Оқытудың формалары мен әдістері



Дата08.02.2023
өлшемі1,44 Mb.
#167893
түріСабақ
Байланысты:
2. 07.02.2023 ж. Педагогика - презентация


Оқытудың формалары мен әдістері
Оқушылардың білім мазмұнын игеру іс-əрекеттері əрқилы формада жүзеге асып барады. Латын сөзі «форма» тысқы бейне, сырттай көрініс, қандай да нəрсенің құрылымы дегенді аңдатады. 
Оқуға байланысты форма екі мағынада қолданылады
оқу формасы
оқу-ұйымдастыру формасы
Дидактикалық категория ретінде оқу формасы оқу процесі ұйымдастырылуының сырттай көрінісін білдіреді. Ол оқу процесінің мақсаттары, мазмұны, əдістері мен құрал-жабдықтарына, материалдық жағдайларына, қатысушылар құрамы жəне т.б. элементтеріне тəуелді. 
Оқушылар санына, оқу уақыты мен орынына, іске асыру тəртібіне орай оқу формасы əрқилы болып келеді.
Қазіргі мектеп тəжірибесінде келесідей оқу формалары
жеке-дара
топтық
толық сыныптық,
ұжымдық,жұптастық
дəрісханалық жəне дəрісханадан тыс сыныптық жəне сыныптан тыс
мектептік жəне мектептен тыс
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың формалары:
Сабақ
тәжірибе және семинарлар
факултативті сабақ
оқу экскурсиялары
экскурсияларды жүргізудің дидактикалық негізі
жекеше және топтық консултация ұйымдастыру оқыту мүмкіндігін ескерту
оқу шеберханасында және сабақтан тыс жұмыстар жүргізу
«Оқыту әдістері мұғалім мен оқушылар жұмысыны тәсілдері, солардың көмегімен білімді, іскерлікті және дағдыны игереді, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттері дамиды»
педагогикалық энциклопедияда
Ресей педагогы И.П.Пидкасистый оқыту әдістерін 5 топқа бөледі:
практикалық (іс-тәжірибе, жаттығу, оқу-өндірістік еңбек, т.б.)
сөздік (түсіндіру, анықтау, әңгіме, сұхбат, инструктаж, лекция, пікірталас, т.б.)
бейнетаспа әдісі (көріп оқыту, «электронды мұғалім», бақылау, т.б.)
кітаппен жұмыс (оқу, жаттау, сілтеме алу, конспектілеу, мәнжазба, т.б.)
көрнекілік (иллюстрация, демонстрация, т.б.)
КСРО педагогы Ю.К.Бабанский оқыту әдісін 3 топқа бөліп қарастырады:
1-топ: ұйымдастыру және оқу-таным іс-әрекетін жүзеге асыру әдістері:
· оқытудың сөздік әдісі (әңгіме, сұхбат, оқыту лекциясы, т.б.)
· оқытудың көрнекілік әдісі (иллюстрация, демонстрация, т.б.)
· практикалық оқыту әдісі (жаттығу, саяхат, өндірістік оқу цехы, т.б.)
· индуктивтік және дедуктивтік оқыту әдісі
· репродуктивтік оқыту әдісі
2-топ: оқыту үрдісінде оқушылардың оқу іс-әрекетін қалыптастыру әдісі:
· танымдық ойындар
· оқыту дискуссиясы
· оқытудағы талап қою әдісі
· оқытуда мадақтау мен жазалау әдісі
3-топ: оқытудағы өздік бақылау және бақылау әдістері:
· жазба жұмыстарын бақылау әдісі
· лабораторяилық бақылау әдісі
· машинамен бақылау әдісі
· өзін-өзі бақылау әдісі
Оқыту жұмысының нәтижелі болуы оқыту әдістерін нақты таңдау және төмендегі критерийлерді басшылыққа алумен байланысты:
· әдістердің оқыту заңдылықтары мен принциптерге сәйкестігі
· әдістердің дидактикалық мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі
· оқыту әдістерінің тақырып мазмұнына сәйкестігі
· әдістердің оқушылардың оқу мүмкіндігіне сәйкестігі
· әдістердің мұғалімдердің педагогикалық қабілетіне сәйкестігі
· әдістердің оқу пәнінің материалдық және техникалық базасына сәйкестігі
Бұл аталған критерийлер сабақтың сапалы өтуіне және мұғалімнің педагогикалық шеберлігімен де сипатталады.
Маған айт – мен ұмытып кетемін
Үйрет маған – менің есімде қалады
Өзіме істет – мен үйренемін
Қытай мақалы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет