Физиологиялық жүктілік кезінде қан айналымының көлемі /ОЦК/- 30-50% дейін көтеріледі. Ол өзгеріс жүктіліктің I триместрден басталып, ал 36 аптада ең жоғары деңгейге жетеді.
Қандағы плазма деңгейі 35-47 % көтерілуі гиповолемияға әкеледі, ал қан айналымдағы эритроциттер көлемі 11-30% жоғарласада оған әсер етпейді.
Сонымен, проценттік плазманың көлемінің жоғарлауы эритроциттер көлемінен көп болғандықтан, физиологиялық жүктілік анемиясы орын алады.
Гематокрит төмендейді -30 %
Гемоглобин концентрациясы 135-140 тан 110-120 г/л дейін төмендейді.
Ревматизм
Жүкті әйелдерде ревматизм 2,3 - 6,3 % жағдайда кездеседі, ал асқынуы 2,5 - 25 % кездеседі. Көбінесе жүктіліктің алғашқы 3 және соңғы 2 айында, сонымен қатар босанғаннан кейінгі алғашқы жылында кездеседі.