Окж оқырмандары арасында «Әлемді кітап арқылы танимын» байқауының өткізілу сценарийі



Дата08.03.2018
өлшемі102,89 Kb.
#38366
ОКЖ оқырмандары арасында

«Әлемді кітап арқылы танимын»

байқауының өткізілу сценарийі

С.Сейфуллин атындағы ОҚК

17.11.2017 жыл сағ. 15:00

Зал әдемі безендірілген, әуен ойналып тұрады

Көрермендерді орналастыру

Жүргізуші

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, оқырман қауым және қатысушылар!

Жүргізуші

Одной из главных идей статьи Главы государства Н.Назарбаева «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» является реализация программы «Туған жер», которая нацелена на пропаганду и укрепление патриотизма в обществе.
В рамках данной программы Центральная городская библиотека имени С.Сейфуллина проводит конкурс среди читателей Централизованной библиотечной системы «Әлемді кітап арқылы танимын. Познаю мир через книги».

Жүргізуші

Елбасы биылғы жылғы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында: «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекеге қабілеттілігімен айқындалады» деп, бәсекеге қабілеттілік қазіргі жаһандық дамудың негізгі қозғаушы факторы екенін көрсетті. Сондықтан да, Елбасы бұл бағдарламалық мақаласында патриотизмнің ұлағатты үлгісі, мәдени сауаттылықтың жоғары баспалдағы және көрегендіктің негізі ретінде кітап оқитын қоғамды қоштаған болатын. Сол себепті елімізде рухани құндылықтарымызды жаңғыртуда жан-жақты жұмыстар атқарылды және атқарылуда. Бүгінгі байқаудың мақсаты - қазақ әдебиетіне сүбелі үлес қосқан ақын-жазушылар шығармаларын оқырмандарға дәріптеп, жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Іс-шараның шымылдығын ашып, қатысушыларға сәттілік тілеу үшін

Балқаш қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ашимжанова Айнұр Иешқызын ортаға шақырамын.




Айнұр Иешқызының сөзі


Ән

Жүргізуші

Бұл байқауға С.Сейфуллин ат. ОҚК, А.Гайдар ат. ОҚБК және кітапхана-филиалдары өздерінің белсенді әрі тұрақты оқырмандарын қатыстырып отыр. Алдын ала жеребе арқылы қатысушылардың реттілігін анықтап алған болатынбыз. Сол реттілікпен қатысушыларымызды ортаға шақырайын:





  • Бірінші нөмірлі қатысушымыз - №4 «Сырлас» кітапхана-филиалының тұрақты оқырманы Ә.Мусин ат. БГТК 3 курс студенті Орынбай Бибігүл;

  • Екінші нөмірлі қатысушымыз - С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапхананың тұрақты оқырманы, теміржол саласында қызмет етіп жүрген Орумбаев Ғалым Миралиұлы;

  • Үшінші нөмерде - №2 кітапхана-филиалының атынан №15 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Батырбекова Раушан;

  • Төртінші нөмірлі қатысушымыз - №1 кітапхана-филиалы атынан №53898 ә/б қызметкері Төлепбеков Фархад Тенлікұлын қарсы алыңыздар!;

  • Байқауымыздың бесінші нөмірлі қатысушысы - А.Гайдар ат. ОҚБК тұрақты оқырманы Свешникова Анастасия, ол Омск гуманитарлы Академиясының студенті;

  • Алтыншы нөмірде бағын сынайтын - №4 «Сырлас» кітапхана-филиалының тұрақты оқырманы, №9 мектептің 11 сынып оқушысы Үкібай Мейіржанды қарсы алыңыздар!

  • Жетінші нөмірлі қатысушымыз - №3 кітапхана-филиалы атынан №7 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Елеусізбекова Назеркені ортаға шақырамын;

  • Сегізінші нөмірде бағын сынайтын - №25 мектептің 9 сынып оқушысы, №5 кітапхана-филиалының тұрақты оқырманы Шеш Сағынышты қошеметпен ортаға шақырайық;

  • тоғызыншы нөмерде сынға түсетін - С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапхананың тұрақты оқырманы Бөкен Дина Әбішқызын сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға шақырамын!

Жүргізуші

Ал енді, байқауқа қатысушыларды бағалап, байқау кезеңдерінің нүктесін қойып отыратын қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

  1. Сәденов Қуандық Мақсұтұлы – ақын-сазгер, «Пульс» газетінің тілшісі;

  2. Мәулетова Қымбат Мақұлжанқызы – Балқаш қаласының Тілдер орталығының директоры

  3. Мұхаметжанова Балшырын Қожырқызы – Орталықтандырылғна кітапхана жүйесі директорының орынбасары

Енді қатысушылар өз орындарына барып, дайындықтарын пысықтай берсін.

Жүргізуші

Байқау ережесі бойынша кезеңдерін, шартын түсіндіріп кетейін:

Байқау:


  • Визит карточкасы

  • Менің сүйікті кітабым

  • Кітап туралы қызықты деректер атты үш кезеңнен тұрады.




  • Байқау таңдалған шығармалардың тақырыпқа сәйкестігі, тақырыпты ашу тереңдігі; сюжеттің ерекшелігі; шығармашылық даралық; сауаттылық, бірізділік бойынша бағаланады.

Жүргізуші

Сырт кетпеген дәстүрдің ағысынан,

Қазағымның сәлемі - арғысынан.

Бастайық бұл байқаудың кезеңдерін,

Сәлем беріп қауымға, танысудан.


Байқауымыздың алғашқы кезеңі – «Визит карточкасы». Бұл кезеңде қатысушы өзін таныстырады және оқырман формулярын көрсетуі шарт. Әр қатысушыға 3 минутқа дейінгі уақыт беріледі.

Қошеметпен қатысушыларымызды ортаға шақырайық:

1.Бірінші нөмірлі қатысушымыз - ақылына көркі сай, тілі орақты әрі бай Орынбай Бибігүлді қарсы алыңыздар!
2. «Кітапты жанына серік еткен, білімін болашаққа сенім еткен" Орумбаев Ғалымды қошеметпен қарсы алыңыздар!
3.Ардақтаған әрқашан ата салтын, мінезі ашық, сыпайы, көңілі жарқын Батырбекова Раушанды сахна төріне шақырамыз!
4.«Ісіне мығым, шаруаға берік, болсын сәттілік Фархадқа серік» деп Төлепбеков Фархад Тенлікұлын құрмет-қошеметтеріңізбен ортаға шақырайық!
5. «Түрлі сында таймаған, қазақша да сайраған.

Бар әлемді таныған, кітап атты айнадан» деп, ортаға бесінші нөмірлі қатысушымыз Свешникова Анастасияны шақырамын!

6. Мейіржан – өзі кішіпейілжан!

Кітап оқуға үйір жан.

Жігерін салар жарыста,

Спортқа да бейім жан – деп, Үкібай Мейіржанды қарсы алыңыздар!


7. Нашар баға  алмайтын, ұстазының соңынан бір елі де қалмайтын, ісіне жауапты, білімге талапты шәкірт Елеусізбекова Назеркені ортаға шақырамын.
8. Айбыны асқақ, намысы, ары күшті,

Бос уақытқа болмаған бағынышты.

Қошеметпен ортаға шақырайық,

Сегізінші нөмірлі Сағынышты

9. Сабырлы әрі байыпты,

Әр заттың тапқан шешімін.

Күйшіге арнап қойыпты,

Дина деп оның есімін, - деп тоғызыншы нөмірлі қатысуышымыз Бөкен Динаны шақырайын!




Қатысушылардың өздерін таныстыруы

Жүргізуші

Кітап – адамның рухани байлығы, Жақсы кітап-адам жанының айнасы. Кітап оқитын қоғамның бәсекеге қабілетті, көреген әрі жоғары мәдениетті болары хақ. Әр оқырманның жанына жақын, көңіліне серік сүйікті кітабы болады. Ал енді біздің бүгінгі байқауға қатысушыларымыздың сүйікті кітабын білу үшін келесі кезеңімізге көшсек.

«Менің сүйікті кітабым. Моя любимая книга» айдарымен әр қатысушы өзінің жанына жақын сүйікті кітабын таныстырады. Бұл кезеңнің шарты: Қазақстан авторларының шығармалары немесе Қазақстан туралы кітап болуы керек. Бейнеролик, слайд, буктрейлер арқылы баяндалуы бағаланады. Әр қатысушыға 10 минутқа дейін уақыт беріледі. Сонымен қатысушыларымызды ретімен ортаға шақырып, сүйікті кітаптары туралы білейік.


1.Бірінші нөмірлі қатысушымыз - Орынбай Бибігүлді тыңдайық!
2. Ендігі кезекте Орумбаев Ғалымның сүйікті кітабы туралы білейік!
3.Үшінші нөмірде Батырбекова Раушанның сүйікті кітабы қандай екен, соны білейік!
4. Келесі қатысушымыз Төлепбеков Фархад сүйікті кітабы жайлы сыр шертсін!
5. Приглашается на сцену участница под номером №5 Свешникова Анастасия
6. Алтыншы нөмірлі қатысушымыз Үкібай Мейіржан өзінің сүйікті кітабы туралы не айтады екен, соны білейік!
7. Ендігі кезекте Елеусізбекова Назеркені ортаға шақырамын.
8. Келесі ретте сүйікті кітабын таныстыратын Шеш Сағынышты қарсы алайық.
9. Соңғы болып ортаға шығатын Бөкен Динаны тыңдайық!

Қатысушылардың кітаптары жайлы әңгімелеуі

Ән

Жүргізуші

Әлемдегі екінші кітапхана Отырар кітапханасы туралы не білесіздер? Ия, Отырар кітапханасы жер бетінде жойылып кеткен көне кітапхана болған. Тарихшылар сол кезде Отырар тұрғындары кітап қорын сақтап қалу үшін кітапхана маңынан қазылған арнайы үңгірлерге жасырған деседі. Отырар кітапханасына «Ұлы жібек жолымен» өткен көпестер кітап сыйлауды дәстүрге айналдырған дейді аңыздарда.

Осы ретте Отырар кітапханасы туралы өршіл ақын М.Шахановтың өлеңін оқи кетсем,

Тек қарынның байлығына сенген елдiң соры бар,

Көне тарих сабақтары бiзге мойын бұрғандай.

Отырарда ғаламда жоқ жазба кiтап қоры бар,

Өткен заман елестерi әлi қоршап тұрғандай.

Көзсiз зорлық ғасырынан,

Надандықтың тасырынан,

Жер астына жасырылған

Дара тұлға бабалардың ұшқыр ойы, санасы.

Ұяттыны толғандырған,

Қанаттыны заңғар қылған,

Күллi әлемдi таң қалдырған,

Рухыңмен қолда бiздi

Отырардың ұлы кiтапханасы!

Қайда барсаң жеке мүдде жеңiсi үшiн алқыну,

Таптыра ма құмға сiңген зор парасат дастаны?

Басты мақсат – Фарабилер биiгiне талпыну,

Рухы жоқ бiлiмдiден қоғам шаршай бастады.

 

Сонымен, «Кітап туралы қызықты деректер, әңгімелер. Интересные факты и рассказы про книги». Қатысушы кітап, автор немесе шығармалар туралы қызықты әрі тың деректермен бөліседі. Әр қатысушыға 5 минутқа дейін уақыт беріледі.



Ендігі кезекте қатысушыларымыздың деректерін тамашаласақ:

1.Бірінші нөмірлі қатысушымыз - Орынбай Бибігүлді тыңдайық!


2. Ендігі кезекте Орумбаев Ғалым қандай деректермен бөліседі екен, тамашалайық!
3.Үшінші нөмірде Батырбекова Раушанды шақырамын!
4. Келесі қатысушымыз Төлепбеков Фархад кітап туралы деректерін ортаға салсын!
5. Приглашается на сцену участница под номером №5 Свешникова Анастасия

6. Келесі реттегі қатысушымыз Үкібай Мейіржан өзінің сүйікті кітабы туралы не айтады екен, соны білейік!


7. Ендігі кезекте Елеусізбекова Назерке кітап туралы қандай қызықты мәліметтерден сыр шертеді, соны білейік.
8. Шеш Сағыныш бізге қандай қызықті мәліметтер айтады екен, тамашалайық.

9. Соңғы болып қызықты деректермен бөлісетін Бөкен Динаны қарсы алыңыздар!



Қатысушылардың деректермен бөлісуі


Жүргізуші

Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Әділ бағасын беретін қазылар мүшелерін ақылдасуға шығарып салайық


Қазылар мүшесінің ақылдасуға шығуы

Ән

Көрермендермен викторина өткізіледі

Жүргізуші

Қазылар алқасы шешімін шығарып болған секілді. Сөзді осы кісілерге берейін.

Қазылардың сөзі және марапаттауы

Жүргізуші

Жеңімпаздарды құттықтаймыз.

Кітап білімнің қайнар көзі. Кітап қана мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетелейді. Түптеп келгенде, кітап оқыған адамның шетте қалмасы анық. Ия, осымен біздің кітап оқуды дәріптеген «Әлемді кітап арқылы танимын» атты байқауымыз да аяқталды. Келгендеріңізге рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет