Олар жартылай көшпелі шаруашылық жүргізді. Әлеуметтік айырмашылықтар қорғандардан жақсы аңғарылады



Дата24.09.2022
өлшемі11,97 Kb.
#150572
Байланысты:
kazt




1.Сақ көсемдері саяси қызметтерді атқарды. Антикалық дереккөздерде соғыс пен бітімгерлік мәселелерін шешкен, әскерді басқарған, елшілер жіберген, одақтар жасасқан, басқарушыларды тағайындаған сақ пат-шалары мен патша әйелдер туралы айтылады. Сақтардың билеушілері біраз уақыт парсы патшасына одақтас та болды. Сақ қоғамында әскери демократия үстемдік етті және патша билікке «тең адамдар арасындағы бірінші» ретінде жауынгерлердің жалпы жиналысында сайланды. Осылайша ерекше патша әулеті бөлініп шықты. Көсемдер мен ақсақалдардан әскери-тайпалық ақсүйектер құралды. Сондай-ақ абыздар тобы бөлініп шықты.
2.1Сақтардың әйел пат-шалары туралы мәліметтер аңызға айналған дастандарда кездеседі: патша әйел Зарина қарсыластарымен соғыс жүргізіп қана қоймай, бірнеше қаланың негізін салды, ал патша әйел Томирис өз патшалығын парсыларға қарсы соғыста басқарды.
2.2 Олар жартылай көшпелі шаруашылық жүргізді. Әлеуметтік айырмашылықтар қорғандардан жақсы аңғарылады.
2.3Иеліктерді басқарушылардың бір бөлігі көшпелі тайпалардың көсемдері болды. Мемлекет басшысы күнбиден кейінгі лауазымды тұлға бас уәзір – тулы (дулы), одан төменгілері сол және оң жақ аймақтарының билеушілері болды. Шенеуніктерден, тексерушілерден және хатшылардан тұратын төрешілдік аппарат құрылды.
3.Қытай императорлары үйсіндерді дос етіп алмақ ниетпен бұдан кейінгі уақытта да өз қыздарын үйсін гуньмоларына ұзатып отырды. Әр ханшайыммен бірге шенеуніктер мен қызметшілер (100-ден аса адам) баратын, бұларға үйсін тілін үйреніп алу міндеттелді. Осындай әдіс-амалдың нәтижесінде б.з.д. I ғасырдың 80-ші жылдарында қытайлар ғұндар мен үйсіндерді бір-бірімен араздастырып, діттеген мақсаттарына жетті. Б.з.д. 75 жылы үйсіндерге шабуыл жасаған ғұндар олардың біраз жерін басып алды. Үйсін көсемі Унгар-би (Унғуйми) қытайлардан көмек сұрады. Қолбасшы Чан-Хай басқарған 150 000 атты әскер көмекке келді. Б.з.д. 77 жылы Унгар-би 200 000 адам әскермен ғұндарға шабуыл жасады, күйрете жеңіп, ғұндардың 40 000 адамы мен 700 000-нан астам малын айдап әкетті.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет