Оқытушының білім алушымен өзіндік жұмысы Тігін бұйымдары технологиясы



бет4/9
Дата03.04.2022
өлшемі0,83 Mb.
#137769
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Алпысбаева Аяулым КШИ 20-13 ОТШИ (1)

Бант сәндік қатпарын белгілеу және өңдеу кездесетін қатпарды өңдегенмен бірдей, тек қана бөлшектіңөң бетінде орындалады.

Сурет 2 - Сәндік қатпарлар: бір жаққа қараған қатпар, қарсы қатпар
Біріккен біржақты қатпарлар (3-сурет) енін біріккен бөлшектен дайындайды. Бұл қатпарлар бөлшектің үлкен емес бөлігінде жайласқанда, артқы бойдың етек бөлігінде қолданылады. Біріккен қатпарды дайындағанда, бөлшектерді қиық бойынша теңестіріп, жайластырып және көктеу тігісін орындайды. Тігісті айыра үтіктейді не жатқыза үтіктейді.
Бір бөлшектің теріс бетіне қосымша лекаломен жан сызығын және қатпар соңын белгілейді. Бөлшектің оң бетін беттестіріп қиықтарын туырлайды, белгіленген сызық бойынша көктейді және 12-15мм сырып тігеді, тігісті қатпар соңында аяқтайды. Бөлшектің өң бетін төмен қаратып үстелге жайып салады, көктеу жібін сөгіп алады. Қатпар енін бір жағына қаратып, теріс бетінен жатқыза үтіктейді. Қатпардың оң бетінен сәндік тігісін моделіне қарай бастыра тігеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет