Қожаберген Сабира мфпко-301 тобы Академиялық жазу пәні 8 апта, қосымша тест тапсырмалары Рефлекция



бет1/4
Дата22.12.2023
өлшемі23 Kb.
#198541
түріЛекция
  1   2   3   4
Байланысты:
Қожаберген Сабира 8 апта СРС СРСП


Қожаберген Сабира
МФПКО-301 тобы
Академиялық жазу пәні
8 апта, қосымша тест тапсырмалары

Рефлекция
Мен бұл сабақтан ең бірінші дереккөздерді зерделеуді игердім. Яғни жасап жатқан ғылыми жұмыстарға ғылыми ақпараттарды қайдан алу керектігі жайлы толық ақпараттарды алдым. Ғылыми ақпарат көздері ретінде біз тек көпшілікке арналып жарияланбаған құжаттарды пайдалана алады екенбіз. Және осы барлық ғылыми ақпараттарды алғашқы және қосалқы деп екі топқа бөлеміз. Бастапқы құжаттарда бастапқы мәліметтер, ғылыми зерттеулердің тікелей нәтижелері, ал қосалқы құжаттарда бастапқы құжаттарды аналитикалық және логикалық өңдеу нәтижелері болады.
Дереккөздерді зерделеу интернет көздерінің, оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, монографиялардың, журнал және газет мақалаларының, биотехнологиялық кәсіпорындардың технологиялық регламенттерінің тізімін таңдаудан және құрастырудан басталатыны маған тың ақпараттардың бірі болды. Әдебиетті таңдағанда библиографиялық және рефераттық басылымдарды пайдаланған тиімді екенін білдім. Егерде біз ғылыми ақпараттарды кітаптан алатын болсақ онда бізге толық кітапты оқып шығудың қажеті жоқ, тек кітаппен жалпылама танысу керек. Өйткені, бізге ол кітаптың тек белгілі бір бөлігі қажет болуы мүмкін. Сондай-ақ әдебиеттерді оқудың екі жолымен таныстым, мазмұнынын шолып өту және мәтінді мұқият пысықтау.
Сонымен қатар объект және пән деген териндердің нақты анықтамаларымен таныстым. Объект – негізгі ұғым, өйткені ол жүйенің бір бөлігіне қатысты және одан кейін кішігірім міндеттер туындайтын ғылыми таным саласы. Ал пән - қосалқы ұғым (екінші реттегі ұғым), ол объектіні нақтылайды, зерттеу объектісінің бір нақты жағын, сапасын, қасиеттерін сұрақтарын немесе проблемасын бейнелейді және көрсетеді. Зерттеу объектісі мен пәнін нақты анықтау мақсатқа сәйкес зерттеу аймағын және оның кейбір аспектілерін анықтаумен байланысты екен. Зерттеудің мақсатын анықтау мен міндеттерін қою, негізгі ұғымдарды иинтерпретациялау және жұмыс гипотезаларын тұжырымдау жайында өте көп мәліметтер алдым. Осы сабақтан алған барлық тың ақпараттар маған зерттеу жұмыстарымен айналысқанда пайдасын тигізері сөзсіз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет