«Қолданбалы ғылымдар»


Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың



бет12/156
Дата07.02.2022
өлшемі418,81 Kb.
#93079
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   156
Байланысты:
АӘЖБ УМКД 2017 docx

11. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың 
және астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар 
қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының 
құзыреті
1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде: 
1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады
2) мыналарды:
жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады; 
3) мыналарды: 
арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін, өз қарамағындағы субъектілерді құруды және олардың қызметін; 
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсетуін
халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді; 
4) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады
5) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шараларды қабылдайды
6) арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінен тыс көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қосымша көлемін көрсетудің тізбесі мен тәртібін әзірлейді және оларды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) жергілікті өкілді органдарының бекітуіне ұсынады
7) арнаулы әлеуметтік қызметтерді және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырады;
8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде: 
1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 
2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, өз қарамағындағы субъектілерді құруды және олардың қызметін қамтамасыз етеді; 
3) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады; 
4) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді; 
5) арнаулы әлеуметтік қызметтерді және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырады; 
6) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шараларды қабылдайды; 
7) жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
.
Бақылау сұрақтары:
1. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның компетенциясы.
2. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның компетенциясы.
3. Білім беру саласындағы уәкілетті органның компетенциясы.
4. Аудандардың, облыстардың жергілікті атқару органдары компетенциясы.
Әдебиеттер :
Н.ә:1,2,3,4
Қ.ә:6,7



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет