Мақсатын анықтауға арналған оқылым Оқушыларға шағын топта әрбір мәтіннің мақсатын және мақсатты
аудиториясын талқылау үшін үш мәтін беріледі: проспект (анықтамалық), саяси баяндама (біреудің көзін жеткізу) және қайырымдылық хат (үндеу).
Оқушылар сынып/топ ресурсын жасау үшін «Қармақ тілін» пайдаланады.
Мысалы, оқушылардан, олардың ойынша, әртүрлі мақсатта/әртүрлі аудиторияға арнап жазылған кем дегенде үш мәтін табуды сұрайды. Кейін мәтіндерді ұқсастықтары мен айырмашылықтары бойынша топтастырады,
айырмашылықтарын, мысалы, Венн диаграммасының көмегімен жазып алады.
Бұл мәтіндерді курс барысында басқа жаттығу аясында ақпарат көзі ретінде
пайдалану үшін сақтап қоюға болады.
Оқушылар жұптасып оқырман мәтіннің қалай қатыстырылатынын, тілдік
қолданыстардың қандай эмоция тудыратынын анықтайды.