Логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, жалпылау, құрылымдау, тікелей және жанама дәлелдеу, аналогия бойынша дәлелдеу, моделдеу, ойша эксперименттеу, материалдарды жүйелеу) қолдана отырып, ақпаратт
Логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, жалпылау, құрылымдау, тікелей және жанама дәлелдеу, аналогия бойынша дәлелдеу, моделдеу, ойша эксперименттеу, материалдарды жүйелеу) қолдана отырып, ақпараттарды өңдеуге;
Өзінің оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпараттарды қолдануға мүмкіндік береді.
Ақпараттық құзыреттіліктің келесі бағыттары бойынша білім алушының білім беру деңгейіндегі жетістіктері:
1) Ақпараттық ізденісті жоспарлау:
Ақпаратты белгілі мен белгісізге бөледі;
Ұсынылған ақпараттан қойылған міндеттерді шешуге қажеттілерін бөліп алады;
Анықтамаларды, энциклопедияларды қолданады, кітаптардың мазмұны бойынша және сайттағы сілтемелер бойынша бағдар жасай алады.
2)Алғашқы ақпаратты алу:
Бақылау (қойылған міндетке сәйкес жоспар бойынша эксперимент) жүргізіледі;