Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Бактериялы және вирус аурулары



бет47/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Бактериялы және вирус аурулары
Күріш–негізгі азықтық дақыл ретінде өсірілетін Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде бактериялы күйік пен жолақтану немесе стрик деп аталатын ауру кең таралған. Олар Қазақстан үшін карантинді нысанға жатады.
Бактериялы күйік. Қоздырушысы – Xanthomonas campestris pv. оryzae Dye (син.: X. oryzae Dows.). Ауру белгілері жапырақ тақталары мен сабақ буынаралықтарында, масақшалар қауызында майланған сияқты күңгірт-жасыл дақтар ретінде байқалады. Кей жағдайда инфекция су мен қоректік заттар тасымалданатын түтікшелер арқылы бүкіл өсімдікке таралып, ол опат болады. Ауа ылғалды болса дақтардың үстінде ақшыл-сары бактерия экссудатытүзіледі, кепкен кезде ол сары ұнтаққа айналады. Ауру қүріш көшеттерін танапқа отырғызғаннан кейін байқалады, олар кенеттен солады. Бактерия – Грам әдісімен боялмайтын, екі ұшындағы талшықтары арқылы сұйық ортада қозғалатынтаяқшалар,мөлшері 0,5-0,18х 1-2 мкм. Ет-пептон агарында беті жылтыр, шеттері біртегіс шырышты колониялар түзеді.Инфекция тұқым арқылы таралады және шірімеген өсімдік қалдықтарында сақталады.
Жапырақтардың жолақтануы. Қоздырушысы– Xanthomonas campestris pv. оryzicola Dye. Бұл ауру тропикалық Азияның барлық елдерінде таралған. Жапырақтардамөлшері аса үлкен емес, ұзындығы 3-5 мм, ені 0,5-1 мм,түссіз жолақтар байқалады. Олар біртіндеп үлкейіп, ұзындығы 15-17 мм ені 2 мм жетеді. Ауа ылғалдылығы жоғары болса дақтардың үстінде сарғылт келген тамшы түзіледі. Бактерия жасушаларыдара немесе қосарланған таяқшалар, Грам әдісімен боялмайды, сауыт түзбейді,мөлшері 1,2-1,4 х 0,3-0,5 мкм. Картоп агарында, беті жылтыр, ортасы көтеріңкі, жиектері біртегіс домалақ шоғырлар түзеді.

Студенттердің білімін тексеруге арналған сұрақтар


Күріш пирикуляриозының белгілері өсімдіктің қай мүшелерінде байқалады,қоздырғышының биологиялық ерекшелігі және жіктелуіне тоқтал?
Fusarium мен Helminthosporiumсаңырауқұлақтары қоздыратын жапырақтар мен сабақтардың теңбілдену ауруларының белгілеріне жәнеқоздырушылары жайлы не білесің ?
Күріш тамыр шірігінің негізгі белгілеріжәне қоздырушылары?
Күріш дәнегі қабықшасының қараюы,қоздырушаларының ерекшеліктері?
Күріштің бактериялар мен вирустар қоздыратын қандай ауруларын білесің, олардың негізгі белгілері мен инфекцияларының тасымалдану және сақталу ерекшеліктері?
Күріштің карантинді нысанға жататын қандай ауруларын білесің? Олар республика аумағына қалай тасымалдануы мүмкін?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет