Өкім қарағанды қ. № 2013 ж. 2013-2014 оқу жылында оқу процесін



бет1/5
Дата13.02.2017
өлшемі1 Mb.
#9099
  1   2   3   4   5
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті бойынша
ӨКІМ
Қарағанды қ. №__ «__»________2013 ж.
2013-2014 оқу жылында оқу процесін

ұйымдастыру, аралық және қорытынды

аттестаттауды өткізу тәртібі туралы
ҚР БҒМ 18.03.2008 ж. № 125 бұйрығымен бекітілген, ҚР БҒМ 01.11.2010 ж. №506 және 2011 жылдың 16 наурыздағы №94 бұйрығына сәйкес өзгертулер мен толықтырулар енгізілген «Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің типтік ережелеріне», ҚР Үкіметінің 2012 жылы 19 қаңтарындағы №110 Қаулысымен бекітілген «Білім беру ұйымдарының типтері бойынша білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау ережелеріне», ҚР БҒМ 20.04.2011 ж. №152 бұйрығымен бекітілген «Оқу процесін кредиттік оқыту технологиясы бойынша ұйымдастыру ережелеріне», Университет Жарғысына, Ішкі тәртіп ережелеріне, Университеттің оқу процесінің графигіне сәйкес 2013-2014 оқу жылында оқу процесін ұйымдастырудың және жазғы аралық аттестаттауды өткізудің келесі тәртібі белгіленсін:

1. Жалпы ережелер

1.1. Университет Ректорларына оқу процесінің келесі графиктері бекітілді:

1-кесте. Толық және қысқартылған оқу мерзіміндегі күндізгі оқу түрінің студенттері:

Курс

Мамандық

Басталуы

Апталар саны

Аяқталуы

Сессия кезеңі

Күзгі семестр

1-4

Барлық мамандықтар

02.09.13ж.

15

14.12.13ж.

18.12.2013ж. -04.01.2014ж.

5

«Сәулет өнері» және «Дизайн» мамандықтары

02.09.13ж.

15

14.12.13ж.

18.12.2013ж. -04.01.2014ж.

3

Қысқартылған оқу мерзімі

5 семестр пәндері. Диплом жобасын (жобасын) жазу және қорғау

Көктемгі семестр

1-3

Барлық мамандықтар

20.01.14ж.

15

03.05.14ж.

05.05.2014ж.-24.05.2014ж.

4

«Сәулет өнері» және «Дизайннан» басқа барлық мамандықтар

Өндірістік, дипломалды, педагогикалық практикалар.

8 семестр пәндері. Диплом жобасын (жобасын) жазу және қорғау



4

«Сәулет өнері» және «Дизайн» мамандықтары

20.01.14ж.

15

03.05.14ж.

05.05.2014ж.-24.05.2014ж.

5

«Сәулет өнері» және «Дизайн» мамандықтары

Диплом жобасын (жобасын) жазу және қорғау

2-кесте. Толық және жеделдетілген білім бағдарламасы бойынша білім алатын сырттай оқу түрінің студенттері:

Курс

Мамандық

Басталуы

Апталар саны

Аяқталуы

Сессия кезеңі

Күзгі семестр

1-5

Барлық мамандықтар

02.09.13ж.

16

21.12.13ж.

23.12.2013ж. -17.01.2014ж.

4

Жеделдетілген оқу мерзімінің барлық мамандықтары

Өндірістік, дипломалды, педагогикалық практикалар.

7 семестр пәндері. Диплом жобасын (жобасын) жазу және қорғау



Көктемгі семестр

1-4

Барлық мамандықтар

01.02.14ж.

16

24.05.14ж.

26.05.2014ж.-17.06.2014ж.

5

Толық оқу мерзімінің барлық мамандықтары

Өндірістік, дипломалды, педагогикалық практикалар.

10 семестр пәндері. Диплом жобасын (жобасын) жазу және қорғау




3-кесте. Қысқартылған оқу мерзіміндегі (екінші жоғары білім) сырттай оқу түрі бойынша білім алатын студенттер:

Курс

Мамандық

Басталуы

Апталар саны

Аяқталуы

Сессия кезеңі

1, 2

Барлық мамандықтар

02.09.13ж.

16

21.12.13ж.

23.12.2013ж. -17.01.2014ж.

3

Барлық мамандықтар

Өндірістік, дипломалды, педагогикалық практикалар.

5 семестр пәндері. Диплом жобасын (жобасын) жазу және қорғау



Көктемгі семестр

1, 2

Барлық мамандықтар

01.02.14ж.

16

24.05.14ж.

26.05.2014ж.-17.06.2014ж.


4-кесте. Магистранттар

Курс

Мамандық

Басталуы

Апталар саны

Аяқталуы

Сессия кезеңі

Күзгі семестр

1, 2

Барлық мамандықтар

02.09.13ж.

15

14.12.13 ж.

18.12.2013 ж. -04.01.2014 ж.

2 ғылыми-педагогикалық (1,5 жыл)

Барлық мамандықтар

3 семестр пәндері

Магистерлік диссертацияларды дайындау және қорғау

(2014ж. қаңтары)


Көктемгі семестр

1

Барлық мамандықтар

20.01.14 ж.

15

03.05.14 ж.

05.05.2014 ж.-24.05.2014 ж.

2

ғылыми


(2 жыл)

Барлық мамандықтар

4 семестр пәндері

Магистерлік диссертацияларды дайындау және қорғау



(2014ж. маусымы)



1.2. Оқу процесін ұйымдастыруды оңтайландыру және оқу уақытын пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында сабақтар кестесіне оқу апталарын алым және бөлімге бөлу енгізіледі, ал сабақтар 5 кестеге сәйкес пар бойынша ұйымдастырылады.

1.2.1. Кесте тек аудиториялық сабақтарға құрылады. Шығарушы кафедралардың меңгерушілері 07.09.2013ж. дейін оқытушы жетекшілігімен орындалатын өздік жұмыс (СОӨЖ) және оқу жоспарының барлық пәні бойынша оқытушы тапсырмасымен орындалатын студенттің өздік жұмысына (СӨЖ) бөлінетін студенттің өзіндік жұмысының кестесін құруға және бекітуге тиіс. Пән бойынша білім алушылар саны 50 адамнан аспайтын топ ағындарын құру үшін шығарушы емес кафедралардың ұсынысын пайдалануы керек.

1.3. Семестр бойы кафедра меңгерушілері оқытушылардың жұмыс кестесінде көрсетілгендей (кеңес беру) оқытушының қатысуымен студенттің өздік жұмысын (СОӨЖ) ұйымдастырады. СОӨЖ кестелері кафедра отырыстарында бекітіледі.

1.3.1. Студенттің өздік жұмысы білім порталында немесе электронды кітапханада жарияланған, қатты көшірме (басылым) немесе электронды түрдегі оқу-әдістемелік кешенді және қосымша материалдарды қамтиды..

1.3.2. Студенттің оқытушы жетекшілігімен өздік жұмысының (СОӨЖ) кестесі сенбі күнін қоса алғанда, студенттердің аудиториялық сабақтарынан кейін басталуы керек.

1.3.3. Сырттай оқу түрінде білім алу теориялық материалды өздігінен меңгеруді және оқытушылармен (тьюторлармен) кеңесуді талап етеді.

1.3.4. Сабақтар кестесінің және СОӨЖ кестесінің барлық өзгерістері ОПҰД-пен келісілген болуы шарт..

5-кесте. Күндізгі оқу түріндегі студенттер мен магистранттарға арналған сабақ тардыөткізу уақыты

Пар нөмірі

Сабақ нөмірі

Сабақты өткізу уақыты

I пар

1 сабақ

сағ.900 – сағ.950

2 сабақ

сағ.955 – сағ.1045

үзіліс

10 минут

II пар

3 сабақ

сағ.1055 – сағ.1145

4 сабақ

сағ.1150сағ.1240

үзіліс

30 минут

III пар

5 сабақ

сағ.1310 – сағ.1400

6 сабақ

сағ.1405 – сағ.1455

үзіліс

10 минут

IV пар

7 сабақ

сағ.1505 – сағ.1555

8 сабақ

сағ.1600 – сағ.1650

үзіліс

10 минут

V пар

9 сабақ

сағ.1700 – сағ.1750

10 сабақ

сағ.1755 – сағ.1845


1.4. Сабаққа қатысуды бақылау сабақ жүргізетін оқытушыларға, кафедра меңгерушілеріне, институт директорларына және ОПҰД қызметкерлеріне және Ақсақалдар Кеңесінің мүшелеріне жүктеледі. Институт директорлары оқу ісі жөніндегі проректорға күнделікті есеп береді, оқу пәндерін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және іске асырады.

Барлық аудиториялық сабақтар санының 40 немесе одан да көп пайызын босатқан, оның ішінде науқастанғандықтан және себепсіз қалған студентер мен магистранттар әр аралық бақылаудағы рейтингтік бағасына қарамастан емтихан тапсыруға жіберілмейді және емтихан ведомостісіне «жіберілген жоқ» деген белгі қойылады. Ол пәнді студент тек жазғы семестрде зерделей алады. Бұл қатынаста аралық бақылаудың бағасын қойған оқытушы ведомость графасына осы кезеңдегі пән бойынша өткізілген (қатыспаған) аудиториялық сабақтардың (дәрістер, зертханалық, практикалық және семинарлық сабақтар) жалпы санын енгізуге міндетті.

1.5. ЖОО Жарғысын, Ішкі тәртіп Ережелерін бұзғаны үшін Университет әкімшілігі студенттерге тәртіптік жаза шараларын қолдануға, тіпті оқудан шығаруға құқылы.

1.6. Университеттен шығарылған білім алушыға академиялық анықтама беріледі.

1.7. Стипендия мемлекеттік тапсырыс (гранттар) бойынша білім алатын студенттерге (магистранттарға) семестрдің барлық пәндері бойынша емтихандардың, курстық жобаларды (жұмыстарды) қорғаудың, дене шынықтыру бойынша дифференцияланған сынақтың қорытынды бағалары бар болғанда, барлық бағалар («А»; «А-»; «В+»; «В»; «В-») сессия кезеңінде немесе сессия мерзімін ұзартқан кезеңде, институт директорлары өкімдерінің негізінде емтихандарды мерзімінен бұрын тапсырған кезеңде алынған жағдайда тағайындалады.

1.7.1. Практика бойынша есептерді қорғау нәтижелері көктемгі семестрге стипендияны тағайындау кезінде ескеріледі.

1.8. Студентке, яғни бүкіл оқу кезеңінде емтихандарды және дифференциалдық сынақтарды «А», «А-» «үздік», «В+», «В», «В-» «жақсы» бағаға тапсырған, сабақ үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ барлық мемлекеттік емтихандарды «А» немесе «А-» «үздік» деген бағаларға тапсырған және диплом жұмысын (жобасын) «А» немесе «А-» «үздік» деген бағаларға қорғаған бітірушіге үздік диплом беріледі (әскери дайындық бойынша бағасы есептелмейді).

1.9. Білім алу мерзіміндегі қайта тапсырулары бар немесе емтиханды қайта тапсырған студентке осы Өкімнің 1.8 тармағының талаптарына сәйкестігіне қарамастан, үздік диплом берілмейді.

1.10. Студенттердің барлық оқу тапсырмалары бойынша жетістіктері жоғары оқу орындарындағы білімді бақылау және бағалау бойынша мемлекеттік жалпы білім беру стандартарына сәйкес балдық-рейтингтік әріп жүйесі бойынша бағаланады, оның шартты белгілері дәстүрлі бағалар деңгейі 6-естеге сәйкес жүзеге асырылады.
6-кесте. Оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі

Әріптік жүйе бойынша баға

Әріптік бағаның сандық баламалары

Меңгерілген білімнің пайыздық құрамы

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

А-


4,0

3,67


95-100

90-94


Өте жақсы

В+

В

В-



3,33

3,0


2,67

85-89

80-84


75-79

Жақсы

С+

С

С-



D+

D-


2,33

2,0


1,67

1,33


1,0

70-74

65-69


60-64

55-59


50-54

Қанағаттанарлық

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз


1.11. Барлық пән емтихандары ережеге сәйкес бакалавриат және магистратураның барлық мерзімі мен оқу түрі бойынша жазбаша түрде жүргізіледі.

1.11.1. Оқытушы дұрыс жауаптарды алу үшін техникалық құралдарды және шпаргалканы пайдаланған студенттерді аталған пән (модуль) бойынша емтиханнан шығарып жіберуге, ведомостіге қанағаттанарлықсыз бағаны қоюға міндетті, ол баға тек келесі академиялық мерзімде немесе жазғы семестрде ғана жойылуы мүмкін.

1.11.2. Оқытушы студентті емтиханнан шығарып жіберген жағдайда қызметтік хат жазады, оған студенттен алған материал тіркелген емтихан ведомостісін ұсынады.

1.12. Бакалавриаттың барлық мамандықтары бойынша оқу мерзімінің барлық түрлері бойынша төменгі курстарда -5, ал жоғары курстарда – 4 артық емес кешенді емтихандарды өткізу есебінен модульдік білім бағдарламалары құрылады.

1.13. Мамандықтарды дайындаудың траекториясы (бағыты) 2 курста осы траектория бойынша студенттер тобында 15 адамнан кем болмаған жағдайда құрылады.

1.14. Оқу процесінің графигін (сабақ, емтихан кестелерін, практика өту мерзімін) студенттердің (магистранттардың) ауырып қалған жағдайы мен құжат түрінде расталған басқа төтенше жағдайларан басқа қандай да бір себептермен бұзуға тыйым салынады.

1.15. 3 және 4 курс студенттері оқу жетістіктерін сырттай бағалауға (ОЖСБ) дайындау үшін базалық және профильдік компонент пәндері (2 пән бойынша) кеңес беру дайындық сабақтарына және осы пәндер бойынша білімді статистикалық бағалау үшін тестілеуге қатысуға міндетті.

1.15. Ақылы негізде оқитын студенттер мен магистранттар көктемгі семестр басталғанға дейін оқу ақысын төлеуге міндетті, ал керісінше жағдайда оқудан шығарылады.

1.16.1. Күндізгі оқу түріндегі студенттер және магистранттар оқу үшін төлем бойынша шарт міндеттерін бұзғандары үшін оқудан шығып қалған жағдайда, Университеттегі академиялық мерзімде оқудан шығып қалған күннен кейін 4 аптаның ішінде қарызын төлеген жағдайда ғаны қайта қабылданады. Керісінше жағдайда келесі оқу жылында оқуға қайта қабылданады.

1.16.2. Сырттай оқу түріндегі студенттер кезекті емтихан сессиясы басталғанға дейін қарызын төлеген жағдайда қайта қабылданады.

1.17. Кафедра меңгерушілері ЖОО қызметінің негізгі парадигмасы - «Білім – ғылым арқылы» – өндірістердегі сұраныстағы мамандарды даярлауды іске асыру бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік шараларды әзірлеуге міндетті.

2. Сабақ үлгеріміне ағымдық бақылау жүргізу

2.1. . Білім алушылардың сабақ үлгерімін ағымдық бақылау – бұл пәндердің оқу бағдарламаларына сәйкес оқытушылармен СОӨЖ жүргізілетін білім алушылардың оқу жетістіктерін жүйелі тексеру.

2.2. Пәнді зерделеу кезінде білім алушылардың білімін ағымдық бақылаудың әр түрлі түрлері алдын ала қарастырылуы мүмкін:

  • ауызша сұрақ – материалдарды оқып болғаннан кейін сұрақтарға жауап алу және жағдайларды талқылау түрінде пәннің бір немесе бірнеше тақырыптары (тараулар) бойынша жүргізілетін бақылау;

  • жазбаша бақылау - қойылған сұрақтармен, есептерді шешумен, жағдайларды талдаумен, курстың жеке тақырыптары (тараулары) бойынша практикалық тапсырмаларды орындаумен жұмысты көздейтін бақылау;

  • аралас сұрақ-жауап – бір немесе бірнеше тақырыптар бойынша білімдерді бағалаудың ауызша және жазбаша түрлерін бір уақытта қатар қолдануды көздейтін бақылау;

  • үй тапсырмаларын қорғау және көрсету - жеке немесе топтық үй тапсырмаларын, олардың дұрыс орындалғандығын, өткен материалдарды қорытындылау және көпшілікке жеткізе білуді, курстық тақырыптар арасындағы логикалық байланысты қадағалай білуді тексеру мақсатымен жүргізілетін бақылау;

  • дискуссия, тренингтер, дөңгелек үстелдер - проблемалық сипаттағы мәселелерді топ болып талқылау;

  • тестілер – білім алушылардың оқу жетістіктерін дұрыс және сапалы бағалауға мүмкіндік беретін белгілі бір тапсырмалар түрінің жиынтығы (ашық, жабық, аралас);

  • ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып семестрде үш рет өтілген материалдар бойынша білімді тексеру;

  • курстық жұмысты немесе жобаны жобалау және орындау практикалық міндеттерді шешу арқылы теориялық материалды сапалы меңгеру мақсатымен мамандықтың типтік және/немесе оқу-жұмыс жоспарына сәйкес алдын ала қарастырылады, академиялық кезең барысында орындалады.

2.3. Курстық, есептеу-графикалық жұмыстар және оқу жоспарында көрсетілген басқа жұмыс түрлері кафедра отырыстарында бекітілген графикке сәйкес емтихан сессиясы басталғанға дейін комиссияда қорғалуы тиіс.

2.4. Сабақ үлгерімін ағымдық бақылау барысында студенттердің оқу жетістіктері әрбір орындалған тапсырмаға сәйкес (ағымдағы сабақтарда жауап беру, үй тапсырмасын орындау, студенттің өздік жұмысы ( ары қарай – СӨЖ), аралық бақылау) 100 балдық шкала бойынша бағаланады және сабақ үлгерімінің ағымдық бақылауларының соңғы қорытындылары академиялық кезеңде алынған барлық бағалардың орташа арифметикалық сомасын есептеу арқылы жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет