Қожа Ахмет Ясауи атындағы Шымкент Медицина Институты



бет1/15
Дата12.05.2024
өлшемі315,63 Kb.
#202011
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Шымкент Медицина Институты
  • Тақырыбы: Периодонтиттер.
  • Периодонттарды емдеу әдістері.Физиотерапиялық емдеу әдістері

Орындаған: Жанұзақова А.
Қабылдаған : Жаханова С.
СК - 606

Периодонт – түбір байламы (корневая связка) – periodontium – дәнекер тінді құрылым, тісті альвеолада ұстап тұрып, жақ сүйегімен байланыстырады және периодонт саңылауында орналасады.

  • Периодонт – түбір байламы (корневая связка) – periodontium – дәнекер тінді құрылым, тісті альвеолада ұстап тұрып, жақ сүйегімен байланыстырады және периодонт саңылауында орналасады.
  • Периодонттың құрылымы.1. тісальвеолалық талшықтар. 2.Түбіраралық талшықтар. 3. Тісқызылиек талшықтары.
  • Периодонттың құрамына байланыстырушы аппарат, клеткалар тобы, қан және лимфа тамырлары, нерв талшықтары, клеткааралық зат кіреді.

Периодонт қабынуының этиологиясы.

  • Қазіргі кезде периодонт қабынуын туындататын себептерді үш топқа бөлуге болады: 1) инфекциялық; 2) жарақаттаушы; 3) химиялық заттар, олардың ішінде дәрілер әсері.
  • Периодонттың инфекция әсерінен қабынуы (инфекционный периоднотит).
  • Бұл жағдайды туындатуда көптеген бактериялардың маңызы бар, солардың ішінде белгілі рөл атқаратындар – кокктар (гемолиздемеуші-негемолитический стрептококк – 62%, жасылдандырушы – зеленящий стрептококк – 26%, гемолиздеуші – гемолитический срептококк – 12%). Солармен бірге басқа микроорганизмдердің (вейлонеллалар, лактобактериялар, ашытқыға ұқсас саңырауқұлақтар) де үлесі бар. Микроорганизмдердің уыттары, ұлпа ыдырауынан шыққан улы заттар периодонтқа көбіне түбір өзектері арқылы өтеді, сирек жағдайда қызылиек қалтасы арқылы, қан және лимфа жолдарымен (тұмау, сүзек, безгек және басқа жұқпалы аурулар кезінде), жанасу жолы (сүйек майы, Гаймор қуысы қабынулары кезінде) арқылы да түсуі мүмкін.
  • Периодонттың жарақат әсерінен қабынуы (травматический периодонтит).
  • Көбінесе периодонтқа біраз күші бар жарақаттаушы ықпал бірақ рет әсер еткенде (тісті соғып алу, ұру, сүйек, тас, жеміс дәндерін кездейсоқ тістеу), сирек жағдайда аз күшті жарақаттаушы ықпал ұзақ уақыт әсер еткен жағдайда (биік қойылған пломбы, тік тістем, көп тістердің жұлынуы кезінде қалған тістерге шайнау күшінің түсуі, музыкалық үрлейтін аспаптардың алдыңғы тістерге қысымы, теріс әдеттер) дамиды.
  • Периодонттың дәріден қабынуы (медикаментозный периодонтит). Қабынудың бұл түрі ұлпа қабынуын емдеген кезде күшті химиялық заттарды (мышьяк қышқылы, фенол, трикрезолформалин), жоғары концентрациялы антисептиктер ерітіндісін (формальдегид, гипохлорид, хлорамин ерітінділері, резорцин-формалин сұйықтығы) дұрыс қолданбау нәтижесінде дамиды. Периодонттың дәріден қабынуына жергілікті иммунологиялық реакцияларды туындатып, аллергия белгілерін дамытатын дәрілер әсерінен (антибиотиктер, антисептиктер, эвгенол және б.) болған қабынуды да жатқызуға болады.


  • Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет