Қолданылған көрнекіліктер: әншілердің фото суреттері. Техникалық құралдар



бет1/3
Дата15.02.2022
өлшемі23,16 Kb.
#131775
  1   2   3
Байланысты:
Сценарийлер


Мақсаты:
Оқушылардың әнге деген құмарлығын байқау және балалардың түрлі әуендерді білу, есте сақтау деңгейлерін анықтау арқылы музыкаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Қолданылған көрнекіліктер:  әншілердің фото суреттері.
Техникалық құралдар: ноутбук, проектор.
Мұғалім: Қош келдіңіздер құрметті де, аяулы ұстаздар, сүйікті біздің мектебіміздің оқушылары және бүгінгі біздің сазды ойынымызға қатысушылар, ән сүйер ойыншылар!
«Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем әнмен тәтті күй.
Жүрекке түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй!»,- деп Ұлы Абай атамыз айтқандай, ән өнерін сүйетін шәкірттерге арналған ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Біздің жан-жағымыз толы әуен, музыка. Сендердің әрқайсыларыңның сүйікті әндерің немесе сүйікті әншілерің бар.
Айтыңдаршы ,сендер қандай әнді жақсы көресіңдер? (балалардың жауабы). Ал енді осы музыкалық білімдеріңді бүгінгі сайыс арқылы білеміз. Бүгінгі сайысымыздың тақырыбы «Әнші балапан!»
Сайысыымызды бастамас бұрын әділ- қазылар алқасымен танысып өтейік.
Дир. тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Тургунбаева Н.К.
Дир. ғылыми жоба жөніндегі орынбасары: Шибучикова А.Д.
Технология пәнінің мұғалімі: Кембаева А.Т.
Сайыс шарты бойынша екі топқа бөлінуіміз керек.
(Екі топқа қатысушыларды бөліп, топ жетекшісін сайлау және топқа ат қою)
Бірінші топ: «Домбыра»
Екінші топ: «Нота»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет