Қолымнан келеді бодо шефер менің



Pdf көрінісі
бет37/101
Дата25.10.2023
өлшемі1,09 Mb.
#188249
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   101
Байланысты:
Менің қолымнан келеді

бесінші қорытынды
бар – ең тереңі, егер 
саған біреу көмектессе, сен өзіңді оның алдында қарыз- 
дар сезінесің. Осы қарыздан қалай құтылуды білесің бе? –
деді Анна. 
Карл түк түсінбей, басын шайқады. 
– 
Сен бақытты болуың керек. Сен ол адам үшін 
табысқа ұмтылмауың керек. Сен біреуге қарыздар болсаң, 
сол адамның айтқанымен жүруің керек деген сөз емес 
қой. Бұл сенің тарапыңнан алғыс емес, сенің еркіндігіңді 
шектеу болар еді. Сен өзің үшін бақытты болуың керек. 
Бұдан асқан алғыс жоқ. Сені шын жақсы көрген адам да 
соны тілейді ғой, 
– деді Анна. 
Біраз үнсіздіктен соң, Анна сөзін жалғастырды:
– Мен саған тағы бір кеңес бергім келіп тұр. Марк 
шын мәнінде тұнып тұрған Ми. Оның бірнеше білімі 
және толып жатқан ғылыми зерттеулері бар екенін 
білесің бе?
– Оның мамандықтарының атын да түсінбейтін 
шығармын мен, – деп әзілдеді Карл. Ол шын мәнінде 
солай еді. 
Анна тізбектей бастады:
– Ол басында жалпы медицинаны оқыған, кейіннен 
неврология мен психиатрияға маманданған. Сонан соң 
эпигенетика, психоиммунология, кванттық физика және 
нейробиологияны тәмамдаған. Ол мидың қалай жұмыс 
істейтінін зерттейді, химия тұрғысынан және жасушалық 
биология тұрғысынан ми қандай өзгерістерге түсетінін, 
жадыға қандай факторлар әсер ететінін қарастырады. 
– Мұның бәрін білетін болсам, мен де өзіме сенімді 
болар едім, – деп міңгірледі Карл. 
– Мұнда маңыздысы басқа нәрсе. Марк осының бәрін 
жақсы білгендіктен өзіндік сана дегенді жақсы түсіндіріп 
бере алады. Ол ғылымның соңғы жаңалықтарынан хабар
-
дар. Қажет кезінде ол теорияны ғылыми тұрғыда түсін
-
діріп бере алады, мысалы бұл маған жақсы көмектесті. 
Карл Аннаның кеңесін қабыл алды. Ол Маркке теле
-
фон соқты. Олар кездесу жайлы уәделесті. Олар келе
-
сі күні түскі ас кезінде баяғы мейрамханада кездесетін 
болып шешті. Сөйлесіп болғаннан кейін Карл Аннаға 
қарай бұрылды. Ол қуақылана жымиды да:
– Мүмкін, бүгін сенің проблемаларыңды шешуді өз 
мойныма алып көрермін, қалай қарайсың? – деді. 
– Қалайша? – деді түк түсінбеген Карл. 
– Проблемалардан эмоционалдық деңгейде арылу 
қажет. Егер оны үйреніп алсаң, шешімді тез табатын 
боласың. Егер сен эмоционалды тұрғыда проблемаға 
байлаулы тұрсаң, сенің бар назарың шешімде емес, 
проблемада болады. Сондықтан өзіңді эмоционалдық 
тұрғыда проблемадан алшақтатуың керек. Мен саған 
көмектесе аламын. 
– Алайда проблемалар одан бір жаққа қашып кетпей
-
ді ғой, – дедін сенімсіз күйде Карл. 
– Қазір олар алысқа ұшып кетеді, – деп сыбырлады 
Анна.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет