Ойынның барысы



бет1/2
Дата17.11.2022
өлшемі19,95 Kb.
#158684
  1   2
Байланысты:
Ойынның барысы
Отсканированные документы (1)


Ойынның барысы

АБ-11 тобының 2 жартыға бөлінген топ студенттер арасында өтетін жарыс. Әр топта 4 ойыншыдан құралады. Әр топтың топ басшысы болады, топ атауы болады. Топ басшысы өз тобындағы ойыншыларды таныстырады. 2 топ бір-бірін таныстырып болғасын ойын шарты түсіндіріледі.
Ойын 5 турдан тұрады.

  1. Ақпараттық технологиялардың терминдік сөздерін табу.

  2. Пантомима

  3. Ассоциация

  4. Интуиция

  5. Дешифровщы

  1. Ақпараттық технологиялардың терминдік сөздерін табу.Бұл турдың өзі 3 айналымнан тұрады. Әр айналымда әр топ мүшесі кезекпен 2 карточканың біреуін таңдап, ондағы жасырын сөзді өзінің топ мүшелеріне жұмбақтап беру. Карточканы таңдау кезінде топтың басқа мүшелердің құлағында әуендер ойналған құлаққалқа болады. Бірінші ойыншы екінші ойыншыны әуен тыңдап тұрған орнынан түртіп, жасырын сөзді жұмбақтап береді. Жұмбақтың шешімі табылса, үшінші ойыншынының көңілін өзіне аудартып, шешімін тапқан жасырын сөзді басқаша жұмбақтап беруі тиіс. Уақыт 2 минутқа шектеледі. Сол уақыт арасында толық топ мүшелері қатысып үлгеруі керек. Қанша ойыншы шешімді дұрыс тапса, сонша ұпай беріледі. Әр дұрыс жауап 10 ұпай.

Ойынның 1-туры бойынша ойналатын сөздер:

  1. чат және диск

  2. браузер және терезе

  3. файл және пиксель.

  1. Пантомима. Интерактивті тақтада 6 ұяшық көрсетіледі. 2 топ кезекпен ұяшықтардың біреуін таңдайды. Топтың бір мүшесі таңдалған ұяшық бойынша тақтаға қарамай, өз тобына қарап тұрады. Топтың қалған мүшелері кезекпен тақта алдында тұрған ойыншыға тақтада көрсетілген нысандарды мимикамен, іс-қимылмен көрсетеді. Әр дұрыс табылған жауапқа 10 ұпайдан беріліп тұрады, топ ойыншылары кезекпен орын ауыстырып тұрады. Жауабын тапса, келесі ойыншы ортаға шығып, пантомимамен түсіндіреді, жауабын шеше алмай тұрған жағдайда келесі ойыншыға келесі сөзді түсіндіруге мүмкіндік беріледі. Уақыт шектеуі 2 минут.

Ойынның 2-туры бойынша ойналатын сөздер:

  1. Windows ортасында: Интерфейс, Жұмыс үстелі, Калькулятор, Қайшы, Себет.

  2. Перифериялық құрылғылары: Принтер, Сканер, Монитор, Пернетақта, Тышқан.

  3. Қолданбалы бағдарламалар: MediaPlayer, Ойын бағдарламалары, Антивирус, PhotoShop, Microsoft Office.

  4. Стандартты бағдарламалар: WordPad, Paint, Блокнот, Дыбыс жазу, Жазбалар.

  5. Ақпараттық технологиялар: Ноутбук, Ұялы телефон, Планшет, Интерактивті тақта, USB-модем

  6. Ғаламтор ортасында: WWW, E-mail, WiFi, @ (айқұлақ немесе собачка), Wikipedia



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет