87
№ 2(135)/2021
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева.
Серия Филология
BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. Philology Series
Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай,
Қыстың басы бірі ерте, біреуі жай,
«Ерте барсам жерімді жеп қоям», - деп,
Ықтырмамен күзеуде отырар бай! - деп,
бір тоқтады, айтып отырған ауылы, қазіргі
өздері отырған Тәкежан ауылы екені,
тыңдаушының барлығына тап еткендей
таныла кетті» [12, 62]. Бұл өлеңде байлардың
психологиялық портреті шебер берілген.
«Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай»
өлеңінің дүниеге келу себебі мен жазылу
тарихын аша отырып, оның мүлде жоғалып
кете жаздағанын да ескертеді. Өйткені хатқа
түсті деген осы өлеңнің өзінде екі шумақ
(6-7 шумақтар 8 жол) өлең жолдары мүлде
ұмтылған, тек ғана өлеңнің жазылу тарихын
зерттеу үстінде салыстыру арқылы ғана
қалпына келтіреді. Бұл өлең жеке адамадарға,
яғни, Абайдың туған ағасы Тәкежанның үй-
ішіне арналуы себепті, жазба түпнұсқасы
сақталса да, өшірілген екі шумақ өлең Көкбай,
Турағұл арқылы хатқа түсіріледі. Аталмыш
өлең тарихын көп сұрастырып, жазылу
себебі мен қандай жағдайда жазылу тарихын
жан-жақты зерттеп білуі М.Әуезовке «Абай
жолы» эпопеясындағы «Кек жолында» деген
тараудың жазылуына, ондағы оқиға желісін
өрбітуіне арқау болғаны бірден сезіледі. Осы
аталмыш өлең тексі жағынан бастапқы табиғи
қалпына оралуына, өлең мазмұны сол тұстағы
өмір шындығымен орайлас кең ашылып,
дәл бүгінгі күндегі танып отырған дәрежеге
көтерілуінде сөзсіз М.Әуезов зерттеулерінің
орны ерекше.
«Қыс» өлеңінің шығу тарихы 1884 жылы
қыс қатты болып, ел жұтаған уақытпен
байланыстырылады. Қар сәуірдің басында
кеткен. Соны өлең еткен делінген. «Қыс»
өлеңінің тағы бір ерекшелігі – Абайдың
қысты қарт адам бейнесінде сипаттауы. Қазақ
әдебиетінде бұндай құбылыс Абайға дейін
болмаған. Өлеңде қазақтың дарқан даласының
табиғаты көркем де, сұлу сөз орамдарымен
дәл бейнеленген. Қыста тебіндеп жайылған
жылқылар, оларды торыған аш бөрілер түгелі
де көз алдыңа жанды суреттей елестейді:
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
«Қыс» өлеңін оқығанда, аязды қыстың
суық лебі бетке тигендей болады. Табиғат
тақырыбында жазылған бұл өлеңдері –
ақынның асқан суретші екендігіне толық
дәлел.
Достарыңызбен бөлісу: