Қожа Ахмет Яссауи
- қазақ халқының байырғы
мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы
ақын, сопылық поэзияның негізін салушы, күллі
шығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған ұлы
ойшыл, діни қайраткер, түркістандық ғұлама, әулие.
1033 жылы Сайрам (Испиджаб) қаласында дүниеге
келген. Арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі
– Испиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің
ұрпағы. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша
(Қарашаш ана). Алғашқы білімді өз әкесінен алады.
Кейіннен отырарлық ғұлама Арыстан бабқа шәкірт
болады. Жиырма жасқа толғанда әкесі Яссы еліне
сопылық ілім үйренуге аттандырады.
Ясауи сол кездегі ғылым мен ағартудың орталығы ретінде белгілі
болған Отырар қаласында білім алады да, кейіннен Бұхардағы Юсуп
Хамадани басқарған сопылар қауымына кіріп, дәруіштік мектептен өтеді.