9. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
1-1) денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын әзірлейді;
2) әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды аттестаттау тәртібін әзірлейді және халықты әлеуметтік қорғау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша бекітеді;
3) мыналарды:
халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді;
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша мониторинг жүргізуді;
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз етеді;
4) мыналарды:
Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасының сақталуын бақылауды;
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіруді;
жеке және заңды тұлғалармен, халықты әлеуметтік қорғау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды;
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.