Ойын технологиясы


оқытушылық – оқытудың белгілі бір деңгейін қамтамасыз ету,өтілген материалды қорыту және бекіту; тәрбиелік –



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі24,3 Kb.
#92681
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Б.Никитиннің дамытушы ойындары
13.05.лермонт, Анықтауыштар. Олардың қасиеттері, Бас жиын және таңдама. дискретті және интервалды вариациялық қатарлар.
оқытушылық – оқытудың белгілі бір деңгейін қамтамасыз ету,өтілген материалды қорыту және бекіту;
тәрбиелік – ойын барысында дүниеге эмоциялық – құндылықтық қарым – қатынасын қалыптастыру;
дамытушылық – бітірушінің барабар әлеуметтік өзін – өзі бағалауын қалыптастыру үшін жалпы адамзаттық қабілеттерін дамыту.
Ойын түрінде құрылған сабақ оқу процесінің басымдықтарын – жеке тұлғанаң жан-жақты дамыту мен қалыптастыруға қарай өзгертеді. Бұл жағдайда білім мен біліктерді бүкіл сабақ бойы пайдалану талап етіледі.
Ойын арқылы оқыту процесінде қарым – қатынас стилі мен сипаты ,сондай-ақ педагог қызметі өзгереді ол сабақта ұйымдастырушы ,үйлестіруші және кеңесші ретін атқарады.Ойында бірде-бір оқушы елеусіз қалмайды,әрқайсысынан жаңа шығармашылық талап етіледі.
Ойын барысында жеке тұлғаның шығармашылық әлеуеті ашылып,жетілуі үшін ,мен әртүрлі – зияткерлікті-эвристикалықты ,байланыстырушы шығармашылықты шығармашылық тапсырмаларды пайдаланамын. Осы тәсілдерді пайдалану арқасында шығармашылықты жеке тұлға сапалары:әуесқойлық ,бақылағыштық,елес,қиялдары дамытылады. Бұл кезде жеке тұлғаның мүмкін қабілеттеріне әсерін тигізетін ойлауы ешкімге ұқсамайтын,дербес болады.
Жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамыту үшін ,мен сабақ барысында ойын түрлерін қолданамын.оқытуды мен әртүрлі :сюжеттік-рөлдік,іскерлік ,блиц-ойындар т.б. ойындармен түрлендіруге тырасамын.Сабақты нәтижелеу кезінде КВН немесе Викторина ретінде өткізу тиімді.
Шығармашылық тапсырмалар төмендегідей беруге болады.Мысалы,8 -сыныпта қазақ тілі пәні бойынша «Қазақстан қалалары»деген тақырып бойынша Қазақстанның әр қаласына 1 сағаттан бөлінеді,сондықтан сыныпты топқа бөліп, саяхат сабағын өткізуге болады. Қала тақырыбы бойынша әрбір топ өзінің атауын,логотипін және ұрансөзін ойластырып,президентін сайлайды.Соған қоса топ туризм жоғары деңгейде дамыған қаланың бір бойынша туристік маршруттарын анықтайды.Туристік маршрутын көрнекілік түрінде безендіріледі.Мен басында бір қаланың туристік маршрутын үлгі ретінде ұсынамын,ал команда осыған қарап,өз нұсқауларын даярлайды.Зияткерлігі жоғары дамыған оқушылар құрамынан 3 адам әділқазылар құрамына сайланады,олар сөйлеу уақытын бақылап,топтар жұмысына баға береді.
Ұсынылатын жұмысқа қойылатын талаптар:

  • Баяндау нақтылығы;

  • Уақыттан шықпау;

  • Өз проблемасын безендіру және баяндау ерекшелігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет