Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж



бет70/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Сабақ таты.ҚоздырғышыУрединиялылар қатарының өкіліPuccinia agropyrina Erikss.Бидайық жапырақтарының екі жағында ұзындығы 1-1,5 мм жететін сарғылт дақтар, үстінде күлдіреуіктер (пустулалар) байқалады,кейінірек телиспоралар түзілуінен олар қара жолақтарғаайналады. Урединиоспоралар жұмыртқа тәріздес, мөлшері 16-32х16-23мкм. Жатаған бидайықпен қатар,еркекшөп және т.б. астық тұқымдастарды залалдайды. Инфекция көпжылдық шөптердің тамыр мойынында қыстап шығуы мүмкін.
Ақұнтақ. ҚоздырғышыAscomycotaкласының Эризифалылар қатарынан Erysiphe graminis DC. f. sp. agropyriЖапырақтардаселдірлеу нәзікақшыл,кейіннен нығыздалып сұрғылт тартатын өңез байқалады. Жатаған бидайықпен қатар басқа астық тұқымдастарды, мәдени дақылдардан арпаны залалдайды. Келесі жылы көктемде жеміс денелерінде түзілетін аскоспоралар пісіп жетіліп, инфекцияны таратады.
Жапырақтардың қынапшалануы.Қоздырғышы– Epichloe typhina Full.Бұл ауру арпабас, жатаған бидайық, тарғақ және т.б. астық тұқымдастарда кездеседі. Сабақтың жоғарғы ұшы алғаш ақшыл-сары, алтын реңдес, біртіндеп қара-қоңыр тартатын қынапшаға айналады. Залалданған мүшелерде ауру қоздырғышының жеміс денелерінен тұратын апотецийлер түзіледі. Кеселге қатты шалдыққан өсімдіктер гүлдемей, біртіндеп қурайды. Инфекция өсімдік қалдықтарында сақталады.
Қастауыш.Қоздырғышы–Claviceps purpurea Full.Ascomycotaкласының Клавицепиталдыларқатарынан Жаз айларында, әсіресе өсімдіктердің гүлдеу кезеңінде, ауа ылғалдылығы жоғары, жаңбыр жиі жауған жылдары көбірек байқалады. Масақшаларда ұзындығы 1 см жететін, пішіні мүйіз тәріздес қоңырқай, немесе сұрғылт-күлгін склероцийлер түзіледі. Ауруға шалдыққан масақтар бунақденелілерді еліктіретінқоймалжың тәтті шырын бөліп шығарады. Олар ауруды таратуда біраз рөл атқарады. Жиналған шөптерде саңырауқұлақ склероцийлері көбірек болса, малдар түсік тастауы мүмкін.Инфекция топырақта және залалданған өсімдік қалдықтарында сақталады.
Бидайықтың ергежейлі немесе қортық қаракүйесіҚоздырғышыBasidiomycota класының Устилагиналылар қатарына жататын Tilletia controversaKuechn.Ауруға шалдыққан өсімдіктер шамадан тыс түптенеді, бойы өспей ергежейленеді. Инфекция бидайықтың тамыр мойынында көп жылдар бойы сақталуы мүмкін,тұқым арқылы да сақталады. Ауру бидайықтан күздік бидайға таралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет