Өлшем бірліктерді айналдыр:
1 кДж=…Дж,. 1 МДж=…Дж.
144 км/сағ=…м/с,. 9 т=…кг, …г,.
0,5 сағат=…секунд,. 400 м=…км.
Көлбеу жазықтық бойымен арбаны қандай да бір күш жоғары итеріп бара жатыр деп алып, арбаға әсер ететін күштердің суреті мен бағыттарын салып көрсет.
3) Массасы 0,5 кг болатын доптың 5 м биіктіктен құлауындағы атқаратын ауырлық күшінің жұмысы қандай? (Суретін салып көрсет)
4) Кинетикалық энергиясы 0,024 кДж, импульсі 12 кг×м/с болатын дененің жылдамдығын анықтаңдар.
5) Келесі жағдайлардағы жұмыстың мәндерін анықтаңдар:
а) Биіктігі 0,3 м болатын шананың үстіне салмағы 300 Н болатын картон қаптамаларын көтеріп қойғандағы;
б) Картон қаптамаларын 240 м жол жүру арқылы, 25 Н күш жұмсап дүкенге апарғандағы.
6) Массасы 60 кг адам 8 км/сағ жылдамдықпен жүгіріп келе жатып, массасы 80 кг болатын 2,9 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан арбаны қуып жетіп,үстіне секіріп шықты. Осыдан кейінгі арбаның u жылдамдығы қандай болады?
7) Массасы 2 кг қозғалыстағы дененің:
а) жылдамдығын 2 м/с-тан 5м/с-қа дейін арттыру үшін жасалатын жұмыс қаншаға тең?
б) бастапқы жылдамдығы 8 м/с болып содан кейін тоқтап қалуы үшін жасалатын жұмыс қаншаға тең?
8) Массасы m=2 кг жүкті тұрықты F күшпен вертикаль жоғары h=1 м биіктікке көтергенде А= 78,5 Дж жұмыс істелінді. Жүкті қандай үдеумен көтерген?
Достарыңызбен бөлісу: |