Аурудыанықтау және кеңес беру Ауруды анықтау.
Сгепатитін анықтаудың ең тиімді жолы қауіп қатер тобындағылады ары қарай тексеру мақсатымен сұрастыру. Инфекцияның басты көзі-инфицирленген қан мен оның компоненттері. АҚШта жұқтырудың негізгі көзі қ/і есірткі заттарын енгізу болып табылады және әрбір есірткі қолданушы тексеруден өткізілуге тиісті.
Қан құйылған және мүшелер трансплантациясы жасалған науқастар тексерілуден өтуі қажет. Медициналық жұмыскерлер де инфицирленген қанмен жұмыс жасайтындықтан қауіп тобына кіреді. Инфекцияның берілу жолдарына сонымен қоса вертикальды,яғни анасынан баласына перинатальды кезеңде берілу және жыныс жолдары арқылы берілу жатады.
Ретсіз жыныстық қатынас С гепатитімен ауыру қаупін жоғарылатады,бірақ тұрақты жыныстық серіктесі барлар сирек жұқтырады. Сондықтан вирус тасымалдаушыларға өз серіктестеріне жұқпалы инфекция туралы хабарлаған жөн. Атап өтетін жайт жыныстық жолмен инфекцияның берілу қаупі өте кішкентай,тіпті мүшеқап қолданудың қажеті аз.
Инфицирленген қанмен контактқа түсетіннен басқа(мысалы ортақ тіс щеткасы немесе бритва) тұрмыстық қатынастарды да шектеудің қажеті жоқ. С гепатитінің вирусы қол арқылы немесе асханалық құралдар арқылы берілмейді.
Айтылып өткендей,тұрақты жыныстық серігі барларда С гепатитін жұқтыру қаупі төмен,ал серік саны көптерде қауіп жоғарылай түседі. Гемофилиямен ауыратын науқастар 1987жылға дейін,яғни вирустың инактивация әдістері пайда болғанға дейін қан препараттарын алған болса зерттелуден өтуі қажет. Сонымен қоса,түсініксіз жағдайда қан сарысуында аминотрансферазалар (АлАТ немесе АсАТ) белсенділігі жоғарылауы,анамнезінде гемодиализ болуы және ЖИТС инфекциясы тексерілуден өтуге көрсеткіш болып табылады.[10]
2кесте. С гепатитіне тексерілуге көрсеткіштер:
● Инъекционды наркомания,оның ішінде анамнезінде тек бір ғана рет есірткіні қолданып,өзін нашақор санамайтындар
● С гепатитін жұқтыру қаупі жоғары адамдар
○ ВИЧ инфицирленгендер
○ 1987 жылға дейін қан ұю факторы преараттарын қабылдаған гемофилиямен ауыратын науқастар
○ анамнезінде гемодиализ
○ түсініксіз жағдайда аминотрансферазалар белсенділігі жоғарылауы
● қан құю немесе мүшелер трансплантациясы
○кейінірек С гепатиті анықталған донордан қан құйылғандар
○ 1992 жылдың шілде айына дейін қан және оның компоненттері құйылғандар
○1992 жылдың шілде айына дейін мүшелер трансплантациясы жасалғандар
● инфицирленген аналардан туылған балалар
●С гепатитімен инфицирленген қанмен контактта болған жағдайда өрт сөндірушілер,полицейлер,құтқару қызметшілері,жедел жәрдем және медицина қызметкерлері.
● С гепатитімен ауыратындардың жыныстық серіктестері1 Қауіп үлкен болмағанымен ,зерттеудің теріс нәтижесі теориялықтан бөлек практикалық та маңызға ие.
Өзгерістермен алынған: : Recommendations for prevention and control of hepatitis C virus ( HCV) infection and HCV-related chronic disease (С гептитінің емі мен профилактикасы және асқынулары бойынша ұсыныстар). Centers for Disease Control and Prevention MMWR Recomm Rep 1998; 47(RR-19):1–39.
С гепатитін жұқтыру қаупіне кейбір альтернативті медицина тәсілдері(инемен емдеу,ритуальды кесулер),пирсинг,татуировка,тіпті шаштаразда шашты қыру жатады. [13-17].Зерттеулердің қатары татуировка жасау кезінде жұқтыру мүмкіндігі бар екенін көрсетті. [18-20]. Сондықтан татуировка мен пирсинг тексерілуден өтуге көрсеткіш болып табылады.
Ұсыныстар
1. 2 кестеде келтірілгендер С гепатиіне тексерілулері қажет(III).
Кеңес беру
С гепатиті анықталған жағдайда инфекцияның таралуының алдын алу жайлы ақпарат беру қажет. Науқасқа айналадағылардың оның қанымен контактқа түсуі кезінде инфекцияның жұғатындығын және оны болдырмау қажеттігін түсіндіріп жеткізу керек. Бұл ақпаратты әсіресе инъекционды наркомандарға жақсылап түсіндіру керек,себебі олар инфекцияның негізгі көзі болып табылады. Барлық қажетті ұсыныстар арлық қажетті ұсыныстар 3-ші кестеде келтірілген.
Ұсыныстар
2. барлық С гепатитімен инфицирленгендерге 3-ші кестеге сай аурудың таралуынынң алдын алу жайлы хабар беру.(III).