Оқытушының білім алушымен өзіндік жұмысы Тігін бұйымдары технологиясы



бет3/9
Дата03.04.2022
өлшемі0,83 Mb.
#137769
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Алпысбаева Аяулым КШИ 20-13 ОТШИ (1)

Қарсы сәндік қатпарлар (2-сурет) өң бетінде қатпар бүгіндісі бір-біріне қарсы бағытталған, ал теріс бетінде қарама-қарсы бағытталған қатпарлар орналасады. Қарсы қатпарлар теріс бетінен үш сызықпен белгіленеді: орта, жан (сыртқы бүгу сызығы) және қатпар соңын анықтайтын сызық. Қатпардың бүгілу ені моделіне байланысты.
Бөлшекті төрт еселенген қатпар енінің қосымшасымен пішеді. Қатпар ені 4см болса, қосымша қатпар еніне берілген мөлшер 12см болуы керек. Бөлшектің өң беттерін беттестіріп, қатпардың орта сызығымен бүгеді. Жан сызығымен арнайы машинада бүгіп көктейді және сырып тігіп, тігісті қатпар соңында аяқтайды.Қатпардағы көктеу жібін сөгіп алады, қатпар енін тігістің екі жағына бірдей мөлшерде айырады, белгіленген орта сызығын тігіске дәлме-дәл сәйкес келтіріп, іле көктейді және мата қалыңдығын ендіріп баса үтіктейді (2-сурет). Киімді киіс кезінде қатпар енінің ығысуын болдырмау үшін, теріс бетінен қатпар енін бастыра тігеді немесе өң бетінен, қатпардың өң бетінде сәндік тігісті бастыра тігеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет