Қожа Ахмет Ясауидің тарихи тұлғасы мен оның ілімінің қалыптасу ерекшеліктері
Қ.А.Ясауидің өмір жолы мен шығармашылығы
Қожа Ахмет Ясауи — ақын, ойшыл, ұстаз, бүкіл түркі жұртына имандылық нұрын шашқан діни қайраткер, ағартушы, жаңа сопылық ағымның ғұламасы, пірі.Қ.А.Ясауи оғыз қыпшақ тілдерінде сөйлейтін түркі халықтарының бастауларының бірі болған – Ұлы әрі қасиетті тұлға. Оның жазған хикметтері әлі күнге дейін сақталған, тілі сақталган өзімізбен туыстас халықтар арасында кеңінен мәлім. Қ.А.Ясауи бабамыздың өмірбаянын қысқаша талдап өтетін болсақ, бабамыздың арғы бабалары Әзіреті Әліден кейінгі Мұхаммед Ханафиядан таралады.
Ахмет Ясауидің ата тегі
Ахмет Ясауидің ата тегі туралы ғалымдар арасында түрлі көзқарастар болғанымен Алматы кітапханасында табылған “Насабнама” бойынша Ахмет Ясауидің ата тегі оның 15-інші атасы - Хазіреті Алиге барып тіреледі, яғни Ахмет Ясауидің тегі хазіреті Алидің әйелі ардақты Пайғамбардың қызы Фатимадан емес, хазіреті Алидің кейінгі әйелінен туған Мұхаммед Ханифадан тарайды. Аталмыш жазбада Ахмет Ясауидің ата-тегі былай келтіріледі
1. Хазірет Әли радияллаһу анћү;2. Хазіреті Әлидің ( р.а. ) ұлы Имам Мұхаммед Ханифа;3. Имам Мұхаммед Ханифаның ұлы Имам Мұхаммед Бақи;4. Имам Мұхаммед Бақидің ұлы Имам Әли Мұса Риза;5. Имам Әли Мұса Ризаның ұлы Имам Хазірет;6. Имам Хазіреттің ұлы Садыр баб;7. Садыр бабтың ұлы Ысқақ баб пен Абду-л-жәлил баб;8. Ысқақ бабтың ұлы Абду-р-Рахим баб;9. Абду-р-Рахим бабтың ұлы Абду-л-баб;10. Абду-л-бабтың ұлы Исенханжа баб;11. Исенханжа бабтың ұлы Қарға баб; 12. Қарға бабтың ұлы Мәжин баб;13. Мәжин бабтың ұлы Хорасан баб;14. Хорасан бабтың ұлы Хасан Хожа лақабы Қабаж ата;15. Хасан Хожа бабтың ұлы Ибраһим ата;16. Ибраһим атаның ұлы Хазірет Қожа Ахмет Ясауи мен Исмаил ата.
Ахмет Ясауидің үлкен ғұлама болуына әкесі Ибраһимнің еңбегі зор дей аламыз. Тарихи мәлiметтерге қарағанда Ахмет анасынан жастай айрылған, әкесі Шейх Ибраһим де, Ахмет жеті жаста болғанда қайтыс болған. Ахметтің одан кейінгі өмірі әпкесі Гауһардың қамқорлығында қалды
Қ.А.Ясауидін қай жылы дүниеге
Қ.А.Ясауидін қай жылы дүниеге келгені белгісіз, бірақ 63-жастан кейін 1166/67 жылдары дүние салған деген мағлұматтар бар, соған қарағанда 63 жастан кейін «қылуетке» түскен болса, онда ол жер астында тағы да сонша өмір сүрген, себебі бұл туралы өз «Хикметтерінде» жырлап өткен.Жер үстінде өлмес бұрын тірі өлдім,Алпыс үште сүндет деді естіп білдім.Жер астында бар жаныммен құлдық қылдым,Естіп оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет.Жарандардан пайда, көмек ала алмадым,Жүз жиырма беске кірдім, еш нәрсе біле алмадымХақтағалаға құлшылық қыла алмадым,Естіп, оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет.«Хикмет» шумақтарында айтылғандай 63 жасында жер астына түскендігі, 125-ке келгендігі дәлелденіп тұр.
Қ.А.Ясауидың ұстаздары
Қ.А.Ясауи алғашқы білімді өз әкесі Ибрахим Шайхтан алады. Одан кейін Арыстан бабқа шәкірт болады. Жиырма жеті жасында пірі – ұстазы Хамаданиді табады. Оның жанында көп жылдар болып тәлім-тәрбие алады. Өзі «Хикметтерінде» айтып өткендей 34 жасында ғалым болады. Кейін Бұқарада Хамадани мектебінде біраз басшылық еткен соң, туған елі Түркістанға қайта оралады. Мұнда келгеннен бастап, өз мектебін ашады.Қ.А.Ясауидің мұншалықты жоғары дәрежеге көтерілуіне себеп болған әрине біріншіден өзіне Алладан берілген қабілеті мен дарыны, екіншіден осы жолға бастаушы ұстаздары болуы керек. Бала тәрбиесіне көп көңіл бөлетін атасы Ибраһим шайх Қожа Ахметті Шахабиддин Исфиджабий қолына шәкірттікке тапсырады. Атасы ұстазға тапсырарда осы баламыздың «еті сіздікі, сүйегі біздікі» тек артымызда Алланың ақ жолындагы бір мұсылман ұрпағы қалса болғаны дейді.
Шығармашылығы
Ахмет Ясауи хикметтерінде қарастырған мәселелерде дәлел келтіру үшін немесе оларды түсіндіру мақсатымен бірнеше аятқа сілтеме жасаған. Ол хикметтің тілінде Құран Кәрім үшін «Құран» немесе «кәлам» терминдерін қолданған. Осы тұста бір-екі мысал айта кетсек. Сілтемелердің бірінші түрі аяттар тікелей сол қалпында алынған. Мысалы, 116-хикметтің бірінші шумағындағы «Мен сендердің Раббыларың емеспін бе? деген кезде, «Иә» дегенімді білмедім» сөзі Ағраф сүресінің 172-аятынан алынған (أَلَسْتَ بِرَبِّكُمْ قَالُوا بَلَى : Әләсту бираббикум қалу бәлә). Бұл тақырып жиі қайталанып, әрдайым осы аятқа сілтеме жасалынып отырады. 83-хикметтің төртінші шумағының үшінші қатарында болса «Барлық жан өлімнің дәмін татады» деген аят бар, Құранда осындай хабар берілген»,-дейді. Бұл сөз Әли Имран сүресі 185-аяты мен Әнбия сүресі 35-аятындағы «барша жан өлімнің дәмін татады» (كُلُّ نَفْسٍ ذَآئِقَةُ الْمَوْتِ : куллу нафси заиқат-ул маути) бөлігінің аудармасы болып табылады. 70-хикметтің сегізінші және он төртінші шумағындағы «Әй иман келтіргендер (мүміндер), сабыр етіңдер және қиындықтарға төзіңдер» сөздері Әли Имран сүресі 200-аятынан алынған. Бұл мысалдардан белгілі болғанындай Ахмет Ясауи өлеңнің тілі мүмкіндік бергенінше Құран аяттарынан пайдаланған.