми негіздерін білім жиынтығын берумен қатар, білім жүйелерін жетілдіру болып табылады. Оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы білім алу сапасын жақсартудың жолын тауып ,жан-жақты дамыған шығармашыл,әлеуметтік бәсекеге қабілетті, ортаға бейімделген кәсіби біліктілігі жоғары тұлға тәрбиелеу мәселесін шешуге болады. Педагогикалық технологиялар мақсатқа талпыну, мақсатқа бағытталу сияқты сапаларымен сипатталады. Соның әсерінен олар белгілі бір мақсаттарға қызмет атқарады. Ал мақсатқа қол жеткізу әрекеттерінің көпнұсқалылығы оларды икемді ете түседі.

«Технология» дегеніміз – қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың, педагогикалық технология - педогогикалық мақсатқа қол жетудегі колданылатын барлык қисынды ілім амалдары мен әдістемелік қүралдардың жүйелі жиынтығы»,-деп түсіндіреді В.Кларин. Мұғалім сабақта әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс - пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Жаңа педагогикалық технологияларды қолдану оқытушының шеберлігі мен қабілетіне де сын. Сонымен қатар әрбір педагогикалық технологияның өзіндік әдіс-тәсілдері бар. Осы әдіс-тәсілдер мен ерекшеліктерді оқытушы өзінің ізденісі арқылы оқушылардың қабылдау деңгейі мен қабілетіне сәйкес іріктеп алады.

Инновациялық оқыту дегеніміз – оқушылардың мүмкіндігі мен шамасына қарай мәселенің байыбына барып, керектісін алып, қажетті жолдарын қабылдау, оған сын көзбен қарай отырып, шығармашылық тұрғыдан ойлауға үйрету. Шығармашылық ойлау іс – әрекеттегі жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет:

- оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу

- пәндік білім стандартымен жете танысу

- білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру т.б.

Кейбір технологияларға тоқталсақ оқушылардың таным белсенділігін, ойлау қабілетін арттыру үшін сын тұрғысынан ойлау технологиясының маңызы зор.

Бұл технологияда төмендегідей қағидаларды беріп ұстанамыз:



  • оқушы мен оқытушы арасында тепе – теңдік жағдай

  • оқытушы мен оқытушы арасында сыйластық, өзара көмектесу, түсінісу

  • оқытушы пікірін құрметтеу, өз пікірін білдіруге жетелеу

  • оқытушылардың ойлау, талдау, іздену қабілетінің арттыру т.б.

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселенің бірі оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады.

Бүгінгі басты бағыттың бірі – білім беру үрдісін ақпараттандыру.

Адамдарға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасау. Қазіргі ақпараттанудың өзіне тән ерекшелігі білім беру кеңістігіне белсенді түрде кіру, ақпараттық өнімнің жаңа тәсілдерімен құралдарын оқу үрдісінің заңдылықтарына сәйкес қолдану. Көптеген оқу орындарында мультимедия орталық құрылған. Бұл орталықта электронды оқу құралдарын және басқада оқу құралдарын жасауда маңызы өте зор.

Білім беруді ақпараттандыруда тағы бір басты мақсаттың бірі оқушылардың интернет жүйесінде жұмыс істей білуіне жағдай жасау. Ал, интернет жүйесінде жұмыс жасау оқушылармызға әлемдік білім кеңістігіне еркін ену, ғылымдағы жаңалықтармен, жетістіктермен хабардар болу оны игеруге шексіз мүмкіндіктер ашу. Пән бойынша электронды оқулықтар, тірек – сызбалар, интернет жүйесі, видео сабақтар, интерактивті тақтаны пайдалану,слайдтар т.б. жинақталуда.

Жаңа педагогикалық технологияны меңгерген әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көрсете алады. Мұғалім алғаш жаңа технологияларын оқып үйренеді, екіншіден меңгереді, үшіншіден, жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеде қолданады, төртіншіден оны дамытып нәтижесін тексереді. Оқылатын пән мазмұны, мұғалім мен оқушының өзара байланыс іс-әрекеті, оқушының ішкі даму үрдісін негізінде анықталатын нақты мақсат қана педагогикалық технология дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелейді, жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгертуде үлкен бетбұрыс жасалған.

Оқу – тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс – тәсілдерін қолданып оқушыны жеке тұлға тұрғысынан қарастыратын болсақ, оқытудың сапалы болатындығы, яғни, оқушылардың пәнге деген жауапкершілігі, қызығуы, өз бетімен жұмыс істеу ынтасы, оқушының ізденушілік – шығармашылық зерттеушілік қабілеттері артады. Демек, әрбір жаңашыл педагог оқу үрдісінде түрлі инновациялық және интерактивтік әдістемелерді пайдалана білсе, сабақ сапасының жақсаратындығы сөзсіз.

Еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтардың білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан жалпы білім беретін мектептерде инновацияның түрлі тәсілдерін, педагогикалық білімдерін үнемі жетілдіре отырып, дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу әрбір ұстаздың төл міндеті болуы керек. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше салауатты, жан-жақты, білікті маман болу мүмкін емес. Білімнің жаңа парадигмасы оқушының дайын білім, икем және дағдыларды меңгеруінен гөрі олардың тыңдау, жинақтау, логикалық ойлау қабілеттерін, өз бетімен танымдық іскерлікке ұмтылуын дамытуға бағыттауға негізделген .

Педагогикалық технологияларды қолдануда жаңа оқыту құралдарымен, қазіргі ақпараттармен, сапалы мамандар даярлаумен, жоғары-техникалық базамен байланыстырғанда ғана жоғары нәтижеге жетуге болады.

Мектеп қоғамдық өмірдің қайнар бұлағы десек, мұғалім - сол қайнар бұлақтың жанды жүрегі. Демек, басқа мамандықтағы қызметкерлерге қарағанда, мұғалімнің өз білімі мен жұмыс істеу әдістемесін жиі жаңартуына тура келеді. Сондықтан ол ұстаздық әрекетті орындаудың әдіс-тәсілдерімен ғана емес, әдістемесімен де толық қарулана білу тиіс.

Осы орайда біз қызмет атқаратын №31 орта мектепте балаларға тек білім беріп ғана қоймай, олардың жаңа қалыптасып келе жатқан ой санасының жоғары рухта байыта білуге, ойы алғыр, қиялы ұшқыр оқушы тәрбиелей білуге ерекше мән беріледі. Бұл өмір талабы. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін мұғалім ең алдымен өз пәнін, өзі сабақ беретін ғылымды, оның негізін, оның қазіргі жағдайдағы күйі мен дамуындағы басты кезеңдерін, басқа ғылыммен байланысын, өмірдегі орны мен байланысын жете меңгеруі керек.

Білім беру мазмұны жаңаша құрылған ұлттық мектептің кеңге жайып дамуы сол мектептің оқу-тәрбие жұмысын жандандырар мұғалімдерге байланысты.

Қорыта келгенде әлемнің білім беру деңгейінен орын алу үшін білім беру, оқыту, тәрбиелеу бағытын инновациялық технологиялармен жетілдіру, пәндердің материалдық базасын нығайту, өзіндік жұмыстың орындалуын қадағалау және бағалау, өзара тәжірибе алмасу маңызды.



Қолданылған әдебиеттер

        1. Нұсқаулық. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы.

        2. Бидайбеков Е.Ы. Проблемы компьютеризации национальных школ. // В кн.: Компьютерные технологии в учебно-воспитательном процессе школы и вуза. - Свердловск, 1990, - С.25-28.

3. Ершов А.П. Концепция информатизации образования: Использование средств вычислительной техники в сфере образования. /Государственный комитет по народному образованию; разработано: РГ межвед. комис. под пред. А.П. Ершова. - М., 1989.
ОҚУШЫ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ КЕПІЛІ
Тобылбаев Е.Т., Куканова Л.Ж. (Ақтөбе)
Адам естіп білгені арқылы ғана жетілмейді,

еңбек пен іс- әрекет үстінде қалыптасады.

А.Эйзенштейн
Қазіргі заман жылдам әрі терең өзгерістермен ерекшеленеді. «Барлық істің басшысы – білім мен ұғым», деп Ж.Баласағұн айтқан екен. Білім жүйесіндегі үлкен өзгерістерді өз мәнінде жүзеге асыру үшін мазмұндық өзгерістермен бетке-бет келіп отырмыз. Қазіргі таңда егеменді Қазақстанның дүниежүзілік білім беру кеңістігіне ену үрдісінде оқу-тәрбие процесін ізгілендіру бағытына байланысты мұғалімдердің кәсіби дайындығына деген талап арта түсуде. Ғылыми салада білімді технологияландыру жөніндегі зерттеулер пайда болып, кәсіби дайындықтың мазмұндық және жеке аспектілерімен қатар оның технологиялық аспектілеріне де қызығушылық көрсетілуде. ХХІ ғасырдағы білім беру жүйесі білім беру проблемаларын шешудің жаңа бағыттарын қажет етеді.

Білім беру жүйесі ауқымды қоғамдық жүйенің бір саласы ретінде өмірде болып жатқан жаңалықтарды есепке ала отырып өз құрылымын өзгертіп отыруы қажет. Осыған орай білімге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, оқытудың жаңа түрлері, жаңа бағытта мектептер пайда болып, білім мазмұнының толығымен жаңаруына алып келді. Сондықтан, қоғамда болып жатқан әртүрлі шаралардың негізгі мақсаты бір, ол заман ағымынан қалып қоймай, өркениетті мемлекет құруға ұмтылыс жасау.

Қазіргі кезде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл тәрбиелеу мен оқыту үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: Білім берудің мазмұны жақсарып, жаңа көзқарас, үйлесімді қарым қатынас пайда болуда, білім беру саласында оқытудың озық технологиясын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес.

Әр ұстаз, тіпті әр адам үш нәрсені ескергені абзал: «білім» бар және «білімді үйрену (оқу)» бар, сонымен қатар, «білімді қалай үйрену» (қалай оқу) бар. Осы бағдарламаның негізгі міндеті - білімді қалай үйренудің жолын үйрету. Барлық адам білімнің бар екенін біледі, білімді үйрену керек (оқу керек екенін) біледі, бірақ барлық адам білімді бола бермейді. Неліктен олай?! Өйткені, кез-келген адам білімді қалай үйрену (қалай оқу) керектігін білмейді.

Білім берудің басты мақсаты – оқушының білім алуына, өзгермелі дүние жағдайында өздігінен әрекет ету, өзін таныту, әлеуметтік дағдыларды меңгеру қызметтерін орындауына қажетті іскерліктерді қалыптастыра отырып дара тұлғаның қабілеттерін дамыту болып табылады.

Атап айтқанда педагог ғалымдар берген анықтамалар төмендегідей:



  • құзырет – білім алушының меңгерген білімін, оқу біліктері мен дағдыларын, әрекет тәсілдерді өмірде тәжірибелік және теориялық міндеттерді шешу үшін пайдалана алу;

  • құзыреттілік – пайда болған мәселелер мен міндеттерді жедел түрде шешуге мүмкіндік беретін, түсініктілік жүйесін және соған сәйкес түсінудің, сыни ойлаудың болуын талап ететін тәжірибелік әрекетті жүзеге асыруға қабілеттілік;

  • құзырет – тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберіне қатысты білім, біліктілігі, дағдысы, мен іс-әрекеттері тәсілінің өзара байланысқан сапаларының жиынтығы;

  • құзырет – адамның өзінің іс-әрекет саласына сай құзыреттерді меңгеруі.

Ал «Құзірет» - оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс - әрекеттеріне қажетті білім дайындығына әлеуметтік сұраныс. Құзырет - қойылған мақсатарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындау. Жеке, қоғамдық қажеттіліктерді қалыптастыру мақсатында табысты іс - әрекетке дайындық, білім беру жүйесіне әлеуметтік тапсырыс болып саналады.

Негізгі құзыреттіліктер түріндегі күтілетін кейбір нәтижелер оқушыларды өз бетінше талдауға, өз қызметіне мақсат қоюға, жоспарлауға, жинақтаға, қорытындылауға, салыстыра дәлелдеуге, сыни тұрғыдан шешім қабылдауға, қарым – қатынас диалогына қатысуға, баламалы өзін- өзі бағалауға, өзін - өзі реттеуге, өзін - өзі түсінуге, өз әрекетінің әлсіз және күшті жақтарын көрсете білуге, ақпаратты сұрақ қоя отырып алуға, нені меңгергенін, нені меңгермегенін анықтауға, өз білімін өзгермелі жағдайларда қолдана білуге үйрету.

Құзіреттілік – оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Жаңа білім беру стандартында білім беруден күтілетін нәтиже проблеманың шешімін табу немесе өзіндік менеджмент, ақпараттық және коммуникативтік деп аталатын негізгі құзіреттіліктер түрінде берілген.

Білім мазмұнының жаңғыруы жағдайында оқу үрдісін жүзеге асырудың негізі міндеттеріне мыналар жатады:



  • білімдік үрдіске қатысушы әрбір субъектінің шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдай жасау;

  • өмірдегі басты мәні бар әрекеттің бірі деп танылатын шығармашылық жайлы көзқарастар қалыптастыру;

  • әр субъектінің шығармашылық әрекет түрлерін, оны дамытудың технологияларын меңгеруге көмектесу;

  • өзінің шығармашылық деңгейін анықтаудың, оған баға беріп, тиімді пайдаланудың тетіктерін үйренуге ықпал ету;

  • шығармашылық әлеуеттік дамуына кері әсер ететін кедергілерді жеңе білуді меңгеруге әсер ету болып табылады.

Бұл оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне қарай педогогикалық – психологиялық негіздеуді қажет етеді. Сондықтан оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырудың тиімді жлдарын іздестіру мәселесі білім беру жүйесінің барлық кезендерін қамтиды. Оның ішінде:

Оқушының зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру үшін төмендегі қағидалар есте сақталуы қажет: оқушыларды өз бетінше әрекет етуге үйрету; нақты нұсқауларға қарағанда баланың ұсынысына көңіл аудару; талқылау кезінде баға беруге асықпау; білім алу барысында балаларға көмектесу: өз бетінше проблеманы шығару; проблеманы өз бетінше шешу дағдыларын қалыптастыру; пәндер мен құбылыстар арасындағы байланысты бақылау; ақпартты талдау, талқылау, жүйелеу, топтау және жинақтау; өзіндік пікірін ешбір қорқынышсыз ұсыну. Оқушыларды өз идеяларын ұсына білуге және қате пікірінен бас тартуға, шыдамдылық танытуға үйрету.

Оқудың нәтижелі болуы-ұстаздың еншісінде. Әр ұстаздың оқытуға қатысты өз мақсаты мен ұстанымы болары анық. Пажарес оқыту стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі ұстанымға негізделген ой-тоқтамдарының ықпалы күштірек деп сендіреді.

Адамның ұстанымы дұрыс болса, оның сөзінің төркіні, амал-әрекеті дұрыс болмақ. Пажарестің бұл сендіруін оқымас бұрын да менде осы іспетті пікір болған. Осы ұйғарымға қатысты менің ұстанымдарымның бірі әр мұғалім сабаққа қатысты мақсатын нақты анықтап, талдай алуы қажет. Өйткені сабақ үстіндегі әрбір іс-әрекет қойылған мақсатқа тікелей байланысты.

Хэттидің пайымдауынша, орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелерінің арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған екен. Қорыта келе, мұғалім жаңаша оқыту тәжірибесін пайдалана отырып, өз білімін өзара байланыстырып ұйымдастыра білсе, әр түрлі мәліметтерді іздестіре отырып, бейімдеп қолданса жетістікке жетеді деп ойлаймыз.

Сондықтан да шәкіртке терең және тиянақты білім беру, оны ғылыммен өзара байланыстыру арқылы ойлау, пікірлесу қабілеттерін дамытуға қатысты материалдарды түсіндіру, білімдері мен икемділіктерін, өз ойымен және тәжірибемен ұштастыру арқылы жеткізе алу дағдыларын жетілдірудің мәні ерекше деп білеміз.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Нургалиева А.К. О некоторых особенностях развития системы гражданского воспитания в Казахстане// Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші Орынбор, 1924.

  2. Байтукова Б., Бакиева Т., (2004). Психологиялық әдістемелер жинағы. Астана.

  3. Өтебаева Ш., (1995). Нақыл сөздердің тәрбиелік мәні. «Қазақ тілі мен әдебиеті» ғылыми-педагогикалық, әдістемелік журналы, №4.



БІЛІМ БЕРУДІ БАСҚАРУДАҒЫ ЖАҢАША АМАЛДАР
Құсейінов С.Ә. (Қызылорда)
Бүгінгі таңдағы жалпы білім беретін орта мектептердегі білім берудің басты мақсаты – мектеп оқушыларына сапалы білім, саналы тәрбие беру және мектеп ісін басқарудың тиімді жолдарын жетілдіруді іздестіру болып табылады.

Басқару – диалектикалық процесс. Оның өзіне тән тарихи даму жолы бар. Басқару туралы алғашқы идеялар Американың белгілі ғалымы Кл.кіші Джорждың «Басқару ойларының тарихы» атты еңбегінде біздің дәуірге дейінгі 5000 жылдан бастап баяндалады. Автордың пайымдауынша басқару идеясы шумерлерден басталады. Қоғамдағы қажетті деректерді тіркеу, оларды жинақтап жүйелеу, қағазға түсіру басқарудың алғашқы элементтері болып табылады. Кейіннен Мысырлықтар (б.д.д. 4000 ж.) басқаруды жоспарлаудың, ұйымдастырудың және бақылаудың керек екендігін мойындаған. Олар басқаруды тек шаруашылықта ғана емес, сонымен қатар ұрпақ тәрбиесінде де қолдануға тырысқан. Қытайлықтар (1100ж.) басқаруды ұйымдастырудың, жоспарлаудың, басшылық және бақылаудың қажеттілігін мойындап, басқару үрдісін көкейкесті мәселе деп қараған. Сократ, әл-Фараби және Чарльз Баббедждің және т.б. қөзқарастарына аса мән берген. Бірқатар ғалымдар (Е.В.Бондаревская, Н.Ю.Посталюк, К.Бердалиев) Кл.кіші Джорждың еңбегін өте жоғары бағалаған, оны менеджменттің негізін қалаушы деп таныған. Еңбекте көрініс алған шығыс, батыс өркениеттеріндегі басқару жолының негізгі идеяларын басшылыққа ала отырып менеджмент, басқару мәселелеріне жүйелі сипаттама берген.

Тарихи зерттеулерге жасаған талдау басқарудың әртүрлі саладағы қызметін және оның дамыған жүйелерінің теориялық негіздері бірқатар ғалымдардың еңбектерінде (М.Альберт, М.Х.Мескон, А.Файоль, Г.Кунц, С.О.Доннель және т.б.) көрініс алғанын, жалпы басқару термині ХХ ғасырда өздігімен жеке сала деп таныла бастағаны туралы баяндалады. Басқару жайлы түсінік ғылымның барлық саласында қолданылады және оның әрбірі өзіне тән аспектілерді қарастырады. Осыған дейін зерттелген еңбектерде басқару - қызметтің ең маңызды түрі болып есептелді. Мысалы, Питер Ф.Друкер: «басқару бытыраған топты мақсатқа бағыттайтын, тиімді және өндіруші топқа айналдыратын қызметтің ерекше түрі» деп түсіндіреді. ХХІ ғасырда мектепті менджерлік тұрғыдан басқаруға көп көңіл бөлінуде.

«Менеджмент» ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің «манус», яғни «қол, күш» деген сөзінен шығып, алғашқы кезде мал бағу саласында, дәлірек айтқанда, ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберліген білдірген. Кейіннен бұл атақ адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болды.

Ағылшын тіліндегі Оксфордт сөздігінде бұл ұғымға мынандай түсінік беріледі:


  1. Адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі, үлгісі;

  2. Билік және басқару өнері;

  3. Шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды

  4. Басқару органы, әкімшілік бөлігі;

Менеджмент негіздері курсы бойынша студенттерге арналған американдық оқулықта төмендегідей анықтама берліген:

Менеджмент-бұл ұйым мақсаттарына жету үшін адамның материалдық және қаржылық ресурстарды ұтымдылау пайдалану процесі.

Профессор И.Н. Герчикова менеджментті нарық жағдайындағы фирманың кез-келген шаруашылық қызметінде белгілі бір мақсаттарға материалды және еңбек ресурстарын ұтымды қолданып және менеджменттің эконмикалық механизмінің принциптерін, қызметтерін және әдістерін пайдалана отырып қол жеткізуге бағытталған дербес кәсіби қызметтің түрі деп қарастырады.

Белорусь ғалымы Н.И. Кабушкиннің ойынша менеджмент-бұл адамның еңбегін, мінез-құлық мотивін және ой-әрісін қолдана отырып, жеңе білу, қойылған мақсаттарға жете білу туралы ғылым мен өнер.

Ф.М. Русинов пен М.Л. Разу менеджментті ұйымның шаруашылық өміріндегі ұтымды нәтижелерге, материалдық, еңбек, қаржылық, ақпараттық және ұйымдастыру ресурстарын тиімді пайдалану және экономикалық ынталандырудың алуан түрлі принциптерін, қызметтерін, әдістерін қолдану негізінде қол жеткізуге бағытталған кәсіби қызметтің ерекше түрі деп түсіндіреді.

Э.А. Уткин «Курс менеджмента» еңбегінде менеджментті былайша түсіндіреді: Менеджмент-бұл нарық жағдайында,ы кәсірорынның ұтымды шаруашылық нәтижелерге жету үшін менеджменттің әлеуметтік-экономикалық механизмінің түрлі принциптерін мен қызметтерінғ әдістерін қолдану негізінде қол жеткізуге бағытталған кәсіби қызметтің ерекше түрі.

А.А. Радугиннің менеджмент түсінігінің негұрлым қысқаша сипаттамасын қолданады. Оның пікірінше, менеджмент-бұл әрі өнер, әрі ғылым.

Менеджмент-бұл өндірісті басқару, меңгеру және ұйымдастыру, өндірістің тиімділігін көтеру және пайданы арттыру мақсатында әзірленіп қолданылатын басқарудың принциптерінің, әдістерінің, құралдарының және нысандарының жиынтығы. Мұндай сипаттаманы Вачугов Д.Д жетекшілік еткен ғалымдар тобы Основы менеджмента деген кітапта береді.

Менеджмент саласындағы маман Веснин В.Р. басқару және менеджмент деген түсініктерді ажыратпайды. Менеджмент /мекеме, коммерциялық немесе коммерциялық емес фирмалар мен олардың жекелеген бөлімшелеріне/ жетекшлік жасамау.

Бір анықтама екінші анықтаманы дамытады, себебі, олардың бәріне тән ортақ нәрсе-менеджмент-бұл өндірісті басқару принциптерінің, әдістерінің, құралдарының және нышандар жүйесы. Терминологиялық пікір таластар мен елудени астам менеджмент анықтамасының иинтерпретациясына тоқталмай-ақ, менеджменттің басқару еңбегінің сипат ымен мазмұнын зерттейтін ғылым екендігін айтып өту керек. Менеджментке анықтама бермеген О.С.Виханский мен А.И. Наумов дұрыс жасаған.

Мененджментті қолда бар ресурстарды ұтымды қолдану арқылы ұйымның мақсаттарын қалыптастырып, оған қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған білімдер мен кәсіби қызметтің саласы деп қарастырған ғалымдардың көзқарасын қолдалады.

Менеджмент теориясын алғашқы жасаушылардың бірі Ф. Тейлордың пікірінше, менеджмент – ережелер мен принциптерге негізделген шынайы ғылым деп есептеді.

П. Друкердің түсіндіруінше, менеджмент ғылым немсе кәсіптен гөрі практикаға жуықтау. Оо менеджмент ұғымына кең мағынада түсінікт беруге қарсы болып, оны іскерлік кәсіпшілікке, былайша айтұанда тауар өндіру мен алуан түрлі экономикалық қызмет көрсетуге жатқызады.

Менеджмент ұғымына Э. Петерсон мен Э. Плоумен кеңірек түсінік берілді. Олар батыстағы іскерлік әлімге Бизнес пен менеджментті ұйымдастыру кітабының авторы ретінде танымал. Олар былай деп жазады: Кең мағынада, әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, менеджмент дегеніміз адамдарға тән үрдістерді топты қалыптастыру нәтижесінде өрістейтін техника немесе тәсіл. Мұндай топтың мысалына, үкіметтегі алуан түрлі клубтарды және іскер кәіспорындарды жатқызуға болады. Қандай топ болмасын, оның өзінің дербес менеджменті болуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда менеджментті тәсілдер жиынтығы ретінде қарастыруға болады әрі сол арқылы белгілі бір адамдар тобының мақсаттары мен імндеттері белгіленелі және айқындалады.

Басқарудың осындай жалпы қағидасы адамдар тобының алуан түріне түрліше қолданылғанымен, оның түпкі негізгі мағынасы сол қалпында сақталады. Осыған байланысты белгілі бір әлеуметтік топтарға сәйкес келетін менеджменттің негізгі алты түрі тармақталады:


  • Үкімет. Менеджмент ұғымы үкімет қызметіне қолданылғанымен, Петерсон мен Плоуменнің пікірінше, оның қызметі барлық жағынан алғанда менеджменттің жалпы анықтамасына сәйкес келеді.

  • Мемлекеттік менеджмент. Көп мемлекеттік мекемелерді ұйымдастыру және сондағы қызметкерлерге билік жүргізуді жүзеге асыру.

  • Әскери менеджмент. Мемлекеттік менеджменттің ерекше түрі. Құраулы Күштерді ұйымдастыру және оларға жетекшілік теу.

  • Құрама одақтық немсе клубтық менеджмент. Мемелекеттік мекемелердегі секілді, мұнда қызметкерлер тобының іс-әрекетін ұйымдастырып, оларға басшылық ету қажет.

  • Бизнес менеджмент. Үкіметтіктен және мемлекеттіктен өзгеше келетін менеджменттің ерекше түрі.

  • Мемлекеттік меншіктегі менеджмент. Бизнес –менеджменттің арнайы түрі. Жеке меншік іскерлік кәсіпорын қызметімен қоса, мұнда менеджмент сипатына мемлекеттік және әлеуметтік проблемалар мен ой-пікірлер де ықпал етеді.

Петерсон мен Плоумен былай атап көрсетеді: менеджменттегі сұндай өзгешеліктержің көп жағдайда елеулі айырмашылығы бола тұрса да, бұлардың барлығы адамның мінез-құлқы туралы негізге алынатын түсініктерге сейенеді. Осы аталғандар менеджментті жеке де, бұлар материалдық жағдайларға да тәуелсіз ретінде қарастырылады, себебі, соңғы айтылғанның алуан түрлілігінде шек жоқ.

Менеджментке алуан түрде түсінік бергенімен, классиктердің бұл жөніндегі тұжырымдары көп жағдайда ұқсас келеді.

Гальвецияның пікірінше, басқару процесі-өнер, оның басты мәні мен мақмұны нақты жағдайға қарап ғылымды қолдану.

Қазіргі кездегі менеджмент жоспарлау қызметі мазмұнының өзгеруімен байланысты фактілерді жан-жақты зерттеуімен, кәсіпорындардыңғ ойдағыдай іс-әрекетімен, басқаруды түпкі нәтижесіне қарай ұымдастырауымен, дамыған теориясымен және маркетинг практикасымен, жаңа технологияны жасаумен, адам факторын жандандыратын шешімдер қабылдауымен сипатталады.

Вольфганг Хайер өзінің Еуропада бизнес қалай жасалады кітабында былай жазады: Менеджмент-бұл жұмысты істеп тұрған коммерциялық кәсіпорынның арнайы органы. Егер Батыста кез келген кәсірорын жөнінде сөз бола қалса, адамдар әуелі сол қоғамға танытатын да тек басшылар.

Сонымен, менеджменттің бастапқы ұығым-бұл басшылық.

Іскер кәсіпорындар тек өз органдары, яғни басшылары, немсе менеджмент арқылы ғана әрекет ете алады.

Жеке кәсіпорынның, өзінің құқықтық нышандарына қарамастан, басшылығы болуы тиіс. Басқадай басқару түрлеріне іскер кәсіпорын менеджментіңің айырмашылығ сол, кәсіпорынның мақсаты, демек, оның басқару міндеті тауар өндіру немесе қызмет көрсету, басқаша айтқанда, жұртшылықтың қажетін өтеу, немесе нарық арқылы әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыру. Өндірістік кәсіпорындағы менеджменттің басқа ұйымдардан өзгешілігі, олар өзінің шешімдеріне экономикалық түснікті басшылыққа алуы тиіс. Оның өмір сүруі мен мәртібісі қызметінің экономикалық нәтижесіне негізделеді.

Менеджменттегі басты нәрсе-кәсіпорын мүддесіне жауап беретін мақсаттар қою. Менеджменттің тағы бір анықтамасына сәйкес жұмыс істеу міндетіне жататыны-қолда бар адам мен материалдық ресурстар негізінде тиімді кәсіпорын құру.

Кәсіпорын ең сапалы, әрі бағасы біршама арзан тауарларды шығара алуы немсе бәсекелестеріне қарғанда ең тәуір қызмет көрсете алуы тиіс.

Кәсірорын-еі алдымен адмдар. Осыдан келіп бұл терминнің үшінші анықтамасы шығады.: менеджмент-бұл адамдардың, қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру.

Кәсіпорындардағы адамдар өндірістік процестің маңызды элементі болып саналады. Жаңа кәсіпорын құрарда жаңа инвестицуияны жүзеге асыратын ақша қаржысы мен капиталды нарық капиталдарынан алуға болады. Ал өз ісін жетік білетін қызметкерлерді іздеп табу, анғұрлым күрделі іс.

Менеджменттің міндетіне, басшылық етуіне жаңа нарықтарды игеруіне жұртшылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады. Егер кәсіпорын нашар әрі тиімсіз жұмыс істесе, онда оның жаңа қожайыны жұмысшыларды емес, басшыларын ауытырады. Сонымен, менеджмент дегеніміз-ұжым жұмысын ұйымдастыру, кәсіпорын жұмысын ұйымдастыруында қызметкерлер мұқтажын барынша толық қанағаттандырады,олардың жұмысын жандандыруды әрі тиімділігін арттыруды көздеу қажет.

Сонымен, менеджменттің екі ұғымы бар:

Біріншіден, менеджмент-бұл басқару, басшылық ету органы, екіншіден, менеджмент-бұл адамдарды басқару /әрекеті/.

Мектеп басқаруды тиімді ұйымдастыру әдістемелік білім-білікпен бірге, жеке басының сапалық қасиеттерін де қажет етеді.



Менеджерге қойылатын қазіргі талаптар:

  • өзін меңгеру және қабілеті;

  • жеке мақсаттың дәлдігі мен оны жете түсіну;

  • өз өсуіне үнемі сүйену, қарауындағыларды оқытып, өсіре білу;

  • мәселелерді шешу дағдысы мен жаңалық енгізуге қабілеттілік;

  • маңындағыларға ықпал жасауға жоғары қабілет;

  • қазіргі басқару тәсілін білу және басшылық қабілет;

  • тиімді жұмысшы тобын құру және дамыта білу қабілеті;

Мектепті жаңаша басқаруда төмендегіше талаптар қойылады.

  • алдын-ала болжай білу немесе көрегендік;

  • талаптылық және тәртіпке бағыну;

  • кәсіптік-педагогикалық бағыттың болуы;

  • адамдарға ықпал жасай алу (ұжымды жұмылдыру, өзіне ерте білу);

  • дұрыс шешім қабылдау қабілеті;

  • ұйымдастырушылық қабілет;

  • уәкілдікті бере білу;

  • қойылған мақсатқа сәйкес бақылауды жүзеге асыра білу;

  • қатынас және байланыс қабілетінің болуы;

  • дау-жанжалды шеше білу;

  • өз бетінше білім алу және өзін-өзі жетілдіру қабілеті;

  • талдай білу қабілеті;

Жаңаша басқарудағы негізгі міндеттерге мыналар жатады:

  • Басқаруды мамандық ретінде меңгеру;

  • Арнайы басқарушылық білімі болу;

  • Шешім қабылдауға тәуелсіз болу;

  • Іштей еркіндік (бостандық) және бастаушы;

  • Тәуекелге бел байлау;

  • Бір пікірдегі адамдар тобының жұмысында бір бағытта болу, бір пікірдегі адамдар тобын құру;

  • Тиімділікті басты өлшем етіп алу;

  • әңгімелесуге, пікір-сайысына, жаңа мәліметтердің қалтықсыз болуына дайын болу;

  • ой-өрісі мен біліктіліктің кеңдігі; т.б.

Тиімді жетекші (лидер) болудың жеті шарты:

  • Көрегендік;

  • Сенім арту;

  • Салқынқандылық;

  • Тәуекелге бару;

  • Сарапшы болу;

  • Әр түрлі көзқарастарға құрметпен қарау;

  • Қарапайым, бірақ керемет шешімдер таба білу;

Басқару ақпараты

Педагогикалық жүйені басқаруда кез келген ақпарат маңызды, әсіресе жүйенің оңтайлы жұмыс жүргізу үшін қажетті басқару ақпаратының маңызы ерекше. Түрлі белгілеріне қарап басқару ақпаратын былай топтастыруға болады: уақыты бойынша –күнделікті, айлық, тоқсандық, жылдық; басқару қызметіне қарай – талдамалық, баға беруші, конструктивті, ұйымдық; жиналған мәлімет көзіне қарай – мектепшілік, ведомстволық, ведомстводан тыс; мақсатты пайдалануы бойынша – директивалық, таныстырушылық, кепілдемелік және т.б.

Мектеп жұмысының практикасында жоспардың негізгі үш түрі кең қолданылады: перспективалық, жылдық және ағымдық.

Менеджменттің негізгі функцияларына мынылыр жатады

1.Талдау. 2.Болжау. 3.Шешім қабылдау. 4.Жоспарлау. 5.Ұйымдастыру. 6.Үйлестіру. 7.Бақылау. Әмббап функциялар: 1.Мотивация. 2.Ақпарат жинау.



Менеджменттік басқару құрылымы:

1. Пед.диагностика (айқындау) 2. Үрдісті болжау 3. Міндетерді айқындау, белгілеу 4. Мазмұн анықтау 5. Жұмысты жоспарлау 6, Түрлерді айқындау 7. Әдістер мен тәсілдерді таңдау 8. Әрекетті ұйымдастыру және өткізу 9. Үрдісті талдау 10. Үрдісті түзету



Жоспарлау қағидалары:

1. Мақсатты бағыттылық; 2. Ғылымилық; 3. Жүйелілік; 4. Кешенділік; 5. Жариялылық; 6. Басым бағыттарды айқындау; 7. Нақтылық; 8. Перспективалылық; 9. Ұжымдық жоспарлау;



Әдістемелік жұмыстың негізгі қағидалары:

1.Мақсатты бағыттылығы; 2.Ғылымилығы; 3.Жүйелілігі; 4.Кешенділігі; 5.Сабақтастығы; 6.Шығармашылық сипаты; 7.Нақтылығы мен айқындығы; 8.Теория мен практиканың бірлігі; 9.Басым бағыттың жетекшілігі; 10.Ұжымдық сипаты; 11.Оңтайлылығы мен пәрменділігі; 12.Қолайлы жағдайлардың жасалуы;



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Оксфордский учебный словарь английского языка

  2. Кабушкин Н.Н. Основы менеджмента.-Минск, БГЭК,1996

  3. Менеджмент негіздері/ Ахметов К.Ғ., Сағындықов Е.Н., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Жұмаев Ж.Ж. - Ақтөбе-Орал, «А-Полиграфия», 2005

  4. Білім берудегі менеджмент №4 2002 /1,32 бет/



КЕМБРИДЖДІК ТӘСІЛМЕН БАҒАЛАУ ЖОЛДАРЫ
Наурзалина Г. Б. (Актөбе)
Қазіргі таңда «бағалау» деген сөзді естіген мұғалім қауымының құлағы селт етпей кетпесі анық. Олай дейтінім, бүгінгі кезеңдегі инновациялық бағыттағы яғни білім беру ісін тереңдету мақсатында жүргізіліп жатырған біршама жаңарудан кейін, әр мұғалім өзіндік оқушыларды бағалау тәжірибесінде әр қилы өзіндік жаңалықтар енгізуде.

Мен тек қана дәстүрлі бағалаумен шектелетінмін, осы ІІІ деңгейлік курстан кейін бағалауға байланысты көптеген тың дүниелермен қанықтым. Мен үшін бағалау тек білім нәтижесін анықтау мақсатында алынатын дүние болып келсе, енді мен оны кең мағынада танып білдім.

Александердің 2001 жылы шыққан еңбегінде «Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез-келген нысанның артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және уәжі туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады» деп айтылған (Нұсқаулық 56 бет). Бұл жердегі айтылған тұжырымдамада бағалаудың тек қана оқушының игеріп алған білімдерін саралау ғана емес, оның қалай дамып келе жатырғанын, өзінің оқу сатысының қай баспалдағында тұрғанын анықтау мақсатында екені айтылған деп білемін.

«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады (Нұсқаулық 57 бет). Бағалау түрлі нысанда болуы мүмкін: бір тестілер қолдағы қарындаш пен қағаздың көмегімен жүргізілсе, басқалары сыныптағы әдеттегі сөйлесу кезінде сұрақ қоюға негізделеді бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән.

Білім берудегі оқушының жұмысының нәтижесі есебінде біз оқушыға баға қоямыз, алайда, біз осы күнге дейін көп жағдайды жиынтық бағалауды қолданып келдік те, оқушының өз білімін жетілдіруіне мүмкіндік бере алмадық, оқушы алған бағасы ол үшін білімінің көрсеткіші іспеттес болып қала беретін.

Бағдаламада бағалаудың екі түрі қарастырылған: формативті бағалау және жиынтық бағалау. Формативті бағалау оқыту үшін бағалау болып табылады да, ал жиынтық бағалау оқытуды бағалау болып табылады. Жиынтық бағалауды оқудың қорытындысын шығаруда, оқудың алға ілгерілеуін тіркеу мақсатында қолданамыз. Оқыту үшін бағалауда оқушы өзін-өзі реттеу арқылы өз білім деңгейін бағалайды, білімін жақсартады, сабаққа деген белсенділігі артып, қызығушылығы оянады, өзін-өзі, бірін-бірі бағалауды үйренеді. Мен өз іс-тәжірибемде көбінесе оқушыларды өзін-өзі, бірін-бірі бағалауына баса назар аудардым. Өйткені оқушы өзін-өзі реттей отырып, өз білім деңгейін анықтайды, өз білімін басқалармен салыстыруды үйренеді.

Әр мұғалімнің бағалауды қандай мақсатта, кім үшін, қалай өткізу керек екендігіне негізделеді. Бағалаудың басты мақсаты:

1. Оқытудың қиындықтарын анықтау

2. Жетістікке жететіндігін көрсететін кері байланыс

3. Уәж


4. Болжау және сұрыптау

5. Стандартты бақылау және орындау

6.Оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін бақылау екендігін түсіндім (Нұсқаулық 56 бет). Бағалау оқу үрдісінде тынымсыз жүріп отыратын процесс. Мұғалімдер оқушының үйренгенін үнемі жинақтап отырады.

Блэк пен Уильям (2000) бағалауды жетілдіруге қажетті талаптардың ішінен оқушы мотивациясын туғызуға ерекше мән берген.

Олар қолданатын кез-келген нысанның артында тек қана обьективті немесе жеткілікті дәрежеде обьективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және уәжі туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш –жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады, - деп Александер (2011) айтпақшы, мен де өз тәжірибемде бағалауға өзгерістер енгіздім.

Мен өз тәжірибемде күнделікті 5 балдық жүйемен немесе арнайы белгілермен бағалап жүрдім. Әдетте, мен бұрынғы сабақтарымда жиынтық бағалауды көп пайдаландым және бағалауды көбінесе өзім жүргізуге тырыстым. Әркім өзінің қателіктерінен үйренеді екен, кейін бұл әрекетімнің дұрыс еместігін түсіндім, оған менің күнделікті тәжірибеде жасаған өзгерістерім де себепші болды. Мен өз - өзімді реттедім, сабақ жоспарларымды қайта-қайта қарап, бұрынғы сабақтарымды есіме түсіріп, жаңаша көзқараспен, алған теориялық білімімнің негізінде күндіз-түні жұмыс жасадым, мектептегі іс-тәжірибемде әрбір сабақта жиынтық бағалаумен қалыптастырушы бағалауды қатар жүргізіп, оқушыларға сабақтағы өзгерістерді біртіндеп түсіндірдім. Оқушылар қауымы әрқашан жаңалыққа құмар болғандықтан да, оларға менің өзгерісім қызықты болып көрінді.

Әрқашан сабақтың соңында тек баланың сабақты қалай меңгергені туралы және сабаққа белсенді қатысып отырғанын қорытып, бірақ – ақ «5», «4» ,«3» деген бағалауды қойып жүрген мен үшін бұл бағалау түрі басында қиындау соққаны рас. Сонымен, сабағымның алғашқы кезеңінен бастап, сол сабаққа негізделген бағалау критерийін құрып бастадым.


  • бастапқы диагностика;

  • жиынтық немесе оқытуды бағалау;

  • оқу үшін бағалау;

оның ішінде үй тапсырмасын, рөлдік ойындарда, шығармашылық тапсырмалар орындағанда мадақтау, 3 шапалық, екі жұлдыз бір тілек түрлерін қолдандым. Кейбір тапсырмаларды жұппен, топпен бағалаттым. Оқушылар топтық таныстырылымдарын «екі жұлдыз, бір тілек» айту барысында бағалады, бірінің айтқанын бірі қайталамауға тырысты. Оқушылар бір біріне бүгінгі сабақ барысында жеткен жетістіктерін айтып, екі жұлдыздарын сыйлады және сабақта жіберген кемшіліктерін айтып, келешекте сол кемшіліктерді дұрыстауға ұсыныс жасап, бір тілектерін айтып жатты. «Үш шапалық» бағалау түрі сабақтың барлық кезеңдерінде оқушыларды ынталандырады.

Оқушылардың белсенділігін арттыру барысында мына сөздерді жиі қолданылатын болдым. Мысалы; «бәрекелді, жарайсың, тамаша, керемет және т.б», сөздер арқылы бағалап қолдап отырдым. Және топ басшыларының алдына берілген «бағалау парағы» арқылы да бағаланып отырды. Оқушылар белгіленген талаптар арқылы өзін-өзі бағалайды, «мен осы қойылған талаптарға сай жұмыс жасадым ба?, қандай дәрежеде орындадым?» – дегендей сұрақтарды өздеріне қойып, жақсы жетістікке жетуге, алға қарай ілгерілеуге қадамдар жасайды. Бағалау – одан арғы, білім алу туралы нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин деп нұсқаулықта көрсеткен (Нұсқаулық 57 бет). Яғни, бағалау оқыту мен білім берудің ажырамас бөлігі екенін білеміз. Сондықтан мен оқытуды бағалау білім беруді жетілдіру болып табылатынын түсіндім. Оқу үдерісінде әр кезде әртүрлі бағалауды қолданамыз. Қабілеті төмендеу оқушыларым бағалау парағын толтыра отырып өзін-өзі бағалауға үйренді. Есте сақтау қабілеттері артты. Кейде өткізілген тақырыпты да бағалайтын болды. Топ басшылары топты бағалаған кезде өз ойларын ашық айтып, бағалауда әділ болды. Балалардың «өзін өзі» бағалауында көбірек көңіл бөлдім және жұбын, тобын бағалаудыда қадағалап отырдым. Әрине, күн сайын өз еңбегі үшін баға алып, үйіне барып ата-анасын қуантып отыратын оқушының баға сұрауы қалыпты құбылыс. Алайда, мен бірте-бірте сабақтарымның барысында оларды баға үшін емес, білім алу үшін оқу керектігін түсіндірдім. Содан соң өздеріне «Мен өз ойымды жеткізе алдым ба?», «жауабымның дұрыстығына нақты дәлелдер келтіре алдым ба?», «қаншалықты?», «мен жаңа тақырыпты қандай деңгейде меңгердім?», «қаншалықты белсенділік таныттым?», «өзгелердің пікірін тыңдай алдым ба?», «неге үй тапсырмасын орындауда салғырттық таныттым екен?», «өзгелерден қалыс қалмадым ба?» деген сұрақтарды өздері саралайтын болды. Осының нәтижесінде бала жауапкершілікті сезінді, өз білімін жетілдіру қажеттігін түсінді, талдау жасауды, өз білімін басқалармен салыстыруды, білім алу барысында шешімдерді қабылдай білуді үйренеді, дағды қалыптасады. Әр мұғалім алғашқы кездері өзі бағаласа, келесі сатыларда оқушыларды өзін өзі бағалауға немесе өзара бағалауға үйрете беруі керек.

Блэк пен Уильям ұсынған тәсілдерді төмендегідей қолдандым: оқушылар бір-біріне өзін-өзі реттеу бойынша, смайликтер көмегімен, 3 рет қол шапалақтау және мақтаулар, өзін өзі бағалау, ашық журнал, өзін өзі реттеу парағы, үздік жұмыстар көрмесі, эссе көмегімен бағалау түрлері жүрді. Оқушыларды сабақта мадақтау арқылы олардың келесі тапсырманы орындатуға белсенділігін арттыра түстім.

Ал, жалпы сыныптың «сабақты меңгергенің қалай бағаладым?», «Ол сыныптың барлығын толық бағалап шығуыма өз мүмкіндігін тигізді ме?» деген сұраққа келер болсам, шынында да сыныпты бағалауда көп жақсы әсерлері болды. Мысалы: осыған дейін 1 сабақта 7 немесе 8 оқушыны бағалай алатын болсам, енді толық сыныптың оқушыларына өз бағалауларымды қамтыдым. Сабаққа қалай қатысып отырғанынын, жұпта, топта қалай жұмыс жасап отырғанын мен «бақылаушы» ретінде жүріп және олардың әрқайсысының қимылдары мен әрекеттерін бағалау қағазыма түртіп отырып сабақ соңында оқушыларға тал отырғызу арқылы білім шыңына жетеледім. Әр сабақтан соң міндетті түрде талдау жасауды қолға алдым, соның негізінде ертеңгі сабағыма толықтыруды қажет ететін жолдарды таптым. Сабақта тек көшбасшылық жасап, тек дайын ресурсты бірігіп реттеуші рөл атқардым, топтарды бақылай жүріп, үлестірме материалдарды кімге беру керектігін сырттай бақылау мүмкіндігін алдым. Тез жұмыс істейтіндер үшін қосымша тапсырмалар бердім. Менің тәжірибемде бақылауым бойынша шағын топтардың топ жетекшілерімен жұмысты жүргізген тиімді екеніне көзім жетті. Себебі бір жағынан ол оқушылар өз беттерімен тапсырмалар дайындап, оны өз топтарындағы үлгерімі төмендеу оқушыларға орындаттым. Сол уақытта ол оқушының сабаққа қызығушылығы артуымен қатар өзіне үлкен сенім жүктелгенін түсінеді.

Алғашқы кезде немқұрайлы, тақтадан көшіріп қана отырған кейбір оқушылар қазіргі жағдайда ана тілі пәніне деген қызығушылықтары арта түсті. Әр түрлі деңгейдегі мүмкіндіктері бар оқушылармен жұмыс істеу туралы рефлексивтік есепті өткен сабақтағы бақылауым бойынша көрсеткенді жөн көрдім.

Нұсқаулықта жазылған Джин Раддоктың «Оқушылармен пікірлесудің мақсаты – қабылдаушының көзқарасы тұрғысынан алғанда оқудың не екендігін түсіну, жекелеген оқушылар мен топтар үшін оқуды қалай жақсарту» деген сөзіне сүйене отырып, «Оқушы үніне» де құлақ астым. Себебі, бағалаудың бұл түрін мен оқушы таңдауына сүйеніп алдым. Бағалаудың бұл түрін алу арқылы, мен оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін шыңдап, сонымен қатар диалогқа түсірдім.

Сонымен қатар, мен әр сабағымның барысында жақсы айтылған идея, ұсыныстарға әр түрлі бағалау әдістерін қолдану кезінде оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыра алдым. Оқушылар мен менің бағалағаным бір – біріне 80 % да шындыққа жанасатынын аңғардым.

ОүБ бағалау тәсілдері балаларға қатты ұнады. Олар маған ойларын ашық айтып, өздерін қандай баға қойсамда бірінші өзі туралы сыни ойланып, өзіне баға бере алды.

Әр оқушымның «жеке тұлға» болып қалыптасу жолында, өзімнің тәжірибиемді ұштап отырамын. Римдік философ Сенека Луций былай деген екен: «Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз» Менде оқушыларыма үйрете жүріп, өзімде үйренемін деп білем… Мұғалім жан жақты тұлға! Оның ойының ұшқырлығы қаншалықты терең болған сайын, оқу үдерісінің жаңалықтарындада соншалықты тың дүниелер пайда болады. Қазіргі таңда беріліп отырған, түрлі бағдарламалардың оқушы бойына дұрыс таралуы нағыз ұстаздың қолынан келетін іс деп білем…

Мен бағалау арқылы оқу үдерісін жақсартуға ықпал ететін төмендегідей факторлардың орындалатынын түсіндім:

Оқушылармен тиімді кері байланыс орнайды, онда оқушылар сабақ бойынша алған әсерін жеткізді, кейбіреулерінің тілектерін негізге ала отырып, сабақтарымды жоспарладым;

Оқушылар өздерінің оқу үдерісіне қызу араласады, олардың бағалау критерилеріне сәйкес жұмыс жасағандыған байқадым, бұл көрсеткіш әр сабақ сайын жақсарып отырды;

Оқыту мен бағалау арасында байланыс орнайды, өз жұмысын өзі бағалау және өзін өзі жетілдіру жолдарын түсінді;

Оқушылардың өздерін өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсінгендігі де мен үшін әрі қарай жұмыс жасауға көмекші болды (Нұсқаулық 59-бет).

Қорытындылай келе алдағы уақытта барлық сабақтарыма дерлік бағалаудың форматвті түрлерін әртүрлі дайындауды жөн көрдім.

Бұл жағдайда:



  • оқушылар белгіленген критерийлерге сәйкес жұмыс жасайды;

  • алған жиынтық бағасына риза болады;

  • ол өз мүмкіндігінше алған білімін өзі арттыруына мүмкіндік алады;

  • оқушы алдағы қадамдарын өзі анықтайды;

  • оқушының өзін өзі реттеп бағалаудың оқыту үшін екендігін түсінеді;

  • білім алуда жоғары деңгейге қол жеткізеді;

Бағалау барысында оқушылардың білімін тексеру оңай жұмыс емес. Баға қою білімді және шеберлікті талап етеді. Баға - бала өміріндегі маңызды оқиға. Баға арқылы бала өзі туралы ойын реттеп, сыныптағы беделін нығайтады. Сондықтан мұғалімдер баға қоюға өте мұқият болу керек. Жауаптарын бақылап, деңгейлік тапсырмаларды жиі қолдану керек деп түсінемін.Себебі бағалау дегеніміз – оқушының санасы мен ойлауының нәтижесі деп білемін.

Ұстаздар қауымы әрқашан игі істердің бастамасында жүретіндіктен, жаңа бастамалар кең қолдауға ие болады деп айта аламын. Мен де сол жаңашылдықты жаршылайтын ұстаздар қатарында болатыныма уәде беремін!



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. ҚР жалпы білім беретін мектептер мұғалімдерінің біліктіліктерін арттыру курстарының бағдарламасы. Астана, 2012 ж.

2.Мұғалімге арналған нұсқаулық.

3.Қашықтан оқыту кезеңінде мектепте орындауға арналған тапсырмалар.

4.М.М.Жанпейісова «Модульдік оқыту» (2002)

РАЗВИТИЕ РЕФЛЕКСИВНЫХ СПОСОБНОСТЕЙ КАК СПОСОБ ФОРМИРОВАНИЯ КЛЮЧЕВЫХ КОМПЕТЕНЦИЙ
Магзумова И.М. (Актобе)
Закон Республики Казахстан «Об образовании» требует от современной школы сформировать у выпускников способность к саморазвитию. Не только развивать, но и учиться развиваться - вот смысл новых целевых требований. Процесс самопознания человека, в котором формируется самооценка и развивается способность к оцениванию вообще, чрезвычайно сложен. Самооценка развивает поведение человека, является началом становления его самопознания и предпосылкой к успешному самовоспитанию и саморазвитию личности.

Обновление содержания образования – одна из главных задач современного общего образования в Казахстане. Наряду с предметными знаниями ставится вопрос о формировании универсальных способов мышления и деятельности учащихся. Эти умения позволили бы выпускникам школ быть успешными в самоопределении, находить себя в профессиональной сфере и целенаправленно строить жизненные планы.

На наш взгляд, рефлексивные умения занимают здесь особое место. В процессе обучения весьма важно научится получать не готовые знания, а самому находить пути решения проблемных задач. А для этого в учебном процессе должны быть место, время и специально организованные процедуры по формированию таких умений. С.Л. Рубеншейн констатирует, что «правильно поставленное обучение должно соответствовать возможностям ребенка на данном уровне развития; реализация этих возможностей в ходе обучения порождает новые». Сейчас же главной задачей учащегося является усвоение нового предметного материала, нет задачи на саморазвитие. Ребёнок нуждается в рефлексивных умениях не только для успешного учения. Практически в любой жизненной ситуации успешность нашего действования во многом (если не в основном) связана с нашим умением понимать ситуацию взаимодействия и себя в ней. Этим умением обуславливается как эффективность профессиональной деятельности человека, так и его личные взаимоотношения. Поэтому уровень развития рефлексивных умений существенно определяет качество нашей повседневной, личной жизни.

Отсюда следует, что рефлексивные умения должны быть целью образования, одним из основных приоритетов формирования компетенции личностного самосовершенствования, а для этого необходимо создать такую образовательную среду, которая побуждала бы ученика к саморазвитию.

В.А. Ясвин, определяя модель образовательной среды, трактует ее таким образом: «Образовательная среда рассматривается как система влияний и условий формирования личности, а также возможностей для саморазвития, содержащихся в ее окружении» [1]. Общество желает видеть в ученике проявление определенных качеств и способностей. Отражением социального заказа является понятие «образовательная компетенция».

По мнению А.В. Хуторского, образовательная компетенция включает совокупность взаимосвязанных качеств личности (знаний, умений, навыков, способностей), задаваемых по отношению к определенному кругу предметов и процессов необходимых для качественной продуктивной деятельности по отношению к ним.Формирование компетенций происходит средствами содержания образования. В итоге у ученика развиваются способности и появляются возможности решать в повседневной жизни реальные проблемы - от бытовых, до производственных и социальных.

С учетом данных позиций и опираясь на проведенные учеными исследования, определены следующие группы ключевых компетенций:

-Ценностно-смысловые компетенции.

- Информационные компетенции.

-Коммуникативные компетенции.

- Компетенции личностного самосовершенствования

- Учебно-познавательные компетенции.

Для нас особую значимость представляют учебно-познавательные компетенции, так как это- совокупность компетенций ученика в сфере самостоятельной познавательной деятельности. Сюда входят способы организации целеполагания, планирования, анализа, рефлексии, самооценки. Мы воспользовались исследованиями Г.П. Щедровицкого для понимания аспектов рефлексии [2]. Он выделяет следующие формы осуществления рефлексии: коллективную– кооперативную и коммуникативную и индивидуальную– личностную и интеллектуальную.

На их основании мы определили рефлексивные умения, необходимые каждому человеку для реализации практической деятельности:

а) кооперативные, б) интеллектуальные, в) личностные,г) коммуникативные.

Рубинштейн С. указывал, что появление рефлексии возможно лишь в том случае, если личность столкнулась с новой, неожиданной для нее информацией, противоречащей тому, что было ею принято и усвоено, стало содержанием внутреннего мира. Предпосылкой для развития рефлексии должна быть проблемно-конфликтная ситуация, когда происходит нарушение равновесия между сложившимися установками и новой информацией. Кризис. Когда прошлый опыт (личностный, интеллектуальный) не помогает. Рефлексия– это возможный путь решения проблемы.

Исходя из функций рефлексии предлагается следующая классификация:


  • рефлексия настроения и эмоционального состояния

  • рефлексия деятельности

  • рефлексия содержания учебного материала

Надо отметить, что практическим навыкам ребенка можно научить методом объяснения, показа, повторения, рефлексии же так научить нельзя. Можно лишь предоставить возможность ей научиться. С этой целью мы отобрали ряд упражнений для развития рефлексивных умений.



Білім беруді реформалау жағдайында оқушы тұлғасын әлеуметтендірудегі педагогтардың кәсіби педагогикалық қызметі
Полиязычие-основа формирования поликультурной личности
Орфографическое чтение.
Мұғалімнің шығармашылық ізденісін дамыту
Пайдаланылған әдебиеттер
I. рефлексия деятельности
Мультимәдени білім берудің негізгі принциптері:

Каталог: downloads
downloads -> БАҒдарламасы қазақ әдебиеті кафедрасы Астана-2013
downloads -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
downloads -> «Бекітемін» Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы
downloads -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий
downloads -> Исатай Кенжалиев
downloads -> Батыс қазақстан ауыл шаруашылығЫ 1946-2000 жылдарда
downloads -> Қайрғалиева гулфайруз батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны
downloads -> 6М020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары
downloads -> Боранбаева бақтылы сансызбайқызы ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу