Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж



бет50/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Сорттардың беріктігі. Өндірісте пайдалану үшін ұсынылған күздік бидай сорттарының ішінде Эритроспемум 350-ден басқа қатты қаракүйеге беріктері жоқ. Сарқанд сорт-сынау участкесінде жүргізілген зерттеулероның ергежейлі қаракүйеге де берік сорттары жоқ екенін көрсетті,олар табиғи залалданғанның өзінде ауруға 2,2-ден 10%-ға дейін шалдықты. Өндірісте кеңінен қолданылып келе жатқан және болашақта пайдалануға тіркелуі мүмкінжаздық жұмсақ бидай сорттары қатты қаракүйеге орташа немесе жоғары деңгейде шалдығады. Бұл ауруға Целинная 26, Шортанды 95, Лютесценс 20, Лютесценс 26, Лютесценс 31,Лютесценс 1202, Лютесценс 1272, Толкын және Ақтөбе 33 сортары берігірек. Қатты бидай сорттары тозаңды және қатты қаракүйеге берігірек, олардың ауруға шалдығу дәрежесі 1-1,5%-дан аспайды.Пайдалануға тіркелген арпа мен сұлы және тары сорттарының ішінде қаракүйе ауруларына беріктері некен-саяқ. Оның үстіне қауызды дәнді дақылдар оларға өте бейім келеді, тұқым дәріленбей себілсе өсімдіктер 10-20%-ға дейін ауруға шалдығады.
Тұқымды дәрілеу. Бұл– көптеген дақылдардың тұқым арқылы таралатын ауруларына тиімді профилактикалық шара.Дәнді дақылдардың тұқымын дәрілеуге қолданылатын препараттар өсімдіктердің түптенуіне дейін толық ыдырайтындықтан, экологиялық тұрғыдан қатерсіз.Тұқым дәрілеуге Өткен ғасырдың 70 жылдарынан бастап жүйелі препараттар шығарыла бастады. Олар дәнді дақылдарды қаракүйе ауруларынан толық айықтырумен қатар, жаңа шыққан өскіндерді тұқым мен топырақта кездесетін көптеген ауру қоздырғыштарынан, атап айтқанда, тамыр шірігі,септориоз, гельминтоспориоз, фузариоз инфекцияларынан қорғайды. Нәтижесінде тұқымның танаптық өнгіштігі, тамырлануы және өсімдіктердің түптенуі, бастапқы өсу екпінділігі біраз артады(1-сурет).
Батыс Еуропа, Украина мен Белорусь мемлекеттерінде тұқымды жүйелі препараттармен дәрілеу арқылы егісті түптену кезеңіне дейін тат және ақұнтақ ауруларынан қорғауда тиімді екені анықталды. Өткен ғасырдың 80- жылдарына дейін кең қолданылған сынап және хлорорганикалық қосылыстарымен салыстырғандажүйелі препараттардың зәрлілігі 100 еседей (ЛД50 2000-5000 мг/кг),кейбір өсімдік патогендері түзетін микотоксиндерге қарағанда әлде-қайда төмен.Өткен ғасырдың 90- жылдарынан бастап шетел фирмалары жүйелі препараттардың сұйық түрлерін(ФЛО сулыжәнесуда еритін концентраттар) шығара бастады. Нәтижесінде тұқымды дәрілеу, тиеу және тасымалдау кезінде олардың тозаңдануы, қоршаған ортаны ыластауы төмендеді, санитарлық және гигиеналық жағдайлар жақсарды.
Соңғы жылдарыреспубликаның әртүрлі аймақтарында жүргізілген танаптық және өндірістік сынақтар нәтижесінде бидай мен арпа дақылдарыныңтұқымдарын дәрілеуге қолданылатын 30-дан астампрепараттар тіркелді. Олардың негізгілеріне карбоксин мен тирамнан тұратын қоспа препараттар–витавакс 200 FF («Юнироял Кемикал», АҚШ),витарос (Россия және Қытай),триазол тобына жататын– дивиденд 030, дивиденд-стар(«Сингента» Швейцария), премис пен премис 200(«Рон-Пуленк» Франция,«БАСФ» Германия), раксил, раксил ультра, ломадор («Байер», Германия), флутриафол тобынан –винцит, винцит-форте винцит-экстра («Зенека» Англия мен «Кеминова» Дания) және т.б. жатады. Соңғы жылдары аурулармен қатар, дәнді дақылдар өскіндерінзиянкестерден (гессен және швед шыбындары, бүргелер мен сымқұрттар) қорғайтын қоспа препараттар –юнта («Байер» Германия), селест-топ («Сингента» Швейцаря)жәнетиімділігі мен белсенділігі жоғарыстробрулин тобына жататын иншур-перформ («БАСФ» Германия)және т.б.препараттар қолдануға тіркелді.
Тұқым дәрілеуге қолданылатын препараттардыңнегізгі нысандарға тиімділігі бойынша біраз ерекшеліктері бар. Инфекциясы тұқым үстінде немесе беткі қабатында сақталатын қаракүйе түрлерінеолардың көпшілігінің тиімділігі өте жоғары.Препараттардың жұмсалу мөлшері сақталып, тұқым сапалы және біркелкі дәріленсе тиімділігі 99-100% жетеді. Инфекциясы тұқым ұрығында, немесе топырақта сақталатын қаракүйе ауруларына олардың тиімділігі 70-90% аралығында.Триазол тобына жататын, немесе стеролдар түзілуін тежейтін препараттар, бидай мен арпаның тамыр шіруінің дамуын айтарлықтай төмендетеді, бірақ тұқымның зеңденуіне тиімділігі төмендеу.Байтан-универсал, раксил, дивиденд-стар, суми-8, ломадор винцит және т.б. препараттар бидай мен арпаның тұқымдары көктем айлары құрғақ жылдары тереңірек (7-8 см)себілсе,олардың танаптық өнгіштігін айтарлықтай төмендетеді. Осыны ескере отырып,дәнді дақылдар тұқымы триазол тобына жататын препараттармен дәріленсе, оларды 4-6 см-ден терең сеппеген жөн. Карбоксин мен ТМТД қоспасы(витавакс 200 ФФ, витарос) және карбендазим тобына жататын препараттар қолданылса тұқымды7-8 см дейін тереңдікке сіңіруге болады. Күздік және жаздық бидайдың қатты және арпаның тас қаракүйелеріне дерозал мен колфуго-супердіңтиімділігі жоғары болғанмен, тозаңды қаракүйе және тамыр шірігінеәсері әлде-қайда төмен.
Арнайы жүргізілген зертханалық және танаптық төжірибелер нәтижесінде тұқым дәрілейтін препараттар қоймада талапқа сай сақталынса тиімділігін 2-3жылға дейін төмендетпейтінін көрсетті. Бидай тұқымы бір жылға дейін сақталған жағдайда өнгіштігін өзгертпейтіні белгілі болды.
Төменде республиканың әртүрлі аймақтарында жан-жақты сынақтан өтіп,дәнді дақылдардың тұқымын дәрілеугеұсынылған препараттар, олардың қолдану мөлшері және негізгі ауруларға тиімділігі жайлы мәліметтер берілген (1- кесте).
1- кесте. Дәнді дақылдардың тұқымын дәрілеуге арналған препараттар, қолдану мөлшері және тиімділігі



Препарат


Дақыл

Биологиялық тиімділігі, %

бидай

арпа

сұлы,
тары

жүгері

қаракүйе

тамыр шірігі

зеңдену

қатты

тозаңды

Бункер,6% с.с.к.

0,4

0,4

-

-

+++

++

+

++

Витавакс 200 FF, 34% с.с.к.

1,5-2,0




2,5-3,0

2,0-30

+++

++

+

+++

Виал ТТ, с.с.к.

0,4

0,4

-

-

+++

++

+

++

Витарос,39% с.с.к.

2,0

-

-

-

+++

++

+

+++

Винцит экстра, с.к.

0,5-0,75

0,5-0,75

-

-

+++

+++

++

++

Винцит форте с.к.

1,0-1,2

1,0-1,2

-

-

+++

+++

++

++

Дерозал, 50% с.к.

2,0-2,5

2,0-2,5

2,0-2,5




+++

++

+

+

Дивиденд 030с. к.

2,0

3,0

-

2,0

+++

++

++

++

Дивидендэкстрим, а. с. к.

0,4

0,4-0,5

-

-

+++

++

++

++

Иншур-перформ 120 к.с.

0,3-0,4

0,3-0,4

-

-

+++

+++

++

+++

Гүлдара с.с.к

3,0

-

-

3-4

++

-

+

+++

Корриолис, 20% с. к.

0,12-0,2

0,1-0,2

-

-

+++

++

++

++

Кинто-дуо,8 %с.к.

1,5-2

1,5-2

-

-

+++

++

++

++

Колфуго-супер, 20%с.с.

1,5-2,0

1,5-2,0

-

-

+++

+

+

+

Ломадор, с. к.

0,12-0,15

0,12-,15

-

-

+++

++

++

++

Максим XL 035, с.к.

-

-

-

1,0

-

++




++

Премис,2,5%.с. к

1,0-1,5

1,0-1.5

-

-

++

++

++

++

Премис двести,с.к.

0,12-0,2

0,12-0,2

-

-

+++

++

++

++

Раксил, 6% с.с.к.

0,4

0,4

-

-

+++

++

++

++

Раксил ультра,с. к.

0,2

0,2

-

-

+++

++

++

++

Скарлет, м.э.

0,3-0,4

-

-

-

+++

+

++

+

Селест-топ, с.к.

1,2

-

-

-

+++

+++

++

++

Суми-8, 2% ФЛО

1,5

1,5

-

-

+++

++

++

++

ТМТД, 80 с.ұ.

2,0

-

2,0

-

++

-

+

+++

Фундазол, 50% с.ұ.

2,0-3,0

2,0-3,0

2,0

-

+++

++

+

+

Юнта, с. к.

1,5-1,75

-

-

-

+++

++

+

++

*+++ - жоғары ( 90-100%) , ++ - жақсы (70-85 %) ; + - қанағаттанарлық (50-65%) тиімділік .

Бүгінгі таңда дәнді дақылдардың тұқымын дәрілеуге 50-ден астам препараттар ұсынылып отыр. Жыл асқан сайын олардың саны арта бермек. Соңғы жылдары тіркеліп жатқандарының көпшілігі бұрыннан белгілі жоғарыда көрсетілген препараттардың аналогтары. Мәселен, негізгі әсерлі заты тебуконазолдан тұратын раксилдің қазіргі таңда 10-нан астам аналогтары белгілі. Сондықтан белгісіз фирма ұсынған препаратты қолданбас бұрын, ол Республика аймағында қолдануға тіркелгені жөнінде нақты мәлімет алу қажет. Сонымен қатар,ол шынайы препаратпа, немесе жамылмалы атпен ұсынылып отыр ма, соған көз жеткізген жөн. Осындай талап өсімдік қорғау саласында қолданылатын барлық пестицидтер үшін қойылғаны абзал.


Тұқымды химиялық препаратпен дәрілеу міндетті ме, әлде биологиялық препарат немесе өсімдіктердің өсуін реттейтін, олардың биотикалық және абиотикалық кедергілерге төзімділігін арттыратын өсу реттегіш препараттар қолданумен шектелуге болама Бұл сұраққанақты жауап беру үшін себілетін зертханалық тәсілдерді қолдана отырып,тұқымның фитосанитарлық жағдайын анықтау қажет. Төмендегі кестеде дәнді дақылдар тұқымының фитопатогенді ағзалармен залалдану дәрежесінің шектеулі көрсеткіштері берілген (2-кесте).
Егер дәнді дақылдар тұқымының ауру қоздырғыштармен залалдану мөлшері жоғарыда келтірілген бір немесе бірнеше көрсеткіштен төмен болса, онда химиялық препараттардың орнына биологиялық препараттар, немесе өсу реттегіш заттар (биосил, супергумат, агростимулин және т.с.с.), немесе микроэлементтер (мырыш, мыс және марганец жекелей, немесе 2-3 тен қоспа) ретінде қолданған жөн. Соңғылары өсімдіктердің өсуіне аз мөлшерде қажет болғанымен, жүретін физиологиялық үрдістердің екпінділігін жүздеген есе арттырады. Әсіресе мырыш пен марганец қоспасымен(1 тоннаға 0,25-0,5 кг) дәнді дақылдар тұқымын баптау тиімді. Өсу реттегіш заттары мен микроэлементтер тұқымды ылғалдап дәрілеу үшін пайдаланылатын суда ерітіледі. Соңғы жылдары еліміздің солтүстік өңірінде жүргізілген зерттеулер құрамында 90%-дан аса гумин қышқылы бар супергумат препаратымен(0,25-0,5 л/т)бидай мен арпа тұқымдарын баптаудың тиімділігі химиялық препараттардан кем түспейтінінкөрсетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет