Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау ережесі
1. Осы Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленді және өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдардың (отбасылардың) арнаулы әлеуметтік қызметтерге деген қажеттілігін бағалау мен айқындаудың тәртібін белгілейді.
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) – ағза функцияларының тұрақты бұзылуы салдарынан туындаған тыныс-тіршілігінің шектелулерін бағалау негізінде, куәландырылушы адамның әлеуметтік қорғау және оңалту шараларына қажеттіліктерін белгіленген тәртіппен айқындау;
2) медициналық және психологиялық-педагогикалық диагностика - орын алып отырған кемістіктерін анықтау және емдеудің, оқыту мен
тәрбиелеудің барабар жағдайларын айқындау үшін балалардың психофизикалық дамуын дисциплинаралық кешенді бағалау;
3) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация(ПМПК)– мүмкіндігі шектеулі балаларға диагностика жасау және консультация беру үшін құрылған арнаулы білім беру ұйымы;
4) әлеуметтік бейімсіздену - жеке адамның қоршаған ортамен
өзара іс-әрекетінің бұзылуы;
5) әлеуметтік депривация - адамның (отбасының) негізгі өмірлік қажеттіліктерін өздігінен қанағаттандыру мүмкіндігінің шектелуі және (немесе) олардан айрылуы;
6) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган -
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі комитетінің аумақтық органдары.
3. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемі шеңберіндегі арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметті
қызметкер айқындайды.
4. Жергілікті атқарушы органдар арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкердің қорытындысының негізінде арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шешім қабылдайды.
5. Стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық әлеуметтік мекемелер мен ұйымдарда (бұдан әрі - МӘҰ) қызмет көрсетілетін өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) арналған арнаулы
әлеуметтік қызметтердің түрлері мен көлемін осы МӘҰ-ның әлеуметтік
жұмыс жөніндегі маманы айқындайды.
6. Әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті айқындау үшін білім беру, денсаулық сақтау және өзге де бейін мамандарының қорытындысы
қажет болған жағдайда, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы
уәкілетті орган тиісті комиссияны құрады.
7. Мыналар:
1) ағза функцияларының бұзылушылықтарына қарай
айқындалатын тыныс-тіршілігінің шектелуі:
2) әлеуметтік бейімсіздену;
3) әлеуметтік депривация;
4) адамның (отбасының) өмір сүруінің, қалыптасуының және
қызметінің материалдық, экономикалық, әлеуметтік және рухани жағдайларының жеткіліксіздігімен немесе болмауымен сипатталатын қолайсыз әлеуметтік орта – өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдардың (отбасылардың) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілігін айқындау критерийлері болып табылады.
8. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдардың (отбасылардың) арнаулы
әлеуметтік қызметтерге қажеттілігін бағалау арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қажеттілікті айқындау критерийлеріне сәйкес және мыналардың:
1) ағза функцияларының бұзылу кезінде өзіне өзі қызмет көрсетуге қабілетін айқындау (1-қосымша);
2) әлеуметтік бейімсізденуі кезінде, оқуға, еңбек қызметіне, бағдарлануға, қарым-қатынасқа және өзінің мінез-құлқын бақылауға жеке қабілеттеріне қарай, дербестік қабілетін айқындау негізінде (2-қосымша);
3) әлеуметтік депривациясы кезінде, өзіне өзі қызмет етудің және осы проблеманы отбасымен шешудің жеке қабілетіне қарай, дербестік қабілетін айқындау негізінде (3-қосымша);
4) әлеуметтік ортаны бағалау, өмір сүруі үшін материалдық, экономикалық, әлеуметтік және рухани жағдайлардың жеткіліксіздігімен немесе болмауы негізінде (4-қосымша) айқындалады
9. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдардың тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесін халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі N 750 қаулысымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесіне сәйкес белгілейді.
10. Балалардың психофизикалық және сөйлеу психикалық даму деңгейін ПМПК медициналық және психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізу негізінде айқындайды. 11. Медициналық-әлеуметтік сараптама мен медициналық және психологиялық-педагогикалық диагностика нәтижелерін өмірлік қиын жағдайда жүрген адам, не оның заңды өкілі немесе оның отбасы мүшелерінің біреуі:
1) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) үйде немесе жартылай стационарлық үлгідегі МӘҰ-да қызмет көрсетілген жағдайда – жергілікті атқарушы органдарға:
2) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар МӘҰ тұрақты немесе уақытша болған жағдайда - стационарлық үлгідегі МӘҰ-ға ұсынады.
12. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын ескере отырып,
МӘҰ және ПМПК ұсынған нәтижелердің, басқа да органдардан келген
ақпараттың негізінде жергілікті атқарушы органдар мен МӘҰ әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандары әлеуметтік бейімсіздену және
әлеуметтік депривация деңгейіне қарай, тыныс-тіршілігінің шектелуі негізінде және әлеуметтік ортаның жай-күйіне байланысты әлеуметтік-
тұрмыстық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық,
әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық қызметтердің көлемін белгілейді.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерге
қажеттілікті бағалау және
айқындаудың ережесіне
Достарыңызбен бөлісу: |