189
188
төніп тұрғанын көрді.
– Сен мені бақылап тұрсың ба? – деді.
– Сен керемет бақытқа бөленіп жаттың! Ішкі
әлеміңнің бәрі жарқырап тұрғандай сезілді маған. Бұл
керемет еді.
– Мен сені сүйемін. – Карл бақытты еді.
– Ал актерлікті ше?
– Оны өзің де білесің!
– Онда бүгінгі көрсетілімің туралы уайымдамасам да
болады екен. Махаббат деген кемелдіктің жоғары сатысы
ғой.
– Менің кішкентай философым...
– Жоқ, шын айтып тұрмын. Сен оларға өз ісіңді
қалай жақсы көретініңді көрсет. Ешкімге жағымпаздану
-
дың қажеті жоқ. Шынайы бол, сонда жарқ ете қаласың.
Оларға да, маған да ештеме дәлелдеудің қажеті жоқ. Бүгін
қандай жағдай болса да мен сені жақсы көрем. Репетиция
жасап жатқандай ойна. Өзіңді барынша көрсетуге тырыс.
– Мен оларға жойқын дауылды көрсетемін. – Карл
-
ды бір белгісіз күш билеп тұрған еді. Ол төсегінен атып
тұрды да, ваннаға қарай жүгірді. Алайда орта жолға
келгенде, сілейіп қатып қалды.
– Менің тізем, тізем! – деп айқай салды.
– Не болды, ауырып кетті ме? – деп Анна абыржып
қалды.
– Жоға, мүлдем ауырып тұрған жоқ. Түсінсем бұйыр-
масын! Қалай жүгіріп кеткенімді сен де көрдің ғой, иә?
Ол Аннаға өзінің түсін айтып берді, түсін Марктің
кеңесі бойынша өзгерткенін де жеткізді.
– Бұл жолы мен ағаштан құлаған және тіземді жара
-
лаған жоқпын.
– Таңғажайып екен, – деді қобалжыған Анна.
– Мен де ештеңе түсінер емеспін. Қалай болғанда да
бүгін маған балдақ керек болмайтын сияқты.
Олар таңғы ас ішіп отырғанда Марктен хабарлама
келді. Карл оны күтіп отырған еді.
«Дәл солай» деп басын изеді Карл. Кенет таңғы
дәстүрлі жаттығуларын істемегені есіне түсіп кетті. Тез
айна алдындағы жаттығуын жасады да, бірнеше жетісті
-
гін табыс күнделігіне жазып қойды. Ол бүгінгі күннің
маңызды екенін түсінді. Анна екеуі киностудияға жол
тартты.
Грим жасайтын бөлмеде оны тосынсый күтіп тұрған
еді. Ол жерде Рихард отыр еді. Карл бірден өзін кінәлі
сезінді.
– Мен мұнда сенің роліңді ойнамақшы болып әлек
болып жүрмін, сенің қалай қарайтыныңды тіпті сұрамап
-
пын да ғой, – деді.
– Мен өзімді жақсы сезінемін, – деді күлімсіреген
Рихард. – Мен сені қолдауға келдім. Мұндай маңызды
байқаулардың қиын екенін білемін ғой.
Білесің бе, мен өзіме ұсынылған рольдердің бәрін
ойнай беріппін. Енді міне жаным мен тәнім демалыс-
ты қалап тұр. Сондықтан сенің мені жоқтатпағаныңа
қуанып тұрмын. Енді алаңдамай демалсам болады.
Мен кем дегенде бір жыл жұмыс істемеймін деп шештім.
Қалауымша өмір сүрем.
Сенің мынаны білгеніңді қалаймын: мен сен үшін өте
қуаныштымын. Көкке самғау үшін бәрімізге мүмкіндік
керек. Мүмкіндік келгенде оған жармасу керек. Инвес-
Достарыңызбен бөлісу: