18. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау Ескерту. 18 алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
19. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді қаржыландыру Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді қаржыландыру:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты;
2) ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуден алынған қаражат;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР