Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық


Күлтегін ескерткішінің тарихи маңыздылығы



бет4/6
Дата06.12.2023
өлшемі64,58 Kb.
#195380
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
БӨЖ ТАРИХ[1] Бескен Аяулым[1]

3.Күлтегін ескерткішінің тарихи маңыздылығы
Күлтегін (684-731) – Екінші түрік қағанатына Қапаған қаған және Білге қағандар билік еткен дәуірде жасаған батыр қолбасшы, көрнекті мемлекет қайраткері. Құтлық (Елтерiс) қағанның екiншi ұлы, Білге қағанның туған iнiсi. Шешесi Елбiлге қатұн. Арғы тегі көк түріктің Ашина әулеті.
Күлтегін «бала батыр» болып, он алты жасында «ер» атануы міне осындай тарихи уақиғалармен тіке қатысты болған. «Білге қаған» ескерткішіндегі: «Ағам қағанмен бірге ілгері Жасыл өзенге, Шандун жазығына дейін жорық жасадық. Кері – Темір қақпаға дейін жорық жасадық. Барлығы жиырма бес мәрте жорыққа шығып, он үш мәрте соғыстық. Елдігін елсіреттік, қағандығын қағансыраттық. Тізеліні бүктірдік, бастыны жүгіндірдік» деген жолдар Күлтегін мен Білге қағанның жас та болса Қапаған қаған дәуіріндегі түрлі жорықтардың барлығына қатысқанын көрсетіп береді.
«Күлтегін» ескерткішінде Күлтегін «он алты жысында ер атанғанын» баяндаған соң, келесі уақиғаны «Алты баулы соғдаққа қарсы жорық жасадық, бұздық. Табғач он тұтұқ бес түмен қолмен келді. Соғыстық, Күлгегін жаяуларды опыра шапты. Он-тұтұқ басшылары қарулы қолымен қоса бағынды, қарулыларды қағанға сыйға тарттық. Ол қолды онда біз жоқ қылдық» деп баяндайды.
Күлтегін ескерткіші 1889 жылы орыс археологиялық-экспедициясының басшылығымен Көкшін-Орхон өзенінің оң жағалауынан Кіші-Цайдам деген жерден табылған. Бұл ескерткіш Түрік империясының тарихы жайлы әңгімелейді.[6]
Ескерткіш Білге қағанның кіші інісі, оның серігі, қайсар жауынгер және қолбасшы Күлтегін ханзадаға арналған. Дат ғалымы Вильгельм Томсен ескерткіштегі жазудың кілтін тауып, оқып шыққан.
Автор түркі халқын бірлік пен ерлікке шақырады. Шығыс түркілердің Тан династиясының өзгісінен азат етіліп, жеңіске жеткені және қағандардың ерлігі мен Күлтегіннің жауынгерлік жорықтары жырланады. Ескерткіштің жоғарғы жағына айдаһар бейнесі ойып жасалған. Мәтін тек түркі руналық жазуымен ғана емес, қытайдың иероглифтерімен де таңбаланған. Өйткені Күлтегін ханзада аяқ астынан қайтыс болған кезде Білге қаған Қытайдан шеберлерді арнайы шақыртқан. Даңқты жауынгердің өлімін жоқтауға көрші мемлекеттерден көптеген адамдар келген.
Күлтегін жазуы — ежелгі түркі жазба ескерткіші. Моңғолиядағы Қарабаласаған қаласының қираған орнынан 40 км жерге, Орхон өзені бойындағы Эрдени Цзу монастырының (8-ғасыр) жанына орнатылған. Ескерткіштің биіктігі 3,15 метр, ені 1,34 метр, қалыңдығы 0,41 метр. Алғашқы мәліметтер 19-ғасырдағы батыс зерттеушілерінің еңбектерінде жариялана бастаған. 1893 ж. 25-қарашада Дания Ғылым академиясының мәжілісінде Вильгельм Томсен Орхон жазба жәдігерлерін оқудың кілтін тапқандығын әрі оның көне түркі тілінде жазылғандығын, алдымен оқыған сөздері “тәңірі” және “түрік” деген сөздер екенін жариялады. [7]

Күлтегін ескерткішіндегі қытай жазбасы мәтінінің қолдағы көшірмесіне үңіле қарасақ, онда қытай таңбасының кейбірі түспей қалғаны анық байқалып тұр. Бұл жәйт атқарылатын істің айқын, нақтылығына – Күлтегін ескерткішіндегі қытай иероглифтерінің аудармасына ептеп кедергісін келтіретіндей болса, ал Білге қаған жәдігерлігіндегі қытай жазуына, оны түсінуге орасан нұқсан келтіретіні сезіледі (бұл туралы сол жазуды талдаған тұста толығырақ айтылатын болады). Тағы да қосымша деректер, материалдар жинастырылды.


Осы зерттеулерден кейін құлпытастарға қашалған жазулар Күлтегін батырдың ерлік істері туралы қаhармандық дастан екендігі белгілі болды.
Күлтегіннің осы жылдары жасаған ерлігін түркі ескерткіші берген мәліметі Күлтегіннің 26 жасында болған уақиға ретінде былай деп баяндап жазады:
«Күлтегіннің жиырма алты жасында біз қырғызға қарсы аттандық. Сүңгі бойлар қарды сөгіп, Көгмен жынысын айналып өтіп, қырғыз халқын өкшелей қудық. Қағаны мен Соңа-жыныста найзаластық. Күлтегін Байырқудың ақ айғырын мініп опыра шапты. Бір ерін оққа ұшырды. Екі ерін найзамен шаншыды. Ол айқаста Байырқудың ақ айғырының белі мертікті. Қырғыз қағанын өлтірдік. Елін алдық. Ол жылы Түркешке қарсы Алтын-жынысын айналып өтіп, Ертіс өзенін кеше жорыттық. Түргеш халқын біз өкшелей қуаладық. Түргеш қағанның қолы Болчуда отша, боранша жүйткіп келді. Соғыстық. Күлтегін боз қасқа ат мініп шапты. Боз қасқа түсірді, екеуін өзі сұлатты. Сосын тағы шабуылдап, Түргеш қағанның қолбасшысы Аз-тұтұқтың елін жаулап алдық. Қағанын анда өлтірдік. Елін алдық. Қара-үргеш халқы бағынып, қол астыма кірді. Ол халықты біз Табарға қондырдық. Соғдақ халқын жаулап алмақ болып Інчу өзенін кешіп, Темір-қақпаға дейін жорық жасадық. Онда Қара-түргеш халқы жау болды. Кеңреске қарай бардық. Біздің қолымыз аты арық, азығы жоқ еді. Жаман кісі Алып ер бізге тиіскен еді. Сол кезде шарасыздан Күлтегінді аз ермен аттандырып жібердік. Ұлы соғыс жасады. Алып шалысты ақ мініп айқасты. Қара-түргеш халқын сонда жеңдік, алдық»
Күлтегін жыры, париоттық рух беретін батырлық жыры. Мәтінінің негізі Түркі ұлтының тек тарихы ғана емес Күлтегіннің батырлдығы мен ерлігін бейнелейді. Кіші жазудың 27-ші бөлімінен арғы қарайғы жазулары тек Күлтегіге арналған. Осы 27-ші бөлімінде Күлтегіннің ағасы Білге қағанның "Інім Күлтегінмен, екі уәзірімен өліп-тіріліп құрадым. Сонды құрап, біріккен халықты от-су қылмадым. Мен өзім қаған болғанда" сөздері жазылған.
Күлтегін жыр жазуы 53 бөлімнен тұрса, соның 27-ден 53-ке дейінгі жазулары, Күлтегіннің батырлығын және оның соғыстарда мол табыстарға жетіп отырғандығынан мағлұмат береді. [8]




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет