Өкім қарағанды қ. № 2013 ж. 2013-2014 оқу жылында оқу процесін



бет4/5
Дата13.02.2017
өлшемі1 Mb.
#9099
1   2   3   4   5

6.6. Жазғы семестр аяқталғаннан кейін Тіркеу бөлімі әр студент үшін оқу жылына арналған өту балының есебін жүргізеді. Өту балының белгіленген деңгейін алған білім алушы ректор бұйрығымен келесі курсқа өтеді.

6.7. Оқу жылындағы және оқытудың барлық алдыңғы кезеңіндегі пәндер бойынша академиялық қарыздар (емтихандар, курстық жобалар немесе жұмыстар, практика бойынша есеп беру, дифференцияланған сынақтар) студентті курстан курсқа, мамандықтан мамандыққа, ЖОО-дан ЖОО-ға ауыстыру кезінде оның GPA-сын есептеуде нөлге теңестіріледі (Иц=0).

6.8. Студент оқыту процесі кезінде белгіленген өту балын кем алған жағдайда Университет Ректорының бұйрығы бойынша ақылы негізде қайта оқыту курсына қалады.

6.9. Емтиханды қайта тапсырудың оң нәтижесі кезінде қайтадан қорытынды баға есептеледі, емтихан ведомостісіне, сынақ кітапшасына және транскриптке жазылады.

Сабақ үлгерімінің орташа балын есептеу кезінде оқу пәні бойынша соңғы бағалар есепке алынады.



6.10. Транскрипте студенттің барлық қорытынды бағалары және емтиханды қайта тапсырудың оң нәтижесі жазылады.

6.11. Қайта оқу курсына қалдырылған студент жеке оқу жоспарын жасауға немесе бұрын орындалған жоспарды толықтыруға құқылы.

6.12. Мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері, қайта оқыту курсына қалдырылған студенттер гранттан айрылады және қайта оқыту курсының кредиттерінің және зерделенетін пәндерінің саны көрсетілген төлем туралы шарт негізінде ақылы негізде оқуын жалғастырады.

6.13. Егер студент – мемлекеттік білім грантының иегері өту балын жинаса, бірақ сонымен бірге академиялық қарызы болса, ол келесі оқу курсына ауыстырылады және степендия тағайындалмайды.

6.14. Қайта оқу курсына қалдырылған және алдыңғы оқу кезеңінде академиялық қарызы бар студенттер ол қарыздарын жою үшін ақылы негізде сол пәндерді қорытынды аттестацияға дейін қайталап оқуға тиіс.

6.15. Пәндерді зерделеу сол пән бойынша қарастырылған сағат көлемінде дәрістер, практикалық немесе зертханалық сабақтар жүргізу түрінде ағымдағы, аралық бақылау (аттестация), емтихан өткізу арқылы жүзеге асырылады. Пәндер бойынша кредиттер егер оқу қорытындысы бойынша жақсы баға алғанда есептеледі.

6.16. Практиканың барлық түрлері бойынша қарыздарды жою жазғы семестр кезінде ақылы негізде олардың бағдарламасына сәйкес немесе егер бұл технологиялық жағынан мүмкін болса оқу жылында сабақтан бос уақытта жүзеге асырылады.

6.17. Егер оқу жоспарындағы айырмашылық бакалавриат үшін міндетті компоненттердің бес оқу пәнінен артық болмаса, көшіру және қайта қалпына келтіру сол курсқа жүзеге асырылады.

6.18. Білім алушыны Университетке ауыытыру және қайта қалпына келтірудің міндетті шарты оның жеке оқу жоспарына сәйкес бірінші академиялық кезеңнің 15 кем емес кредиттін толық абуы болып табылады

Бұл ретте білім алушы қайта қалпына келтіру кезінде оқудан шығару мерзіміне қарамастан оқудың кез-келген түріне, кез-келген мамандыққа және кез-келген ЖОО-ға ауыса немесе қайта қалпына келтіре алады.



6.19. Білім алушыларды ауыстарғанда немесе қайта қалпына келтіргенде оқу курсы пререквизиттер есебімен анықталады. Меңгерілген кредиттер бойынша қайта сынақ тапсыру сәйкес білім беру бағдарламаларын меңгеруге қажетті білім беру тракториясына сәйкес жүргізіледі.

6.20. Пәндер бойынша айырмашылықты анықтаған кезде қорытынды бақылау түрі бойынша айырмашылық есепке алынбайды.

Сынақ білім алушының оқудағы жетістіктерін бағалаудың минимум D-дан (1,0; 50–54%) максимум А-ға дейінгі (4,0; 95–100%) ауқымдағы әріптік жүйесіне теңестіріледі.



6.21. Білім алушыны курстан курсқа ауыстыру жазғы семестр нәтижесін және алынған өту балын қоса есептегенде жазғы емтихан сессиясының қорытындысы аралық аттестаттау) бойынша жүзеге асырылады.

6.22. Білім алушыны курстан курсқа ауыстыру ректор бұйрығымен рәсімделеді.

6.23. Білім беру гранты бойынша білім алушы білім беру грантын сақтай отырып, басқа ЖОО-ға ауыса алады.

Жеке ЖОО-лар үшін бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша арнаулы орындарға, сонымен қатар бөлінген квоталар шегінде педагогикалық мамандықтарға оқуға түскен білім алушылар басқа ЖОО-ға ауысқанда білім беру гранты сақталмайды.



6.24. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алатын докторанттардың және магистрантардың бір ЖОО-дан екінші ЖОО-ға ауысуы білім беру саласындағы өкілетті органның мемлекеттік білім беру тапсырысын қайта бөлу арқылы рұқсат етіледі.

6.25. Білім алушының бір ЖОО-дан екінші ЖОО-ға ауысу рәсімі келесі тәртіппен жүзеге асырылады:

1) басқа ЖОО-ға ауысуға тілек білдірген білім алушы өзі оқитын ЖОО басшысының атына ауысу туралы өтініш жазады және мөрмен расталған ауысуға жазбаша түрде берілген келісімді Университет ректорына жолдайды;

2) Университет атына жазылған ауысу туралы өтінішке оқу жұмысы жөніндегі проректор және офис-тіркеуші қол қойған, мөрмен бекітілген транскрипт көшірмелері; ұлттық бірыңғай тестілеуді немесе кешенді тестілеуді тапсырғандығы туралы сертификат; білім беру гранты иегерінің куәлігі (егер болса); өзі оқыған ЖОО басшысы атына өтініш (басшының қолы ұойылған және мөр басылған) тіркелуі қажет;

3) институт директоры ұсынылған құжаттар негізінде салыстыру ведомостісін жасау арқылы оқу жоспарындағы пәндер айырмасын анықтайды және меңгерілген пререквизиттарға сәйкес оқыту курсын белгілейді, білім беру бағдарламасына сәйкес меңгерілген кредиттер бойынша қайта сынақ өткізеді және Тіркеу бөлімімен келісілген білім алушының жеке оқу жоспарын бекітеді;

4) институт директорының, ОПҰД директорының, оқу ісі жөніндегі проректорың қолыны сәйкес ректор білім алушының ауысуы туралы бұйрық шығарады.

6.26. Университет ректоры бұйрық шыққан күннен бастап үш күн ішінде білім алушы бұрын оқыған ЖОО-ға оның жеке ісін алу мақсатында жазбаша сұрату жолдайды.

6.27. Білім алушы бұрын оқыған ЖОО жетекшісі мұндай сұрату алған соң «(ЖОО атауы) ауысуына байланысты оқудан шығарылды» деген анықтамамен оқудан шығрау туралы бұйрық шығарады және оқудан шығару туралы бұйрық шыққан күннен бастап үш күн ішінде білім алушының жеке ісін қабылдаушы ЖОО мекен-жайына жібереді.

Білім алушы оқыған ЖОО-да транскрипт көшірмесі, сынақ кітапшасы, студент билеті және жіберілген құжаттардың тізімі қалады.



6.28. Білім беру гранты негізінде білім алушыны басқа ЖОО-дан Университетке ауыстыру кезінде ректор білім беру саласындағы өкілетті органға және сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімгеріне ЖОО-ларды қаржыландыру көлеміне түзету жасау үшін білім алушыны оқуға қабылдау туралы бұйрық көшірмесімен бірге оның атына жазылған білім беру гранты туралы куәік көшірмесін жібереді.

6.29. Білімі беру гранты бойынша білім алушыны басқа ЖОО-дан Университетке бір курсқа төмен қабылдау тек ақылы негізде ғана мүмкін.

6.30. Басқа ЖОО-дан Университетке ақылы негізде оқу үшін білім алушыларды ауыстыру білім алушы мен Университет арасында шарт жасасумен қоса жүреді.

6.31. Білім алушыны бір мамандықтан басқа мамандыққа, бір оқу түрінен басқа оқу түріне ауыстыру тек ақылы негізде білім алу үшін жүзеге асырылады..

6.32. Ақылы негізде білім алушыны бір ЖОО ішінде басқа мамандықтан және оқу түрінен басқасына ауыстыру шартқа сәйкес өзгертулерді енгізумен қоса жүреді және ректрдың бұйрығымен рәсімделеді.

6.33. Оқу жоспары пәндерінің академиялық айырмашылығын жабу тәртібімен мерзімі институт директорының өкімімен рәсімделеді және ағымдағы оқу жылында білім алушының жеке оқу жоспарына орнатылады.

6.34. Ақылы негізде оқитын, оқу ақысын төлемеуі себепті оқудан шығарылған білім алушы қарызын өтеген жағдайда оқудан шығарылған күннен бастап төрт апта ішінде оқуын қайта қалпына келтіре алады.

6.35. Білім алушалар қатарына қайта қабылдану және оқу жоспары пәндерінің айырмашылығын жабы тек ақылы негізде жүзеге асырылады.

6.36. Қайта қабылдану рәсімі келесі тәртіпте жүзеге асады:

1) білім алушы өз оқуын жалғастырғысы келетіндігі туралы тілегін білдіріп, Университет ректорын атына қайта қабылдау туралы өтініш жазады. Қайта қабылдау туралы өтінішке анықтама тіркеледі (түпнұсқа);

2) институт директоры ұсынылған Анықтама негізінде салыстырма ведомотісін жасау арықылы оқу жоспарындағы пәндер айырмашылығын анықтайды және меңгерілген пререквизиттарға сәйкес оқу курсын белгілейді, білім беру бағдарламасына сәйкес меңгерілген кредиттерді қайта сынақтан өткізеді және тіркеу бөлімімн келісе отырып, білім алушының жеке оқу жосарын бекітеді;

3) институт директорының, ОПҰД директорының, оқу ісі жөніндегі проректор қолына сәйкес Университет ректоры білім алушыны қайта оқуға алу туралы бұйрық шығарады.



6.37. Егер білім алушы басқа білім беру ұйымында оқуын қайта қалпына келтірген болса, білім алушы оқыған ЖОО-ның жетекшісі қабылдаушы жақтың жазбаша сұратуы негізінде өзіне Анықтама көшірмесін, оқы карточкасын, сынақ кітапшасын, студент билеьін және жіберілетін құжаттыр тізімін қалдыра отырып, білім алушының жеке ісін жібереді.

6.38. Білім беру гранты бойынша оқитын білім алушының оқу кезеңінде жүре болған ауру нәтижесінде сол мамандықта оқуға тыйым салу туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы болған жағдайда, ол бір мамандықтан білім беру гранты бойынша бос орын бар басқа мамандыққа ауыстырылады.

6.39. Академиялық ұтқырлықты қамтамасыз ету үшін білім алушылар басқа білім беру ұйымдарында, оның ішінде шетелдерде жеке пәндерді оқиды.

Бұл ретте ректор басқа білім беру ұйымдарындағы оқытылатын кредиттердің жоғары шекті санын анықтайды.

Жеке пәндер Қазақтан Республикасының білім беру ұйымдарында оқытылатын болса, білім беру ұйымдары арасында екі жақты шарт жасалады.

6.41. Жеке пәндер басқа білім беру ұйымдарында оқытылған жағдайда пән бойынша аралық аттестаттаудан өткеннен кейін білім алушы Университет институтының дирекциясына емтихан бағалары, пәндер бойынша қорытында бағалар және меңгерілген кредиттер саны көрсетілген емтихан ведомостісін (немесе транскрипт) тапсырады.

6.42. Университет шетел ЖОО-ларымен серіктестікте ортақ білім беру бағдарламаларын іске асыруда серіктес ЖОО-да қазақстандық кредитттерге және ECTS-ке тең меңгерілген кредиттерді қайта сынақтан өткізуді жүзеге асырады.



7. Академиялық қарыздарды жою және қосымша пәндерді зерделеп оқуды ұйымдастыру

7.1. Алдыңғы оқу кезеңі үшін академиялық қарыздары бар, сондай-ақ қосымша пәндерді зерделеуді, пәндер бойынша бұрын алған бағаларын көтеруді қалайтын студенттер мен магистранттар, егер олар Университетте семестрлердің біреуінде жүргізілсе, осы пәндер бойынша сабақтарға ақылы негізде қатыса алады және ағымдағы, аралық (аттестациялар) бақылаудан және аралық аттестациядан (емтихан) өтіп, академиялық қарыздарын жоя алады.

7.2. Студент «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан кезінде «қанағаттанарлықсыз» деген баға алса, ол осы пәнге қайтадан жазылуы тиіс, келесі академиялық мерзімде немесе жазғы семестрде оқу сабақтарының барлық түрлеріне қайта қатысуы, ағымдық бақылау талаптарын орындауы, рұқсат алуға және мемлекеттік емтихан тапсыруы керек.

7.3. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханда бағаны арттыру мақсатында жақсы бағаға қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

7.4. Егер мемлекеттік білім тапсырыс бойынша білім алушы оқу-жұмыс жоспарында көрсетілген кредиттердің қажетті санын алмаған жағдайда тиісті пәндерді ақылы негізде қайта оқуға құқылы. Оқу жылына арналған бір кредиттің құнын Университет жыл сайын белгілейді.

7.5. Келесі курсқа GPA бойынша көшірілген грант иегері-студент, егер академиялық қарызы болса, берілген пәнді ақылы негізде қайта оқуға және академиялық қарызды жоюға құқылы.

7.6. Егер академиялық қарызы болатын пән ағымдағы семестрде жүргізілмесе, онда осы семестрде сабақтан бос уақытында немесе жазғы каникул кезеңінде, оқу тілдері бойынша ұйымдастырылған топтардағы студенттер саны 15-тен кем болмаған жағдайда, берілген пән бойынша ақылы негізде оқу жүргізіледі, пәндердің жақындығы мен бейінділігі негізінде біріктірілген топтар құрылуы мүмкін.

7.7. Оқудың алдыңғы кезеңіндегі академиялық қарызды жою мақсатындағы студенттердің өтініштері және пәнді зерделеу бойынша ақылы қызметтер көрсету шартын сабақ басталуынан бұрын 1 аптадан кешіктірмей, Тіркеу бөліміне (бас корпус, 316-каб.) беріледі.

7.8. Білім алушылардың келесі категориясы қосымша оқу құқығына ие болады:

- алдыңғы оқу кезеңінде академиялық қарызы бар, соның ішінде емтиханға себепсіз келмегендер;

- қайта қабылдау, ауысу, академиялық демалыстан қайтып келу кезіндегі академиялық айырмашылықтары бар;

- қосымша оқытудан өтуге тілек білдіргендер.



7.9. Қайта қабылданған, ауыстырылған, академиялық демалыстан келген кезде академиялық айырмашылығы бар, сонымен қатар қорытынды бағаны көтеру мақсатында пәнді қайта немесе қосымша оқуға тілек білдірген білім алушылар үшін Тіркеу офисі егер олар Университетте семестрлердің бірінде, оның ішінде жазғы семестрде болса, сол пәндер бойынша ақылы негіздегі сабақтарды және ағымдағы, межелік (аттестаттау) бақылауды және аралық аттестаттауды (емтихан) ұйымдастырады.

7.10. GPA-ның белгіленген деңгейіне жете алмаған білім алушы ақылы негізде пәндерді жазғы семестрде қайта оқуға құқылы, бұл ретте қосымша оқу пәндері кредиттерінің жалпы көлемі семестр үшін 9-дан аспауы қажет.

7.11. Институттар қысқы және жазғы емтизан сессиядары мен практикалардың нәтижелері бойынша GPA-дан өткен, сондай-ақ қосымша пәндерді меңгерген білім алушылар үшін оқу жылы аяқталған соң және GPA-ның белгіленген деңгейіне жеткен студенттер үшін жазғы семестр аяқталған соң курстан курсқа көшіру туралы бұйрық жасайды.

7.12. Білім алушыларды қайта оқу курсына қалдыру және GPA-ның белгіленген деңгейін ала алмағандарды гранттан айыру туралы немесе жұмыс оқу жоспарының және жұмыс оқу бағдарламаларынның талаптарын орындамаған бітіруші курс оқушылары үшін бұйрықтарды Тіркеу офисі институт директорларының қызметттік хаттары негізінде келесі академиялық кезең басталғанға дейін жасайды.

7.13. Академиялық қарызы бар пән ағымдағы семестрде жоқ болса, осы семестрде сабақтан тыс уақытта немесе жазғы семестр кезеңінде оқыту тілі бойынша ұйымдастырылған топтарда студенттер саны 10 кем болмаса, осы пән бойынша ақылы негізде оқыту жүргізіледі.

7.14. Егер студенттер саны 10 кем болса және кафедрада басқа пәндер бойынша қарыздары бар студенттер болса, онда бірнеше жақын және бейінді пәндерден біріктірілген пәндер ұйымдастырылады.

7.15. Біріктірілеген курстар бойынша студенттерді оқыту, ағымдағы бақылаудан жене аралық аттестаттаудан өткізуді жетекші оқытушы кафедра әзірлеген және оқу ісі жөніндегі проректор бекіткен жұмыс жоспары бойынша жүзеге асырады.

7.16. Біріктірілген курстарды жүргізетін оқытушыларды тағайындау оқу ісі жөніндегі проректордың атына жазылған кафедра меңгерушілерінің қызметтік хаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

7.17. Басқа оқытушылардың біріктірілген пәндерді оқу, ағымдағы бақылауды және аралық аттестаттауды өткізу үшін қандай да бір блоктарға бөлуі рұқсат етілмейді.

7.18. Оқытушы белгілі себептермен жоқ болған жағдайда аралық аттестаттауды кафедра меңгерушісінің қызметтік хаты негізінде оқу ісі жөніндегі проректор тағайындаған комиссия өткізеді.

7.19. Пәнді қосымша (қайта) оқыту, ағымдағы бақылауды және аралық аттестаттауды өткізу үшін кафедра меңгерушісі пәннің жетекші оқытушысын белгілейді.

Студент топты жинаған кезде саны 10 және одан артық студенттерді оқытатын жазылуға құқылы.



7.20. Оқытушы еңбекақысы егер жүктеме оқу жылының ішінде орындалған жағдайда сағаттық қордан төленетін жүктеменің басқа да түрлерін қоса есептегенде 225 сағаттан артық емес көлемдегі қосымша оқытудан түскен қаржы есебінен жүргізіледі. Егер қосымша оқыту бойынша жүктемені оқытушы демалыс кезеңінде орныдаған жағдайда, ректор рұқсатымен бұл шектеу алынуы мүмкін.

7.21. Оқыту мерзімі академиялық күнтізбемен анықталады. Оқыту мерзімін ұзартуды институт директоры өтініш және ұсынылған растайтын құжаттар негізінде Кредитті технология ережелеріне сәйкес жүзеге асырады.

7.22. Қосымша оқытуды, ағымдағы бақылауды және аралық аттестаттауды өткізу графигін Тіркеу офисі әзірлейді, оқу ісі жөніндегі проректор бекітеді, институт директораттарына беріледі, кафедра стенділеріне ілінеді және Университет сайтында жарияланады.

7.23. Тіркеу офисі кафедраға қосымша оқыту ведомостісін емтихан күні графикке сәйкес береді. Ведомостілер Тіркеу офисіне емтихан материалдарын тексергеннен кейін 2 сағаттан кешіктірілмей тапсырылуы қажет. Емтихан материалдары кафедрада келесі академиялық кезең бойы сақталуы керек.

7.24. Пән бойынша академиялық қарыздарды жою мақсатында төленген ақы көрсетілген ақылы қызметтерді көрсетуге жазылған студеттердің өтініші және пәндер шарттары Тіркеу офисіне (бас корпус, 316 каб.) кезектегі, оның ішінде жазғы семестрдегі сабақтар басталғанға дейін 1 аптадан кеш емес мерзімде тапсырылуы қажет.

7.25. Білім алушылар қосымша оқытудан өту кезінде сабақтардың барлық түріне қатысуға, пән бағдарламасымен қарастырылған ағымдағы және межелік бақылаудың тапсырмаларын орындауға және қорғауға міндетті. 50% төмен орташа бал жинаған жағдайда ол аралық аттестаттаудан өтуге жіберілмейді және ақшалай қаржы 3.5 және 3.6 пунктілерге сәйкес қайтарылмайды.

7.26. Студент қосымша оқытудан бас тартқан жағдайда 3.6 пунктісіне сәйкес өтініш негізінде білім беру қызметтері бағасын қайта есептеу жүргізіледі.

7.27. Институт директорлары:

- студенттерге академиялық қарыздарды жою қажеттілігі туралы хабарлайды және шарттарды ресімдеген институт студенттерін тілдер бойынша оқу пәндері жүргізілетін Университет мамандықтарының топтарына (бірнеше топтарға) жібереді;

- сол пән бойынша ағымдағы семестрде оқыту жүргізілмейтін, кафедраларының меңгерушілерімен бірлесіп, пәнді сабақтан бос уақытта, соның ішінде каникул кезінде, сенбі күндері зерделеу үшін студенттер топтарын құрайды (тілдер бойынша оқу 8 адамнан кем емес) және оқу жұмысы жөніндегі проректордың бекітуі үшін сабақ кестесін жасайды.

7.27.1. Академиялық қарызды жою мақсатында ақылы негізде оқыту сондай-ақ оқу тіліндегі топтағы студенттер саны 8-ден кем болмаған жағдайда, каникул уақытында (жазда) ұйымдастырылуы мүмкін.

7.27.2. Ликвидация академической задолженности по курсовому проекту (работе), практике может осуществляться в течение обучения студента на курсе. Результаты учитываются при расчете проходного балла обучающегося.

7.27.3. Курстық жоба (жұмыс), практика бойынша академиялық қарызды жою курстағы студенттерді оқыту мерзімі ішінде жүзеге асырылуы мүмкін. Нәтижелер білім алушының өту балын есептеу кезінде есепке алынады.

7.27.4. Практика өтпеген немесе практика бойынша есепті қорғамаған студенттердің практика бойынша академиялық қарызын жоюы ақылы негізде жүзеге асырылады. Шығарушы кафедралар студенттің курста оқу мерзімі бойынша студенттерге сабақтан бос уақытында оқу және өндірістік практикаларды ақылы негізде өтуді мүмкіндігінше ұйымдастыра алады. Нәтижелер студенттің өту балының GPA есептеу кезінде есепке алынады.

7.27.5. Академиялық қарыздарды жою мақсатында ақылы негізде оқу келесі регламенттерге сәйкес жүзеге асырылады:

- білім алушы сессия аяқталған соң 3 күн мерзімде институт директорына академиялық қарызды жою туралы өтініш береді;

- институт директоры берілген өтінішті қарайды және оң шешім қабылданса, білім алушыны ақылы білім беру қызметі туралы шартты ресімдеу үшін ШБҚБ –ға (бас корпус, 309-каб.) жібереді;

- берілген пәндер кредиттер саны бойынша төлеу банк бөлімшесінде жүргізіледі, төлемақы туралы түбіртекті тіркеу үшін төлеу бөліміне тапсырылады (бас корпус, 221-каб.);

- ресімделген шарт берілген пәндерді оқитын топтарды құру үшін негіздеме болып табылады;

- Тіркеу бөлімі төлем және шарт негізінде қосымша оқу семестрін ұйымдастыру туралы шешімді қабылдайды;

- оқу қарыздарды жою мақсатында Университет бойынша бұйрық негізінде ұйымдастырылады, Тіркеу бөлімі құрастырады;

- кафедра меңгерушілері қосымша оқу семестрінің кестесін жасайды. Кесте қосымша оқу семестріне жұмылдырылған дәріс берушілер мен тьюторлардың бос уақыты есебінен құралады;

- қосымша оқу семестрін ұйымдастыру білім алушылардың білімін тәуелсіз бағалау принципіне сәйкес жүзеге асырылады. Мамандықтың оқу жоспарынан тыс оқылатын пәндер бойынша білім алушылардың білімін қорытынды бағалауды жазғы семестр кезінде дәрістер оқитын дәріс оқушы (тьютор) жүзеге асырады.

7.27.6. Қосымша семестрдегі оқу:

- көрсетілген пәндерді игеру мақсатында қосымша немесе кезекті академиялық семестр ішінде білім алушылардың сабаққа қатысуын;

- пәндер бойынша рейтингті анықтау мақсатында барлық оқу тапсырмаларын орындауды;

- пәндер бойынша емтиханды жақсы бағаға тапсыруды көздейді.



7.27.7. Жазғы семестр мерзімінде меңгерілген мамандықтың оқу жоспарындағы пәндері бойынша емтихан нәтижелері GPA-ға енеді.

8. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау

8.1. ЖОО-да білім алушыларды қорытынды аттестаттау мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандартында белгіленген нысаны бойынша жүргізіледі, оның ұзақтығы мен мерзімі академиялық күнтізбеге және мамандықтардың оқу-жұмыс жоспарында қарастырылған.

8.2. Студенттер оқудың барлық түрлері үшін бірыңғай оқу-жұмыс бағдарламасына және оқу-жұмыс жоспарына сәйкес барлық мемлекеттік емтихандарды тапсырады және диплом жұмысын (жобасын) қорғайды.

8.3. Мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандартына сәйкес мамандықтар бойынша мемлекеттік емтиханды бітіруші курстың барлық студенттері тапсырады.

8.4. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаудың орнына, мамандықтың бейінді пәндері бойынша мемлекеттік екі емтиханды тапсыру келесі жағдайларда мүмкін болады:

1) ұзақ уақытта емделуде болу (1 айдан артық), денсаулығы жөніндегі медициналық анықтаманың негізінде;

2) 3 жасқа дейінгі баласы болса, баланың туу туралы куәлігі негізінде;

3) сырқатталған ата-анасын бағады, ата-анасының денсаулығы туралы медициналық анықтама негізінде;

4) мүмкіндігі шектеулі мүгедек, мүгедектік туралы анықтама.

Бұл ретте білім алушы жоғары оқу орны басшысының атына өтініш жазады және тиісті құжаттарды ұсынады. Қосымша мемлекеттік емтихандарды тапсыру үшін дипломдық жұмысты алмастыру басқа жағдайларда мүмкін болмайды.

Мұндай жағдайда мемлекеттік емтихандар тізімі шығарушы кафедраның ұсынуымен факультет кеңесінің шешімімен бекітіледі.

8.5. Екі мемлекеттік емтихан пәндері бітіруші кафедра ұсынысы негізінде факультет (институт) кеңесінің шешімімен бекітіледі.

8.6. Қорытынды аттестацияға оқу-жұмыс бағдарламасына және жеке оқу-жұмыс жоспарының талаптарына сәйкес білім процесін толық аяқтаған студенттер ғана жіберіледі.

8.7. Білім процесін аяқтаудың негізгі критерийі жоғары білім беру мамандықтарының МЖМБС талаптарына сәйкес оқу және кәсіптік практиканың теориялық курсының қажетті көлемін студенттердің меңгеруі болып табылады.

8.8. Оқу-жұмыс бағдарламасын және жеке оқу-жұмыс жоспарының талаптарын орындамаған бітіруші курс студенті жазғы семестрді өтпей-ақ қайта оқу курсына қалдырылады.

8.9. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау үшін оқудың барлық түрлері үшін әрбір мамандық бойынша мемлекеттік аттестаттау комиссиясы (әрі қарай – МАК) құрылады.

8.10. Студенттерді қорытынды аттестаттауға рұқсат ету қорытынды аттестация басталғанға дейін екі апта ішінде студенттердің тізімдегі құрамы бойынша институт директорының өкімімен іске асырылады және МАК-қа ұсынылады.

8.11. Студенттерді қорытынды аттестаттау басталғанға дейін МАК-қа студенттің жеке оқу жоспарын орындағаны және барлық пәндер бойынша алынған бағалары, олардың көлемі, тапсырған курс жұмыстары (жобалары) және кәсіптік практика түрлері және GPA оқу мерзімі ішінде орташа өлшенген бағалар шамасы туралы анықтаманы институт директорына ұсынылады.

8.12. Мамандық бойынша мемлекеттік емтиханды тапсыруға оқу-жұмыс жоспарындағы пәндер бойынша академиялық қарызы бар студенттер жіберілмейді.

8.13. МАК құзіреттілігіне енеді:

1) жоғары білім мамандықтарының МЖМБС белгіленген талаптарына бітіретін мамандардың теориялық және практикалық дайындықтарының сай келу деңгейін тексеру;

2) тиісті мамандық бойынша бакалавр академиялық дәрежесін беру;

3) мамандық бойынша сәйкес келетін біліктілікті бітіруші түлекке беру;

4) жоғары білім туралы диплом беру туралы шешім қабылдау;

5) мамандар даярлау сапасын әрі қарай жақсартуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу.



8.14. МАК мәжілісінің ұзақтығы күніне 6 академиялық сағаттан аспауы керек. Бұл ретте мемлекеттік емтиханды тапсыруға күніне 12-15-тен артық емес адамға, ал диплом жұмысын (жобасын) қорғауға 7-10 артық емес адамға рұқсат етіледі.

8.15. МАК-қа диплом жұмысын (жобасын) қорғау басталғанға дейін бес күн ішінде ұсынылады:

1) диплом жұмысының (жобасының) ғылыми жетекшісінің пікірі, пікірде «қорғауға жіберіледі» немесе «қорғауға жіберілмейді» деген дәлелденген тұжырым беріледі;

2) диплом жұмысына пікір, пікірде диплом жұмысын (жобасын) қорғауға ұсынылатын жан-жақты сипаттама, білімді бағалаудың балл-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағалары көрсетілген дәлелденген қорытынды, тиісті мамандық бойынша біліктілікті немесе «бакалавр» академиялық дәрежесін беру мүмкіндіктері беріледі.

8.16. Диплом жұмысының (жобасының) қайталануын тексеруді тиісті институттар жүргізеді.

8.17. МАК-қа орындалған диплом жұмысының ғылыми және практикалық құндылықтарын сипаттайтын материалдар, бейресми пікірлер, диплом жұмысының (жобасының) бейіні бойынша практикалық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жазбаша қорытындылары, ғылыми зерттеулер нәтижелерін енгізу анықтамалары немесе актілері, макеттер, материалдар мен бұйымдар үлгілері, ауылшаруашылық өнімдері, минералдар коллекциялары, гербарийлер ұсынылады.

8.18. Студент диплом жұмысын (жобасын) ғылыми жетекшінің оң пікірі және қорғалатын диплом жұмысының (жобасының) бейініне сәйкес келетін маманның бір пікірі болғанда қорғайды.

Егер ғылыми жетекші «қорғауға жіберілмейді» деген теріс баға берсе, білім алушы диплом жұмысын (жобасын) қорғай алмайды.



Білім алушы диплом жұмысын (жобасын) қорғауға пікір жазушы оң қорытынды жасаса да, теріс қортынды жасаса да жіберіледі.

8.19. Диплом жұмысына (жобасына) пікір айту біліктілігі қорғалатын диплом жұмысының (жобасының) бейініне сәйкес келетін тек тараптық ұйымдардың сыртқы мамандарымен ғана жүзеге асырылады.

8.20. Мемлекеттік емтихандар (мамандықтар және бейінді пәндер бойынша) кәсіптік оқу бағдарламасы көлемінде ауызша, жазбаша, тестілеу (кешенді тестілеу) түрінде өткізіледі.

8.21. Мамандықтар бойынша мемлекеттік емтихан аталған кешенді емтиханға енгізілген пәндердің оқу бағдарламасы негізінде ЖОО әзірленген бағдарлама бойынша жүргізіледі.

Мамандықтар бойынша мемлекеттік емтихан бағдарламасы ЖОО (институттардың) ғылыми кеңесінің шешімімен бекітіледі.



8.22. Бейінді пәндер бойынша мемлекеттік емтихандар мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандартымен және типтік оқу бағдарламасына сәйкес әзірленген оқу-жұмыс бағдарламасы бойынша жүргізіледі.

8.23. Мемлекеттік емтиханның тесті түрі кезінде ЖОО тест тапсырмаларын, олардың түрлерін (ашық, жабық, аралас), тест өткізу технологияларын дербес әзірлейді және бекітеді. Мемлекеттік емтихан бойынша тест тапсырмаларының жалпы саны жүзге көбейтілген кредиттердің санына тең мемлекеттік емтихан бағдарламасына енетін әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының қосындысынан кем болмауы тиіс.

8.24. Диплом жұмысын қорғау МАК ашық мәжілісінде оның мүшелерінің тең жартысы қатысқан кезде өткізіледі.

8.25. Бір диплом жұмысын (жобасын) қорғау ұзақтығы бір білім алушыға 50 минуттан аспауы тиіс. Білім алушы диплом жұмысын қорғау үшін МАК алдында 15 минуттан артық емес уақытта баяндама жасайды.

8.26 Мемлекеттік емтихан және диплом жұмысын (жобасын) қорғау нәтижелері бойынша білім алушының білімін бағалаудың балл-рейтингтік жүйесі бойынша баға қойылады. Бұл ретте білім алушының теориялық, ғылыми және практикалық дайындығының деңгейі, сондай-ақ ғылыми жетекшінің және пікір айтушылардың пікірлері қабылданады.

8.27. Мемлекеттік емтиханды тапсыру және диплом жұмысын (жобасын) қорғау нәтижелері МАК мәжілісінің хаттамаларына қол қойғаннан кейін күнде хабарлайды.

8.28. МАК барлық мәжілістері хаттамамен ресімделеді.

8.28.1. Хаттамаға мемлекеттік емтиханда және диплом жұмысында (жобасында) анықталған білім бағалары енгізіледі, сондай-ақ берілген сұрақтар және МАК мүшелерінің пікірлері жазылады. Егер МАК бір мүшесінің пікірі комиссиясының қалған мүшелерінің пікірлерімен сәйкес келеді, ол хаттамада жеке пікірін жазады және қол қояды.

8.28.2. Хаттамада академиялық бакалавр дәрежесін және/немесе біліктілігін беру, сонымен қатар, білімін тәмамдаған студентке дипломның (үздік немесе үздік емес) берілуі көрсетіледі.

8.29. Диплом жұмысын (жобасын) қорғау бағалары, сондай-ақ, академиялық дәрежені беру немесе біліктілікті беру және мемлекеттік үлгідегі (үздік, үздік емес) диплом беру туралы шешімдер МАК жабық мәжілісінде қатысқан комиссия мүшелерінің басым ашық дауыс беруімен қабылданады.

8.30. Студент орынды себеп бойынша қорытынды аттестацияға келмеген жағдайда МАК төрағасының атына өтініш жазады, орынды себебін дәлелдейтін құжат ұсынады, оның рұқсат етуі бойынша МАК мәжілісінің басқа күні емтихан тапсырады немесе диплом жұмысын қорғайды.

8.31. Студент қорытынды аттестация нәтижелерімен келіспеген жағдайда аттестация болған күннен кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей апелляция береді.

8.32. Апелляцияны өткізу үшін Ректор бұйрығымен біліктілігі мамандықтардың бейініне сәйкес келетін тәжірибелі оқытушылар санынан апелляциялық комиссия құрылады.

8.33. Апелляцияны қанағаттандыру жағдайында МАК мәжілісінің хаттамасы ресімделеді. Бұл жағдайда бірінші хаттама нәтижелері «Баға №_______хаттамамен ___________бетте____» деген жазумен жойылады және МАК барлық мүшелері қол қояды.

8.34. Қанағаттанарлықсыз баға алғаннан кейін денсаулығы туралы МАК-қа ұсынылған құжаттар қарастырылмайды.

8.35. Жақсы бағаға көтеру мақсатында мемлекеттік емтиханды қайта тапсыру және диплом жұмысын (жобасын) қорғауға жол берілмейді.

8.36. «Қанағаттанарлықсыз» баға алған тұлғалардың мемлекеттік емтихандарды қайта тапсыруға және/немесе диплом жұмысын қайта қорғауға қорытынды аттестацияның берілген мерзімінде рұқсат етілмейді.

8.37. Егер диплом жұмысы (жобасы) қанағаттанарлықсыз деп танылса, МАК осы жұмысты қайта өңдеп немесе жаңа тақырыпты әзірлеп қайта ұсыну мүмкіндігін бекітеді. МАК-тың бұл шешімі мәжіліс хаттамасына жазылады.

8.38. Қорытынды аттестацияны тапсыра алмаған тұлға ЖОО басшысына бір жыл бұрын, келесі оқу жылының қорытынды аттестациясы басталғанға дейін екі аптадан кешіктірмей қорытынды аттестацияны қайта тапсыруға рұқсат ету туралы өтініш жазады.

8.39. Қорытынды аттестацияны қайта тапсыруға рұқсат ету білім беру ұйымының басшымен ресімделеді.

8.40. Қорытынды аттестацияны қайта тапсыру алдыңғы қорытынды аттестацияда қанағаттанарлықсыз баға алған бойынша түрде жүргізіледі.

8.41. Мемлекеттік емтихандар қатарына енгізілген пәндер тізімі осы емтихандарды тапсыра алмаған тұлғалар үшін теориялық курста білім алған жылы бойынша әрекет ететін оқы жоспарымен анықталады.

8.42. Қорытынды аттестация бойынша қанағаттанарлықсыз баға алған студенттер ЖОО-нан ЖОО басшысының бұйрығымен шығарылады және жоғары білімі аяқталмаған деген анықтама беріледі.

8.43. Қорытынды аттестациядан өткен және жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес меңгеруін растайтын студенттерге МАК шешімімен «бакалавр» академиялық дәрежесі ұсынылады немесе тиісті мамандық бойынша біліктілік беріледі, қосымшасы бар мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

8.44. Дипломға қосымша студенттің (білім алушының) жеке оқу жоспарына сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандартында және оқу-жұмыс жоспарында қарастырылған көлемдегі барлық пәндер бойынша алынған бағалары, тапсырылған курстық жұмыстар (жобалар), практика түрлері мен қорытынды аттестация нәтижелері туралы анықтамалар негізінде толтырылады.

Дипломға қосымшада әрбір оқу пәні бойынша білімді бағалаудың балл-рейтингтік жүйесі бойынша кредитте және академиялық сағатта оның көлемін көрсете отырып соңғы бағалар қойылады.

9. Жоғары білімнен кейін білім алушылардың аралық аттестациясын, сабақ үлгерімін ағымдық бақылауды өткізу тәртібі

9.1. Магистратура және докторантурада білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру Университет анықтайтын бақылау мен аттестацияның әртүрлі түрлерімен жүзеге асырылады.

9.2. Магистратура және докторантурада білім алушылардың сабақ үлгерімін ағымдық бақылау ЖОО студенттеріне ұқсас ретте жүзеге асырылады.

9.3. Магистранттар және докторанттардың аралық аттестация емтихандар және дифференциалды сынақтар түрінде оқу-жұмыс жоспарына, академиялық күнтізбеге, кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.

9.4. Аралық аттестация мерзімділігі және ұзақтығы мамандықтардың оқу-жұмыс жоспарына және академиялық күнтізбеге сәйкес анықталады.

9.5. Емтихандар аралық аттестация мерзімінде кестеге сәйкес тапсырылады.

9.6. Емтихандар кестесін оқу ісі жөніндегі проректор бекітеді және емтихан сессиясы басталғанға дейін екі апта бұрын білім алушылар мен оқытушыларға хабарланады.

9.7. Емтиханға рұқсат беру сабақ үлгерімін ағымдық бақылауды бағалау негізінде жүзеге асырылады, соның нәтижесі бойынша нақты пәндер бойынша рұқсат ету рейтингісі анықталады.

9.8. Аталған пән бойынша рейтингте жақсы баға ала алмаған білім алушылар қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберілмейді.

Курс жұмысын (жобасын) тапсыра алмаған білім алушы тиісті пәндер бойынша емтиханға жіберілмейді.

9.9. Жоғары білімнен кейінгі бөлім бастығы жеке жағдайда (ауырғаны, отбасы жағдайына, объективті себептер бойынша) жеке график бойынша білім алушыға емтихан тапсыруға рұқсат етеді.

Жеке график бойынша емтихандар тапсыру жоғары білімнен кейінгі бөлім бастығына ауырғаны туралы, баланың тууы туралы, жақын адамдарының қайтыс болуы туралы, қызметтік немесе оқу іссапарына байланысты анықтама ұсынылған жағдайда рұқсат етіледі.

9.10. Емтихан сессиясы кезеңінде (аралық аттестация) Ректор бұйрығымен біліктілігі апелляциялаушы пәнге сәйкес келетін оқытушылардан апелляция комиссиясы құрылады.

9.11. Емтихандар жазбаша, ауызша, тест немесе құрама түрде өткізіледі.

Емтиханның тестілеу түрі кезінде олардың бейіндігі мен жақындық принциптерін сақтай отырып екі және одан артық пәндер бойынша кешенді емтиханды белгілеуге рұқсат етіледі.

9.12. Оқу пәндері бойынша аралық аттестацияны өткізу кезінде емтиханда алынған баға және академиялық кезең ішінде сабақ үлгерімін ағымдық бағалаудың орташа балы (рұқсат ету рейтингісінің бағасы) есептеледі.

9.13. Білім алушыға әрбір пән бойынша емтихан біткеннен соң ЖОО студенттері сияқты қорытынды баға қойылады.

9.14. Емтихан ведомостісі Тіркеу бөліміне беріледі, ол бөлім оқудың барлық мерзімі ішінде барлық білім алушыларға бөлінетін кредиттер санын есепке алу және жинақталуымен айналысады.

Тіркеу бөлімі соңғы емтихан ведомостісін жоғары білімнен кейінгі бөлімге береді. Әрбір оқу пәндерінің емтихан ведомостілер негізінде аралық аттестация бойынша жиынтықты ведомость жүргізіледі.



9.15. Білім алушылар барлық емтихандарды жеке оқу-жұмыс жоспарына және пәндердің бекітілген бағдарламалары бойынша қатаң сәйкестікте тапсыру керек.

9.16. Білім алушылар оқудың қосымша түрлері бойынша пәндерден емтихан тапсыра алады, тапсырған нәтижелері емтихан ведомостісіне және білім алушының жеке ведомостісіне енгізіледі.

9.17. Білім алушы емтиханды «қанағаттанарлықсыз» деген бағаны жақсы баға алу мақсатында қайта тапсыру үшін ақылы негізде аталған пән бойынша оқу-жұмыс жоспарында қарастырылған барлық сабақ түрлеріне қатысады, рұқсат алады және қорытынды бақылауды тапсырады.

9.18. Қорытынды бақылау бойынша жақсы бағаға қайта тапсыру осы академиялық кезеңде рұқсат етілмейді.

Қорытынды бақылау бойынша жақсы бағаға қайта тапсыру осы Өкімнің 9.17. тармағына сәйкес анықталады.



9.19. Қорытынды бақылау нәтижелерімен келіспеген білім алушылар емтихан өткен күннен кейін келесі күні апелляцияға беруге құқығы бар.

9.20. Егер білім алушылар толық көлемде оу бағдарламасын орындап, емтиханға келмесе, емтихан ведомостісінде оның аты-жөніне қарсы «келмеді» деген белгі жасалады.

Орынды себептері болған жағдайда (сырқаттануы, отбасылық және қызметтік жағдайлар) жоғары білімнен кейінгі бөлім басшысының өкімімен емтихан тапсырудың жеке графигі белгіленеді. Емтиханға келмеудің орынсыз себептері кезінде «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға теңестіріледі, ол емтиханды тапсыру Осы өкімнің 9.17 тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

9.21. Транскрипте студенттің барлық қорытынды бағалары және емтиханды қайта тапсырудың оң нәтижесі жазылады.

9.22. Оқу жылы аяқталған соң емтихан сессиясының қорытындысы негізінде Ректор бұйрығымен жоғары білімнен кейін білім алушыны курстан курсқа ауыстыру жүзеге асырылады. Осы мақсатта ауысу балы анықталады.

9.23. Емтихан нәтижелері және емтихан сессиясы (аралық аттестация) аяқталғаннан кейін оқу процесін жақсарту бойынша ұсыныстар кафедралар, директораттар және ЖОО Ғылыми Кеңесінің мәжілістерінде талқылауға енгізіледі.

9.24. Университеттен шығарылған тұлғаларға жоғары білімді аяқтамағаны туралы анықтама беріледі.
10. Жоғары білімнен кейін білім алушыларды қорытынды аттестаттау тәртібі

10.1. Университетте білім алушыларды қорытынды аттестация академиялық күнтізбеде және мамандықтардың оқу-жұмыс жоспарында қарастырған мерзімде кешенді емтихан тапсыру және магистрлік (докторлық) диссертацияларды қорғау түрінде өткізіледі.

10.2. Қорытынды аттестацияға оқу-жұмыс жоспарын және оқу жұмыс бағдарламасының талаптарына сәйкес білім процесін аяқтаған білім алушыларға рұқсат етіледі.

10.3. Бітіруші курста білім алушы жеке оқу жұмыс жоспарын және оқу жұмыс бағдарламасының талаптарын орындамаған жағдайда жазғы семестрсіз қайталап оқу курсына қалдырылады.

10.4. Білім алушылардан кешенді емтихан қабылдау және магистрлік диссертацияларды қарастыру үшін Университет Мемлекеттік аттестаттау комиссиясын құрады (МАК).

10.5. Университет МАК Төрағасының кандидатурасын 1 қарашаға дейін білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсынады:

- магистратура мамандықтары бойынша – осы ұйымда жұмыс істемейтін, бітіретін мамандардың бейіндерімен сәйкес келетін ғылыми атағымен немесе ғылыми дәрежесімен;

- докторантура мамандықтары бойынша - осы ұйымда жұмыс істемейтін, бітіретін мамандардың бейіндерімен сәйкес келетін ғылыми атағымен немесе ғылыми дәрежесімен;

10.6. МАК құрамына оның мүшелері құқығында келесі мүшелер кіреді:

- магистратура мамандықтары бойынша – бітіретін мамандардың бейіндерімен сәйкес келетін ғылыми атағы бар тұлғалар немесе ғылыми дәрежесі немесе академиялық дәрежесі бар тұлғалар (бейінді магистратура үшін МАК құрамына бітіретін мамандардың сәйкес келетін бейіндері бар тұлғалар және жоғары білікті мамандар енуі мүмкін);

- докторантура мамандықтары бойынша бітіретін мамандардың сәйкес келетін ғылыми атағы немесе ғылыми дәрежесі және академиялық дәрежесі тұлғалар.



10.7. МАК-тың сандық құрамын Университет анықтайды және Ректор бұйрығымен 31 желтоқсаннан кешіктірілмей бекітіледі және сол күнтізбелік жыл ішінде жарамды.

10.8. Магистранттар және докторанттарды қорытынды аттестацияға рұқсат ету Ректор бұйрығымен ресімделеді және қорытынды аттестаттау басталғанға дейін екі аптадан кешіктірмей бекітіледі, МАК-қа ұсынылады.

10.9. Мамандықтар бойынша кешенді емтиханға магистратура және докторантураның кәсіптік оқу бағдарламасының негізгі және бейінді пәндер циклінің міндетті компоненттер пәндер енеді.

10.10. Кешенді емтихан мынадай түрде жүргізіледі: бекітілген бағдарлама көлемінде ауызша, жазбаша, тестілеу.

10.11. Кешенді емтихан бағдарламасы, оны өткізу түрі және тапсырмалар құрамы аталған кешенді емтиханға енгізілген пәндер оқу бағдарламасы негізінде Университет кафедраларында әзірленеді.

10.12. Кафедра тест тапсырмаларын, олардың түрлері (ашық, жабық, құрама тестілер) және тестілеу өткізу технологияларын әзірлейді. Тестілеу кезінде тест тапсырмаларының жалпы саны емтихан бағдарламасына енетін әр пән бойынша кредиттердің жиынтық санына көбейтілген жүзден кем болмауы қажет

10.13. Кешенді емтихан қабылданады:

- магистрлік диссертацияны қорғауға дейін 1 ай ішінде кешіктірмей;

- докторлық диссертацияны қорғауға дейін 1 ай ішінде кешіктірмей.

10.14. Кешенді емтихан нәтижелері магистратура және докторантурада әрбір білім алушыға жеке толтырылатын хаттамамен ресімделеді.

МАК отырысының хаттамасын бітіруші кафедраның оқу-көмекші персоналдарының ішінен МАК құрамына бекітілген хатшы жүргізеді.



10.15. Тестілеу түрінде кешенді емтиханды өткізу кезінде жеке хаттаманы ресімдеу негізі емтихан ведомостісі болып табылады.

10.16. Жақсы бағаға көтеру мақсатында кешенді емтиханды қайта тапсыруға жол берілмейді.

10.17. Білім алушы кешенді емтихан нәтижелерімен келіспеген жағдайда емтихан болған күннен кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей апелляция береді.

10.18. Апелляцияны өткізу үшін Ректор бұйрығымен біліктілігі мамандықтардың бейініне сәйкес келетін тәжірибелі оқытушылар санынан апелляциялық комиссия құрылады.

10.19. Апелляцияны қанағаттандыру жағдайында МАК мәжілісінің хаттамасы қайта ресімделеді. Бұл жағдайда бірінші хаттама нәтижелері «Баға №_______хаттамамен ___________бетте____» деген жазумен жойылады және қатысқан МАК барлық мүшелері қол қояды.

10.20. Кешенді емтихан бойынша «қанағаттанарлықсыз» баға алған білім алушылар ЖОО басшысының бұйрығымен ЖОО-нан шығарылады және жоғары білімі аяқталмаған деген анықтама беріледі.

10.21. «Қанағаттанарлықсыз» баға алған тұлғаларға емтихандарды қайта тапсыруға магистратурада немесе докторантурада қорытынды аттестация кезеңінде рұқсат етілмейді.

10.22. Кешенді емтихан тапсырған магистрант немесе докторант диссертациялық жұмысты қорғауға рұқсат етіледі. Диссертацияны қорғауға рұқсат ету ректордың бұйрығымен ресімделеді.

10.23. Авторға және иемдену көзіне сілтеме жасамай-ақ иемдену пәніне диссертациялық жұмысты тексеру (диссертацияның көшіріп жазылғандығын тексеру) магистратура және докторантурада жоғары білімнен кейін мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартымен жүзеге асырылады.

10.24. Тексеруден кейін Ережелердің 200 пунктіні сәйкес докторанттардың диссертациялық жұмыстары сараптамадан өтеді. Осы мақсатта диссертациялық кеңес әр диссертациялық жұмыс бойынша сарапшы комиссияны тағайындайды.

10.25. Диссертациялық жұмысты қорғау диссертациялық кеңес отырысында жүзеге асырылады.

Диссертациялық кеңестер магистратураның немесе докторантураның PhD әр мамандығы бойынша жасалады.



10.26. Университет білім беру және ғылым саласындағы өкілетті органға 1 желтоқсаннан кеш емес мерзім ішінде магистерлік диссертацияларды қорғау бойынша Диссертациялық кеңес төрағасының кандидатурасын ұсынады.

10.27. Төраға орынбасары, ғылыми хатшы және мүшелері көрсетілген магистерлік диссертацияларды қорғау бойынша диссертациялық кеңес құрамы ректордың бұйрығымен бекітіледі және күнтізбелік жыл бойы әрекет етеді.

10.28. Магистерлік диссертацияларды қорғау бойынша диссертациялық кеңес құрамына ғылым докторы және кандидаты дәрежесі бар, сәйкес мамандық бойынша PhD доктордың немесе магистрдің академиялық дәрежесі бар тұлғалар кіреді. Бұл ретте үштен кем емес кеңес мүшесінің шифрлары қорғалатын диссертация профиліне сәйкес келетін ғылым докторы мен кандидатының ғылыми дәрежесі болады.

10.29. Магистерлік диссертацияларды қорғау бойынша диссертациялық кеңес құрамы бес адамнан кем емес болуы керек.

10.30. Магистрлік диссертацияны қорғау жүзеге асырылады:

- ғылыми жетекшінің оң пікірі;

- диссертация тақырыбы бойынша ғылыми басылымдарда саны біреуден кем емес жарияланым немесе халықаралық немесе республикалық ғылыми конференцияларда баяндама жасау;

- диссертацияның жария қорғалуына ұсыныстар туралы сарапшы комиссияның жазбаша қорытындысы;

- қорғауға деген ұсыныстар туралы шығарушы кафедраның шешімі (кафедра мәжілісінің хаттамасынан үзінді);

- бір оппоненттің пікірі, оның біліктілігі (ғылыми немесе академиялық дәрежесі) қорғалатын жұмысқа сай келуі тиіс, онда диссертацияға жан-жақты сипаттама және бағалар («өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз») көрсетілген дәлелді қорытынды және тиісті мамандықтар бойынша магистрдің академиялық дәрежесін беру мүмкіндіктері туралы дәлелді қорытынды беріледі.



Егер ғылыми жетекші және/немесе шығарушы кафедра «қорғауға жіберілмейді» немесе «қорғауға ұсынылмайды» деген теріс қорытынды берсе, магистрант магистрлік диссертациясын қорғай алмайды.

10.31. Сарапшы комиссия құрамына ұсынылған зерттеулер пәні мен объектісі саласынан хабары бар екіден кем емес маман кіреді.

10.32. Сарапшы комиссия құрамына диссертация қорғағанға дейін бір ай бұрын уақыттан кем емес мерзімде ректор бұйрығымен бекітіледі.

Сарапшы комиссия құрамына ғылыми жетекші немес кеңесші болған тұлға кіре алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет