Қолайлы қоршаған ортаны қалыптастыру мен өмір сүру сапасын жетілдіру – «жасыл» экономиканың артықшылықтары



бет3/7
Дата31.01.2018
өлшемі3,95 Mb.
#36500
1   2   3   4   5   6   7


2 Сур.Арал маңы аумағының экологиялық трансформациясы

Экологиялық трансформация түрлері табиғи құбылыстар (су және жел эрозиясы, сортаңдану, тұздану) мен антропогендік үрдістерден (дегумификация, су және жел эрозиясының күшеюі, тұздану, сортаңдану; техногендік қысымдар; химиялық, мұнай-химиялық және радиоактивті лстағыштар) көрінеді.

Арал маңында ресурстық әлеуеттің жоғалуының негізгі факторлары қоршаған ортадағы ластағыш заттардың шекті-рауал мөлшерінің (атмосфера, су, топырақ) тұрғындардың өміріне қауіп төндіретін мөлшерде нормасынан асуы болып табылады. Экожүйелердің бұзылуы және олардың өзіндік қалыптасу қабілетінің жоғалуы; су нысандарының ғасырлық ауытқулардан асып түсетін апатты таяздануы; экожүйелердің/биоәртүрліліктің түрішілік сандық құрамының қысқаруы мен өнімділігінің төмендеуі. Осының барлығы экологиялық себеп-салдар бойынша анықталатын аймақтың экологиялық жағдайы мен шарасыз миграциясынан, халықтың ауруға шалдығуы мен өлім санының артуына септігін тигізеді [2].

Қоршаған орта жағдайының нашарлауы мен ауру санының артуы арасындағы себеп байланыстардың талдауынан Арал маңындағы халықтың әлеуметтік салдары бар, созылмалы аурулардың кең ауқымда таралуын айқындайды.



Қауіптің ең маңызды факторларына аумақтың эпидемиологилық жағдайының нашарлауы, сапалы ауыз сумен нашар қамсыздалуы жатады, ал ол өз кезегінде жұқпалы аурулар деңгейінің жоғарылауынан көрінеді. Жұқпалы аурулардың ішінде жұқпалы ішек ауруы, дизентерия, бактериялық ішек аурулары, энтериттер, бактериялық тамақпен улану, вирустық сары ауру түрлері басым (3 Сур.).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет