Периодонттың жедел қабынуын емдеу. - Периодонттың жедел қабынуын емдеу кезінде қойылатын негізгі мақсат:
- жедел қабыну үрдісін тежеу;
- жедел қабынудың созылмалы қабынуға ауыспауы және басқалай асқынулар бермеуі үшін түбір өзегін пломбылау;
- тістің анатомиялық пішінінің физиологиялық қызметін қалпына келтіру.
- Периодонттың жедел инфекциялық қабынуын емдеу. Периодонт қабынуының бұл түрін емдеу тактикасы жедел қабыну сатысына байланысты жүргізіледі.
- Жедел қабынудың бастапқы уыттану сатысында тісжегі қуысын егеп-тазалап, сауыт қуысын ашып, өзек сағасын кеңейтіп алған соң, түбір өзегін ұлпа ыдырандысынан біртіндеп ұлпаалғышпен тазартады. Ол үшін ашылған сауыт қуысын антисептиктер ерітіндісімен жуып алып, өзек сағасына 1-2 тамшы антисептик ерітіндісін тамызып, 1-2 минөт күтеді де, ұлпаалғышпен ұлпа ыдырандысын өзектің ⅓, ⅔ және түбір ұшы бөлігінен біртіндеп алып тазалайды. Әр кез ұлпаалғышты өзекке қайта ендіру үшін антисептик ерітіндісіне матырып, сүңгінің немесе шымшуырдың (қысқыштың) көмегімен ыдыранды заттан тазартып алады. Тазалауды ұлпаалғыш түбір өзегінен таза шыққанға дейін жалғастырады. Ұлпа ыдырандысын алу үшін файлдарды (сүргі бұрғыларды) қолдануға болады. Осыдан кейін түбір өзегін түбір инесіне оралған мақта біліктердің немесе қағаз штифтердің көмегімен антисептиктер ерітіндісімен жуып өңдеп, кептіріп барып, өзекте антисептиктер ерітіндісімен немесе ауырсыздандырғыш дәрілермен білік қалдырып, уақытша пломбы қояды (антисептикалық таңба).
Антисептикалық таңба қоюға арналған препараттар - Антисептикалық таңба қоюға арналған препараттар
- Бұлардың құрамына төмендегі препараттар кіреді: R4, Хлоргексидин биглюконаты, ENDOTINE, құрамына метакрезол ацетаты, парахлорфенол, тимол, эксципиент кірелді. CRESOPһENE, құрамына дексаметазон, формалин, фенол, тимол, эксципиент кіреді, ROCKLES- 8, құрамына дексаметазон, формалин, фенол, гвоякол кіреді. MEPACYL, құрамына дексаметазон, метакрезил, парахлорофенол, камфора кіреді. OSOMOL 4, құрамына гваякол, формальдегид кіреді. ENDOSEPT, құрамына парахлорфенол, камфора, тимол, гидрокортизон, эвгенол кіреді. IODO-GLYCERIN, CAMPҺOR-PҺENOL, CAMPҺOR-PҺENOL-MENTOL-TҺIMOL, құрамына аталған антисептиктер кіреді, Жидкость для антисептической обработки каналов, құрамына тимол, камфора, этанол, дексаметазон кіреді. Крезодент-жидкость, құрамына камфора, тимол кіреді.
- Периодонттың жедел қабынуын жалқықтану сатысын емдеу. Қатты ауыру сезімі болатындықтан, емдеу шараларын сырқат тіс аймағын уақытша жансыздандырудан бастайды. Осыдан кейін тісті аса қозғалмас үшін сол қолдың екі саусағымен мықтап қысып ұстай отырып, тісжегі қуысын мүмкіндігінше егеп-тазалап, сауыт қуысын ашады. Тіс ертеректе пломбыланған болса, тұрақты пломбыны алады. Осы шаралардың бәрін турбиналық ұштықпен жүргізген тиімді. Түбір өзегін ыдырандылардан тазалаған соң, антисептиктермен жуып-өңдейді.
- Егерде организмнің уыттану (интоксикация) белгілері анықталған болса (бас ауруы, дымкәстік, дене қызуының көтерілуі, қан құрамының өзгеруі және б.) антибиотиктермен (метициллин, оксациллин, линкомицин, эритромицин) емдеу курсын тағайындауға болады.
- Бұл кезеңде физиотерапиялық емдеу шараларын: ультра жоғары жиілікті (УЖЖ) айнымалы токты (УВЧ), электрмагнитті өрісті, өте жоғары жиілікті айнымалы токты (ӨЖЖ-СВЧ) немесе микротолқынды және б. қолдануға да болады (емдеу курсы 3-5 сеанс). Периодонттың жедел қабынуының уыттану сатысын емдеуді бір түбірлі тістерде 2-3 күннен кейін, жалқықтану сатысын 5-7 күннен кейін екінші қабылдауда аяқтайды. Ешқандай ауыру сезімі мазаламаса, өзекте жалқық болмаған жағдайда, қағып тексергенде тіс ауырмаса, тіс төңірегіндегі қызылиек қалыпты түсті,сипап байқағанда ауырмайтын болса, уақытша пломбы алынған соң екі жағдайда да түбір өзегін ұсақ аспаптармен және дәрілермен өңдейді. Кептірілген түбір өзегін қатаятын немесе қатты пломбылық материалдармен өзектің физиологиялық тесігі деңгейіне дейін, ары кетсе түбірұшы тесігіне дейін пломбылайды және тіске тұрақты пломбы қояды.
- Егер түбір өзегін пломбылағаннан кейін ауыру сезімі мазалайтын болса, физиотерапиялық емдеу шараларын (УЖЖ, ЖЖЖ айнымалы ток, флюктуоризациялау, лазер сәулесі) қолданады, қажет болса ауыспалы қатпарға кең және терең тілік жасайды.
- Мүмкін болатын асқынудың алдын алу үшін кейде ауыспалы қатпарға емделген тіс түбір ұшы проекциясы деңгейіне гидрокортизон (0,2-0,5 мл) енгізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |