Оқытудың қорытынды нәтижесін арттыруда білім беру үдерісін технологизациялаудың рөлі. Амирова Айнур Бакытбековна «Қ. Сатпаев атындағы негізгі орта мектебі»



Дата23.05.2017
өлшемі79,6 Kb.
#16696
Оқытудың қорытынды нәтижесін арттыруда білім беру үдерісін технологизациялаудың рөлі.
Амирова Айнур Бакытбековна

«Қ. Сатпаев атындағы негізгі орта мектебі» КММ

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Шеңгелді ауылы
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттықтехнологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»

Н.Ә. Назарбаев

Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі қазіргі таңда өзгермелі және өскелең талаптар мен қажеттіліктерге баса назар аударып, отандық білім саласын әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруге бетбұрыс жасауда. Қазақстан Репсубликасының Білім туралы Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – қлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің міндеті – мәдениетті түрде білімді, іскер, жеке тұлғаны дамыту, ұлтымыздың рухын көтеру, осы мақсатқа жететіндей тиімді жол іздеу. Бұл білім жетілдіру және оны сапалы деңгейге көтеруді алға тартып отыр. Мұғалім алғаш педагогикалық технологияларды оқып үйренеді, екіншіден меңгереді, үшініден, тәжірибеде қолданады, төртіншіден оны дамытып нәтижесін көрсетеді. Педагогтардың кәсіби қызметінің деңгейін көтеру, оқыту процесін ізгілендіру мақсатында әр мұғалім өз мүмкіндігіне қарай оқу үрдісіндегі озық технологияларды пайдалануда. Білім беру жүйесіндегі қазіргі талап, сабақты ұйымдастырудың тиімді жолдардың бірі – оқытудың жаңа технологияларын орынды қолдану болып табылады.

Бүгінде еліміздің білім беру мекемелерінен тәуелсіз мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Біздің міндетіміз – білім беруде жаңа технологиялар мен жаңаша оқыту әдістерін тиімді қолдану, білім сапасын көтеру, жан-жақты дамыту, әрине, дамудың негізі – білімде екенін де ұмытпауымыз керек.

Мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты – білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабаққа тиімді пайдалана білу.

Қазіргі қоғам сапалы да сындарлы білімді қажет етеді. Сондықтан да қазіргі таңда мұғалімнің ролі зор. Ол өз шәкірттеріне үнемі үлгі болып, оларды үнемі алға ұмытылуға жетелеп, шабыттандырып, демеп отыруы тиіс.

Жаңа технологияларды пайдалану негізінде оқушы бойынан бұрыннан қалыптасқан оқу іс-әрекет тәсілдерін өзара жинақтау нәтижесінде оқушылар бойында шығармашылық іс-әрекеттері қалыптасады. Көптеген өз ісіне шын берілген мұғалімдер жаңа оқыту технологиясы үрдістерін пайдаланып оқушылардың білім көрсеткіштерін арттыруға жол ашты. Педагогикалық оқу-тәрбие барысында жаңаны игерудегі ынталары мен мүмкіндіктері айқын аңғарылады. Осы бағытта әр мұғалімнің күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашатын қадамдарға барып, оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірулері байқалуда.

Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кіріктіріліп, оның табиға ортасына айналып отыр. «Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б. тіркестермен тығыз байланысты.

«Ақпараттық технология». Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі – барлық сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену. Білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылар тақырып көлемінде қажетті мәліметтер көлемін ұлғайта алады, білімнің сапасы артады, мұғалім сабақ өткізгенде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түседі. Оқытудың компьютерлік технологиясын өз тәжірибемде қолданып келемін.

Оқытудың компьютерлік технологиясы – оқытудың бағдарламалық идеяларын дамытады, жаңа технологиялық жолдар ашады. Мен өзімнің тәжірибемде: дәстүрлі (оқулық, көрнекілік құралдар, электронды оқулықтар), компьютерлік (презентация, дисктер, мультимедиа құралдар), интернет технология (интернет дербес ақпарат көзі ретінде, е-mail – ақпарат алмасу құралы ретінде, т.б.) жиі пайдаланамын.

Мен өз тәжірибемде компьютерлік оқыту технологиясын пайдалану арқылы білім сапасын арттыруғаа ерекше көңіл бөле отырып, оқытудың ұйымдастыру формаларын: жеке, топтық, ұжымдық жұмыс жасау формалары мен жобалау, компьютерік әдіс, ақпараттық ойын, топтық т.б. элементтерін қолданамын. Оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың бірнеше бағыттары бар, солардың ішінде өз тәжірибемдегі негізгілері мыналар: компьютер – оқушы білімін бағалау құралы, компьютерлік модельдеуді қолданатын электрондық оқулықтар, мультимедиа – технология, жаңа материалды түсіндірудегі құрал, дербес компьютер, білім жетілдіру құралы. Кез-келген сабақтарда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану оқушының қызығушылығын ғана тудырып қоймай, басты білім сапасының артуына әсер етеді.

Жалпы бастауыш сынып мұғалімдері білім сапасын көтеру барысында мынадай технологияларды пайдалануға болады. Мысалы: «Дамыта оқыту технологиясы», «Деңгейлеп оқыту», «Оза оқыту», «Ойын арқылы оқыту». Әр технология өз ерекшелігімен құнды. Жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді.

С.Ковалевтің «Ойын арқылы оқыту» технологиясын бастауыш сынып мұғалімдері жиі пайдаланады, себебі бастауыш сынып оқушыларын оқуға тек ойынмен ғана қызықтыруға болады. Ойын ойды қозғайды, баланың ортамен қарым-қатынасы кеңейіп, таным қабілеті артады. Ойын – баланың интеллектуалдық ой-өрісін тереңдей түсуіне, шығармашылықпен ойлауына алып келеді, білім сапасын арттырады. Ойын арқылы баланы тәрбиелеу әрі оқыту өте тиімді. Ойын арқылы оқушы өздігінен жұмыс істеуге үйренеді, ойлау қабілеті дамиды, сөздік қор байиды. Ойынның негізгі мақсаты – баланы қызықтыра отырып, баланың санасына тез ұғындыру, материалды берік меңгерту. Сондай-ақ ойын үстінде балалардың ойлау қабілеті, назары, байқампаздық әрекеті, зейіні жетіледі.

Келесі тоқталатын технологиялардың бірі «Дамыта оқыту технологиясы» - танымдық қызметі төмендегідей анықталады: шығармашылық, танымдық, алгоритімдік және деңгейлік. Дамыта оқыту технологиясының басты принципі – оқу іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау, іздену, дербес жұмыс жасау дағдыларын дамыта отырып, жеке тұлғаның өз бетімен мақсатқа жетуінде.

Дамыта оқыту – сабақтың қызықты да тартымды және тиімді түрде өтуінің арқауы болып табылатын, алдағы уақытта оны бұдан да терең білім жолдары күтіп тұрғанын сездіретін оқытудың пәрменді әдісі. Дамыта оқыту үрдісінде оқушы оқу әрекетімен шұғылданып, теориялық ойлауға икемделеді, білімді өзі меңгеруге мүмкіндік алады. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда болады.

Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден-бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа – сол сабақты өткізудің әртүрлі әдіс-тәсілдері, яғни жаңашыл сабақ. Осы жаңа технологиялардың келесі бір түрі – деңгейлеп оқыту.

Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі оқушылардың сабақ барысында бірнеше жұмыс жасай алатындығында, сонымен бірге қазіргі кезде жаңа технологиялармен оқыту барысында компьютерлер, жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар оқушыларды жаңаша оқытуды, жаңа оқу әдістерін, жаңа мазмұнды қажет етеді.

Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі. Оқушының алған білімін жүзеге асыра алатындығы тексеріледі. Өз бетімен жұмысты орындауға бейімділігі бақылауға алынады. Қорытындысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып, шығармашылыққа ұмтылады.

Деңгейлеп оқыту барысында біліктілікке жетеді. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету. Бұл технология оқушының білім деңгейіне сәйкес жеңілден қиынға қарай оқытылады.

С.Н.Лысенкованың оза оқыту технологиясы. С.Н.Лысенкованың бастауыш сынып оқушыларына білім беру ісінде ашқан үлкен жаңалығы – пән бағдарламасын меңгертудегі қиындықтарды болдырмау немесе азайту үшін кейбір тақырыптар дәл бағдарлама бойынша емес, анағұрлым ертерек беріле бастайды.



Оза отырып оқыту технологиясының негізгі мақсаты – барлық баланы табысты оқыту. Бұл оқыту технологиясы төмендегі ерекшеліктермен сипатталады:

  • оқу материалдардың жүйелілігі, бірізділігі;

  • саралау, әр оқушыға берілген тапсырманың қолайлылығы;

  • бағдарламаның, кейбір тақырыптардың қиыншылығын жеңу, қиын тақырыптарды біртіндеп оңайлату әдісін қолдану: сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең соңынан нашар оқитын оқушылар қатыстырылады;

  • бірте-бірте толық дербестікке жету;

  • сыныпта қалыпты жағдай қалыптастыру: түсіністік, өзара көмек, ынтымақтастық қарым-қатынас;

  • оқушының қателігін ескерту, бірақ еш жазғырмау;

  • үй тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай (әркім өзі орындай алатын жағдайға ғана) беріледі;

  • білім,білік, дағдыны дамыта меңгерту;

  • түсіндіруді қабылдау;

Білім беруді сапалы дамыту мәселелері тек әлеуметтік қана емес, елдің экономикалық та дамуының негізі ретінде танылған. Білім беру жүйесінің ең маңызды да күрделі сатысы – бастауыш сынып, сондықтан осы жаңа технологияларды пайдалана отырып, бастауыш сыныптарда білім сапасын көтеру білімнің басты негізі болып табылады.

Қорыта айтқанда, егер мұғалім сабақты қызықты, тартымды өткізіп, үнемі баланың ойлауына мүмкіндік жасаса міндетті деңгей алгоритмдікке, алгоритмдік деңгей эвристикалыққа, эвристикалық деңгей шығармашылыққа ауысады. Сондықтан, біз баланың ойлауына мүмкіндік беріп, оқушының дербес ойлауына көп көңіл бөлінсе, оқушының ойлау өабілеті жоғары деңгейде дамиды, шығармашылығы артады, іздену жұмыстарына кең жол ашылады. Бұл жұмыстар арқылы біздің басты міндетіміз – жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастырып, дамыту.



«Ұстаздың бақыты - шәкіртінде» деп, бекер айтылмаған олай болса педагог Амонашвилидің мына сөздерін еске түсіруге болады: «Оқушы дегеніміз – толтырылуға арналған шыны емес, ол жарқыраған шырақ, тек соны жаға білу керек».
Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Молдахметова Р.- Деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану.- Бастауыш мектеп.- №2.-2010.-12 бет.

  2. Мырзахан А.- Бастауыш сыныптарда ойын түрлерін тиімді пайдалану.- Бастауыш сынып.- №2.- 2010.-63 бет.

  3. Иманбекова А.- Ойын сабағы// Қазақсан мектебі.- №3.-2001.-74-75 бет.

  4. Сманова А.- Педагогикалық жаңа технологиялардың ерекшелігі мен тиімділігі.- Бастауыш мектеп.- №1.-2010.-7 бет.

  5. Өстеміров К. «Қазіргі білім беру технологиялары». – Алматы, 2006 ж


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет