Қоңырқай дақтар.Қоздырғышы Deuteromycota класының Меланкониялылар қатарының өкілі – Gloeosporium medicaginis(син. Pseudopeziza medicaginis Sacc).Жапырақтар мен сабақтарда, бұршаққындарда ұсағырақ сарғылт-қоңыр дақтар байқалады.Олардың ортасында саңырақұлақтың қалталы сатысы, көлденеңі 1-1,5 мм жететін,реңі қоңырқай жеміс денелері – апотецийлер, ішіндетүйрегіш немесе жұмыртқа тәріздес , мөлшері 9-12х5-6 мкмаскоспоралар түзіледі. Жапырақтар мезгілінен ерте сарғайып, қурап түсіп қалатындықтан,жиналғаншөп пен тұқымның түсімділігімен қатар, сапасы төмендейді. Кеселге қатты қатты шалдыққан өсімдіктер тұқым салмайды. Инфекция аңызда шашылған жапырақтарда қыстап шығады. Жеміс денелерінде түзілетін аскоспоралар көктем айларында пісіп жетіліп, жаңадан жайылып келе жатқан жапырақтарды залалдайды.
Тат.Қоздырғышы – Basidiomycota класының Урединиялылар немесе Тат саңырақұлақтары қатарына жататын Uromусes striatus Schroter.Екі иелі саңырауқұлақ, эций сатысы сүттігенде, ал – урединий мен телийлері жоңышқада дамиды. Ол негізгі ие-өсімдікпен қатар, жабайы жоңышқа мен бедені, жасымықты және сиыржоңышқаны залалдайды Ауру белгілері ерте көктемде жаңадан жайылып келе жатқан жапырақтармен сабақтарда ашық-қоңыр күлдіреуіктер(пустулалар) ретінде байқалады. Урединиоспоралар шар тәріздес, қоңырқай, үстінде ұсақ бедері бар, мөлшері 18-23х16-20 мкм, телиоспоралар эллипс тәріздес,қабықшасы ашық-қоңыр, мөлшері18-24х14-20 мкм. Жаз бойы саңырауқұлақбірнеше урединийұрпақ беріп, күзге қарай телиоспоралар түзеді. Тат ауруы қатты өршіген танаптардан жиналған шөп пен тұқымның түсімділігімен қатар сапасы төмендейді.Инфекция урединиоспоралар ретінде жоңышқа аңызында, ал саңырауқұлақ мицелийі сүттіген тамырында сақталады. .
Ризоктониозды шіру мен фузариозды солу. Ауру қоздырғыштарыDeuteromycotaкласының Стерилді мицелийлер қатарынанRizoctonia violaceaTul., R.solaniKuchn.және Монилиялылардан - Fusarium avenaceum Fr. Sacc. және т.б.саңырауқұлақтар. Ризоктониоз белгілері көп жыл пайдаланылған шабындықтардаөсімдіктердің тамыр мойынының қарайып, шіруі ретінде байқалады. Кеселге шалдыққанмүшелерде саңырауқұлақ мицелийлерінен тұратын қүңгірт- күлгін өңез және склероцийлер түзіледі.Фузариозды шіру өсімдіктердіңкүре тамырларындабайқалады, оларда ақшыл немесе сарғылт өңезтүзіледі.Ауруға шалдыққан өсімдіктер солып, қурайды, опат болады. Ауру қоздырғыштары талғампаз емес, көптеген дара және қос жарнақты мәдени дақылдармен жабайы өсімдіктерді залалдайды. Инфекция өсімдік қалдықтарында және топырақта сақталады.
«Шайтан сыпыртқысы». Қоздырғышы– Lytevirus. Ауруға шалдыққан өсімдіктердің, жапырақтар алапестенеді, жіңішке әлжуаз сабақшалар қаптап шығатындықтан залалданған өсімдіктер сыпыртқы тәріздес келеді. Олардың өсуі кенжелейді, гүл шоқтары өзгередіқүлте жапырақтар қысқарып, жыныс мүшелері тозаңданбайды.Жыл сайын ауруға шалдыққан өсімдіктер саны арта береді. Жиылатын көк балаусаның түсімділігі мен протеин мөлшері күрт төмендейді, гемицеллюлоза көбейеді. Өсімдіктердің өсу кезеңіндеинфекцияцикадалар, кенелер және басқада өсімдік шырынымен сорып қоректенетін бунақденелілер арқылы таралады. Вирусдала шырмауығының тамырында қыстап шығады.
Мозаика.Қоздырғышы– Alfalfa mosaic virus. Ауруға шалдыққан жапырақтарда ірілеу, сарғылт немесе бозғылт-жасыл,дөңгелектеу,сақиналы дақтар байқалады.Олардың сырт пішіні өзгереді,әжімделіп, мезгілінен ерте қурап түсіп қалады. Жоңышқамен қатар бұл вирус үрмебұршақ, қытайбұқшақ пен қызыл бедені, дала шырмауығы мен қара меңдуана, сары қалуен және т.б. жабайы өсімдіктерді залалдайды.Инфекция өсімдіктердің тамыр мойынында сақталады.