Өкім қарағанды қ. № 2013 ж. 2013-2014 оқу жылында оқу процесін



бет3/5
Дата13.02.2017
өлшемі1 Mb.
#9099
1   2   3   4   5

4.49.3. Емтиханы және курстық жобасы (жұмысы) бар пән бойынша GPA есептеу үшін қорытынды баға орташа ретінде саналады
(3)
4.49.4. Сырттай оқу түріндегі студенттерге емтиханы бар пән бойынша қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі:
И=А2  0,6 + Э  0,4 (4)
мұндағы А2 – аралық бақылау бағасы, емтихан басталғанға дейін қойылады және емтихан ведомостісіне, соның ішінде электрондық ведомостқа енгізіледі.

Э – емтихан бағасы;



0,6; 0,4 – аралық бақылау және емтиханның салмақ коэффициенттері.

4.49.5. Сырттай оқу түріндегі студенттерге курстық жоба (жұмыс) қарастырылған пән бойынша GPA есептеу үшін қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі:
ИК= А2  0,6 + Зк  0,4 (5)
4.49.6. Сырттай оқу түріндегі студенттерге курстық жоба (жұмыс) және емтихан қарастырылған пән бойынша қорытынды баға 3 формулаға сәйкес орташа ретінде саналады.

4.50. Кафедра меңгерушілері сессия нәтижелеріне және қызметтік міндеттемелеріне сәйкес барлық туындайтын проблемаларға жауапты болады.

4.51. Емтиханды өткізу туралы жалпы ережелер

4.51.1. Емтихандар, ережеге сәйкес, билет тапсырмаларына толық жауап жазу қажеттілігімен жазбаша түрде өткізіледі. Емтиханды өткізудің мақсаты бағалаудың объективтілігін және студент білімін бағалау рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

4.51.2. Егер компьютерлік жүйені немесе бланкіні пайдалану арқылы әдістемелік және технологиялық тұрғыдан емтиханды тест түрінде өткізу жөн деп табылған жағдайда, тиісті шартты сақтау қажет – тестілік тапсырмалар базасы пәннің бір кредитіне 300-ден кем болмауы керек.

4.51.3. Компьютерлік тестілеу кезінде ҚР Тұңғыш Президенті атындағы ЭОТО ҒЗИ-дың немесе кафедра әзірлемесінің бағдарламалық қамсыздандыруы қолданылады. Кафедра әзірлемесінің бағдарламалық қамсыздандыруының тестілеуден кейін апелляцияға берілетін таласты сұрақтар туындаған жағдайда студенттердің жауаптарын қарау мүмкіндігі болуы қажет.

4.51.4. Емтиханды тест түрінде өткізу үшін кафедра оқу жұмысы жөніндегі проректорға негіздеме ұсынуы қажет.

4.51.5. Емтиханды тест түрінде өткізу үшін кафедра кафедра отырысында қаралатын және бекітілетін пәндердің толық түрде талданған тақырыптарын (тарауларын), пәннің жұмыс-оқу бағдарламасына сәйкес келетін сұрақтар мен тапсырмаларды қамтитын емтихан материалдарын әзірлейді.

4.51.6. Емтихан сессиясын өткізу кезеңінде емтихан түрін өзгерту рұқсат етілмейді.

4.51.7. Пәннің толық түрде талданған тақырыптары (тараулары), сұрақтар, типтік тапсырмалар және басқа да материалдар студенттерге (магистранттарға) емтиханға дайындалу үшін беріледі және кафедра сайтында жарияланады.

4.51.8. Құрастырылған билеттер студенттерге (магистранттарға) берілмейді, олардың сақталуына пән оқытушысы жауапты болады.

4.51.9. Жазбаша емтихан тапсырмасының саны оны өткізудің максимум уақытымен анықталады 2 академиялық сағаттан артық емес.

4.51.10. Билеттер саны сы пән бойынша бір уақытта емтихан тапсырушылардың жалпы максимум санынан 30% артық болуы тиіс. Билеттер нөмірленбейді.

4.51.11. Емтиханда жазуға арналған таза парақтарға кафедра меңгерушісі қол қояды немесе ОПД немесе ОПҰД мөрі болады, олардың саны билеттегі тапсырмалар санына көбейтілген емтихан тапсырушылардың жалпы санынан 30% артық болуы тиіс.

4.52. Жазбаша емтиханды өткізу тәртібі:

4.52.1. Аудиторияға емтихан тапсыруға студенттер (магистранттар) сынақ кітапшасымен немесе студент билетімен кіреді.

4.52.2. Оқытушы емтихан тапсырушыларға емтихан тапсыруға жіберілгендерді және оны өткізу тәртібін мәлімдейді, тәртіпті сақтау қажеттілігін ескертеді, денсаулық жағдайларын сұрайды.

4.52.3. Емтихан алушы емтихан тапсырушы сұрақтарға дұрыс жауап беру үшін қандай да бір амалды (шпаргалок, техникалық құралдар, сыбыр сөз және т.б.) қолданса, емтиханнан шығарылатынын ескертеді, ал ведомостіге F бағасы қойылады. Бұл жағдайда емтихан алушы емтиханнан шығару фактісі туралы институт дирекциясына қызметтік хат ұсынады.

4.52.4. Билеттер нөмірсіз емтихан тапсырушылар көзінше кездейсоқ түрде сырт жағы жоғарыға қаратылып қойылады.

4.52.5. Емтиханды өткізу үшін студент (магистрант) билет таңдайды. Билеттегі сұрақтарды жауап парағына көшіргеннен кейін оқытушы барлық жауап парақтарына оқытушының таңдауы бойынша (сан немесе әріп түрінде) код қояды және оны қолымен бекітеді, артынан кодты алдын ала жасалған «Емтиханнан құлағанда туралы» ведомостіге енгізеді. Бұл ведомость емтихан аяқталғанға дейін кафедра меңгерушісіне тапсырылады. Билеттерге қандай болмасын белгі салуға тыйым салынады. Билеттер тапсырмалар жауап парағына көшірілгеннен кейін оқытушыға тапсырылады.

4.52.6. Студент барлық тапсырмаға толық жауап береді. Жауап парақтарына студент (магистрант) тегін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін ешқандай жазба жазылмайды. Бұл үшін емтихан алушы мен оқытушы жауап береді.

4.52.7. Емтихан тапсырушы оқытушының рұқсатымен емтихан уақытында ақпараттық-анықтамалық әдебиетті, сондай-ақ силлабусты қолдануға құқылы. Емтихан уақытында байланыстың кез-келген түрін, есептегішті және басқа да техникалық құралдарды қолдануға тыйым салынады.

4.52.8. Емтихан аяқталған соң студенттер жауап парақтарын оқытушыға тапсырады. Бірінші бетке толтырылған парақтардың жалпы саны көрсетілген әр параққа оқытушы студент көзінше қол қояды.

4.52.9. Емтихан аяқталған соң 1 сағаттан кешіктірмей жауап парақтары тексеру үшін тәуелсіз оқытушыға беріледі. Пайыздық үлестегі және әріп түріндегі баға әр сұраққа қойылады және қол қою арқылы расталады.

4.52.10. Қорытынды баға ықтимал салмақ коэффициентін есепке алғанда орташа арифметикалық ретінде анықталады. Қорытынды баға бірінші параққа қойылады және тексеріп отырған оқытушының қолымен расталады.

4.52.11. Тексерілген емтихан жұмыстары кафедра меңгерушісіне тапсырылады. Ол бұл жұмыстардың шифрін анықтайды.

4.52.12. Парақтардағы сәйкестендіру ведомостінсіз студент тегін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін кез-келген белгі парақты (жауап парағын) тексеруден алып тастауға негіз болады.

4.52. 13. Шифрді анықтау аяқталғаннан кейін 2 сағаттан кем емес уақыт ішінде емтихан қабылдаған оқытушы бағаларды емтихан ведомостісіне, яғни жеке паролі мен логинін пайдалана отырып, электронды ведомостіге қояды

4.53. Кешенді түрде емтихан қабылдау бойынша комиссия қызметтері:

4.53.1. Комиссия емтиханды ұйымдастыруы және емтиханда оқу пәндері және анықтамалық әдебиеттерден басқа шешілмеген көздерден жауаптарды көшіруге жол бермеуі керек.

4.53.2. Емтихан жауап берер кезде комиссияның барлық мүшелері қатысуы керек; әрбір студенттен жауап алу барлық комиссиямен жүргізіледі, студенттердің комиссия мүшелері арасында бөлінуіне рұқсат етілмейді.

4.53.3. Емтихан аяқталғаннан кейін нәтижелер деректер базасына енгізіледі және 2 сағаттың ішінде қорытынды ведомості жасалады және тиісті инстиут секретариатына тапсырылады.

4.54. Компьютерлік тестілеу түрінде емтихан қабылдау бойынша кезекші оқытуышының қызметтері:

4.54.1. Студенттердің аудиторияға студенттік билеттерге (сынақ кітіпшаларына) және емтихан ведомостісіндегі рұқсатнамаға сәйкес кіруін қадағалау;



4.54.2. Студенттердің тестілеу кезінде қосымша материалдарды қолданбауын қадағалайды; емтиханды өткізу тәртібін дөрекі бұзған жағдайда материалдарды алады, студентті емтиханнан шығарады, кафедра меңгерушісін немесе тиісті институттың өкілін шақырып, тәртіп бұзу фактісін хаттамалайды және оны емтихан ведомостісіне қосымша тіркейі. Хаттамаға оқытушы, кафедра меңгерушісі немесе сәйкес институт өкілі қол қояды;

4.54.3. СМЖ ҰС 5.2.03 – 2008 «Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру» ұйымдастыру стандарты, «Білім алушының білімдерін бағалау» 20 бөлім талаптарына сәйкес бағалардың қойылуын қамтамасыз етеді».

4.55. Бланкілік тестілеу түрінд емтихан қабылдау бойынша кезекші оқытушының қызметтері:

4.55.1. Студенттердің аудиторияға студенттік билеттерге (сынақ кітіпшаларына);

4.55.2. Студенттер билеттерді немесе тест нұсқаларын алады және тек жеке кодын көрсетіп, жауап парағын толтырады;

4.55.3. Студенттердің тестілеу кезінде қосымша материалдарды қолданбауын қадағалайды; емтиханды өткізу тәртібін дөрекі бұзған жағдайда материалдарды алады, студентті емтиханнан шығарады, кафедра меңгерушісін немесе тиісті институттың өкілін шақырып, тәртіп бұзу фактісін хаттамалайды және оны емтихан ведомостісіне қосымша тіркейі. Хаттамаға оқытушы, кафедра меңгерушісі немесе сәйкес институт өкілі қол қояды;

4.55.4. Студенттердің жауап парақтарында тек жеке кодын көрсетуін қадағалайды;

4.55.5. Жазбаша жұмыстарды тексергеннен кейін СМЖ ҰС 5.2.03 – 2008 «Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру» ұйымдастыру стандарты, «Білім алушының білімдерін бағалау» 20 бөлім талаптарына сәйкес баға нәтижелерін енгізуді жүзеге асырады.

4.56. Қорытынды ведомостілерді жасап, бергеннен кейін бір сағат ішінде олардың көшірмелері кафедра стендісіне ілінуі керек.

4.57. Емтиханды сәтті тапсырған және курстық жобаларды (жұмыстарды) қорғаған сырттай оқу түріндегі студенттерге емтихан сессиясы аяқталған соң келесі емтихан сессиясына арналған анықтама-шақырту беріледі. Анықтама-шақыртудың берілуі және чырттай оқу түріндегі студенттің емтихан сессиясына келуі қатаң есепке алынады.

4.58. СҚОИ студенттерін тізімдеу және қайта құру емтихан сессиясы басталарға дейін 10 күн бұрын жүзеге асырылуы керек.

4.59. Студенттер сессия аяқталғаннан кейін өз бағаларын институт секретариатында салыстыруға және өз GPA-ларын алуыға міндетті.

5 Қашықтан білім беру технологиялары

5.1. ҚарМТУ-да қашықтан оқыту технологиясы (ҚОТ) бойынша сырттай оқу түріндегі студенттер ҚР БҒМ бекітілген мамандықтар тізбесіне сәйкес қысқартылған және жеделдетілген білім бағдарламасы бойынша білім алады.

5.2. ҚОТ пайдалана отырып оқуға ауысу студент өтініші негізінде СҚОИ деканының ұсынысы бойынша ректор бұйрығымен жүзеге асырылады.

5.3. КОТ пайдалана отырып оқу мамандықтың оқу-жұмыс жоспарының қосымшасы, жеке оқу жоспары, шығарушы кафедраларда әзірленген сабақ үлгерімін бақылаудың жеке кестесі негізінде жүзеге асырылады.

5.4. Қашықтан оқытудың кейс-технологиясы кезінде оқу үшін қажетті негізгі ақпарат және пайдаланылатын оқу әдістерінің сипаттамасы электрондық оқу-әдістемелік кешендер (ЭОӘК) жинағында - әрбір білім алушы қамтамасыз етілетін, оқу пәндерінің кейстерінде болады. Кейстер СҚОИ секретариатына электрондық түрде беріледі.

5.5. Желілік технология бойынша білім алушылар, ЭОӘК және барлық қажетті қосымша ақпаратты университет сайтынан ала алады: ҚОТ оқытушы Web-порталында http://www.kstu.kz.

5.6. Қашықтан оқыту ПОҚ және білім алушының кезең-кезеңмен өзара әрекеттерінің Жоспарына сәйкес ЭОӘК пайдалана отырып тьютор басшылығымен оқу пәндерін білім алушылардың өздігінен зерделеуін көздейді.

5.7. КОТ бойынша білім алатындар пәндер бойынша аралық аттестацияға оқу-жұмыс жоспарында белгіленген барлық бақылау шараларын орындап тапсырған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

5.8. Аралық аттестация емтиханға студент келген кезде сессия уақыты кезінде автоматтандырылған тестілеу кешендерін қолдана отырып жүргізіледі.

5.9. КОТ бойынша білім алатын және семестрдегі барлық пәндер бойынша сабақ үлгерімін жеке бақылау кестесін орындаған студенттер үшін аралық аттестацияның жеке мерзімдері белгіленеді.

5.10. Желілік аралық оқыту технологиясы бойынша білім алатын СҚОИ студенттері және кейстік технологияны қолдану арқылы білім алатын 1-2 курс студенттері үшін графикке сәйкес (7-кесте) екі аралық бақылау белгіленеді.

5.11. Кейстік аралық оқыту технологиясы бойынша білім алатын СҚОИ 2-5 курс студенттері үшін аралық бақылау зертханалық, практикалық, семинарлық сабақтарды орындау нәтижесі бойынша семестрде бір рет емтихан сессиясы кезеңінде жүргізіледі, орындалған бақылау жұмыстарын қорғау міндетті түрде кафедраға тіркеу керек.

Аралық бақылау бағалары оқу пәні бойынша емтиханға дейін екінші аралық бақылау электрондық ведомостіге қойылады.



5.12. Желілік аралық оқыту технологиясы бойынша білім алатын студенттер және кейстік технологияны қолдану арқылы білім алатын 1-2 курс студенттері үшін пәндер бойынша қорытынды баға 1-формула мен 2-формула бойынша есептеледі.

5.13. Кейстік технологияны қолдану арқылы білім алатын СҚОИ 3-5 курс студенттері үшін пәндер бойынша қорытынды баға 4-формула бойынша есептеледі.

6. Келесі курсқа, ЖОО-дан ЖОО-ға, мамандықтан мамандыққа ауысу және қайта оқыту

6.1. Білім алушыны курстан курсқа ауыстырудың міндетті шарты білім алушының жоғарғы оқу орындары (ЖОО) үшін белгіленген ауысу балынан төмен емес орташа үлгерім балын (GPA) алу болып табылады.

6.2. Өту балы GPA (Grade Point Average) – таңдап алынған бағдарлама бойынша студент жетістіктері деңгейінің орташа өлшенген бағасы (оқытудың ағымдық мерзімі ішінде кредиттің жалпы санына пәндер бойынша қорытынды бақылау бағасының балын сандық баламада кредитті жүргізу жиынтығына қатынасы) және мына формула бойынша есептеледі:
GPA = (6)
мұндағы И1 – емтихан қарастырылған пәндер бойынша қорытынды баға;

ИК2 – тек курстық жоба (жұмыс) қарастырылған пәндер бойынша қорытынды баға;

ИС3 – – емтихан және курстық жоба (жұмыс) қарастырылған пәндер бойынша қорытынды баға.

К1 … Кn – оқу жылы бойы оқытылған пәндер және практиканың көлемі;

n - оқу жылы бойы оқытылған пәндер және практиканың саны.

Дене тәрбиесі жөніндегі дифференциалды сынақ және әскери дайындық жөніндегі баға GPA есептеуіне енбейді.

Барлық академиялық қарыздар GPA есептеу кезінде нөлмен есепке алынады (И=0).

6.3. GPA есептеу кезінде бірнеше пән бойынша кешенді емтихан жүргізгенде әрқайсысы жеке есептеледі.

6.4. Студентті (магистрант) Университеттің барлық мамандықтары бойынша көшіру үшін қажет балдар деңгейін 2013-2014 оқу жылына Университеттің Ғылыми кеңесі белгілейді және оқу мерзімі мен түріне қарамастан келесіні құрайды: 1 курс -1,8; 2 курс – 2.0; 3 және жоғарғы курстар – 2,2; для 1 курс магистранттары үшін – 2,8; 1 курс докторанттары үшін – 2,9, 2 курс –3,0. Студенттер, магистранттар және докторанттар жазғы емтихан сессиясы аяқталғаннан кейін институт секретариатынан немесе жоғары білімнен кейінгі білім беру бөлімінен GPA алуға міндетті

6.5. Студент курс бағдарламасын толық көлемде орындаған, бірақ өту балын ең аз алған жағдайда өзінің үлгерімінің (GPA) орташа балын жоғарылату мақсатында жазғы семестрде жекелеген пәндерді ақылы негізде қайтадан оқу («Қазақстан тарихынан» басқа, себебі сол пән бойынша мемлекеттік емтихан тапсырылады) және сол пән бойынша емтиханды қайта тапсыру мүмкіндігі ұсынылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет