Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттар-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттар қызметінің қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 69 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 9 желтоқсанда № 9947 тіркелді
«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 48) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттар-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттар қызметінің қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Т.Қ. Есентаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мұхамедиұлы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
____________ А. Сәрінжіпов
14 қараша 2014 жыл
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 3 қарашадағы
№ 69 бұйрығымен
бекітілген
Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған
мектеп-интернаттар-колледждері және спорттағы дарынды балаларға
арналған облыстық мектеп-интернаттар қызметінің қағидалары 1. Жалпы ережелер
1. Осы Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттар-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттар қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағида) меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттар-колледждері (бұдан әрі – ОРРММИК) және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттар (бұдан әрі – СДБОМИ) қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
1) оқушы – ОРРММИК және СДБОМИ-де білімді алатын тұлға;
2) нормативтік талаптар – орындалуы тиісті топқа ауысу үшін негізгі шарт болып табылатын оқушылардың спорт түрлерінен белгілі бір спорттық жаттығуларды орындауын есепке ала отырып оқушыларға қойылатын бақылау-ауыстыру талаптары;
3) ауыспалы құрам – оқу-жаттығу жиыны және жарыстар кезінде шақырылатын, ОРРММИК және СДБОМИ штатында жұмыс істемейтін жаттықтырушылармен тұрақты түрде шұғылданатын спортшылар.
3. ОРРММИК және СДБОМИ білім беру мазмұны 2012 жылғы
23 тамыздағы № 1080 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес әзірленген жұмыс бағдарламалары және оқу жоспарларымен айқындалады.
Негізгі оқу жоспарының вариациялық бөлігінің құрамына кіретін және ОРРММИК және СДБОМИ ерекшелігін сипаттайтын оқу жұмыс жоспары және оқу пәндерінің бағдарламаларын мектеп дербес жүзеге асырады.
4. ОРРММИК және СДБОМИ мақсаттары:
1) негізгі орта, жалпы орта, кәсіптік және техникалық білімінің жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыру;
2) қалалық, облыстық құрама командалар үшін спорт резервін дайындау, сондай-ақ, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командасының жасөспірімдер, жастар және негізгі құрамын дайындау.
5. ОРРММИК және СДБОМИ көрсетілген мақсаттарын жүзеге асыру үшін келесі міндеттерді атқарады:
1) оқушының жеке қабілеттерін жан-жақты дамыту, спорт түрлерімен шұғылдану үшін қолайлы жағдай жасау;
2) жыл бойы оқу-жаттығу сабақтарын толық көлемде ұйымдастыру және өткізу;
3) қалалық, облыстық құрама командалар үшін, Қазақстан Республикасы құрама командаларының жасөспірімдер, жастар және негізгі құрамы үшін спорт резерві – спортшыларды дайындау;
4) ұлттық және жалпы адамгершілік құндылық, ғылым және тәжірибе жетістіктері негізінде жеке тұлғаның қалыптастыру, дамыту және кәсіби қалыптасуына бағытталған сапалы білім алуына жағдай жасау;
5) оқушыларды кәсіби бағдарлау жұмысымен қамтамасыз ету;
6) қоғамның және еңбек нарқының өзгермелі қажеттіліктеріне кәсіби білімнің уақытылы бейімделуіне ықпал ететін оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді қолдану;
7) оқушылардың өмір сүруі және тамақтануына қолайлы және қауіпсіз жағдайды қамтамасыз ету.
2. Оқушылар контингентін жинақтау тәртібі
6. ОРРММИК спорт түрлерінің тізбесін және оқушылар контингентін спорттық дәрежелері мен атақтарына сүйене отырып, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісуі бойынша құрастырылады.
СДБОМИ спорт түрлерінің тізбесін және оқушылар контингентін спорттық дәрежелері мен атақтарына сүйене отырып, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органның (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) келісуі бойынша құрастырылады.
7. ОРРММИК контингенті балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде немесе облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарда алдын ала дайындықтан өткен және таңдап алынған спорт түрі бойынша жалпы дене және арнайы дене дайындығынан емтихан тапсырған оқушылардан жинақталады.
СДБОМИ контингенті балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде алдын ала дайындықтан өткен және таңдап алынған спорт түрі бойынша жалпы дене және арнайы дене дайындығынан емтихан тапсырған оқушылардан жинақталады.
8. Негізгі және жалпы орта білім беру бағдарламасы бойынша оқуға түсушілерді сапалы іріктеуді қамтамасыз ету мақсатында тиісті қаржылық жылға бекітілген бюджет шеңберінде ОРРММИК және СДБОМИ спортшылардың ауыспалы құрамымен оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастырады.
9. ОРРММИК және СДБОМИ-ге қабылдау тәртібі 2012 жылғы
19 қаңтардағы № 127 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының 5-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту: Қазақстан Республикасының чемпиондары, әлем, Азия чемпионаттарының, Олимпиада және Азия ойындарының жүлдегерлері ОРРММИК-ке әңгімелесу нәтижесі бойынша қабылданады.
10. Оқу сыныптары Қағиданың қосымшасында көрсетілген нормативтік талаптарға сәйкес жинақталады.
11. Жергілікті атқарушы органның ұсынысы бойынша ОРРММИК және СДБОМИ бекітілген аумақ шеңберінде, мектеп жасындағы балаларды дербес (аты-жөні бойынша) есепке алуды жүргізеді.
12. ОРРММИК және СДБОМИ оқушылары келесі негіздемелер бойынша оқудан шығарылады:
1) заңды өкілдердің келіскен жағдайда өз еркімен;
2) денсаулық жағдайына байланысты (медициналық қорытынды негізінде);
3) басқа оқу орнына ауысуына байланысты;
4) академиялық үлгермеушілігі үшін;
5) оқу тәртібін, ішкі тәртіп ережелерін, спорттық дайындық режимін бұзғаны үшін;
6) спорттық нәтижелердің төмендеуі және Қағиданың қосымшасында белгіленген нормативтік талаптарды орындамауы себебінен;
7) Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік тыйым салған субстанциялар және әдістерді қолданғаны үшін.
3. Оқу-тәрбие және оқу-жаттығу процестерін ұйымдастыру тәртібі
13. ОРРММИК және СДБОМИ-де оқу бағдарламасына, спорт түрлері бойынша жаттығу және жарыстық дағдыларға сәйкес қажетті білім алуға бағытталған оқу-тәрбие және оқу-жаттығу процестері жүзеге асырылады.
14. ОРРММИК және СДБОМИ-дегі оқу-тәрбие және оқу-жаттығу процестерін жоспарлау ОРРММИК және СДБОМИ басшысының оқу жылына оқу-тәрбие және оқу-жаттығу процестері кестесін және теориялық және тәжірибелік сабақтар кестесін бекіту арқылы жүзеге асырылады.
15. Оқу-жаттығу процесінің негізгі нысандары топтық оқу-жаттығу және теориялық сабақтар, жеке жоспар бойынша жұмыс, медициналық-қалпына келтіру іс-шаралары, облыстық, республикалық және халықаралық спорттық іс-шараларға, спорттық жарыстарға, матчтық кездесулерге, оқу-жаттығу жиындарына қатысу, спорттық сауықтыру лагерлерінде болу, нұсқаушылық және төрешілік тәжірибе болып табылады.
Спорт түрлері бойынша бөлімшелерде оқу-жаттығу сабақтары 52 оқу аптасына есептелген оқу бағдарламалары және оқу жоспарлары бойынша жүргізіледі.
16. ОРРММИК және СДБОМИ оқушыларды:
жатақханамен;
тамақтанумен;
спорт формаларымен және арнайы спорт киім-кешектерімен;
спорттық мүкаммал және құрал-жабдықтармен;
оқу әдебиеттерімен;
іссапарға жіберілген кезеңдегі іссапар шығындарын қамтамасыз етеді.
5. Кадрлық қамтамасыз ету тәртібі
17. ОРРММИК және СДБОМИ-де қызметкерлерді жинақтау тәртібі оның Жарғысымен және 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарымен белгіленеді.
18. Арнайы педагогикалық немесе тиісті бейіні бойынша кәсіптік білімі бар тұлғаларға педагогикалық қызметпен шұғылдануға рұқсат етіледі.
Білім беру ұйымдарында жұмыс істеуге педагогикалық қызметке сот үкімі немесе медициналық қорытындымен тыйым салынған, сондай-ақ, белгіленген заңнамалық тәртіпте жазасы өтелмеген және сотталғандығы кешірілмеген тұлғаларға рұқсат етілмейді.
19. ОРРММИК және СДБОМИ-де білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізу 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген, № 5191 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
20. ОРРММИК және СДБОМИ-де оқушылардың оқуы мен тәрбиесінің, оқытушылардың педагогикалық шеберлігінің сапасын арттыру және әдістемелік жұмыстарды жетілдіру мақсатында оқу-тәрбие және оқу-жаттығу процестеріне тікелей қатысатын педагогикалық және басқа қызметкерлерді біріктіретін және басқарудың алқалық органы болып табылатын педагогикалық кеңес құрылады.
21. ОРРММИК және СДБОМИ-де оқу-тәрбие және оқу-жаттығу процестерінің, оқушыларды дайындауды жеке жоспарлау, спорттық жарыстарға қатысу мәселелерін қарастыратын, жаттығу процесі әдістемесін жетілдіру, соңынан талқыланатын және тәжірибе алмасатын ашық жаттығу сабақтарын өткізу жөнінде оқытушы-жаттықтырушылардың хабарламалары мен баяндамалары тыңдалатын консультативтік-кеңестік орган болып табылатын жаттықтырушылар кеңесі құрылады.
22. ОРРММИК және СДБОМИ-дегі сабақ кестесін, оның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға бекітеді.
Сабақ кестесінде күнделікті оқу сабақтарының саны, ұзақтығы және реттілігі көрсетіледі.
ОРРММИК және СДБОМИ-де сабақ кестесінде оқушылардың тамақтануы және белсенді демалуы үшін үзіліс қарастырылған.
23. ОРРММИК және СДБОМИ-де оқушыларға академиялық демалыс беру «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 47-бабы 5) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
24. Медициналық қызметкер оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау, алдын алу іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ, оқушылардың тәулік бойы тұратынын ескере отырып, гигиеналық тұрғыдан негізделген жұмыс тәртібін ұйымдастырады.
25. Медициналық қамтамасыз ету, функционалды диагностика және қалпына келтіру іс-шараларын өткізу үшін ОРРММИК және СДБОМИ медициналық бөлімшемен (кабинетпен), қажетті ғимаратпен және құрал-жабдықпен қамтамасыз етіледі.
Олимпиадалық резервтің республикалық
мамандандырылған мектеп-интернаттар-колледждері
және спорттағы дарынды балаларға арналған
облыстық мектеп-интернаттар қызметінің
қағидаларына қосымша
Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттар-колледждерінің және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарының сыныптарын жинақтау үшін спорттық дайындық бойынша нормативтік талаптар
Спорт түрлері
|
Қ/Ж
|
Сыныптар
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
Бадминтон
|
Қ/Ж
|
-
|
-
|
3 разряд
|
2 разряд
|
1 разряд
|
СШҮ
|
СШ
|
Бокс
|
Қ/Ж
|
-
|
-
|
1 жасөспірімдер разряды
|
2 разряд
|
1 разряд
|
1 разряд
|
СШҮ
|
Еркін, әйелдер және грек-рим күресі
|
Ж/Қ
|
-
|
-
|
1 жасөспірімдер разряды
|
2 разряд
|
2 разряд
|
1 разряд
|
1 разряд
|
Дзюдо
|
Ж/Қ
|
-
|
-
|
1 жасөспірімдер разряды
|
2 разряд
|
1 разряд
|
1 разряд
|
СШҮ
|
Велосипед спорты (шоссе, трек)
|
Ж
|
-
|
-
|
2 разряд
|
2 разряд
|
1 разряд
|
СШҮ
|
СШҮ
|
Қ
|
-
|
-
|
1 жасөспірімдер разряды
|
2 разряд
|
2 разряд
|
1 разряд
|
СШҮ
|
Спорттық гимнастика
|
Қ
|
2 разряд
|
1 разряд
|
СШҮ
|
СШҮ
|
СШ
|
СШ
|
ХДСШ
|
Ж
|
3 разряд
|
2 разряд
|
1 разряд
|
СШҮ
|
СШҮ
|
СШ
|
СШ
|
Көркем гимнастика
|
Қ
|
2 разряд
|
1 разряд
|
СШҮ
|
СШҮ
|
СШҮ/СШ
|
СШҮ
|
СШҮ
|
Академиялық есу
|
Қ/Ж
|
-
|
-
|
1 жасөспірімдер разряды
|
2 разряд
|
1 разряд
|
1 разряд
|
СШҮ
|
Байдарка мен каноэде есу
|
Қ/Ж
|
-
|
-
|
1 жасөспірімдер разряды
|
2 разряд
|
1 разряд
|
1 разряд
|
СШҮ
|
Баскетбол, волейбол, гандбол, футбол
|
Қ/Ж
|
-
|
-
|
2 жасөспірімдер разряды
|
2 жасөспірімдер разряды
|
1 жасөспірімдер разряды
|
2 разряд
|
1 разряд
|
Су добы
|
Қ/Ж
|
-
|
-
|
1 жасөспірімдер разряды
|
2 разряд
|
1 разряд
|
1 разряд
|
СШҮ
|
Жеңіл атлетика
|
Қ/Ж
|
-
|
-
|
1 жасөспірімдер разряды
|
3 разряд
|
2 разряд
|
2 разряд
|
2 разряд
|
Үстел теннисі
|
Қ/Ж
|
-
|
-
|
2 разряд
|
2 разряд
|
1 разряд
|
1 разряд
|
СШҮ
|
Жүзу
|
Қ
|
3 разряд
|
3 разряд
|
2 разряд
|
2 разряд
|
1 разряд
|
1 разряд
|
СШҮ
|
Ж
|
1 жасөспірімдер разряды
|
3 разряд
|
3 разряд
|
2 разряд
|
2 разряд
|
1 разряд
|
СШҮ
|
Суға секіру
|
Қ/Ж
|
3 разряд
|
2 разряд
|
1 разряд
|
1 разряд
|
СШҮ
|
СШҮ
|
СШ
|
Батутта секіру
|
Қ/Ж
|
-
|
-
|
2 разряд
|
1 разряд
|
СШҮ
|
СШҮ
|
СШ
|
Үйлесімді жүзу
|
Қ
|
3 разряд
|
2 разряд
|
2 разряд
|
1 разряд
|
СШҮ
|
СШҮ
|
СШ
|
Қазіргі бессайыс
|
Қ/Ж
|
-
|
-
|
1 разряд қоссайыс бойынша,
2 разряд жүзу бойынша
|
1 разряд үшсайыс бойынша
|
1 разряд төртсайыс бойынша
|
1 разряд қазіргі бессайыс бойынша
|
СШҮ қазіргі бессайыс бойынша
|
Нысана көздеу, стенд ату, садақ ату
|
Қ/Ж
|
-
|
-
|
2 разряд
|
1 разряд
|
1 разряд/СШҮ
|
СШҮ
|
СШҮ
|
Таэквондо
|
Қ/Ж
|
-
|
-
|
3 разряд
|
2 разряд
|
1 разряд
|
1 разряд
|
СШҮ
|
Теннис
|
Қ/Ж
|
-
|
-
|
2 разряд
|
1 разряд
|
1 разряд
|
СШҮ
|
СШҮ
|
Триатлон
|
Қ/Ж
|
-
|
-
|
3 разряд (жүзу, жүгіру)
|
2 разряд
|
1 разряд
|
СШҮ
|
СШҮ
|
Ауыр атлетика, семсерлесу
|
Қ/Ж
|
-
|
-
|
1 жасөспірімдер разряды
|
2 разряд
|
1 разряд
|
СШҮ
|
СШҮ
|
Биатлон
|
Қ/Ж
|
-
|
-
|
1 жасөспірімдер разряды
|
2 разряд
|
1 разряд
|
1 разряд
|
СШҮ
|
Тау шаңғы спорты, шаңғы қоссайысы
|
Қ/Ж
|
-
|
-
|
1 жасөспірімдер разряд
|
2 разряд
|
1 разряд
|
1 разряд
|
СШҮ
|
Конькимен жүгіру спорты
|
Қ/Ж
|
-
|
-
|
1 жасөспірімдер разряды
|
2 разряд
|
1 разряд
|
1 разряд
|
СШҮ
|
Шаңғы жарысы спорты
|
Қ/Ж
|
-
|
-
|
1 жасөспірімдер разряды
|
2 разряд
|
1 разряд
|
1 разряд
|
СШҮ
|
Керлинг
|
Қ/Ж
|
-
|
-
|
-
|
3 разряд
|
2 разряд
|
1 разряд
|
СШҮ
|
Трамплиннен шаңғымен секіру
|
Қ
|
-
|
1 жасөспірімдер разряды
|
3 разряд
|
2 разряд
|
1 разряд
|
СШҮ
|
СШҮ
|
Шана спорты
|
Қ/Ж
|
-
|
-
|
3 разряд
|
2 разряд
|
1 разряд
|
СШҮ
|
СШҮ
|
Сноуборд
|
Қ/Ж
|
-
|
-
|
3 разряд
|
2 разряд
|
1 разряд
|
1 разряд
|
СШҮ
|
Фристайл
|
Қ/Ж
|
1 жасөспірімдер разряды
|
3 разряд
|
2 разряд
|
1 разряд
|
1 разряд
|
СШҮ
|
СШ
|
Мәңерлеп сырғанау
|
Қ/Ж
|
1 жасөспірімдер разряды
|
3 разряд
|
1 разряд
|
СШҮ
|
СШҮ
|
СШҮ
|
СШҮ
|
Шорт-трек
|
Қ/Ж
|
2 жасөспірімдер разряды
|
1 жасөспірімдер разряды
|
2 разряд
|
1 разряд
|
1 разряд
|
СШҮ
|
СШҮ
|
Шайбалы хоккей
|
Қ/Ж
|
-
|
-
|
2 жасөспірімдер разряды
|
1 жасөспірімдер разряды
|
3 разряд
|
2 разряд
|
1 разряд
|
Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Қ – қыздар;
Ж – жасөспірімдер;
ҚР – Қазақстан Республикасы;
СШҮ – Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер;
СШ – Қазақстан Республикасының спорт шебері;
ХДСШ – Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
Достарыңызбен бөлісу: |