Қолымнан келеді бодо шефер менің



Pdf көрінісі
бет42/101
Дата25.10.2023
өлшемі1,09 Mb.
#188249
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   101
Байланысты:
Менің қолымнан келеді

97
96
Осыны біз өзімізге де істейміз. Естеліктеріміз өзгеріс
-
сіз жата бермейді, біз оны көңіл-күйімізге қарай жаңғыр- 
тып отырамыз. Сондықтан да, өзімізге жақсы көңіл-күй 
сыйлағанымыз дұрыс. Сонда ғана өзімізден: «Мен нені 
жақсы жасадым?» деген сұраққа оң жауап ала аламыз. 
Осы кезде ғана өзіміздің жетістіктерімізді еске түсіріп, 
көңіл-күіміз көтеріледі. 
Карл үзіліс нүктесіне басты да, Аннаға сұраулы 
жүзбен қарады. Анна оның сұрағын күтпестен:
– Негативті спираль бар, оған түсіп кетсек, өзімізді 
күннен күнге нашар сезіне береміз. Өзімізді кішкен
-
тай сезінеміз де, өткен шақтан да өзімізді солай көреміз, 
нәтижесінде тіпті кішірее береміз, – деді. 
– Бұл жаман, – деп қостады Карл. 
– Иә, жақсысы шамалы. Бірақ бұл сызба керісінше де 
жұмыс істейді: біз өзімізді жақсы сезінеміз, сосын жады
-
мыздан жағымды естеліктерді тірілтеміз, осыдан өзімізді 
одан да жақсы сезінеміз. 
– Мұның маған не керегі бар? – деп сұрады Карл.
– Объективті естеліктің болмайтыны сияқты объек
-
тивті шындық болмайды дегенді түсіну үшін. Біз қазіргі 
жағдайымызға қарай өз естеліктерімізді жаңартып отыра
-
мыз. Сондықтан жақсы көңіл-күйде жүруге жаттығу 
керек. Осы жағдайда естеліктерің де позитивті болады. 
Біз әрдайым дүрбімен қараймыз. Біздің істеген 
әрекеттеріміздің барлығы белгілі бір көзқараспен баға
-
ланады. Естеліктерге де, тап солай қараймыз. Сондықтан 
біз оларға жақсы жағынан қарап үйренуіміз қажет. 
Бақытты болу үшін өзіндік сананы дамытқандай 
күш-жігер жұмсау керек. Мысалы спортты алайықшы, 
жаттықпаған адамға алғашында бәрі қиын болады. Алай
-
да біршама уақыт өткен соң оның жұмсаған күші оған 
ләззат сыйлайды. Өзіндік сана да дәл сол сияқты, оны 
жаттықтыру қажет, ментальдық формаңды жақсарту 
қажет. Өзіндік сана жоғары болған сайын ментальдық 
формаң да жақсара түседі. 
– Сен тіпті данышпансың ғой, – деп Карл таңқалды.
– Білемін, – деп Анна жымиды. Бұл оған өте жара
-
сымды еді. Олар фильмді көруді жалғастырды. Аннаның 
арқасында Карлға бәрі түсінікті болды. 
Қайталау арқылы білімді бекіту:
10. Неврологтардың зерттеуі бойынша біз оқиғаны жиі 
есімізге түсірген сайын естелік те нақтылана түседі екен. 
Сондықтан біз жетістіктерімізді жиі есімізге түсірген сайын, 
олар ұмытылмай, жадымызда сақтала береді. 
11. Біз шын мәнінде оқиғаны бастан кешіп жатырмыз ба, 
әлде ол туралы есімізге түсіріп отырмыз ба, оның маңызы 
жоқ. Егер өткен шақтағы жетістігімізде біз жеңімпаз болсақ, 
оны есімізге түсіріп отырып, тап қазір әлем чемпионатында 
гол соққандай сезімде боламыз. 
12. Біздің миымыз үшін жағымды естеліктеріміздің сапасы 
емес саны маңызды. Әрине санамыз егде әйелге бағдаршам
-
нан өтуге көмектескен әрекетімізден чемпионатта соққан 
голымыздың маңызы зор екенін айтады. Алайда зерттеулер 
көрсеткендей, жеңіс голын соққан ойыншының өзіндік сана 
деңгейі қалыпты жағдайға бірнеше айдан кейін келеді екен. 
Біздің түпсаналық жүйеміз айырмашылықты сезінбейді. 
Ол үшін табыстың бәрі бірдей. Жадымызда сәттіліктеріміз 
жатталған сайын біз өзімізді табысты адам деп есептейміз. 
Нәтижесінде финалдағы ойыншы өмірде бақытсыз адам 
болуы мүмкін, ал күнделікті өмірде шағын болса да табысқа 
кенеліп отырған адам бақытты болуы мүмкін. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет